Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ауырсыну синдромы





Aуыруы эпигастрий аймағында басталып,кейін оң жақ қабырға астына ауысады.Кейбір науқастарда іштің ауыруы өт қабы және өт жолдарының тұсында басталып,жоғары немесе іштің оң жақ жартысына тарайды.Кесіп немесе жарып,өте қатты шыдатпайтын ауырсыну болады. Сипаты: тұйық.Пайда болуы: үнемі немесе анда санда. Ауырсыну ұзақтығы:бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Ауырсыну оң жақ қабырға астының бұлшықеттерінің ширығумен бірге жүруі мүмкін.

· И.И.Греков Ортнер симптомы: Алақан қырымен оң жақ қабырға доғасын перкуссиялағанда ауысыну анықталады. Пальпация кезінде бауыр шетін және өт қабы түбін табуға болады.

· Айзенберг симптомы – Оң жақ жауырын бұрышынан астынан соққылағанда ауырсыну өт қабы тұсына иррадиацияланады.

· Березнеговскии - Елекер симптомы – Жедел холецистси белгісі, ауырсынудың оң жақ білекке берілуі.

· Захарьин симптомы – холецистит белгісі: өт қабы аймағына басқанда немесе соққылағанда ауырсынуы

· Караваев – Спектор cимптомы – холецистит белгісі: кіндік ассиметриясы оның оңға және жоғары ығысуы, оң жақ бөлік бұлшық еттердің контрактурасымен негізделеді.

· Образцов симптомы – холецистит белгісі: Дем алғанда терең пальпацияда ауырсыну.

· Сквирскии симптомы – холецистит белгісі: Алақан қырымен омыртқадан оңға қарай Th IX-XI омыртқалар деңгейінде перкуссиялағанда оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болуы.

· Кер симптомы – холецистит белгісі: Оң жақ қабырға астында терең дем алғанда пальпация кезінде ауырсыну пайда болуы. (Кер нүктесі: нүкте, орналасуы қабырға доғасы мен оң жақ тік бұлшық еттің сыртқы қырымен қиылысында орналасқан. Өт қабының проекциясына сәйкес, оның ауруларында ауырсынады.)

Диспепсиялық көріністер: Жүрек айну, ауамен кекіру, ауызда ашты дәм сезу, құсу, тәбет төмендеуі,кей тағамдарды көтере алмау(майлы, қуырылған, уксусы бар). Құсу жеңілдік әкелмейді.

Диагностикасы: жедел холециститке күдік туғанда жедел жәрдем бригадасын тез шакыру керек. Дәрігер келгенше ішке жылыткыш қоюға, асказанды жууға және іш жүргізетін дәрілерді кабылдауға болмайды. Наукаска төсектік режим және өткабы аймағына муз кою керек. Диагноз кою ушін дәрігер наукастан жаксылап анмнез жинап алу керек. Сосын карауды бастап симптомдарды аныктайды.ауруханаға жеткізілген сон ЖҚА, канның биохимиялык анализі алынады, іш қуысының УДЗ өткізіледі.

ЖҚА зерттеуінде сәл лейкоцитоз байқаймыз 10-14*10\9/л ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Макроскопиялық: өт қабы ұлғайған, қабырғалары жуандаған, бозғылт көктес түсті ішінде іріңді эксудат. Жедел холецистит емі хирургиялық бөлімде жүргізіледі. Сондықтанда наукасты жакын маңдағы хирургиялық бөлімі бар ауруханаға апарамыз. Емханаға дейінгі этапта міндетті түрде көк тамырға спазмолитикалық қоспа 2 мл 2 % но-шпа ерітіндісі, 2 мл 2 % папаверин ерітіндісі, 2 мл 0,2% платифиллина ерітіндісі және 1 мл 0,1% атропин ерітіндісін саламыз, олар Одди сфинктерінің спазмын басады және ішкі ағыс кысымын төмендетіп өттің онекіелі ішекке өтуін жаксартады. Жаксы эффектті көктамырға новокаинді(150-200 мл 0,25% ерітінді) тамшылытып жіберседе береді.

Жедел жәрдем машинасымен ауруханаға наукас носилка арқылы тасымалданады. Ары карай хирургиялық ем жургізіледі.

83.Мезентериалды тамырлардың жедел тромбозы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.


Мезентериалды тромбоз - шажыракай тамырларда эмбол және тромбтар болуынан дамитын жедел қан айналым бұзылысы.
Этиологиясы. Ең негізгі себебі тромб тузілуге алып келетін жүрек аурулары - миокард инфарктісі ревматикалык акаулар, ырғақ бұзылысы, кардиосклероз, эндокардит. Сонымен катар шажыркай артериялардын эмболиясына атеросклероздык бляшкалар түзілуі де әкеледі.. Мезентериалық тамырлардың тромбозына порталді гипертензия, іш қуысының іріңді процесстері, (пилефлебит), сеп­сис, травма,тамырлардың жана түзілімдермен қысылуы әкеледі.
Клиникасы. Тромбоздың ең алғашқы симптомы бірден интенсивті ауырсыну. Локализациясы шажыркай тамырдың бұзылған жеріне байланысты. Наукастарда кусуға алып келетін жүрегі айну болады. Іш өту,кейде нәжісіне кан араласуы мумкін. Тахикардия. Аурудын алғашында дене температурасы калыпты болуы мумкін, сосын ішектерің некрозы дамығанда 38 градуска көтерілу мумкін. Ішінің желденуі, перистальтиканың болмауы, іш кату, кусу болуы мумкін.

Диагностикасы. Клиникалық қан анализінде айқын лейкоцитоз (20—30*109/л).
Іш куысының рентгенограммасында жедел ішек өтімсіздігі клиникалық дамуында суйыктықтың жіңішке ішектік мөлшері анықталады. МТТ кезінде ең акпаратты болып ангиография табылады. Диагноз кою ушін диагностикалық лапароскопия жасалады.
Емі. МТТ наукас өміріне кауіпті болгандықтан диагнозды тездетіп койып емді жургізу наукас өмірін сактап калуға мүмкіндік береді. Жедел жәрдем дәрігері жақсылап анамнез жинап жакын мандағы хирургиялық ауруханаға жеткізген дұрыс. Себебі бул ауру ешкандай спазмолитиктермен, наркотикалық препараттармен басылмайды. Ең дурысы операциялық шаралар жүргізіу болып табылады.

84 Уксуспен улану. Клиникасы. Диагностикасы. Госпитальды этапқа дейінгі жедел көмек.

Клиника Уксуспен улану тұрмыстық уланулардың ішінде бірінші орында тұрады.Уксуспен улануды диагностикалау қыйындық тудырмайды,ол унемі иіс арқылы анықталады.Беттің, ауыздағы шырышты кабаттарының,еріннің айқын химиялық күйуімен көрініс береді.. Науқас ауыздағы, өңештегі, асқазандағы ауырсынуға, жұтынудың қыйындауына шағымданады.Қан аралас құсық, құсық массасы уксус иісімен.науқас ауыз аймағында,жұтқыншақта, кеуде тұсындағы қатты ауырсынуды сезеді, сілекей бұзылуы күшейеді, рефлекторлы құсу, жұтыну нашарлайды. Егер уксус қышқылы жұтқыншақ пен дауыс байламын зақымдаса дауыстың қарлығуы болады. Егер тыныс алу жолдарына түссе қабыну және ісіну болады,жедел тыныс алу жеткіліксіздігі дамып, тыныс алудың қыйындауы болады, өкпесінде қабыну жүреді.Уксус көп мөлшерде түссе шок дамиды. АҚҚ төмендейді, тахикардия, терісі бозғылт, ылғалды, ентігу, цианоз, қозғыштық, тыныс жеткіліксіздігі, терінің сарғайуы, зәр шығарудың азаюы, кей жағдайда психоз дамиды.Жалпы интоксикация белгілері.


Диагностика науқастың анамнезін,жалпы жағжайын, гемодинамикасын,клиникасын, уксус иәсіне қарап диагностикалаймыз.

Алғашқы көмек: көп ретті таза сумен ауызды шаю,Салқын сумен асқазанды жуу.

 

85 Қосарланған жарақат. Клиникасы. Диагностикалық алгоритмі. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

. Полижарақат – бірнеше анатомиялық аймақтың немесе аяқ-қол сегменттерінің зақымдалуымен жүретін күрделі патологиялық процесс. Қосарланған синдром – маңызды мүшелердің өмірге қауіпті бұзылыстарымен жүретін және клиникалық екі немесе одан да көп анатомиялы-функционалды аймақтардың жарақаттануымен, шоктық жағдаймен көрінетін патология. Жарақаттық ауру ағымының патогенетикалық классификациясыI. Жарақаттың жедел реакция сатысы, жарақаттық щок және ерте шоктан кейінгі кезеңге сәйкес келеді, II. Жарақаттық аурудың ерте көріністерінің сатысы – ПМЖС бастапқы фазасы – жеке мүшелер мен жүйелердің тұрақсыздығымен немесе бұзылыстарымен сипатталады. III. Жарақаттық аурудың кеш көріністерінің сатысы – ПМЖС жайылған сатысы – егер науқас жарақаттық аурудың І кезеңінде тірі қалса, аурудың болжамы мен соңы осы сатымен анықталады.IV. Реабилитация кезеңі- оңтайлы болжамда толық немесе толық емес сауығумен сипатталады. Жоғарыда қаралған концепция жарақаттық шок, қан жоғалту, жарақаттан кейінгі токсикоз, тромбогеморрагиялық бұзылыстар, жарақаттан кейінгі эмболия, ПМЖС, сепсисті – жарақаттық аурудың бір звеносы ретінде қарастыруға жөн. ПМЖ ағымының сатылары:индукционды (ЖҚЖС туғызатын гуморальді факторлар қатарын синтездеу);каскадты(жеделөкпеден қан кету, каллеккреин-кининді жүйе каскадының активациясы, арахидон қышқылы жүйесі, қан ұю жүйесі және т.б.)екіншілік аутоагрессия (максимальді айқын мүше дисфункциясы және гиперметаболизм, гомеостазды өздігінен реттеу қабілетін жоғалту)Қабыну және зақымдау медиаторларымен иницирленген суммарлы эффект генералды жүйелік қабынулық жауапты құрайды. Полижарақат — дененің 7 анатомиялық бөліктерінің (бас, мойын, кеуде, іш, қол-аяқ, жамбас, омыртқа), екеуі және одан көбінің жарақаты. Полижарақат 3 үлкен топқа бөлінеді:аралас жарақаттар: ішкі мүшелердің, тірек-қимыл жүйесінің бұзылысы, терінің сыдырылуы, қол-аяқтың ұзақ жаншылу синдромы. Көпретті жарақаттар— адамның бір қуыс шекарасында біршене жарақаттар (бауыр және көк бауырдың жыртылуы немесе қолдың бірнеше жерден сынуы)


комбинирленген жарақат — жарақат бірнеше жарақаттаушы қарумен жасалады. Мысалы – механикалық, термиялық, радиационды. Барлық аралас жарақаттарды 6 топқа бөлуге болады:

1 топ: ауыр БМЖ; мидың және ми сүйектерінің ми бағанымен жарақаттары. Комамен ауыр жағдаймен және бет сүйектерінің сынықтарымен қосарланады.

2 топ: омыртқа жарақаты жұлынның өткізгіштігінің бұзылысымен, тетраплегия, параплегия.

3 топ: жүрек және аортаның зақымдалуы; өкпенің жайылмалы жарлылуы қан кетумен. Флотирлеуші кеуде. Бір немесе екі жақты пневматоракс. Ауыр дәрежелі жарақаттық асфексия.

4 топ: іштің паренхиматозды мүшелерінің, шажырқайдың жыртылуы, ішке қан кетумен. Құрсақтың қуыс мүшелерінің және бүйректің жыртылуы. 5 топ: ұзақ жаншылу синдромы; жамбастың, балтырдың, иықтың үзілуі. Қол-аяқтың ірі сегменттерінің үзілуі ірі магистралды тамырлардығ зақымдалуымен. Алдынғы және артқы сақиналадың зақымдалуымен жүретің жамбавс жарақаттары.

6 топ: бас ми және жұлының зақымдалуы+ кеуде және құрсақтың және тірек-қимыл жүйесінің зақымдалуы аралас. Аралас және көпретті жарақаттары бар науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің алгоритмі.

жоғарғы тыныс алу жолдарының өтімділігі бқзылғанда, ауыздағы бөгде заттар мен протездерді алу, ауызды шырыштын және құсық массаларынан тазалау.

Апноэ, брадипноэ болуы ЖӨВ көрсеткіш. Арнайы маска және интубация арқылы ЖӨВ жасаймыз.

аспирация болған жағдайда құсық массалары мен қанды сорып, аппараттың көмегімен ЖӨВ жасаймыз.

жедел қан жоғалтқан кезде және I—II дәрежелі кома кезінде коктамырға пункция және 400 мл дозада полиглюкин көрсетілген. Ал АҚ төмендеген жағдайда шокка қарсы костюм кигізген жөн.

жедел қан жоғалту және III—IV дәрежелі шок кезінде шокка қарсы костюм кигізу және вена пункция мен қан алмастырғыштар мен кристаллоидты ертінділер құю.Тахипноэ мен цианоз көмекші бұлшықеттердің қатысуымен:

пневматоракс кезінде клапынды дренеждың көмегі мен плевральді қуысты дренаждаймыз, интубация, трахея ішіндегіні сорып, аппаратпен ӨЖВ жасап, ауырсынуды шешеміз.

ашық пневматорак болған жағдайда окклюзионды байлам, клапанды дренаж,интубациямен ЖӨВ жүргізіледі.

үлкен гематоракс кезінде ішке қан алмастырғыштар мен кристаллоидты ертінділер енгізеді. Оксигенотерапия жасалады, АҚ төмендеген жағдайда, шокқа қарсы костюмның аяқтық секцияларын салады.

Құрсақ қуысының жарақаты ішке қан кетумен болғанда, шокқа қарсы костюм кигізеді. Ішке қан алмастырғыш пен ертінділер енгіземіз. (1000 мл 30 мин ішінде), наркотикалық аналгетиктармен жансыздандыру.

құрсақтың қуысты мүшелерінің ждарақаты кезінде наркотикалық аналгетиктармен ақырын жансыздандыру жасаймыз. Қол- аяқтың жарақаттық ампутыциясы кезінде қолға 250 мм.сын.бағ. қысыммен, аяққа 500 мм.сын.бағ жгут саламыз. Және хлоргексиденмен немесе асептикалық байлам саламыз.

Жамбастың сынуы шокқа қарсы киім кигізіп, тамыр ішіне жансыздандырғыш енгізу жасаймыз.

Омыртқаның мойын аймағы сынған уақытта мойындық бандаж бен тамырға жансыздандыру тағайындаймыз.

Омыртқаның бел жіне кеуде аймағы сынғанда науқастфы қатты жерге жатқызып, тамыр ішіне жансыздандырғыш енгізу көрсетілген.

Қол-аяқтың сынығы кезінде жансыздандырып (трамадол, буторфанол немесе тримеперидин және дифенгидрамин), иммобилизация жасаймыз.

Сыртқы қанкетумен болатын жарақаттарда, қанды уақытша тоқтатып, орам салу, шок дамығанда шокқа қарсы терапия мен ішке қан алмастырғыштар мен ертінділер енгізу және жансыздандыру. ТАСЫМАЛДАУ

Көп ретті және бірлескен жарақаты бар науқастарды жан сақтау бөліміне тасымалдайды. Тасымалдау барысында тамыр ішіне қаналмастырғышты құяды, тыныс алу бұзылыстарында маска арқылы жасанды дем береді, тыныс алу қалпына келмесе трахеяны интубация жасайды.

 

86 Жедел панкреатит. Клиникасы. Диагно стикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Панкреатит - бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы.

Клиникасы: Жедел панкреатиттің клиникалық ағымы жеңіл, орташа, ауыр, өте ауыр болуы мүмкін.

Жеңіл түрінде ауырсыну эпигастрий аймағында, белбеу тәрізді, арқаға беріледі.

Көп науқастарда жүрегі айнуы, құсуы сирек байқалады. Гемодинамика қалыпты, іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ.

Жедел панкреатиттің орташа ауырлығында ауырсыну қаттырақ болады, тіпті кейде науқас еңкейіп шынтағын тізесіне дейін жеткізеді; жеңілдік бермейтін көп құсу байқалады.

Тері жабындысы ақшыл түсті, ps-90-120, қан қысымы 100/60-90/50с.б.б..

Тілі құрғақ, іші кепкен, басқанда ұйқы безі маңайы қатты ауырсынады. Ішек перистальтикасы естілмейді. Іш пердесінің тітіркену белгісі оң. Панкреатиттің осы түрінде дененің әр жерінде ақшыл-көк дақтар пайда болады; Олигоурия байқалады, зәр тәулігіне 1000мл-ден аз;

3-4ші тәулікте эпигастрий аймағында инфильтрат байқалады, сарғаю пайда болуы мүмкін.

Жедел панкреатиттің ауыр түрі тез, аздаған уақыт ішінде байқалады;

Науқастың жағдайы ауыр болады;

Ауырсыну күші қатты болғандығы сондай, тіпті наркотикалық аналгетиктер қысқа уақытқа ғана көмек береді;

Гемодинамика: қ/қ-90/50с.б.б., ps-120 және одан жоғары, тұрақсыз;

Тілі құрғақ, іші кепкен, іштің барлық аймақтарында қатты ауырсыну байқалады, іш пердесінің тітіркену белгісі анық оң;

Олигурия: зәр тәулігіне 500-600мл және одан кем болуы мүмкін;

Жедел панкреатиттің клиникалық ағымының ауыр түрі тұтас панкреонекроздың болуына байланысты болады.

Жедел панкреатиттің клиникалық ағымында 3 сатыны ажыратады:

1. ауырсыну шогі (гемодинамикалық өзгерістер)

2. динамикалық илеус, жедел ішек өтімсіздігі

3. перитонит

Диагностикасындағы маңызды сынамалар:

Мондора белгісі - денеде және бетте күлгін (фиолетовый) түсті дақтар пайда болуы;

Грея-Турнера белгісі - іштің шеткі аймақтарында цианоз байқалуы: — бұл белгілер ферменттердің әсері және гемодинамиканың бұзылуынан деп түсіндіріледі.

Хольстед (1901 ж.) – іш терісінің цианозы

Керте белгірі — кіндіктен 6-7см жоғары эпигастрий аймағында көлденең сызық болып ауырсыну.

Воскресенский белгісі – эпигастрий аймағының пальпация кезінде қолқа тамырының пульсациясының әлсіреуі немесе анықталмауы.

Мейо-Робсон – сол жақ омыртқа-қабырға бұрышын саусақтың үшімен басқанда ауырсыну.

Махов белгісі – кіндіктің жоғары жағында тері гиперэстезиясы.

Чухриенко белгісі – алақанды кіндіктен төмен көлденең қойып түрткілегенде эпигастрий аймағында ауырсыну.

Кача-спонтанды ауырсыну,І-ҮІІІаймақ гиперестезиясы

Күлен-кіндік айналасының сарғыштанып тұруы

Грюнвельд – кіндік маңындағы петехиялар

Гобье – көлденен тоқ ішектің кебуі

Гусенбауэр – асқазанның жоғарғы ығысуы, көлденең тоқ ішектің төменге ығысуы – панкреас кистасы.

Джанелидзе – панкреатиттің инфарктан айырмашылығы – ауырсыну басқанда күшееді.

Шоффар – оң жақ ұшбұрыштағы ауырсыну – ұйқы безі басының проекциясы

Фитц – жедел геморрагиялық панкреатит

Перитонит кезіндегі іштің жұмсақ болуы

Динамикалық илеуіс — ішектердің парезы

Іштің жоғарғы бөлігіндегі белдеуленген ауырсыну

Жедел панкретиттің диагностикасында дененің әртүрлі сұйықтықтарында ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі (активность) маңызды роль атқарады. Әсіресе жиі болатын қандағы амилазаның жоғарлауы (90%), сирек зәр амилазасы (75%) болады. Бірақта безде некроз болғанда амилазаның мөлшері әдеттегі қалпына дейін төмендейді.

Амилазаның Каралея әдісі бойынша нормасы:

§ қанда 3,3-8,9 мг/сек/л.

§ Зәрде — 44мг/сек/л.-ға дейін

 

Емханаға дейінгі ем-шара:

1. Тамактану мен су ішуге тыйым салынады.

2. Құрсақ үсті аймагына капшықпен муз қою.

3. Одди сфинктерінің спазмын басу үшін спазмолитикалық препараттар қолданамыз (нитроглицерин, 1-2 тамшы тіл астына, нитросорбид немесе сустак, 2 мл 2% папаверин ерітіндісі, немесе 2 мл но-шпа мен 2 мл 0,2% платифиллина ерітіндісі);

4. 1 мл 0,1% атропин ерітіндісін панкреатикалык секрецияны басу үшін кую;

5. Көктамыр ішіне 40 - 60 мл 0,5% новокаин ерітіндісін саламыз.

6. антигистаминді препараттарды (2 мл 1 % димедрол ерітіндісі немесе 1 мл 2% супрастин ерітіндісі);

7. коллапс кезінде көктамыр ішіне 60 - 90 мг преднизолон или 300 - 450 мг гидрокортизон,

8. бұлшықетке 2-4 мл лазикс или 1 мл новурит, ферментации және ферменттердің ағзадан коптеп шығуына.

9. Антиферментті препарат,көк тамырға: трасилол 200000 - 300000 ЕД, цалол 200000-300000 ЕД, контрикал 100000-200000 ЕД, пантрипин 120-150 ЕД.

 

87 Балалардағы бронхообрукциялық синдром. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Бронхообрукциялық синдром- бұл бронхты өткізгіштіктің бузылуынан болатын клиникалық симптомокомплекс. Балалардағы негізгі белгілері ентігу(экспираторлы ентігу тән), кеуде клеткасының эмфизематозды ісінуі, корап тәрізді перкуторлы дыбыс, әлсіз тыныс және курғак ыскырыкты сырылдар (ылғалда болуы мүмкін әсіресе емшектегі балаларда) киын алынатын алыстан естілетін тыныс, тыныс алуға косымша бұлшыкеттердің катысуы, бала мазасыз, тәбеті төмен, кейде температурасы болуы мүмкін, жөтел, кусу болуы мүмкін.

Диагнозды жедел жәрдем дәрігері анамнез жинау, карау аркылы коя алады. Ең алдымен БОС ЖРВИдан басталады. Кеуде клеткасын рентгенге тусіренде өкпедегі өкпе тінінің мөлдірлігі, өабырғалардың горизонтальді жатуы, диафрагманың төмен орналасуы көрінеді.

Емі бета-2-агонисттер қыска әсерлі (сальбутамол, фенотерол, тербуталин) сальбутамолдың бір реттік дозасы спрей ретінде 100-200 мкг. Антихолинергиялық препарат— ипратропиум бромиді (атровента).олардың бронхкеңейткіш әсері 15-20мин соң басталады. Спейсер аркылы бірретті ингаляциялаймыз 2 доза (40 мкг);небулайзер аркылы 1жаска дейінгі балаларга — 10 тамшы ингаляцияға, улкендерге — 20 тамшы(250 мкг) 3 рет тәул.Бронхоспазмолитиктер беротек (фенотерол гидробромид) и комбинирленген препарат беродуал (0,05 мг фенотерола гидробромида + 0,02 мг ипратропиума бромиді бір дозада). ГК преднизалон 1—2 мг/кг тәулігіне.

88Саңырауқұлақтармен улану. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Саңырауқұлақтармен уланудың енгізгі белгілері 1,5-2 сағ соң білінеді. Клиникалық белгілері журегі айну, кусу, диареямен жүретін ішінің катты ауысынуы, іші өтуі 10-15рет тәул, температ. жоғарылауы, әлсіз пульс, аяқ-қолының мұздауы,асказан мен жіңішке ішектің кабынуы.,сандырақтау, галлюцинация болады.

Егер саңыраукулактармен тамактанган соң улану болса жедел дәрігер шакыру керек. Ол келгенше төсектік режим мен суыйыктықты көп ішу керек. Салкын су немесе шай ішуге болады. Тағыда белсендірілген көмір ішсе болады. Дәрігер келген соң асказанды шаяды. Сосын тәтті су беру керек. Содан сон жакын мандағы токсикология бөліміне жеткізеді тасымалдаганда носилкамен тасымалданады.

89 ЖМҚБ асқынған гипертониялық криз. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

ГК кезінде ЖМҚБ дамиды(тамырлардың жарылуынан геморрагиялық инсульт, субарахноидальді кан кету).Клиникалық көрінісі жедел дамиды, бас ауру, бас айналу,жүрегі айну, қайталамалы кусу, дисфагия, көрудің нашарлауы, зәрді устай алмау, естің бұзылуы(шатасу, сопор кома) Неврологиялық статус —тұрақты ошақты симптоматика: теңсіздіктің бұзылысы, парездер, параличтер, парестезия, дизартрия, дисфагия. Геморрагиялық инсультқа апоплектиформды дамумен естің жогалуы және коматозды жагдайға тез түсуі тән.ми бағанының кысылуымен нистагм пайда болады, журек кантамыр бузылысы жіне тыныс алу бузылысы дамиды. Субарахноидальді кан куйылуда жедел бас ауруы, кулакта шу пайда болу, психомоторлы қозғыштық, кусу болады. Бассуйек нервтері закымдалады, оган шуйде булшыкеттерінің ергидтілігі косылады, екіжакты Керниг симптомы, жарықтан қорқу, эпилепті формалы устамалар болады. Емі ен алдымен АҚҚды жаймен төмендетеміз. Пропранолол (анаприлин*, обзидан*) таблетка 10, 40 мг Клонидин (клофелин*) таблетки по 0,15 мг. Тіл астына 0,075-0,150 мг. Эффект 10— 30 мин. Каптоприл (например, капотен*) таблетка 25 мг. Тіластына25мг. эффект 15-60 мин.Нифедипин (например, коринфар*) таблетка 10 мг.Тіл астына 10 мг. эффект 5—20 мин. Фуросемид, таблетка 40 мг. Эналаприлат0,625—1,25 мг в/в 5 минутта баяу, 20 мл 0,9% р-ра натрия хлоридімен косып. Ұстама кезінде - диазепам в/в алғашқы доза 10—20 мг, сосын — 20 мг в/мили в/в тамшылатып.

90 Жедел миокард инфарктісімен асқынған гипертониялық криз. Клиникасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Жоғары АҚҚ фонында ЖМИ дамиды. Клиникалық белгілері: шағымы бірден пайда болатын төс артын кысып, ашытып, куйдіріп ауырсынуы. Ауырсыну төменгі жаққа, букіл кеуде клеткасына, кейде тамакка, эпигастрийге беріледі. Ауырсыну дене калпына, қозғалыска, тыныска байланыссыз, 15-20 мин созылады, нитроглицерин көмектеспейді. ЭКГда жедел ишемия (доға тәрізді ST сегментінің котерілуі, ST сегментінің төмен тускен доға тәрізді депрессиясы, патологиялық Q,R тісшесінің амплитудасының кішіреюі, Rтісшесінің жоғалуы т.б) Гисс шоғырының аякшаларының жедел пайда болган блокадасы. Емі ауырсынуды басу, миокардттың коректенуін жаксарту, АҚ төмендету.

■ Нитроглицерин сублингвальді таблеткада (0,5 мг), аэрозолді или спрей(0,4 мг, или 1 доза), кажет болса әр 5—10 мин или в/в 10 мл 0,1% нитроглицеринді ерітеді 100 мл 0,9% р-ре натрия хлоридына сосын көктамырга тамшылатып жылдамдыкппен 5—10 мкг/мин (2—4 капли в минуту)АҚҚмен ЧССты кадагалау аркылы

■ Пропранолол (селективти емес β-адреноблокатор) — коктамырга тамшылатып баяу 1 мл 0,1% р-ра (1 мг), немесе 3-5 мин тагыда кайтлауга болады жалпы макс,ды доза 10 мг

■АКК жогаргы колемде сакталган жагдайда эналаприлат 0,625—1,250 мг коктамырга 5 мин колеминде баяу енгиземиз, косымша 20 мл 0,9% р-ра натрия хлорида еритемиз

■ Морфин (наркотикалык анальгетик) 1 мл 1% еритиндини 20 мл 0,9% р-ра натрия хлорида араластырам жане 4—10 мл (или 2—5 мг) болшектеп енгиземиз

■ Ацетилсалициловая кислота — 160-325 мг шайнап жуту

Тагайындалмайтын антигипертензивти препараттар: нифедипин, фуросемид.

91 ЖІИ. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды жүргізу тактикасы

Науқастарда дегидратациялық синдроммен жүретін шұғыл жағдай болып табылады,жедел ішектік инфекцияларда туындайды (тағамдық токсикоинфекция, гастроинтестинальді формалы сальмонеллез, стафилококкты интоксикация, гастроэнтерит әртүрлі этиологиялы, холера).

Жоғалтатын сұйықтық мөлшеріне байланысты сусызданудың 4 дәрежесін ажыратады. Ауруханаға дейінгі этапта дегидратация дәрежесін клиникалық көріністерге қарап анықтайды.

Сусызданудың I дәрежесінде шөлдеу, ауыз құрғауы, еріндер цианозы, тері құрғауы, стул 3-10 рет тәулігіне.

II дәрежеде стул 10-20 рет тәулігіне, құсу 10 ретке дейін. Осы кезде тері, шырышты қабық құрғауы, еріндер, қол мен табан цианозы,шөлдеу, бұлшықеттер тырысуы, дауыс қарлығуы, ентігу, тері тургоры төмендеуі, тахикардия, артериальді қан қысымының төмендеуі, диурездің анурияға дейін төмендеуі. Дене температура қалыпты.

III дәрежеде көп мөлшерде сұйықтық жоғалады, стул және құсу жиі (20 реттен жо,ары тәулігіне). Жоғарыда айтылған белгілер айқындала түседі: көздің төмен түсуі («қара көзілдірік"), тері қатпары 2-3 мин.көлемінде жазылмайды, айқын ентігу, пульс және артериальді қысым анықталмайды.

IV дәрежесінде (альгидной) дене температурасы қалыптыдан төмен түседі (35,1-35,6 °С), цианоз жалпы сипатта. Тоникалық тырысулар. Анурия.

Дегидратацияның IV дәрежесінде сусызданудың барлық симптомдары көрінеді, маңызды ағзалар өзгерістері дамиды.

Стул жоқ, құсу тоқтайды, диагностикалық қателіктерді акелуі мүмкін.

Госпитализация міндетті.

Шұғыл медициналық шаралар біріншілік регидратация болып табылады.

Регидратация су-электролиттік ерітінділерді тамырішілік енгізу көмегімен жүргізіледі (трисоль, изотон. ерітінді NaCl және т.б.).

Инфузиялық заттардың көлемі сусызданудың дәрежесіне байланысты.

Дегидратацияға дейін асқазанды сумен немесе 2 % натрий гидрокарбонат ерітіндісімен жуу керек.

Асқазанды жуу нақты бір диагноз қойылғанда және миокард инфарктімен немесе іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық аурулары жоқ кезде жасалады.

Егер науқас есі дұрыс және сұйықтықты ішке қабылдай алса кез келген этапта (үй жағдайында, стационарда) пероральді регидратацияны бастауға болады.

Ол үшін келесі ерітінділер тағайындалады 20г глюкоза, 3,5г NaCl, 2,5г натрий гидрокарбонаты, 1,5г KCl 1 л қайнаған суда.

Үй жағдайында глюкозаны қантпен алмастыруға болады, NaCl – ас тұзымен, Na гидрокарбонатын – ас содасымен

сусызданудың I дәрежесінде науқастарға ауыз арқылы сұйықтық берумен шектелуге болады.

II дәрежесінде көк тамырға 100 мл/мин жылдамдықпен 3-4 көлемде кристаллоидты ерітінді енгізіледі.

Әрі қарай су-тұз бұзылысын коррекциялау үшін көк тамырға инфузиялық ерітінділерді тамшылатып енгізу керек.

III және IV дәрежесіндегі науқастарға регидратация реанимациялық түрде жүргізіледі.

Госпитализацияға дейінгі этаптағы инфузионды ерітінділер (ацесоль, хлосоль, трисоль) 120 мл/мин жылдамдықпен енгізіледі (1-1,5 сағ.5-7л дейін).

Емнің алғашқы 3-5 күнде инфуз.ерітінді көлемі 20-60л құрауы керек.

Антибиотиктер холера, сальмонеллез, тағамдық токсикоинфекциямен күресуде шешуші рөл атқармайды, сондықтан да госпитализацияға дейінгі этапта тағайындалмайды.

Патологиялық материалдарды жинау клиникалық және эпидемияға қарсы маңызға ие (бөлінділер, құсықтар, былғанған жаймалар).

Сынамаларды алу үшін стерильді немесе қайнаған суда шайылған ыдыстар қолданылады.

Материалдар стерильді шыны немесе ағаш таяқшалармен немесе қайнатылған қасықтармен алынады, шыны банкаға немесе стерильді пробиркаға салынады, суланбайтын тығындармен жабылады.

Айқын гастроэнтеритпен науқастардан материалды алуға резинкалы катетер қолданылады.

Алынған материал стационар зертханасына тасымалданады.

Бактериологиялық зерттеуге жлдамада науқас тегі, аты, әкесінің аты, материал аты, диагноз, сынаманы алған күн менг уақыт жазылады.

 

 

92 Диабеттік комалар. Ажыратпалы диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

Диабеттік комалар: Гиперглекимиялық кома Қант диабеті бар науқастардың емдәм бұзылысында,инсулин қабылдау тәртібін бұзу және тоқтату,қосымша аурулары болғанда дамиды.

Команың алдында кома алды жағдайлар болады,шөлдеу күшейеді,диурез жиелейді,әлсіздік бас ауру, ішіндегі ауыру сезімі құсу,шулы дем тері және шырышты қабаттың құрғауы,диабеттік беттің шырайы сиптомы тән, тахикардия,АҚҚ төмендеген ауыз қуысынан ацетон иісі шығады.қарашықтар тарылған.

Гиперглекемиялық команың келесі түрлері болады: кетаацидозды,гиперосмолярлы,лактацедимиялық.

Гипергликемиялық кетоацидоздық кома. Қант диабеті туралы ақпарат болмауы мүмкін. Команың дамуына әсер ететің жағдайлар: ашығу, инфекция немесе басқа да жедел аурулар (миокард инфаркт, инсульт) физикалық немесе психикалық жарақат, жүктілік, гипогликемиялық терапияны үзгендне. Кома біртіндеп басталады, салмақ жоғалту нәтижесінде әлсіздіктің өршуі ыстығының көтерілуі, полидипсия және полиурия, тері қышуы. Кома алды жағдайлары: анорексия, құсу, мазасыздану, өткір іш симптоматикасын беру яғни іш аймағының интенсивті ауырсынуы, бас ауру, тамақтың және өңештің ауырсынуы байқалады. Жедел интеркеуррентті аурулардың себебінен комалар бірден дамып кетуі мүмкін. Физикальді зерттегенде дегидратация симптомы (терісінің, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, кқз алмасының және тері тугорының төмендеуі, біртіндеп анурия дамиды (жалпы бозару, бет доғасындағы, иектің, маңдайының жергілікті гиперемиясы (субфебрилді қызба) бұлшықет гипотониясы артериялық гипотензия, тахипноэ немесе Куссмауль тынысы аузынан ацетонның иісінің шығуы байқалады.

Гипергликемиялық кетоацидоздық емес гиперосмолярлы кома. Жеңіл қант диабеті кезінде немесе қауіп факторларының бұзылғанда, дегидратацияның және қанның осмолярлық қысымының жоғарылауынан туындатады; нәтижесінде құсу, диарея, полиурия, гипертермия күйік, диуретиктерді қолдану глюкокортикоидтық артық дозасын қолдану, гипертоникалық ерітінділерді қолданғанда. Бұл кома гипергликемиялық кетоацидозды комалардан да баяу дамиды, іштің дамуы болмайды ортостатикалық естен тану мүмкін. Дегидротацияға сәйкес көріністер, артериялды гипотензия, гиповолемиялық шокқа дейін жетуі, беткейлік тыныс, гипертермияның болуы мүмкін, бұлшықеттің гипертонусы, жергілікті немесе жайылмалы тырыспалар, бульбарлы бұзылыстар менингиалльды көріністер және естің терең емес бұзылысындағы афазиясы, ацетон иісі болмайды.

Лактауцидемиялық кома ерсектерде 2 типті қант диабеті кезінде кездеседі бигуанидтермен емдеу кезінде жие кездеседі.

Гипогликемиялық команың дамуы қант деңгейін төмендететін препараттар, гипогликемиялық терапияны салдарынан дамиды, бірақ қант диабеті туралы акпарат болмауы мүмкін, жедел басталады. Қысқа кезеңді атипиялық ағымды, дисметаболистік невропатия негізделіп, әлсіздік, тершендік, жүрек қағуы, бүкіл денесінің дірілдеуі, қатты ашығу, қорқыныш сезімі, қозғыштық, гипогликемиялық психикалық бұзылыстар мысалы: эйфория, делирия, аменция; Жалпы қарағанда гипергидроз, гипотермия, шырышты қабаттардын өзгеруінсіз тері кабаттының бозаруы, тонико-клоникалық тырыспа, бұлшықеттік гипертонус, одан гипотонусқа ауысады, тахикардия, артериалды гипотензия, гипогликемияның салдарынан вегетативті бұзылыстар; артериялық гипертензия, брадикардия, құсу, тынысы өзгермейді. Ошақты неврологиялық симптоматикалар болуы мүмкін.

Гипогликемиялық кома. 40% глюкоза ерітіндісін 20—40-60 мл мөлшерде (120 мл көп емес ми ісіну қаупі бар) алдын ала 100 мг тиаминді енгіземіз. Глюкозаны кейінгі енгізуді мөлшерін түсіреміз 20—10—5% дексаметазон немесе метилпреднизолон 4-8 мг мөлшерде ми ісінуін алдын алу және контринсулярлық әсердің алдын алу үшін. Глюкозаның жоғары мөлшерде енгізу кезінде және қарсы көрсеткіш болмаса тері астына 0,5-1 мл 0,1% мөлшерде эпинефрин ерітіндісін енгізеді; коматозды жағдай бірнеше сағатқа созылғанда көктамыр ішіне 2500 мг мөлшерде магний сульфатын енгізуге болады.

Гипергликемиялық кетоацидоздық емес гиперосмолярлы кома. Инфузия 0,9% натрий хлориді көлемі 1000мл және 1500мл бір саңат ішінде. Гиперосмолярлы және ұзақ уақыт кетоацидоздық кома кезінде гепаринотерапия — 10 000 ЕД мөлшерде к/і енгізуге болады.

 

93 Асқазан –ішек жолынан қан кету. Себептері. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері

Асқазан-ішектік қанкету

Қанкету-тамырлар арнасынан қанның ағуы.

АІТ-нан көлемді қанкету өмірге қауіпті геморрагиялық шоктың

бір себебі.

Этиология және патогенез

Жиі қанкету түсіндіріледі:

· Тамырлар қабырғасындағы ақаулардың дамуымен түсіндірілетін патологиялық процесс(жедел және созылмалы ойық жарадан қанкету).

· Тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің жоғарлауы(авитаминоз,жедел респираторлы аурулар анафилаксия,сепсис).

Құрсақ қуысы мүшелерінен қанкету кезіндегі шұғыл жағдайлар

Бауыр циррозы кезінде асқазанның және өңештің кеңейген веналарынан қанкету.

Асқазан және өңештің шырышты қабаттарының жыртылуы кезіндегі қанкету (Мэллори-Вейсс синдромы)

Қанкету кезінде ажыратады.

АІТ-ның жоғарғы бөлімінен қанкету,қан жоғалту көзі өңеште,асқазанда және онекі елі ішекте орналасса.

АІТ-ның төменгі бөлімінен қанкету,қанкету көзі аш,мықын және тоқ ішекте орналасқан.

АІТ-нен қанкету себебі

АІТ-ның жоғарғы бөлімінен қанкету:асқазанның және онекі елі ішек ойық жарасы,өңеш веналарының варикозды кеңеюі,

шырышты қабаттарының эрозивті-жаралы зақымдалуы, ісіктер, ангиомалар.

АІТ-ның төменгі бөлімінен қанкету:дивертикулит,тоқ ішек ісіктері немесе полипі,ангиодисплазия,спецификалық емес ойық жаралы колит,Крон ауруы,гемаррой,инфекциялық аурулар.







Date: 2015-06-08; view: 3447; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.064 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию