Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Гипергликемиялы кома. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек
Гипергликемиялық кома қант диабетінің декомпенсирлі ағымының белгісі болып табылады. Бұл жағдайдың себебі ұйқы безімен инсулиннің синтезінің жеткіліксіздігінен қандағы қант деңгейінің бірен жоғарылауы н/е сырттан енгізуде жеткіліксіздігі. - Клиникасы: Кома біртіндеп басталады, салмақ жоғалту нәтижесінде әлсіздіктің өршуі ыстығының көтерілуі, полидипсия және полиурия, тері қышуы. Кома алды жағдайлары: анорексия, құсу, мазасыздану, өткір іш симптоматикасын беру яғни іш аймағының интенсивті ауырсынуы, бас ауру, тамақтың және өңештің ауырсынуы байқалады. Жедел интеркеуррентті аурулардың себебінен комалар бірден дамып кетуі мүмкін. Физикальді зерттегенде дегидратация симптомы (терісінің, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, кқз алмасының және тері тугорының төмендеуі, біртіндеп анурия дамиды (жалпы бозару, бет доғасындағы, иектің, маңдайының жергілікті гиперемиясы (субфебрилді қызба) бұлшықет гипотониясы артериялық гипотензия, тахипноэ немесе Куссмауль тынысы аузынан ацетонның иісінің шығуы байқалады. Диагностикасы: 1. Шағымы мен анамнез: - диабеттің декомпенсация белгілерінің болуы(полиурия, полидипсия), 1-2 күн ішінде ДКА дамуына әкелетін. - құсу, лоқсу - ДКА себебінің болуы: диетаны бұзу, инсулин енгізуді тоқтату - интеркуррентті аурулардың қосылуы (жөтел, тұмау, жүректе ауырсыну, жоғары температура). 2. Физикальды қарауда: - дегидратация белгілері; -Куссмаул тынысы; - аузынан ацетон иісінің шығуы Сонымен қатар болуы мүмкін: - «абдоминальды синдром»; - қосымша аурулардың белгілері. 3. Лабораторлы мәліметтерден: - гипергликемия; - кетонурия; - кетонемия 10-12 ммоль/л; - ацидоз (рН <7,3); - су-электролит алмасуының бұзылуы: Na, К төмен, анурия кезінде жоғары, гематокрит жоғары, ЦВД төмен; - мочевина ж/е креатинин – дегиргитаия ж/е бүйректік қан айналыстың төмендеуінен жоғарылайды. - интеркуррентті аурулардың белгілері - гиперкоагуляция. Шұғыл көмек: Науқасты дұрыс жатқызу. Таза ауамен қамтамасыз ету. 1. Қысқа н/е ультрақысқа әсерлі инсулин қолданылады (ерітінді түріне: 100 мл 0,9% NaCl ерт 10 ЕД инсулин). 2. Инсулин тек т/і тамшылатып сағатына 0,1 ЕД/кг дозада енгізеді. 3. гликемия деңгейі 13-14 ммоль/л төмендегенде дозасын екі есе азайтады 4. 2-3 сағатта нәтижесі болмаса, дозасы сағатына 0,15 ЕД/кг жоғарылатады. Регидратация: 1. Диагнозыд қойған соң басталады. 2. Алғашқы сағатта – т/і тамшылатып 1000 мл 0,9% NaClерт енгізу 3. гликемия 14 ммоль/л төмендегенде физиологиялық ерт 5-10% глюкоза ерт ауыстырылады 6.Балаларға т/і сұйықтықты мына есепте тағайындайды: 1 жас – 1000 мл, 1-5 жас – 1500 мл, 5-10 жас – 2000 мл, 10-15 жас – 2000-3000 мл; алғашқы 6 сағатта есептелген тәуліктік дозаның 50%, келесі 6 сағатта – 25%, қалған 12 сағатта– 25% енгізу.
Date: 2015-06-08; view: 2125; Нарушение авторских прав |