Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі: I кезеңі– салыстырмалы





компенсация кезеңі - симпатомиметиктерге жəне басқа да бронходилятаторлық емге

көнбейтін, бронхылық демікпенің ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы. Келесі

клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады:

- тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін

сырылдар мен минутына 30 жəне одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ.

- науқастың екі иық тұсы көтеріңкі фиксацияланған, демін алу үшін көкіректің

қосымша бұлшықеттерін іске қосуға мəжбүрлі қалыпта болады;

- тері жəне сілемейлі қабаттарда жайылған цианоз;

- перкуссия жасағанда қораб дыбысы естіледі;

- аускультация жасағанда өкпенің төменгі бөлігінде əлсіз везикулярлық тыныс,

жоғарғы бөлігінде қатқыл, жайылған құрғақ сырылдар естіледі;

- əлсіз тахикардия;

- артериялық қысым қалыпты немесе жоғары;

- ЭКГ-де оң жақ қарынша мен жүрекшеге жүктеме түсу белгілері;

- ұзаққа созылған гипервентиляция қақырықтың тұтқырлығын артырады, ол

бронхылардың саңылауын толығымен бітеп гиперкапния мен гипоксемияны

көбейтеді.

II кезең–декомпенсация немесе «үнсіз» өкпе кезеңі:

- қашықтан естілетін сырылдардың өкпе аускультациясында естілмеуі («үнсіз өкпе»);

- жалпы жағдайы тез нашарлайды, сөйлеуі қиындайды, өте ауыр жағдай дамиды;

- науқас керует жиегін қолымен тіреп отырады;

- есі ауыспайды, бірақ кейде апатиялы қозу болады;

- аса терлегіштік нəтижесінде тері жабындылары ылғалды, диффузиялы цианоз;

- көкірегі эмфизематозды керілген, экскурсиясы анықталмайды, өкпеде қорап

дыбысыестіледі;

- тынысы əлсіз, сырылдарөкпеніңтекжоғарғыбөлігіндеестіледі, бронхылардың

толықбітелуіненкейжеріндетынысшуылдарымүлдеместілмейді («үнсізөкпе»);

- парадоксальдыпульс – тынысалукезіндепульстолуыныңазаюы (pulsus paradozus),

жүрек жиырылуының минутына 120- дан артуы байқалады;

- ЭКГ-де жүректің оң жақ бөлігінің жүктемелену белгілері, аритмия болуы мүмкін;

- артериялық қысым жоғары;

- бауырдың фиброзды капсуласының кеңеюінен оң жақ қабырға тұсында ауырсыну

сезімі күшейеді;

- артериялық қанның газдық құрамы өзгереді - айқын гипоксия (Ро 50-60 мм.рт.ст.)

жəне гиперкапния (Рсо2 50-70 мм.рт.ст.) респираторлы немесе аралас типті ацидоз

дамиды.

III кезең – гипоксиялық гиперкапниялық кома кезеңі. Егер «үнсіз өкпе» синдромы

шешілуі болмаса, онда гипоксиялық қозу, венаішілік енгізулерге белсенді түрде қозу

пайда болады:

- науқастың жағдайы өте ауыр, нервтік-психикалық бұзылыстар, есінен тану

ұстамамен алмасады;

- сирек, үстіртін, аритмиялы тыныс;

- диффузиялы сұрғылт цианоз, тершеңдік, сілекейдің көп ағуы;

- жіпше тəрізді пульс, гипотония, коллапс;

- артериялық қанда – гипоксемия (РО2 40-50 мм.рт.ст.), жоғары гиперкапния (РСО2

80-90 мм.рт.ст.). Айқын вентиляциялық бұзылыс. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік

жағдай метаболизмдік алкалозға, ал демікпе жағдайы ауырлығының күшеюінен

метаболизмдік ацидоз дамиды.

- жауша сыртылық сұйықтықтың жəне қан көлемінің азаюы (дегидратация белгілері).

- Дегидратация, сонымен қатар созылмалы гипоксемияға, гематокриттің

- жоғарылауына жəне қанның қоюлауына алып келеді.

Кей науқастарда антидиуретик гормондардың секрециясы жоғарылап гиперволемия,


гипернатриемия дамиды. Өкпеде сұйықтықтың көбеюі газ алмасудың нашарлауына

жəне ұсақ бронхыларда обструкция дамуына алып келеді. Мұндай өзгерістерге

бүйрекүстібездің функциясының төмендеуі əсер етеді.

Медициналық көмек көрсету тактикасы:

Жедел жəрдем:

· Анафилаксиялық түрінде: 0,3-0,5мл 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,9 % натрий

хлорид ерітіндісіне қосып көк тамырға құю;

· Маска арқылы ылғалды оттек;

· Көк тамырға кортикостероидтар жіберу: глюкокортикоидтық гормондар–

преднизолон көк тамырға 90-150 мг (300 мг дейін), 120-180 мг метилпреднизолонға

шағып есептегенде;

· β2-адреномиметиктерді ингаляция арқылы – сальбутамол 100 мкг/мөлшерін

небулайзер арқылы 5-10 минут беру. Əсері болмаған жағдайда 20 минуттан кейін

ингаляцияны қайталау; немесе сальметерол + флутиказон аэрозоль түрінде 25/50

мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг немесе будесонид 1000-2000 мкг небулайзер арқылы 5-

10 минут беру.

· Аминофиллиннің бастапқы мөлшері дене салмағына 5,6 мг/кг (10-15 мл 2,4%

ерітіндісін 5-7 минут баяу енгізу), сүйемелдеуші мөлшері- 2-3,5 мл ерітіндісін

науқастың клиникалық жағдайын жақсарту үшін фракционды немесе тамшылатып

енгізіледі;

· гепарин 5000-10000 БІР. көк тамырға;

· инфузиялы терапия, сұйықтықтың орнын толықтыру мақсатымен

гемоконцентрацияны реттеу, жəне бронхыдағы қақырықты, сілемейді сұйылту үшін

- көк тамырға 4% гидрокарбонат натрий ерітіндісі, 0,9% натрия хлорид ерітіндісі,

5% декстроза ерітіндісі.

· өкпе вентиляциясының үдемелі бұзылысында жасанды вентиляция қолданылады

(ИВЛ).

Коматозды жағдай кезінде:

- кеңірдекті шұғыл интубациялау;

- өкпеге жасанды вентиляция жасау;

- қажет жағдайда – жүрек-өкпелік реанимация;

- дəрі-дəрмектік ем жүргізу.

Кеңірдек интубациясы мен ӨЖВ жасау үшін көрсетімдері:

- гипоксиялық жəне гиперкапниялық кома;

- жүрек-қантамырлық коллапс;

- 1 минут ішінде тыныс алу жиілігі 50- ден артық;

Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер: өткізілетін терапия негізінде

стационарға жеткізу.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Оттек, м3

2. *Преднизолон 30 мг, амп.

3. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.

4. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.

5. *Аминофиллин 2,4% - 5,0 мл, амп.

6. *Эпинефрин 0,18% - 1,0мл, амп.

7. *Декстроза 5% - 400,0 мл, фл.

8. *Гепарин 5000 БІР., фл.

9. Будесонид 1000-2000мкг

10. *Сальметерол + флутиказон аэрозоль 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг

11. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; небулайзерге ерітінді түрінде 20 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:


1. * Натрий гидрокарбонаты 4% - 400,0 мл, фл.

 

 

3. Күл. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Қ оздырғышы –Леффлер таяқшасы,токсин түзіледі,яғни аурудың негізгі симптомдары дамиды,жұғу жолдары ауруды н/е бактерияны тасымалдаушыдан ауа арқылы жөтелгенде,түшкіргенде ж/е заттарды қолданғанда жұғады. Инкубациялық кезең 2-10күн. Дифтерияның ең жиі формалары аңқа, жұтқыншақ, мұрын, көмей дифтериялары болып табылады.

Клиникасы: таңдай күлінің катаральды түрінде жалпы жағдайы онша өзгермейді,әлсіздік,жұтыну кезінде ауыру сезімі,дене қызуы субфебрильді. Лимфа бездері аздап ұлғаяды. Таңдай күлінің торлы түрінде ауру жедел басталады,дене қызуы жоғары,жалпы интоксикация белгілері айқын басталады. Бадамшалары ісінген,үстінде тығыз аралас ақ күлгін тәрізді пленкалы фибринозды жабынды түзіледі,олар қиын алынады. Токсикалық күл –дене қызуы 38-40 С жоғарлайды,тілі жабындымен жабылған,еріндері құрғақ,тыныс қиындайды. Бұл кезде жабынды бадамшадан ары қарай жұтқыншақтың бүйір ж/е артқы қабырғаларына дейін орналасады. Айқын интоксикация,мойын,жақ асты бездері ұлғаяды,тері астылық шел қабатының ісінуімен көрінеді. Токсикалық күлдің 1-дәрежесінде ісіну мойын ортасына дейін жетеді,2-дәрежесінде бұғанаға дейін,3-дәрежесінде бұғанадан төмен орналасады. Ісіну кейде бетке тарайды,жалпы терінің бозаруы,еріннің цианозы,тахикардия,АҚҚ төмендеуі байқалады. Дифтериялық круптың үш кезеңін ажыратады:

I кезең (крупозды жөтел кезеңі). Қатаң «ит үрген тәрізді" жөтел пайда болады, дауыстың қарлығуы.

II кезең (стеноз кезеңі). Шулы «аралаған тәрізді" тыныс алу, афония, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы, инспираторлы ентігу анықталады.

III кезең (асфиксия кезеңі). Айқын қозушылықтан ұйқышылдық, комаға алмасатын оттегі жеткіліксіздік белгілері қосылады. Тері бозаруы, цианоз, салқын тер, тахикардия, тамыр жеткіліксіздік белгілері анықталады.

► Вирустық круп, дифтериялықтан айрмашылығы, кенеттен I, ал кейде II кезеңсіз-ақ басталуы мүмкін.


► Емдік мақсатта жоғары тазартылған жылқының гипериммунды сарысуы "Диаферм«қолданылады.

Аурудың дамуына байланысты 3 стадия ажыратады. 1. Катаральды ж/е дисфониялық:38 С дене қызуы жоғарылайды,орташа интоксикация,қатты лающий жөтел,дауыс қарлығуы.

Стенотикалық: дауысс қарлығу н/е афониялы,жөтел,тынысы шулы,тыныс алуы қиындап,қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы.

Асфиксиялық: мазасыздану,өлімге деген қорқыныш,ерін цианозы,парадоксальды пульс,бұлшықет тонусы төмендеген. Пульс жиі,жіп тәрізді,АД төмендеген,қарашықтары кеңейген.

 

Дифтерияға қарсы сарысумен емдеу принциптері:

I. Ерте енгізугі тырысу, әсіресе токсикалық және гипертоксикалық дифтериямен науқастарға.

Өлім болдырмайтын сарысу енгізудің оптимальді уақыты ауру басталғанның 1сағат ішінде деп есептеледі.

2.Сарысу енгізудің дозасы дифтерия түріне қарай анықталады (таралуы — 10-15 мың. АЕ, кең таралған — 50-100 мың. АЕ, токсикалық — 100-500 мың. АЕ).

Кеш кезеңдерде алғашқы доза көбейеді.

Дифтериялық круп кезіндегі сарысу енгізудің бастапқы дозасы: I дәрежеде — 15-20 мың. АЕ, II дәрежеде - 30-50 мың. АЕ, III дәрежеде - 50-100 мың. АЕ.

Токсикалық дифтерияның ІІ және ІІІ дәрежесінің жедел периодында комплексті патогенетикалық терапия жүргізіледі.

Оның мақсаты — дезинтоксикация, гемодинамикалық бұзылыстар компенсациясы, бас ми ісінуі және бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі.

Круптың асфексиялық кезеңінің дамуы кеңірдек интубациясына көрсеткіш.

Локализденген круп кезінде назофарингеальді интубацияны пластикалы түтікпен, ал жайылған крупта (көмей және кеңірдек дифтериясы) көмей, кеңірдек, бронхтардан электроотсос көмегімен фибринозды жабындыларды алып тастаған соң трахеотомия жасау.

Круптың пневмониямен асқынуының алдын алу үшін антибиотик тағайындау.

Ауруханаға дейінгі этапта дәрігер диагнозды дұрыс қоюы, оның локализация формасын көрсету (аңқа, жұтқыншақ, мұрын, көмей және т.б.), ауырлығы бойынша (локализденген, токсикалық, оның дәрежелері — I, II, III), асқынуларын анықтауы (инфекционно-токсикалық шок, миокардит), көмей дифтерияларының дәрежесін (катаральді, стенотикалық, асфиксиялық) керек.

Аңқа токсикалық дифтериясында, дифтериялық круптың І-ІІ дәрежесінде госпитализациялау кез келген себептермен кешіккенде дифтерияға қарсы сарысу, кортикостероидтар және инфузиялық ерітінділер келесі реттілікпен енгізіледі:

- Тамырішілік 2-5 мг/кг преднизолонды 10-20 мг/кг гидрокорти-зонмен енгізу; эффект болмаса осы дозаны 20-30 мин.соң қайталайды;

- Дифтерияға қарсы сарысуды енгізуді 0,1 мл 3-ретті 10 мин сайын қайталаумен бастау; теріастына 30 мин соң қалғанын енгізу (200-300 тыс. АЕ);

- тамырішіне реополиглюкин немесе 5 % глюкоза ерітіндісін 10 мл/кг есебімен енгізу;

- левомицетин сукцинатты 25 мг/кг енгізу.

 

Сіреспе. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Балалардағы ерекшеліктері.

сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) – сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін орталық жүйке жүйесінің зақымдануы мен бұлшық еттердің сіресуімен асфексия дамуы мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру.

Сіреспе қоздырғышы - Clostridium tetani Bacillaceae туысына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, кілегей қабаты арқылы сіңіріле алмайды.Сіреспе эндотоксині 3 бөліктен құралған:тетаноспазмин, тетаногемализин және ұсақ молекулалық бөлік. Қоздырғыштың берілу механизмі – жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 6-14 күн.

Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетативтің формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Патологиялық процесс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды.

Процестің өліммен аяқталуы 35-40% дейін жетеді.

Сіреспе клиникасына сыртқы тітіркендірулердің әсерінен әуелі шайнау еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкі (ауызбен күлу) пайда болуымен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуінен омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық «бағана тәрізді жағдайға» түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған.

Жаңа туған нәрестелер сіреспе болғанда сору етінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшық еттерінің сіресуінен «тарбақ-қа» тәрізді болып жатады. жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді.

диагностикасы клинико эпидемиологиялық маңызды шара болып табылмайды. Күнделікті қолданыс үшін жолға қойылған тәсілдері жоқ. Қоздырғышты бөлу үшін анаэробты жағдай жасалып, қынап, құрсақ, жарақат материалдары себіледі. Қаннан экзотоксин бөлінбейді. Өсіндідегі экзотоксин сіреспе иммуноглобинімен жанама гамагглютинация реакциясын қою арқылы анықталады.

Науқасқа тыныштық қалыптастыру. Тырыспа болған кезде жоғары калориялы энтеральды н/е парентеральды тағамдану. Сіреспеге қарсы сарысу енгізу. Ең бірінші индивидуальды сезімалдықты тексеру 0,1мл (1:100) сарысу тері ішіне енгізу. 20мин соң папулла анықтау. Егер оның диаметрі 1 см төмен болса,ол теріс,егер ол диаметрден жоғары болса,оң болып табылады. Теріс болған жағдайда тері астына 0,5мл,емдік доза (100-200мың ЕД) 0,5-1сағ соң енгізу.

Тырыспаның орташа жағдайында б/е н/е к/і 2-4мл 0,5% седуксен;дроперидол 0,25 % 2-4мл. Ауыр жағдайында миорелаксант(тубокурарин 15-30мг/сағ,ардуан 0,04-0,06мг/сағ).

 

1. Милық кома. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Кома – ОЖЖ-ң координациялық қызметінің бұзылысымен, тұтас ағза деңгейінде өздігінен реттелуге және гомеостазды ұстап тұруға мүмкіншілігін жоғалтқан жеке жүйелердің автономды қызмет етуімен сипатталатын ОЖЖ-ң жеткіліксіздік жағдайы; естің тануымен, қозғалыс, сезімтал және соматикалық, оның ішінде өмірлік маңызды қызметтердің бұзылысымен көрінеді. Милық кома артериялық гипертензия және тамырлық аурулардың аясында дамиды, алайда гипертониялық ауру, атеросклероз, васкулиттер, ми артерияларының аневризмасы туралы мәліметтер болмауы да мүмкін. Даму жылдамдығы мен алып келген себептердің болу, болмауы диагностикада маңызды емес, себебі ауруханаға дейінгі кезеңде геморрагиялық және ишемиялық инсульттің ажыратпалы диагностикасын жүргізбейді. Гемодинамиканың әртүрлі бұзылу аясында дамыған жалпы милық, ошақты неврологиялық және менингиальды симптоматика тән. Кез – келген команың клиникалық көрінісінде қоршаған ортаны және өзін – өзі қабылдауды жоғалту, сыртқы тітіркендіргіштерге рефлекстердің тежелуі және өмірлік маңызды қызметтердің реттелуінің бұзылыстарымен бірге естің бұзылысы басым болады. Кома кезінде науқастарды еш нәрсемен, тіпті энергиялық шаралармен де ояту мүмкін емес.

Естің бұзылу дәрежесіне байланысты келесі түрлерін ажыратамыз: есеңгіреу (беткей және терең), сопор, комалар (I-III сатысы). Естің бұзылу дәрежесін Глазго клиникалық кестесі арқылы анықтаймыз.

Есеңгіреу – (Глазго шкаласы бойынша 13-14 балл) ес бұзылуының бастапқы фазасы, ми қыртысы қорғанысының тежелуіне байланысты. Селқостық, ұйқышылдық психикалық және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сөйлеу қабілеті бұзылысының болуы мүмкін.

Сопор (Глазго шкаласы бойынша 9—12 балл) — есі төмендеген, бірақ мимикалық реакция түрінде күшті дыбыстарға, жарық және аурулық тітіркендіргіштерге реакциясы сақталған, сұрақтарға айқын емес бір буынды жауап береді. Қарашық, түбірлік, жұтатын рефлекстер сақталған, сіңірлік рефлекстері жоғары, тері рефлекстері төмендеген, еріксіз зәр шығару. Ауруды сопорозды жағдайдан күрделі ауыртқыш тітіркендіргіштерді қолдану арқылы (шаншулар, шымшулар) алып шығаруға болады.

Беткей кома (I сатысы, Глазго шкаласы бойынша 7-8 балл): науқасты ояту мүмкін емес, бірақ аурулық тітіркендіргіштерге реакциясы қарапайым ретсіз қимылдар түрінде сақталған.

Терең кома глубокая (II сатысы, Глазго шкаласы бойынша 5—6 балл): науқас аурулық тітіркендіргіштерге қимыл қозғалыспен жауап береді.

Атониялық кома (III сатысы, Глазго шкаласы бойынша 3-4 балл):өте ауыр аурулық тітіркендіргіштерге реакциясының толығымен жойылуы. Атония, арефлексия, тынысалудың бұзылысы немесе жойылуы, жүрек қызметінің жоғалуы.

Міндетті түрде дереу ауруханаға жан сақтау бөліміне жатқызу, инсульт кезінде — ми қанайналымының жедел бұзылысымен науқастарға арналған интенсивті терапия блогіне, БМЖ немесе субарахноидальды қан кету кезінде мамандандырылған нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылады.

Үйде қалдырылған науқастарға тағайындау. Барлық науқастар ауруханаға жатқызылады.

Ауруханаға дейінгі кезеңде ишемиялық және геморрагиялық инсультті ажырату мүмкін болмағанда жалпы ем қолданады.

Атериальды гипертензия кезінде — АҚҚ төмендету қалыптыдан 10 мм сын.бағ дейін, анамнезі анықталмағанда — 150-160/80-90 мм сын.бағ төмен болмау керек.

Артериальды гипотензияны жою үш кезеңде өтеді:

- метилпреднизолонды (дексаметазон) 8-20 мг мөлшерде к/і енгізу немесе преднизолон 60—150 мг мөлшерде;

- Нәтиже болмағанда — полиглюкин 50—100 мл мөлшерде к/і тұрақты, кейін 400—500 мл мөлшерде тамшылатып;

- Нәтиже болмаса — допаминді (5—15 мкг/ кг/мин) мөлшерде тамшыдлатып енгіземіз.

Капилляр өткізгіштігін төмендету үшін, µ-циркуляцияны және гемостазды жақсарту үшін — 250 мг этамзилатты енгізу, протеолиттік белсенділікті басу үшін — апротининді 300 000 КИЕ мөлшерде тамшылатып енгізу.

Нейропротективті ем: үлкен жарты шар қабатының ошақты зақымдалу белгілері байқалғанда (сөйлеу және басқада жоғарғы психикалық қызметтердің бұзылысы) жалпы милық симптомкезінде (есі анық немесе жеңіл есеңгіреу) пирацетам (6—12 г к/і) енгізуге болады.

59. ЖИА. Тұрақсыз стенокардия. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикалау алгоритмі. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

u ЖИА(Жүректің ишемиялық ауруы) – жүректің жедел немесе созылмал зақымдануы, жүрек бұлшықетіне қанның аз немесе толық келмеуінен шақырылады.

ЖИА жіктелуі

u І. СТЕНОКАРДИЯ

1. 1.Тұрақсыз стенакардия.

u.1Алғаш пайда болған

u 1.2. Өршімелі

u 1.3. Спонтанды (ангиоспастикалық, вариантты, Принцметал)

u Ерте инфаркттан кейінгістенокардия (2 аптаға дейінгі)

u 2. Күштемелі стенокардия

u (1-4 функциональды класстың көрсеткіші бойынша)

u ІІ. ИНФАРКТ МИОКАРДЫ

u 1 Зақымданудың тереңдігі тбойынша

u 1.1.трансмуральды (үлкен ошақты, Q-инфаркт)

u 1.2.Субэндокардиаальды (субэндокардиальды, интрамуральды кіреді)

u 2 Ағымы және орналасуы бойынша

u 2.1 Жедел инфаркт

u 1) миокардтың алдынғы қабырғасы

u 2) миокардтың төменгі қабырғасы

u 3) басқада анықталған орналасулар

u 4) анықталмаған орналасу

u 2.2. қайталамалы инфаркт миокарды (ЖИМ басталуынан 72 сағ. тан 28 күнге дейін)

u 3. анықталмаған жедел ЖИА

u (жедел тәждік өлім 6 сағ)

u 4. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы

u 1.1 атеросклерозды кардиосклерозды

u 1.2. басынан өткерген инфарт миокарды (ПИМ)

u 1.3. жүрек аневризмасы

u 1.4.ауырсынусыз ишемиялық миокард

u 1.5. аралық тәждік синдром

 

Стенокардия – клиникалық формасы ЖИА (төс артында ауырсыну ұстамасы,, жүрек бұлшықетінде оттегінің тапшылығы, және оның жеткіліксіздігі кезінде пайда болады)

u Тұрақсыз стенокардия ЖИА ағымымен сатысын анықтайды, инфарк миокадының даму қаупі және кенет өлім саны өсуде. Физикалық жағдайда болатын ауыру сезімі,эпигастрий аймағында ауыру қысып н/е шаншып,көбіне дененің сол жаққа таралуы,плевраның зақымдану ауыру сезімі,ентігудің өршуі,ұзақтығы 10мин асспайтын,нитроглицеринмен басылатын.

u Тұрақсыз стенокардияның диагностикалық критерилері

u ЭКГ-да STсегментінің ығысуы,депрессиясы ж/е Т тісшесінің өзгерісі.

u 1. Алғаш пайда болған стенокардия (бірінші пайда болған ұстамадан 1 айға дейін)

u 2.Күштемелі үдемелі стенокардия(аурсынудың интенсивті күшею стенокардиясы, ұзақтығы және жиі ұстама)

u 3.Спонтанды (ангиоспастикалық, вариантты, Принцметалды)

u 4.Ерте инфаркттен кейінгі стенокардия (инфаркт миокарды дамығаннан кейін 14 күннен кейін пайда болады)

u Тұрақсыз стенокардия кезіндегі емдеу жоспары

u 1. ауырсынуды басу

u 2. антиангинальды заттар (нитратар, бета-адреноблокаторлары, кальци антагонистері) көмегімен миокард ишемиясын шектеу;

u 3. антикоагулянт және антиагреганттардың көмегімен жедел инфаркт миокардының даму қаупін және өлімді азайту;

u 4. Қолқа- шунттау және тәжді баллонды ангиопластикалау

u (баллонная коронарная ангиопластика и аорто-коронарное шунтирование)

 

60. Аналық без кистасы аяқшасының бұратылуы. Аналық бездің апоплексиясы мен ажыратпалы диагностика жүргізу. Ауруханаға дейінгі кезеңге науқастарды жүргізу тактикасы.

Ø Аналық бездің киста (кистомы) аяқшаларының айналуы – бұл аналық безд кистаның немесе кистоманың асқынуы. Аурудың басталуы жиі келесі факторларымен байланысты болады:

- Дене қалпын бірден өзгеруі.

- Қатты күшену, ұзақ жөтел, ауыр физикалық жұмыс нәтижесінде құрсақ ішілік қысым жоғарлайды.

- Кистаның қанмен қамтамасыз етудің бұзылысы.

Ø Киста (кистома) аяқшаларының айналуы кистаның қанмен қамтамасыз етілуі және ісінуі бұзылады, паренхимада қан құюлу және некроз болады.

Ø Кистаның (кистоманың) толық және толық емес болып бөлінеді.

— Жартылай (бірте)айналымда аяқша 90—180° өзгереді, нәтижесінде артериальді ағым сақталады, қан тамырлардың компрессиясы нәтижесінде венозды қан ағуы қиындайды, ол кистаның венозды толуна және қабырғалардың ісінуіне әкеледі.

— Толық айналымда аяқша бағытын 360° ауысады және артериальді қан келу тоқтайды, нәтижеде аналық без кистасында некробиотикалық процесстер болады, перитонеальді симптомдар дамиды және киста инфицирленсе перитонит дамиды.

Ø Аналық без кистасында (кистомада) аяқшалар айналғанда зақымдалған аймағында іштің төменгі бөлігінде ауырсыну (бірте өсетін немесе жедел), лоқсу,құсу, метеоризм, ішек парезі байқалады. Қарағанда алдыңғы іш перденің қысымы болуы және құрсақтың қозу симптомы байқалады.

Ø Диф-диагностика. Аналық без апоплексиясына құрсақ ішілік қан кету (анемиялық форма), ауырсыну синдромы (ауырсыну формасы) тән. Ауырсыну жедел басталады, зақымдалған аймақта іштің төменгі бөлігінде бірден ауырсыну болады. Аналық безде киста аяқшаларының айналуында госпитальді алды кезең жүргізбейді.Аналық бездің апоплексиясы(аналық бездің жыртылуы, инфаркті, гематома) – аналық бездің бүтінділігін жедел бұзылуы және стромасына қан құюлу, құрсақ қуысына қан кету.

- Аналық бездің апоплексиясы көбінесе репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі, бірақ жасөспірімдерде де болады. Аналық бездің жыртылуы жиі овуляция кезеніңде,васкуляризация кезеңінде және гиперемия іркіліс нәтижесінде, варикозды кеңеюінен немесе тамырларының склерозында, стромада склеротикалық өзгерістерінде және вегетативті, эндокринді қызметтірінің бұзылыстарында болады, Пайда болған гематома аналық без ішілік қысымының жоғарлауы нәтижесінде бірден ауырсынуды шақырады, аналық без тінінің жыртылуына әкеледі.

 

55. Есекжем. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

 

n Жедел аллергиялық аурулар әртүрлі экзогенді антигендерге организмнің иммунды жүйесінің жоғарғы Острые аллергические заболевания обусловлены повышенной чувствительностью иммунной системы к различным экзогенным антигенам (аллергенам). Они характеризуются внезапным началом, непредсказуемым течением, высоким риском развития угрожающих жизни состояний.

 

Ескжем лат. Urticaria- аллергиялық көріністермен сипатталатын терілік ауру. Тез пайда болатын ж/е қышыну,ашық қызыл түсті волдырлардын болу белгісімен сипатталады.

Есекжем қандай да бір реакцияға аллергия ретінде болуы мүмкін,н/е қандай да бір аурудың көрінісі ретінде болуы да мүмкін ерінде және шырышты қабатта кенеттен қызарып, күлдіреп, қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру; денені қалақай шаққан кездегі күлдіреуікке ұқсайды. Есекжемнің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел түрі — кейбір тағамдардың (жұмыртқа, құлпынай, шоколад, бал, цитрустар, т.б.) және дәрі-дәрмектің (көбінесе, антибиотиктердің) организмге кері әсер етуінің салдары. Сондай-ақ, организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде де пайда болады. Созылмалы түрі, немесе мезгіл-мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын Есекжем, әдетте, ішкі мүшелердегі (бауыр, ішек-қарын жолы, бүйрек) ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуына, іштегі гельминттерге немесе баяу өтетін инфекцияға(бадамшаның созылмалы қабынуы — тонзиллит, мұрын, құлақ қуыстарының қабынуы) байланысты. Мұндай кезде ауру кенеттен басталады. Күлдіреуіктердің пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі ашық қызғылт, ортасы ақ. Көп жағдайда күлдіреуік бірнеше сағаттан кейін ешқандай із қалдырмай өзінен-өзі басылады. Кейде ауру ұзаққа созылып, науқастың қызуы көтеріліп, мазасы кетеді. Көмейдің кілегей қабығында бөртпе болғанда адам жөтеліп, тұншығады.Ең негізгі симптом терідегі волдырь пайда болуы. Сыртқы вольдырь күйік н/е насекомның шағып алған орындарына ұқсас болып келеді. Терілік элемент- ол қышынумен бірге жүреді.вольдыр айналасы қызарған болады. Бөртпелері симметриялы түрге ие.

Егер ауыр формада болса глюкокортикостероидтар,инфузионды терапия(гемодез,реополиглюкин), гипосенсибилизденген заттар(10% глюканат кальций,антигистаминді препараттар(зиртек,кларитин). Тамақтың немесе дәрі-дәрмектің әсерінен болған Есекжемде ең алдымен клизмамен ішті тазалап, көп мөлшерде су ішкізеді.

 

56. Аса қауіпті инфекциялар. АҚИ жататын аурулар. Сібір жарасы мен туляремияның ажыратпалы диагностикасы.

Аса қауіпті инфекциялар- это группаинфекционных заболеваний, представляют собой значительную эпидемиологическую опасность в плане быстрого распространения и заражения большого количества людей, а также тяжелого течения болезни. Причиной могут быть и вирусы, и бактерии.АҚИ жататын аурулар -Туберкулез, бруцеллез, Терінің паразитарлық аурулары, Оба (чума), тырысқақ (холера), АИТВ (ВИЧ) инфекциясы және ЖИТС (СПИД).

Сібір жарасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін көбінесе 2-3 күн. При сибирской язве на коже появляются отек, выраженная инфильтрация и некроз, а также развивается местная нечувствительность.

Карбункулезді:терінің әр жерде орналасқан ісіктердің дамуымен болатын шырышты қабықтардың және регионарлы лимфадениттің коагуляционды некрозы. Жиі қолда және баста көк түсті дақтар түрінде ашып қышу сезімі болады. Бірнеше сағаттан соң дақ түсі қызыл түсті папулезге, 12-24 сағаттан соң серозды геморрагиялық бөліндісі бар көпіршікке айналады. Көпіршікшашты тараған кезде немесе өз бетімен ашылғанда жара пайда болады, қою қоңыр түсті қабыршақты сибирь жаралы карбункул. Ол тығыз инфильтирленген, гиперемияланған болады. Карбункул жекеленген немесе көптеген болады. Пальпацияда регионарлы лимфатүйіндері ұлғайған, ауырсынумен болады.

Эдематозды түрі:Эдематозды түрі сирек кездеседі. Кіші көлемді карбункулдың ісінуімен, кейін келе оның некрозы мен мөлшерініңұлғаюы болады. Жұтқыншақтың жұмсақ тіндерінің ісінуіне байланысты асфиксия дамуы мүмкін.

Буллезді түрісирек кездеседі. Қоздырғыш түскен жерде өзіне тән размерлі іші геморрагиялық затпен толған көпіршіктің дамуымен сипатталды.

Туляремия: Инкубационный период длится от 3 до 7 сут, иногда он может укорачиваться до нескольких часов или удлиняться до 3 нед. Заболевание начинается остро, с подъема температуры тела до 38-40 °С, познабливания, головной и мышечных болей, головокружения. Лицо больного становится гиперемированным, слегка пастозным, сосуды склер инъецированы, конъюнктивы гиперемированы. На слизистой оболочке полости рта могут появляться точечные кровоизлияния, язык обычно обложен. Выражена потливость. Могут появляться пятнисто-папулезные высыпания на коже. Со 2-го дня увеличивается печень, а после 5-го дня болезни - селезенка. Артериальное давление несколько снижено. В крови отмечаются лейкопения, умеренный сдвиг влево, лимфоцитоз, моноцитоз, повышенная СОЭ. Наиболее характерный признак туляремии - увеличение регионарных лимфатических узлов возле места проникновения возбудителя.

 

 

57. Жедел ішек түйілуі. Клиникасы. Диагностикасы. Науқастарды жүргізу тактикасы. Балалардағы ерекшеліктері.

ЖІТ-ауыр эндогенді уланудың дамуымен жүретін,кенеттен ас қорыту жолы арқылы ішек ішіндегі заттардың қозғалысының тоқтауы.

Клиникасы: негізгі клиникалық белгілерінің айқындалығы аурудың басталған уақытына,түйілуі деңгейіне ж/е түріне байланысты. Аурудың алғашқы сағаттарынан басталып,дамушы перитонит пен ішек парезі әсерінен тез үдейтән эндогендік интоксикация ЖІТ-де өлімнің негізгі себебі болады,сондықтан онымен күресудің мәні зор. Клиникасында 3 кезеңді ажыратады.

1-клиникалық белгілері айқын,ол толғақ тәрізді іштегі интенсивті ауру сезімінен басталады. Түйілудің странгуляциялық формасына,іштегі біртіндеп әлсірейтін,өте күшті ұстамалы ауру сезімі тән. Газ бен нәжістің шықпауы. Науқасты қарап тексергенде тері жабындыларының бозғылттануын,суық тердің шығуын,тері мен кілегей қабаттарының цианозын байқаймыз ж/е тахикардия. Аускультацияда- перистальтикалық шу күшті ж/е жиі. Ректальды зерттеу барысында Обуховский ауруханасы симптомы байқалады-ашық анус сфинктеріндегі,тік ішектің бос кеңейген ампуласы.2-жалған жасыру кезең-ауру басталғаннан 6-8 сағ сон басталады. Науқас ішіндегі ауырсыныдың азайғанын сезеді. Рефлекторлы құсу басылады,нәжісі әлі болмайды. Аускультацияда перистальтикасы күшеймеген,ал Щеткин Блюмберг симптомы әлі анықталмауы мүмкін. Айқын тахикардия,құрғақ тіл,бет әлпетінің өткірленуі,зәр көлемінің азаюы болады. Скляров симптомы Валь симптомы сақталған ЖІТ негізгі ж/е патогномдық белгісі болып табылад. Қарап тексергенде іш кепкен,тыныс алуға қатыспайды. Диагностикада: шағымдар,наауқастың сыртқы сипаты мен түрін бағалау, тері жабындыларының бозғылттануы,аяқ-қолдың «мәр-мәр тәрізді»болуы. Яғни ЖІТ көбіне кенеттен басталуы,жеңілдеу уақыты қысқа іштегі толғақ тәрізді ауырсыну,құсу,іштің кебуі,газдың,нәжістің болмауы тән. Науқасты жатқан қалыпта зеңбілмен ауруханаға тасымалдау. Тасымалдау кезінде ж/е қабылдау бөлімінде к/і 5% 500мл глюкоза ерітіндісі + 8бірл.инсулин+10мл 10% калий хлорид ерітіндісі,500мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі;антигистаминдік препараттар,спазмолитиктер енгізу. Балалардағы ерекшелігі: туа пайда болған ж/е жүре пайда болған болуы мүмкін. Туа пайда болған түрінде ішектік ақаулар дамиды(атрезия,стеноз). Клиникасында өтімсіздік түріне байланысты. Құсық көптеген массада,іштегі ісіну,құсықтан соң жоғалып кету тән. Стул жоқ. Бала мазасыздану,жылағыш болып келеді. Жүре пайда болған 4айдан 1 жас аралығында дамиды. Құсықтан басталады,бала мазасыз,стул жоқ н/е қан аралас нәжіс болуы мүмкін. Диагностикасында ең маңызды рентгенологииялық зерттеулер.

 

 

1, Көмей тарылуы Анықтамасы. Балалардағы ерекшелігі.
Көмей тарылуы –дыбыс саңылауы арқылы тез немесе біртіндеп үдемелі түрде ауа өтуінің қиындауына алып келетін көмей саңылауының тарылуыMedElement

·ПДЛ 2007

·ПДЛ 2007 (каз)

Көмей тарылуының сатылары (дəрежелері):

I. Компенсация сатысы - демалу мен дем шығару арасындағы үзілістің қысқаруы, физикалық жүктемеден кейін инспираторлық ентігумен сипаттайды.
II. Толық емес компенсация сатысы -дем алу үшін қатты күшті қажет етеді, тыныс шулы, алыстан естіледі, тері-бозғылт. Науқас мазасыз болады, көзіне елестер көрінеді, мойын жəне кеуде клетканың бұлшық еттері тыныс алу актісіне қатысады, бұғана үсті жəне бұғана асты аралықтың, тыныс алу кезінде эпигастригі аймағы жəне қабырға аралық араларының жиырылуы. Айтылған симптомдар физикалық күштемесіз пайда болады.
III. Декомпенсация сатысы -науқастың жағдайы ауыр, тынысы жиі, беткей, тері жамылғылары бозғылт-көкшіл түсті, алғашында акроцианоз байқалады, содан кейін, жан-жақты (жайылған) цианоз. Науқас мəжбүрлі қалыпта болады: жартылай отырады, басы шалқайған күйде, көмей ең жоғарғы экскурциясын тыныс алғанда жəне тынысты шығарғанда жасайды, тершеңдік, пульс жиі, əлсіз талу.
IV. Терминальды сатысы (асфиксия) - науқаста тез шаршағыштық, бəрі бір болады. тынысы беткей, үздік-үздік (чейна-стоке), терісі бозғылт-сұр түсті, пульс жиі, жіп тəрізді, қарашық кеңейген, содан кейін есінен танады, еріксіз зəр шығады, дефекация жəне өлім.)

·MedElement

·ПДЛ 2007

·ПДЛ 2007 (каз)

Диагностика критерийлері
Көмейдің тарылу себебі негізінен анамнез жинағына жəне көмейді қарап тексеру нəтижесіне негізделеді.
Клиникалық симптомдар көмейдің тарылуын дамытатын себептерге жəне даму жылдамдығына байланысты емес:

1. Инспираторлы ентікпе.
2. Мойын, кеуде клеткаларының т.б. бұлшық еттерінің тыныс алу актісіне қатысуы.
3. Қалқанша шеміршек экскурсиясы анықталады-төмен-тыныс алғанда жəне жоғары - тыныс шығарғанда.
4. Тыныстық ритмнің əлсіреуі (дем алудың əлсіреуі, тыныстық үзілістің қысқаруы).
5. Көмейлік шулардың пайда болуы, дауыстың өзгеруі (сырылды немесе дыбыссыз).
6. Венозды стаз.
7. Пароксизмальды пульс (əлсіреуі немесе жəне тыныс алғанда жоғалуы).







Date: 2015-06-08; view: 1417; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.07 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию