Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орытынды





 

Туризм бизнесі экономиканың динамикалық жоғары дамыған тиімді саласы болып есептеледі. Туризм саласындағы жұмыс орындарының жылма-жыл артуы туризм дамыған елдердегі оның ролін арттыра түседі. Туризмнің үлесіне жалпы инвенстицияның 7%-ы дүние жүзілік тұтыну шығындарының 11%, салықтық түсімінің 5%-ы және сауданың 1/3-і тиеді. Мамандардың айтуы бойынша, XXI ғ. – дүние жүзінде туризм ғасыры болмақ. Қазіргі ғылыми модельдерде туризмнің шаруашылық ретінде даму стратегиялары нақты көрсетілген. Туризм дүние жүзіндегі елдер арасында маңызды шаруашылық саласы бола отырып кейбір шағын елдерде де пайда табу көзіне айналуда. Мысалы, Кариб теңізі елдерін табиғат жағдайы жағажайлық демалысқа қолайлы елдер деп айтуымызға болады. Кейбір елдер аталған ерекшеліктерге қосымша тарихи-мәдени құндылықтарға да ие (Жерорта теңізінің жағалауындағы елдер). Соңғы жылдарда туристердің ағыны бұрын өзінің өте ыстық климатымен Еурополықтарға қолайсыз деп саналған Тайланд, Шри-Ланка сияқты елдерде жылма-жыл өсуде. 2000 жылдардан бастап туристердің қызығушылық аймақтары қатарына Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия, Оңтүстік Азия елдері саналады. Орталық Америка, Оңтүстік Американың кейбір елдері туристік саясатын өзгертуде. Осындай жағдайларды есепке ала отырып аумақты мынадай аймақтарға бөлуге болады:

· рекреациялық шаруашылыққа маманданған аудандар;

· өзінің тарихи-мәдени құндылықтармен туристерді қызықтыратын елдер;

· туризмнің дамуы үшін табиғат жағдайы қолайлы аудандар;

· табиғат жағдайлары қиын, қолайсыз туризмді дамытуға маманданбаған аймақтар;

· экзотикалық, танымдылық, спортық туризмді, т.б. – трекинг туризмді дамыту аймақтары.

Дүние жүзі елдеріндегі туризмнің дамуына сол елдердің саяси-экономикалық жағдайы ерекше әсер етеді. Туризм құрушы факторлар басты рөл атқарады. Дүние жүзінде соңғы жылдарда болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік өзгерістер әрбір елдің туризміне тікелей әсер етті. Елдер бойынша туристердің келу уақытын шектеу мүмкін емес. Уақыттың әркелкілігі туристерді қабылдаушы елдің мамандануына байланысты. Сонымен қатар туристтік рыноктағы баға, туристік ағының сипаты негізгі туристік орталықтардан қашықтығы, т.б. белгілерге тәуелді.

Дүние жүзінің халықтары әлеуметтік жағдайларының өсуі, туризм географиясының дамуына мүмкіндік береді. Туризмнің дамуы үшін, оның техникалық – материалдық базасы транспорттық тасымалдау жағдайы, қонақ үйлер мен туристік база лагерлері салынуы қажет. Әлеуметтанушылардың есебі бойынша, туризмге деген қызығушылық жылма – жыл өседі. Оған параллель қызмет көрсету құрылыс т.б. шаруашылықтардың салалары дамиды. Дүние жүзінің кейбір елдерінде туризм, мұнай, т.б. өнеркәсіп салаларынан да асып түсті.

Қазіргі туризм күрделі көп жақты құбылыс бұл құбылыспен географтардан басқа экономистер, әлеуметтанушылар, архитекторлар, т.б. қызметкерлер де айналысады. Туризм біріншіден, экономика саласы, екінші жағынан адамның қажеттілігін қамтамасыз етумен айналысатын сала. Үшінші жағынан демалыс орындарын, кешенін, белдемдерін жобалайтын сфера. Төртінші жағынан адамның денсаулығын рекреацияға тікелей қатысты жақсартуға қызмет етеді.

Туризм жақсы дамыған аймақтарда мынадай мәселелер маңызды болып табылады:

– Туризм экономикасы;

– Туристік қажеттілік;

– Туристік ұсыныс;

– Қаржы қозғалысы.

Туризм географиясы дамуында мемлекеттің саясаты да ерекше орын алады. Практикалық мәселелерді шешу үшін оның теориясымен зерттеу әдістерін жетілдіру керек. Теорияның дамуы негізгі екі бағытта қабылданады:

1. Аумақтың туристік қызмет көрсету заңдылықтарын ұйымдастыруды, аумақтық жүйелердің қалыптасуындағы таксаномиялық деңгей ретінде қабылданады;

2. Аумақтың рекреациялық аудандасуының заңдылықтары мен географиялық ұстанымдарын қалыптастыру.

Зерттеу нысаны мынадай тақырыптық топтарға біріктіріледі:

· Географиялық аймақтардың туристік қозғалысты дамытуға жарамдылығы;

· Туристік қозғалысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қарау;

· Интегралдық критерий негізінде туристік құрылыстарды аумақтық жіктеу.

Аумақтың туристік ресурстары дегеніміз табиғи орта әлеуметтік және олардың жиынтығының жасанды объектілерімен ұштасып туристердің қызығушылығын тудыруы. Осы мотивтерді ескере отырып туризмді мынадай топтарға біріктіреміз:

· Табиғи орта жағдайымен байланысты туризмді, рекреацияны және демалысты ұйымдастыру;

· Туризмді квалификациялау формаларын жетілдіру;

· Табиғи ескерткіштермен қатар материалдық және рухани байлықтарды көтеретін танымдылық туризм.

Туризм шаруашылық саласы ретінде даму үшін бір қатар алғы шарттарды қажет етеді. Олардың қатарына: бос уақыттың болуы, рекреациялық ресурстардың жеткіліктілігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жоғары болуы, т.б. кіреді. Туризмдегі танымдылық, спорттық, сауықтыру, тәрбиелік функциялар негізгі талапты қанағаттандырады. Оның ішінде танымдылық туризм басты рөлге ие. Ол туристердің табиғат, мәдени-тарихи, этнографиялық шарушылық, т.б. нысандарды қарауға қызығушылығынан туады. Табиғи- климаттық жағдайларға қолайлы климат (ауа температурасы, ашық құрғақ күннің болуы, табиғаттың әсем жерлері, орман, тау, өзен көл). Тарихи-мәдени нысандарға тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткіштер, мұражайлар, сурет көрмелері, театр, т.б. жатады. Этнографиялық нысандарға әр елдің салт-дәстүрі, ұлттық киімдері, тамақ дайындау ерекшеліктері, фольклоры жатады. Шаруашылық нысандарға шаруашылық жағдайлар мен олардың түрлері және жетістіктері жатады.

Туризмді сауықтыру мақсатында пайдалану адамдарды өнеркәсіптегі және одан тыс физикалық және психологиялық демалуын қамтамасыз етеді. Табиғи ресурстар демалу аймағымен ауданын таңдауда ерекше орын алады. Туристер аумақтың, әсіресе климат ландшафттық жағдайларын өсімдік жанурлар дүниесінің байлығын демалу түрлерін пайдалану мүмкіндігі бар орындарды таңдайды. Аумақтағы табиғи ресурстардың жиынтығына қарай ол жерде туризм әрі туристік кешеннің қалыптасуы үшін елмен аймақтың географиялық жағдайы ерекше орын алады.

Сондықтан да осы оқу құралының басты мақсат міндеттері географиялық және экономикалық тұрғыда берілуі мазмұнға сәйкестендірілді.

Туризм статистикасының күрделілігіне орай алынған мәліметтер 2000-2006 жылдарды қамтиды. Елтанушылық бағытында дүние жүзінің туристік-рекреациялық мүмкіншіліктері шағын елдер көлемінде қарастырылуы қазіргі кезде жеке елдер туралы анықтамалардың көп болуымен байланысты.

 

Date: 2015-06-07; view: 1162; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию