Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Меланезия. Микронезия. Полинезия





Мұхиттық елдерде халықаралық туризм 1990 ж. басында белсенді түрде дами бастады. 1996 ж. келуші туристер саны 3032 мың адамды құрады. Туризмнен түсетін түсімнің өсімі 22℅-ды құраса, шығынның өсімі тек 7℅-ға ғана өсті. Мұхиттық аралдардың қазіргі тұрғындары байырғылар (папуастар, меланезиялықтар, полинезиялықтар және микронезиялықтар) мен келушілерден құралған. Ең ежелгі жергілікті тұрғындар – Жаңа Гвинея аралдарын мекендеген папуастар. Мұхиттық аралдардың аумағы 1,26 млн. шаршы шақырымды құрайды, онда 9,5 млн-дай адам тұрады. Мұхиттық аралдарды әдетте үш бөлікке бөледі: құрлықтық тектегі ең батыс және ең ірі аралдарды біріктірген Меланезияға: Папуа-Жаңа Гвинея, Фиджи, Жаңа Каледония және т.б., ұсақ аралдар архипелагына қатысты, аралдық мемлекеттер орналасқан: Маршалл аралдары Республикасы, Солтүстік Марианн аралдар Достастығы, Гуам, Кирибати, Палау-Микронезияға; қалған аралдардың барлығы Полинезияға енеді де, өз тарапынан Ниуэ, Кука аралдары, Тонга, Тувалу, Француздық Полинезия, Шығыс және Батыс Самоа мемлекеттері орналасқан биік вулкандық аралдарды құрайды.

Қазіргі уақытта отарлау жүйесінің құлауы және бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы нәтижесінде, сонымен қатар Мұхиттық аралдар аумағында әскери базалардың құрылуы осы аймақта туризмнің дамуының алғышарттарының сипаты болып табылатын, жаңа ішкі аймақтық және іскер қарым-қатынастарды құрады.

Микронезия (грек. «кіші аралдар») Тынық мұхитының батысындағы шағын аралдар тобы, экватордан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Құрамына Мариана, Каролин, Маршалл, Гилберт, Банаба, Науру, т.б. барлығы 1500-ге жуық аралдар кіреді. Ауданы 2,6 мың шаршы шақырым. Аралдардың көбі маржанды атолдардан тұрады, қалғандары жанартау атқылауынан пайда болған. Климаты экваторлық, субэкваторлық. Мәңгі жасыл тропиктік ормандар, бұталар өседі.

Микронезия– су патшалығының бiр бөлiгi. Аралдары: Мариана, Каролина, Маршалл, Гилберт және Науру. Сонымен бiрге Уэйк аралын қосуға болады. Микронезияның жалпы ауданы өте аз, сонымен бірге халық саны да өте үлкен емес. Бiрақ мұнда теңiздегi экономикалық аймақтар бар.

Микронезия Федеративтік Штаттары – Тынық мұхитының батысында, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 700 шаршы шақырым. Астанасы – Паликир қ. Халқы – 107, 9 мың адам (2008). Ресми тiлі – ағылшын, жергілікті халықтардың тілдері де кең таралған. Халқы микронезиялықтар мен полинезиялықтар деп аталатын этникалық топтардан құрылған. Микронезия Федеративтік Штаттары 1991 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды. Экономикасының негізгі саласы – балық аулау. Мемлекет өз жағалауларында басқа мемлекеттерге балық аулау құқығын беретін лицензиялар сатудан да елеулі пайда табады. Қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан туризм нашар дамыған. Экспортқа копра, бұрыш, балық пен кокос майын шығарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Аустралия, Оңтүстік Корея.

Гуам – Мариана арал тобының ең iрiсі, аумағы 535,5 шаршы шақырым. Оңтүстігіндегі қыраттар жанартау әрекетінің нәтижесінен пайда болған, солтүстігіндегі ойпаттар маржанды рифтермен көмкерілген. Климаты тропиктік, муссонды. Орташа ауа температурасы 26ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 3000 мм. Халқы 173,5 мың адам (2007). Тұрғын халықтың этникалық құрамында испандықтар, мексикалықтар, филиппиндіктер басым, жергілікті халық (чаморро) аз. Әкімшілік орталығы – Аганья қ., бас қаласы – Хагатн 1,1 мың адам (2000). Тiлдері – ағылшын, чаморро тілдері. Аралды 1521 жылдың 6 наурызында Ф. Магеллан ашқан. 1565 жылдан бастап Испания отары болса, 1898 жылдан АҚШ иелiгi.

Көпшілік туристер ағыны Микронезияға бағытталады (2085 мың адам), негізінен олар Орталық-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдардан келеді. Микронезияда халықаралық туризмнің дамуы үшін, ерекше табиғатынан басқа, бірқатар елдердің әскери-теңіз базаларының болуы маңызды болып табылады. Бұл іссапар санының көбеюін де анықтайды. Микронезия туристік нарығында Гуам және Мариана аралдары үлкен маңызға ие. Гуам – АҚШ-тың иелігі, оның Тынық мұхиттағы ірі стратегиялық базасы. Арал халқының саны 150 мыңға жуық, соның ішінде АҚШ-тың 20 мың әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері де бар. Бұл Микронезияға іссапар мақсатымен келетін туристер ағынының болуын түсіндіре алады. Гуам экономикасының негізі – туризм. 1996 жылы аралға 1362 мың турист келген. Негізгі туристер ағыны Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдарға (1308 мың адам) бағытталып, жалпы түсімнің 96%-ын құрайды. Америка аймағына 3% немесе 36 мыңға жуық адам сәйкес келеді. Түсімнің құрылымында негізгі көлік түрі авиациялық (99℅). Қонақ үй саласы 7000 нөмірі бар 85℅ салмақ деңгейімен есептеледі. 1996 ж. халықаралық туризмнен түскен түсім 1275 млн. долларды құрады. Мариана аралдары АҚШ-қа «өз еркімен қосылған» мәртебесіне ие. Олар Микронезияда туристерді қабылдау жөнінен екінші орынды алады. 1996 ж. аралдарға 669 мың адам келіп, түсім 655 млн долларды құрады.

Меланезия (грек. melas – қара және nesos – арал) Тынық мұхиттағы негізгі арал топтарының бірі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5000 шақырымға созылып жатыр. Басты аралдары мен арал топтары: Жаңа Гвинея, Бисмарк топаралы, Сүлеймен (Соломон) аралдары, Жаңа Гебрид топаралы, Жаңа Каледония, Фиджи. Меланезия аралдары – Ұлыбритания, Франция, Аустралия Одағының басқаруындағы және қамқорлығындағы аумақ.

Меланезиядағы туристік нарық 1990 жылдың басынан құрыла бастады. 1996 жылы туристер ағыны 593 адамды құрады. Негізінен Меланезияға туристер Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдар, сонымен бірге Еуропадан келеді.

Соломон аралдары – Меланезия құрамындағы топарал. Ірі аралдары: Гуадалканал, Санта-Исабель, Малаита, Сан-Кристобаль, Шуазель, Нью-Жоржия. Ауданы – 29,8 мың шаршы шақырым. Астанасы – Хониара қ. Жоғарғы нүкте – Попомансо қаласы (2331 м). Халқы – 478 мың адам (2005 ж.). Ресми тiлдер – ағылшын және жергiлiктi тiлдер. Экспортқа копра, балық, пальма майы, какао, бұршақтар шығарады. 1978 ж. Соломон аралдары өз тәуелсiздiгін алды.

Жаңа Каледония – Тынық мұхиттың оңтүстік батысында, 1946 ж. Франция иелігінде, ауданы 19 мың шаршы шақырым. Жоғарғы нүктесі – Панье (1628 м). Халқы – 230 мың адам (2010 ж.). Орталығы – Нумеа қ. Этникалық құрамы – меланезиялықтар және француздар. Ресми тiл – француз, будан тiлдер де таралған. Аралда биік шалғынды өсімдіктер, сирек ормандар, жоғары белдеуде шырша тұқымдастарынан тұратын ормандар өскен. Экономиканың негiзi – тау-кен өнеркәсiбі (никель өндiру, кобальт және хром). 95 % ұлттық табысын никель және никель кенiнiң экспорты бередi. Аралдарды 1774 ж. ағылшын саяхатшысы Дж. Кук ашты. Арал атауы Шотландияның көне атауымен қойылған.

Фиджи Республикасы адам ең көп келетін ел, 1996 ж. онда 357 адам болған, ал түсім 300 млн-дай долларды құраған. Фиджи Мұхиттық аралдардың туристік бағытта дамыған ұсақ аралды мемлекеті болып табылады. Аралда бірнеше туристік ауданды ерекшелеуге болады, олардың ең бастылары – Маржан Жағалауы және Денарау аралы. Фиджи арал аттас мемлекет. Екi ең iрi аралдары – Вити-Леву және Вануа-Леву, 300 шақты майда аралдары бар. Халқы – 849 мың адам (2009). Бас қаласы – Суво (85 000 адам). Ресми тiлі – ағылшын. Аралды 1643 ж. А. Тасман ашты. Жоғарғы нүктесі – Томаниви (1323 м). 1970 ж. Фиджи өз тәуелсiздiгiн алды.

Маржан Жағалауы – Фиджидің ең қызықты туристік ауданы. Курорттық орталықтың сәтті орналасуы экзотикалық экскурсиялар жүргізуге мүмкіндік береді: көрші аралдарға саяхат, су асты жүзуі, полинезия ауылдарының би көріністерін, балқыған көмір шоқтарында билеуді, джунгли арқылы тау өзендерімен бамбук талдарынан жасалған салмен жүзу, дельфиндермен саяхат, аралдың орталық таулы аудандарының үстінен тікұшақпен серуендеу, мұхиттық балық аулау, яхталар мен катерлердің жалға алынуы.

Денару аралы – шағын ғана жеке арал, онда тізбекпен «Шератон» атты екі шипажай орналасқан.Туристер үшін аралда көңіл көтерудің көптеген түрі қарастырылған (балқыған көмір шоқтарындағы би, гольф-клуб, «Көгілдір айдын» саяхатына қатысу, сонымен бірге адам тұрмайтын Баунти аралына сапар). Архипелагтың маңызды туристік орталығы болып барынша тығыз орналасқан солтүстік тобы – Вануа-Леву және Тавеуни аралдары табылады. Вити-Леву аралы – архипелагтың ең үлкені, әрі басты туристік орталық. Оның басты байлығына этнографиялық топтамалары бар мұражайы мен ботаникалық бағы жатады. Туристердің аралдағы негізгі көңіл көтеру құралдары дайвинг, серфинг, су асты аңшылығы, су шаңғыларымен қыдыру, гольф және теннис болып табылады.

Негізгі туристік ағымдар Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдардан (227 мың адам), Еуропадан (60 мыңға жуық) және Америкадан (50 мың) бағытталады. Туристердің келу құрылымында белең алатын көлік түрі әуе көлігі (90℅-ға жуық) болып табылады. Аралдарда 13 мың орынға арналған 50% үстемелік 5000 қонақ үй номері дамыған инфрақұрылымдармен жабдықталған. Халықаралық туризмнен түскен түсім 1996 ж. 299 млн-дай долларды құраған. Туристік сектор ІЖӨ-нің 14 %-ын құрап, экспорт бағамының 4 %-на жуығын береді.

Меланезияның туристік нарықта қызығушылық тудыратын елі Жаңа Каледония (Францияның теңіз маңы аймағы). Оған келуші туристер саны 1996 ж. 137 мың адамды құрап, одан түскен түсім 105 млн-дай долларға тең болған.

Папуа-Жаңа Гвинея Меланезияның ірі мемлекеті болып табылады, оның аумағы 461,7 мың шаршы шақырымды құрайды. Тұрғындар саны 4 млн. адамнан асады, олардың 98 %-ы – папуастар мен меланезиялықтар. Аралдарда аборигендік мәдениет сақталған, ол еуропалық және солтүстік америкалық туристердің үлкен қызығушылығын тудырады. Мұнда аборигендік ауылдар орналасқан, туристер осында жергілікті халықтың өмір салтымен танысып, ұлттық мерекелеріне қатыса алады. 1996 ж. Папуа-Жаңа Гвинеяға 42 мың адам келген, ал түсім 60 млн-дай долларды құраған.

Полинезия (грекше поли көп, незия арал) – Тынық мұхитының орталық бөлiгіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. кіреді.

Полинезияда тәуелсіз мемлекеттермен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Чилидің иелігіндегі аралдар бар. Жалпы аумағы (Жаңа Зеландиясыз) 26 мың шаршы шақырымға жуық. Халқы 4,5 млн. адам. Полинезия аралдарының көпшілігі маржанды атолдардан тұрады. Аралдардың басым бөлігінің жер бедері таулы. Ең биік жері – Гавайи аралдарындағы сөнген Мауна-Кеа жанартауы (4205 м). Гавайи, Тонга, Самоа аралдарында сөнбеген жанартаулар кездеседі. Климаты – экваторлық, тропиктік, пассат желдері басым. Жылдық орташа температура – 22-26ºС, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1500-3500 мм. Таулы аралдардың көпшілігінде мәңгі жасыл субэкваторлық, тропиктік ормандар мен саванналар тараған. Полинезия аралдары Америка, Оңтүстік Шығыс Азия және Аустралияны жалғастырушы жол болып табылады.

Мұхиттық аралдардың туристік нарығында маңызды орынды Полинезия алады. 1996 ж. Полинезияға келушілер 354 мың адам болды, осы ретте негізгі туристік ағындар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия және Мұхиттық аралдардан, Америка мен Еуропадан келушілер еді.Туристердің ең көп баратын елі Франциялық Полинезия (Франция иелігі). Франциялық Полинезия 118 арал мен 5 архипелагты біріктіреді: Қоғам аралдары (ең ірісі – Таити), Туамоту, Тубуаи, Гамбье мен Тынық мұхиттың оңтүстік-шығыс бөлігіне шашылып жатқан Маркиз аралдары. Барлығының әкімшілік орталығы Таити аралындағы Папеэте қаласы.

 

Кесте 7.3

Полинезияның негізгі аралдары

Аралдар Мемелекет меншігі Астанасы   Тұрғындар саны
Америкалық Самоа АҚШ Паго-Паго (Тутуила аралы) 52,8 мың (1993)
Гавай аралдары АҚШ Гонолулу (Оаху аралы) 1 211537 (2000)
Батыс Самоа Республика Апиа, Уполу аралы 163 мың (1993)
Жаңа Зеландия (негізгі аралдары) Британ бірлестігінің тәуелсіз мүшесі Веллингтон 3,5 млн (1993)
Ниуэ Жаңа Зеландия Алофи 2,4 мың (1987)
Кук аралдары Жаңа Зеландия Аваруа (Раротонга аралы) 17 мың (1983)
Токелау Жаңа Зеландия атолл Факаофо 1,7 мың (1986)
Пасха аралы Чилидің арнайы аумағы Ханга-Роа 2 мың (1981)
Питкэрн Ұлыбританияның теңіздік аумағы Адамстаун 70 адам (1982)
Тонга патшалық Нукуалофа (Тонгатапу аралы) 99,1 мың (1993)
Тувалу республика Фунафути 9,5 мың (1993)
Тубуаи Маркиз аралдары Туамоту ұйымының аралдары Гамбье аралдары Француз Полинезиясы (Францияның теңіздік аумағы) Папеэте (Таити аралы) 264 мың (2009)
Уоллис және Футуна Францияның теңіздік аумағы Мата-Уту, Уоллис аралы 14231 (2008)
Лайн аралдары Кирибати, АҚШ   8,8 мың (2005)
Феникс аралдары Кирибати Кантон аралында 41 мың (2005)

 

 

Климаты экваторлық және тропикалық, орташа жылдық ауа қысымы +22° – +26°С-ге жетеді. Жылына 1500-3500 мм ылғал түседі. Ауа райының құбылуы екі маусымға бөлінеді: жылы және ылғалды кезеңі, бұл қарашадан наурызға дейін және мамырдан қазанға дейін созылатын құрғақ кезең.

 

 

 

Франциялық Полинезияға жалпы туристік қозғалыс әуе көлігінің түрінің дамуымен байланысты. Франциялық Полинезияның әлемнің басқа бөлігінен аса қашықта жатқандығы және осыған қарай саяхат құнының жоғары болуы салдарынан аралға келетін туристер көбіне аса дамыған елдерден болады. Экономиканың негізі – шетелдік туристерге қызмет көрсету, маржан өндіру және экспорттау.

Франциялық Полинезияның басты туристік аудандары – Таити, Моореа, Бора-Бора, Райатеа, Хуакин, Рангироа, Манихи және Маркиз аралдары болып табылады. Таити екі аралдан тұрады: Таити-Нуи (Үлкен Таити) және Таити-Ити (Кіші Таити), бұлар Таравао үстіртімен байланысқан. Таитиде туристердің қызығушылығына ботаникалық бақ (Полинезияның өсімдік әлемінің өте сирек үлгілерімен көзге түсетін табиғи қорық), жекелеген заттары мен қайта өңделген атақты картиналары жинақталған Поль Гогеннің мұражайы, үңгірлер, су құламалары ие. Полинезияда кең таралған көңіл көтеру түрлеріне желкенді спорт түрі дайвинг, серфинг, рафтинг (Маркиз аралдарының өзендерінде) жатады. Мұнда туризмнің жағалаулық-шипажайлық түрі дамыған. 1996 ж. Франциялық Полинезияға 184 мыңдай турист келген. Негізгі туристік ағын Еуропадан (74 мың), сонымен қатар Америкадан (55 мың) және Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдардан (34 мың) келеді. Бұл Мұхиттық аралдардың Еуропадан келетін туристер ағынының Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдардан келетін туристерден аса көп болатын жалғыз аймақ екенін айта кету керек. Бұл әрине осы аралдарда ХІХ ғ. 40-жж. өз бақылауын орнатқан Франциямен тарихи байланыспен түсіндіріледі.

Негізінен туристер аралдарға демалу мен көңіл көтеру үшін келеді (80% аса). Франциялық Полинезия салмақ деңгейі 53% болатын 6000 орынға арналған 3000 қонақ үй номерімен жабдықталған. Халықаралық туризмнен түскен түсім 1996 ж. 280 млн долларды құраған. Сонымен қатар Полинезияның халықаралық туристік нарығында Батыс Самоа мен Ука аралдары үлкен маңызға ие.

Осылайша Мұхиттық аралдарда жүргізілген халықаралық туризмнің талдауы, Тынық мұхиттың осы бөлігінде азия елдері мен көрші елдерден келетін туристер ағынының көптігін айқындады. Бұл аймақ аралық іскерлік туризмнің айрықша дамуымен байланысты. Дегенмен іскерлік байланыстар және жергілікті халықтың өмір салты мен аралдардың ерекше табиғаты қызықтыратын еуропалық және америкалық туристердің де саны артқан. Мұхиттық елдер ішінде туристер қатынастары дамыған ел бұл Франциялық Полинезия, бұл орта аймаққа келушілердің тең жартысынан көбі сәйкес келеді. Микронезияда туризмнің дамыған аймағына Гуам (65% келушілерімен) және Мариана аралдары (80% келушілерімен) жатады. Меланезияда туризмнің дамыған орталығы болып Фиджи табылады, оның келушілер саны 60%-ды, 357 мың адамды құрайды. Мұхиттық аралдар тек халықаралық туризмнің Азиялық-Тынық мұхиттық аумағындағы ғана емес, сонымен бірге әлемдік туристік нарықта жетекші жеке аймақ болып табылады.

Date: 2015-06-07; view: 2566; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию