Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оңтүстік Африка





Оңтүстік Африка мезоаймағына Ботсвана, Лесото, Намибия, ОАР, Свазиленд кіреді.

Намибия– Оңтүстік Африкадағы ел. Бұл жерде тау-кен өндіру өнеркәсібі дамыған, жекелегенде уран рудасын өндіреді. Елдің табиғи ерекше жағдайы Атлант мұхитының жағалауында орналасқан Намиб шөлімен анықталады. Шөлді басып өту елдің жағалауындағы салқын ағынмен байланысты. Мұхиттан соққан жел ешқандай да ылғалдылық әкелмейді. Елдің астанасы – Виндхук. Намибияны көбіне «қауымдық туризм» елі ретінде сипаттайды. 1990-шы жылдары үкіметтің жасаған жоспары бойынша, жергілікті қауымдар ауылшаруашылық өнімдерінің бөлінісі, жабайы табиғаттың жер телімдері, қорықтар деп аталатын көпсалалы пайдалануға арналған аумақтарда туристік жұмыстармен айналысып, одан түскен қаржылай пайда табу жөніндегі заңды жауапкершілікті алған болатын.

Африканың оңтүстігінде Мозамбик пен ОАР шекаралық аймағында орналасқан Свазиленд корольдігі патриархалдық монархия, мұнда король ырым билерін билеп, жиналған астықтан дәм ауыз тиіп, тұрмыс құрмаған жас әйелдердің фестивалінде өзіне жаңа әйел таңдайды. Свазиленд Оңтүстік Африка аймағынан қоныс аударған 90% жуық африкалық свази халқымен қоныстандырылған. Елде тау-кен өнеркәсібі (асбест өндіру, тас көмір, темір рудасы, алтын, алмаз) дамыған. Жергілікті керемет бірнеше он мыңдаған жылдар бұрын қызмет ете бастаған, әлемдегі ең көне шахта. Жергілікті экономиканың маңызды құрылымы – ауыл шаруашылық өндірісі. Негізгі өсімдік өсіру мәдениеті – қант құрағы, жүгері, мақта, цитрус, темекі, арахис. Көрші ОАР-дағыдай жаңа заманғы курорттардың болмауы – елдің патриархалдық тұрмыс-салтының айғағы. Дегенмен бұл жайсыздық оның табиғатымен көркемделеді. Елде қорықтар, көптеген археологиялық ескерткіштер бар. Свазиленд атты туризмнің әлемдік орталығы даңқына лайық.



Елдің астанасы Мбабаненің керемет орындары ретінде Олистер Миллер көшесін, Свази алаңын және Мбабане қолөнер базарын атап өтуге болады. Туристер Свазилендке көрші ОАР-нан келеді. Сыртқа шығатындардан безгек ауруына қарсы екпелер ұсынылады.

Табиғаттық қатынастар жағынан мезо аймақтың аумағында Намибияның орталық және солтүстік бөлігін және Ботсвананың солтүстік жартысын алып жатқан саванналар бөлінеді. Намибияның жағалауы бойына Намиб шөлі созылып жатыр. Намибияның оңтүстік бөлігіне, Ботсванның оңтүстік-батысына және ОАР-ның оған еніп жатқан аудандарын Калахари шөлі алып жатыр. ОАР-ның орталық бөлігінде шөлейіттер орналасқан. Туризм үшін ОАР-ның оң жағалаулары барынша қолайлы, ол құрғақ жерлерден биік емес Кап тауымен бөлініп, субтропикалық жерортатеңіздік ауа-райымен сипатталады. Мұндай қызмет түрі үшін жақсы табиғат шарттары ОАР-ның оңтүстік-шығысындағы Айдаһарлар тауында қалыптасқан.

Оңтүстік-Африка Республикасының (ОАР) аумағы Атлант және Үнді мұхиттарының суларымен шайылып жатыр. Экономикалық жағынан бұл Африканың барынша дамыған елі. Африканың оңтүстігінде орналасқан географиялық жағдайы, сауда жолдарының қиылысында орналасуы, елдің экономикалық дамуына үлес қосты. Елдің экономикалық өсуінің негізгі күші – табиғат байлықтары болып табылатын алмаздар, алтын, платина, уран, темір рудасы, көмір. ОАР-дағы тау-кен ісінің тарихы ерекше туристік қызықты жайттарды құрады. Осылайша Кимберлиде асылтас іздеушілер әлемдегі ең үлкен «Ұлы тесік» қолдан жасалған алмаз шахтасын қазып шығарған, оның тереңдігі шақырымға жетіп жатыр.



ОАР-ның астанасы – Претория. ОАР-да көптеген қорықтар, ұлттық саябақтар (Крюгер саябағы), неше түрлі жер бедерлері – шөлдер, таулар бар. Жағалау маңында көптеген теңіз курорттары орналасқан.Олардың ішіндегі ең атақтысы Сан-Сити қаласы. Экологиялық туризм басты бағыт алған. 1997 ж. ОАР-сына келген 6 млн-дай туристің 60% өз таңдауларын ұлттық саябақтар мен қорықтарды қарауға тоқтатқан.

ОАР-сы – ең ірі шарап өндіргіш ел. Шарап экспорты 50-ден аса елге жүргізіледі. ОАР-да шарап өндіру алға қойылып, ресми шарап өндіретін аймақтар бекітіліп, олар жапсырғыш қағаздарында көрсетіледі. Бұл қағаздарда шарап жасалған жүзім 100% аталған аймақта өндірілгенін көрсетеді. ОАР-да әкімшілік аумақтық шарап ісінің бірлігі ретінде эстейт жеке қожалық болып табылады. Ең жақсы оңтүстік африкалық шараптар сәйкесінше шаруашылықтың ен таңбасымен белгіленеді. Мұндай таңбаның болмауы шараптың сапасының төмендігін білдіреді. Елдің кең аумағы мен әртүрлі табиғаттық-ауа-райылық сипаты елде темір жол туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша Оңтүстік Африкада Преториядан Кейптаунға дейін, яғни бүкіл елді айналатын «Трейн Блю» поезды үлкен жетістікке ие.

ОАР-ның туристік қатынаста барынша дамығандығы елдің басқа африка континенті елдеріне қарағанда биік экономикалық даму деңгейі мен осыған қолайлы табиғат ерекшеліктеріне байланысты. 2000 ж. африканың макроаймағында ОАР шетелдік келушілердің саны (0,6 млн.) жағынан және одан түскен түсім (2,7 млрд. АҚШ доллары) турасында бірінші орынға шықты. Туристердің басты орталығы – Иоханнесбург. Мұнда іскерлік және коммерциялық мақсатпен келген шетелдіктер өте көп. Екінші іскерлік туризмнің маңызды орталығы – Кейптаун. Оған жақын жерде теңіз маңы курорты Сан-Сити орналасқан. Курорттағы демалыс пен көңіл көтеру Кейптаунның жанындағы, Қайырымды Үміттер мүйісіндегі және аралдарға экскурсиялық бағдарламалармен толығады. ОАР-дағы дәстүрлі шетелдік туризмнің нысаны – ұлттық саябақтар (Мозамбиктің шекарасындағы Крюгер, Порт-Элизабет қаласы маңындағы Аддо Элефант және басқалар).

Оңтүстік Африка Республикасында турлар қымбат болғанмен, саяхатшылар мұнда демалу үшін қаражаттарын аямайды. Бұл мемлекет африка континентіндегі туристерге ең танымалы. Ежелгі және жаңа африка мәдениетін, ерекше табиғатын, пингвиндерді, антилопалар мен қалтырауындарды, таңғажайып Айдаһар тауын, ғажайып қорықтарды Оңтүстік Африка Республикасынан көруге тамашалауға болады.

Оңтүстік Африка Республикасының негізгі курорттары. Оңтүстік Африка Республикасының аумағы 9 провинцияға бөлінеді: Батыс Кейп, Квазулу – Натал, Солтүстік Батыс провинциясы, Мпумаланга, Шығыс Кейп, Еркін штат, Хаутенг, Солтүстік Кейп, Лимпопо. Провинциялар өздерінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар климатымен, ландшафтысымен және халықтардың этникалық құрамдарымен ерекшеленеді. Астанасы – Тсване (Претория), орталық сот жүйесі – Блумфонтейн. Атақты қалалары – Дурбан, Кейптаун, Йоханнесбург, Сан-Сити, Порт-Элизабет. Оңтүстік Африка Республикасына негізінен туристер ұлттық бақтарды көруге келеді.

Оңтүстік Африка Республикасы Африка континентінің 1221 мың шақырым аумағын қамтып отыр, батысын Атлант мұхиты шайып жатса, оңтүстік шығысын Үнді мұхиты шайып жатыр. Оңтүстік Африка Республикасының халқы саны 41 млн-ға жетеді, сонымен қатар мемлекетте түрлі ұлттар мен ұлыстар мекен етеді. Оңтүстік Африка Республикасы – Африкадағы халқының 15% этникалық еуропалықтар құрайтын жалғыз бурлар және ағылшындар мемлекеті.

Йоханнесбург – Оңтүстік Африкадағы үлкен қала. Йоханнесбург орталығынан 6 шақырымдай қашықтықта Краун Майнз аумағында Голд Риф Сити орналасқан. Оның құрылысы алғаш адамдар мекен еткен кездегі көрінісін сақтаған. Голд Риф Сити қаланың өткенін көрсетіп қана қоймай сонымен қатар нағыз демалыс орны екенін көрсетеді. Кіру үшін аз ақша төлеп туристер әртүрлі аттракциондар, көше концерттерін, бишілердің биін, ұлттық билерді өз көздерімен көріп, тамашалайды.

Сан-Сити Трансвааль провинциясы дүние жүзіндегі бай демалыс орны болып саналады. Өзінің табиғи ландшафтымен, пейзажымен, ойын залдарымен, түнгі клубтары, театрларымен, 4 жайлы отелімен әйгілі Каскад пирамидаларымен туристерге танымал.

Оңтүстік Африка Республикасында Траансвааледегі Айдаһар тауымен теңдесетін жерлер аз. Ол ойпат, қыраттарымен, тауларымен ерекшеленеді. Бурка Бақыты ойысында судың таңғажайып құбылыстарын, су ағыстарын керемет иірімдерін тамашалауға болады. Көрікті жерлерінің бірі – Пилигрим демалыс орны. Кезінде алтын іздеушілердің қойнауы болса, қазір «тірі мұражай». Блайд өзенінің шатқалында – қызыл құм, массивті жазық таулары Марипскоп және Үш Рондавела үйлесім тапқан. Панорама – Лоувелд және Мозамбикке ерекше әсер береді. Блайд өзені таңғажайып, онда гиппопотамдар мен қалтырауындар мекен етеді. Таулы экологиялық таза ауданда Маунт шеба отелі орналасқан. Өзінің табиғатымен ерекшеленетін Крюгер ұлттық паркі 20000 шаршы шақырымды алып жатыр. Лоувельд ауданынан шығысқа қарай Трансвальді Дракенсбарг қорығы бар. Бұл қорықты Африкадағы жабайы аңдардың түрлері мекен ететін орны десе де болады. Олардың ішінде сүтқоректілердің 137 түрі, арыстандар, африка қабандары, керіктер бар. Қорықтар Ингвелела, Мала Мала Лондолози.

Кныс пен Вайлдер арасында бұғаздар бар, мұнда суда жүзетін құстар мекен етеді. Бұл ауданның орталығында Тоуз өзені ағып өтеді. Кнысна Тситсикамма орманымен әйгілі. Бұл орманда әйгілі сары ағаш, «үлкен ағаш» атауымен аталады. Ұлы жазықта «жалғыздық» жазығы бар.

Оңтүстік Африкадағы ең алғашқы қала – Кейптаун Тэйбл тауының беткейінде орналасқан. Ол дүние жүзіндегі керемет орындардың бірі болып саналады. Тэйбл тауымен бәсекеге түсетін Тен Кейптаун жағалауы, онда барлардың, түрлі дүкендер мен мұражайлардың түрлері өте көп орналасқан. Кейптің орталығында Кейп Пойнт орналасқан.

Кимберли қаласының орталығы «Ұлы Үңгір» деп аталады. Алмазды қала мұражайынан оңай табуға болады.

Ұлттық бақтар – Крюгер, Калахари – Гемсбок, Кагга – Кхама және түрлі қорықтар мен резерваттарда пілдер мен буйволдар, жолбарыстар мен арыстандар бар қорықтардан жырақ жерде аң аулауға болады. Сонымен қатар пингвиндер мен теңіз мысықтарын көруге болады. Белгілі Айдаһар тауымен Вельд тауы, табиғи ескерткіштерімен белгілі таулы курортты аймақ, тау шаңғы спорттық Африка орталығы болып табылады.

Оңтүстік Африка Республикасында ірі 10 ұлттық саябақтар бар.

Шушлуви – Умфолози (Мапуталэнд, Квазулу-Натал)Оңтүстік Африка Республикасындағы үлкен саябақтардың бірі. Шушлуви Умфолози және Коридор деп аталатын 3 резерваттар бар. Жалпы аумағы 96000 га. Алғашқы екеуі 1895 ж., ал Коридор 1989 ж. құрылды. Осы бақта 60 жж. бүкіл әлемдік «Бізтұмсық операциясы» браконерлерден қорғау жұмыстары жүргізілді. Саябақта қара және ақ тұмсықтылар кездеседі. Саябақ құрылмай тұрып патшалардың аң аулау орны болған. Шушлуви ландшафтысы жасыл ағаштармен тауларымен ерекшеленеді, аңдардың түрлерін тамашалауға болады.

Эддо (Шығыс Кейп) – Африкадағы ең алғашқы ұлттық теңіз саябағы. Саябақ тарихы бүкіл әлемге әйгілі. Эддо негізі 1931 ж. қаланды, оның аумағында пілдің 11 түрі сақталған. Саябақта буйволдардың және тұмсықтылардың 21 түрі бар (қазір дүние жүзінде 2500 түрі ғана қалған). Бұл жерде антилоптардың, құстардың 185 түрі мекен етеді.

Тситсикамма (бақшаға жол Батыс және Шығыс Кейп)Африкадағы ұлттық теңіз бағы теңізден 80 шақырымда орналасқан. Ол жасыл орманымен құмды жағажайымен белгілі. Мұхитқа 5 шақырым жақын орналасқан.Тситсикамма гугенотск сөзінен «таза», «су» деген мағына білдіреді, яғни Тситсикамма өзенінің суы тазалығын білдіреді. Бақ Джордж және Порт-Элизабет жолдарының аралығында орналасқан. Бұл жерде ұсақ жануарлар мен құстардың түрі көп. Маршрут түрлерінен әйгілісі оттер трэйл. Қорықтардың теңіздік бөлігі мұхитқа шығатын жері дайвингтің дамуына үлкен мүмкіндік береді.

Пиллансберг ұлттық бағы 1979 ж. қаланған, аумағы 55000 га, сөнген жанартау кратерінде кездеседі. Оңтүстік Африка Республикасына әр түрлі аудандар және көрші мемлекеттерден жануарлардың түрлері әкелінген. Құстардың 340 түрі кездеседі. Туристер джипта және автобуста 2-3 сағаттан күніне таңертең және кешке 2 рет аңдарды көруге мүмкіндік алады.

Крюгер саябағы (Мпумаланга/Лимпопо) дүние жүзіне әйгілі саябақ 1898 ж. Трансваальсдік президент Пол Крюгердің құрметіне аталған. Крюгер бағы дүние жүзілік табысы көп саябақтардың бірі болып саналады. Бақ 2 ауданнан тұрады: (Мпумаланга/Лимпопо) және 2 млн. га аумақты қамтиды. Бақта 250000 жуық аңдар (300 қара тұмсықтылар, 2500 ақ тұмсықтылар, 8000 піл, 900 жолбарыс, 15000 буйволдар, 2000 арыстандар) сонымен қатар құстардың 507 түрі, 49 балық түрі, 336 талдардың түрі кездеседі.

Санта Лючия (Мапутулэнд Квазулу Натал)саябағы ЮНЕСКО қорғауына алынған. Өзеннен 70 шақырым орналасқан. Тропикалық өсімдіктер, жануарлардың түрлері кездеседі. 7000 бегемот мен қолтырауындар мекен етеді.

Тэмби (Мапутулэнд Квазулу Натал)Мозамбик аумағында орналасқан, ауданы 29000 га, 1983 ж. негізі қаланған. Саябақ пілдердің түрлерін сақтау мақсатында құрылған. Қазіргі кезде пілдердің 100 түрі өсіп келеді. Саябақта күніне туристердің 3 тобына кіруіне рұқсат етіледі.

Калахари-Гемсбок (Солтүстік Кейп)Африкадағы бірінші трансұлттық саябақ. Оның аумағы – 960000 га, ал саябақтың өзі екі мемлекет аумағында орналасқан (ОАР мен Ботсвана). Ландшафтысы қызыл құмымен ерекшеленеді.Келушілерге антилоптардың, жыртқыш құстардың түрлерін және Кальхар жолбарысын, арыстандарды көруге болады.

Голден Гейт (Еркін штат, Фри Стэйт)саябағының аумағы 12000 га, ол өзінің тамаша жерімен, сонымен қатар таулы ландшафтысымен, жануарлардың түрімен ерекшеленеді. Голден Гейт атауы алтын деген мағынада күннің құмға шағылысуына байланысты аталған. Маршрутпен жүрген кезде зебраның түрлерін, антилоп түрлері, 140 құстардың түрлерін тамашалауға болады.

Вест Кост (Батыс Кейп) 122 шақырым қашықтықтағы Кейптаунның солтүстігіндеғі ұлттық саябақ. Ол 1985 ж. ауданның флорасы мен фаунасын сақтау мақсатында құрылған. Жалпы аумағының көлемі 20000 га, мекендеуші құстар – 55000 бірқазандар, қоқиқаздар, шағалалар.

Оңтүстік Африка Республикасындағы туристік орындар. Виктория және Альфред Вотерфрент (Кейптаун). Әлемге әйгілі Кейптаун портындағы сауда және ойын-сауық кешені 1990 жылдардың басында екі порт-айлағының маңына салынған орыннан өзінің атауын алды. Мұнда 250 дүкен, мейрамханалар, кафелер бар. Осында Кейптаунның ғарыштық-саяси жағдайын байқауға болады.

Қайырымды Үміт мүйісі (Батыс Кейп). Ауданы 7750 га болатын флора мен фаунаға бай қайырымды үміт мүйісі қорығы 1938 ж. бастап Батыс Кейптің көрікті орны саналады. 1488 ж. мүйісті айналып өткен Бартоломео Диаштың кезеңінен бастап, мүйіс «Дауылдар мүйісі» деп ұзақ аталды. Оның жартастарында дүние жүзіндегі бірнеше жүздеген кемелер апатқа ұшыраған. Кейіннен оның атауы Қайырымды Үміт деп өзгертілді. Қазір мұнда келетін млн-ған туристер үшін ерекше орны болып табылады.

Шарап маршруттары (Батыс Кейп). Стелленбош 1679 ж. негізі қаланған. Оңтүстік Африкалық шараптар соңғы жылдары дәстүрлі импорттаушы – Ұлыбританиямен қатар бүкіл әлемге белгілі. Климаты және алдыңғы қатарлы технологиялар нәтижесінде Оңтүстік Африка экспорттау көлемі бойынша әлемдегі шарап өндіруші елдердің үштігіне кіреді. Батыс Кейпте 4000-нан астам шарап фирмалары бар, олар шараптың бірнеше сорттарын өндіреді.

Крюгер ұлттық саябағы Оңтүстік Африкадағы ең үлкен саябақтарының бірі, ел екі провинциялар (Мпумаланга және Лимпопо) аумағын кесіп өтеді. 1898 ж. Трансваальск президенті Пол Крюгер негізін қалаған саябақ қазіргі кезде 2 млн. га жуық жерде алып жатыр және әлемге өзінің гейм драйв мен фаунаның молдылығымен әйгілі. Мұнда 147 түрдің 250000 астам жануарлары, «Үлкен бестік» өнімдері (300 қара мүйізтұмсық, 2500 аң мүйізтұмсық, 8000 піл, 900 жолбарыс, 15000 буйвол, 2000 арыстан) құстардың 507 түрі, ағаштардың 336 түрі, балықтардың 49 түрі және бауырымен жорғалаушылардың 148 түрі кездеседі.

Үстел тауы (Кейптаун). Кейптаунның символы ретінде, Үстел тауы туристер үшін алыстап көрінетіндіктен, табиғи бағдарлаушы болып табылады, Кейптаунға келген туристер міндетті түрде Үстел тауына шығуға тырысады, өйткені бұл жерден айналадағы барлық территория айқын көрінеді. Тауға фуникулерде, сондай-ақ жаяу көтерілуге болады, алайда жаяу көтерілу үшін шамамен екі жарым сағаттай уақыт қажет. Биіктігі 1086 м.

Дурбан (Алтын Миля) жағажайлары. Алтын Миля 6 шақырымға созылған құмды жағажайлардан тұрады. Дурбанның жағалаулық көшелері. Дурбанның жағалау көшесінде көптеген аттаркциондар орналасқан, мұнда балалар ата-аналарымен бірге демалып қана қоймай, көп қызықты көре алады. Мысалы, Дурбанның кішкене нұсқасы – Минитаун, теңіз әлемі – аквариум, дельфинариум, көптеген бассейндері мен сауықтыру кешендері бар аквапарк.

Кирстенбош ұлттық ботаникалық бағы (Кейптаун). Африканың оңтүстігіндегі флораны қорғау мен дамыту мақсатында Үстел тауының шығыс беткейінде 1913 ж. құрылған. Ботаникалық бақтар қазір әлемге әйгілі 7 ботаникалық бақтардың қатарында. Бақ аумағы 528 га. Жаз мезгілінде мұнда классикалық музыканың концерттері өткізіледі. Әр түрлі жаяу маршруттары бақтың бүкіл аумағын кесіп өтеді. Маршруттардың ұзақтығы 45 минуттан 3 сағатқа дейін.

Түйеқұс фермалары (Оудтсварн). Оудтсварнға келген адам ОАР-да 400-ден астам түйеқұс фермаларының біріне экскурсия жасайды. Олардың төртеуі SHOW FARM мәртебесіне ие, мұнда тұрақты түрде таныстыру түрлері өткізіледі. Саяхат барысында тіршіліктің әр кезеңіндегі түйеқұстарды көруге болады. Саяхат бағдарламасында түйеқұстардың жарыстары, сондай-ақ түйеқұстарды қызықтау мүмкіндігі қарастырылған. Әлемдегі тамаша қорықтарының бірі. Оның аумағында (600 га) ғажайып жануарлардың 3500 астам түрі мекендейді.

Блайд Равер шатқал (Маумаланга). Блейд өзенінің әрекеті нәтижесінде қалыптасқан бұл шатқал ОАР көрікті орындардың бірі болып табылады. Миллион жылдар бойы мұнда көрікті жартастар пайда болған, олар қасындағы ормандар және саванналармен үйлесімділік тапқан.

Оңтүстік Африка мұражайы (Кейптаун). ОАР-ғы көне мұражай, жәдігерлері – тарихи қазбалар киттің қаңқасы (20 м-лік), жартастағы жазулар, әр түрлі африкандық мәдениеттің тұрмыстық заттары, планетарий және тағы басқа қызықты, танымдық заттары бар.

Құстар әлемі (Хаут бей, Кейптаун). Африка мен Оңтүстік жарты шардағы құстардың ең үлкен саябағы. Мұнда ашық аспан ұсақ жануарлар мен құстардың 400-ден астам түрлері мекендейді (қоқиқаз, пингвин және т.б.), құстардың өздерінің балапандарын тамақтандырудың, ұя құруын бақылауға болады.

«Monkeyland» қорығы (Олеттенберг). Плеттенберг маңында орналасқан. Мұнда субтропиктік ормандардың табиғи жағдайында мекендейтін маймылдар мен орман құстарының әркелкі түрлерін көруге мүмкіндік бар. Гидтер саябақ бойынша жануарлар мен құстар жөнінде толық мәліметтер береді.

Пілдер бағы (Киудна Elephand Park). Плеттенберг бағытында Найзидан 20 мм қашықтықта табиғи жағдайларда, бірақ адамдардың қарауымен бірнеше тас пілдер тіршілік ететін пілдер паркі орналасқан. Пілдердің қасына жақындауға, оларды сипауға рұқсат етілген. Сонымен бірге піл үстінде орман бойынша дербес саяхат жасауға болады. Бақ күн сайын 830 – 1630 аралығында жұмыс жасайды. Көрші ормандарда бірқатар жабайы пілдер мекендейді.

ОАР дүние жүзіндегі аңшылық туризм орындарының бірі, мұнда жабайы жануарлардың көптеген түрлері кездеседі және аңшылық инфрақұрылым дамыған. Аңға мемлекеттік, сонымен бірге жеке аңшылық алқаптар мен фермаларда шығуға болады. Оңтүстік Африкада аңшылық мемлекет және аңшылық қауымдастықтарымен бақыланады және реттеледі, жеке провинцияларға жыл сайын өнім бөлінетін аңдарда атуға квоталар қарастырылған. Кейбір сирек кездесетін аңдарға күту парағы бар. Аң аулау маусымы жыл бойы жалғасады, ал аңшылыққа арналған ауданды таңдау жыл мезгіліне байланысты, бірақ та елдегі басты аң аулау кезеңі – сәуір айынан қазан айына дейін.

Аңшылыққа қолға алынған немесе дербес қаруды қолдануға болады. Аңшылық қаруға елге кіру кезінде 90 күннен 180 күнге дейін аралықта уақытша келісіп беріледі. Саяхат аяқталғаннан кейін рұқсат етілген қару елден шығарылуы қажет. Елге өздерінің қаруларымен келушілер қаруды кіргізуге уақытша рұқсат қағазды алуға үлгермеген аңшылар оны шекарада паспорттық бақылау кезінде ала алады. Сонымен қоса қаруды пайдалануға құжаттар жөнінде дәлелдер: лицензия және қаруды өз елінен шығару жөнінде рұқсат қағаз болуы қажет.

Аңшылықтың бағасы ауланған аңдар бағасымен есептелінеді. Қызмет бағасына тамақтану, мекен ету, қызметі барлық лицензиялар және т.б. кіреді. Әр түрлі аңшылық қожалықтарда бұл баға аңңын түріне және аңшылық қожалықтың қызмет көрсету деңгейіне байланысты әр аңшыға күніне 200-500 АҚШ долларын құрайды. Аңшылыққа аңңың белгілі бір түріне уақыттың арнайы кезеңі қажет.








Date: 2015-06-07; view: 2695; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию