Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сауд Арабиясы. Сауд Арабиясы Арабия түбегінің 80%-ын (2240 мың шаршы шақырым) алып жатыр және құрлықта солтүстігінде





 

Сауд Арабиясы Арабия түбегінің 80%-ын (2240 мың шаршы шақырым) алып жатыр және құрлықта солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Йеменмен, Оманмен, Біріккен Араб Әмірлігімен және Катармен шекараласады.

Сауд Арабиясы ыстық құрғақ климат аумағында орналасқан, сондықтан аумағының көп бөлігін шөлдер алып жатыр. Орман өсімдіктері тек қана елдің оңтүстік-батысында орналасқан Асир тауының бөктерлерін ғана жауып жатады. Орман аумақтары Хиджаз алқаптарында да кездеседі. Әртүрлі аудандарда климаттың өзіндік ерекшелігі бар. Қызыл теңіз жағалауы – Тихама шөлді аумағы («Ыстық ел») – жер шарының ең ыстық және құрғақ жерлер қатарына жатады. Мұнда температура үнемі +15ºС түспейді және көбінесе +45 0С жоғары болады. Қызыл теңізде судың температурасы +30ºС-ге дейін жылиды, ал бір жылда буланатын су қабаты 3,5 м-ді құрайды.

Ішкі аудандардың климаты құрғақтығымен және континентальдығымен ерекшеленеді. Ауаның орташа тәуліктік температурасы шілде айында +30ºС, қаңтар айында +10ºС құрайды. 20-25ºС құрайтын тәуліктік ауытқулар өте қатты байқалады. Шөлдер үшін маусымды желдер тән. Ыстық және құрғақ оңтүстік желдері – самум мен хамсин көктемде және жаздың басында құмды дауылдарды туындатады, қысқы солтүстік желі – шемаль салқын ауа әкеледі. Самум желі қолайсыз климаттық фактор болып табылады, ол кез-келген жыл мезгілінде, көбіне көктем мен жазда болып тұрады. Самум – көп мөлшердегі құм мен шаңды көшіріп, күн сәулесін жауып, қараңғылайтын күшті және қысқа мерзімді (3 сағатқа дейін) дауыл болып табылады. Ол орын алған жағдайда ауа температурасы +50ºС жетеді, ал салыстырмалы ылғалдық нольге жуық болады.

Жауын-шашын өте сирек жауады. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері орталық аудандарда максимум көктемде, солтүстікте қыста, оңтүстікте жазда 70-100 мм, тауларда 400 мм-ге дейін түседі. Руб-әл-Хали шөлінде және кейбір аудандарда жекелеген жылдары жауын-шашын мүлдем түспейді. Жауын-шашындар қысқа мерзімді нөсер түрінде болады, ол қатты екпінді тасқын тудырады. Ежелгі уақытта олар ыңғайлы жол ретінде құрғақ алқаптың түбімен жүретін керуендердің опат болуының себепшісі болды. Уақытша тасқын сулары шөлде құм арқылы тереңірек ағып өтіп, жер асты су қорын толтырады. Төмен жерлерде жер асты сулары жер бетіне шығады да, оазистердің пайда болуына ықпал етеді. Әл-Хаса ауданында (Парсы түбегі жағалауы) жер асты сулары әртүрлі қайнар көзі ретінде шығады: салқын, ыстық, тұщы, тұзды, күкіртті. Әл-Хасаның оңтүстігінде орналасқан Хуфуф оазисінде судың 40-қа жуық қайнар көзі бар. Елдің басқа аудандарында қайнар көздер сирек кездеседі. Сауд Арабиясының көптеген провинцияларының табиғат жағдайлары негізінен туризмнің дамуына қолайсыз.

Археологиялық жағынан Сауд Арабиясы аз және оның ежелгі тарихы да нашар зерттелген. Алғашқы араб мемлекетінің астанасы Медина (662 ж.) болған Араб Халифаты еді. Сауд Арабиясы қазіргі шекарасымен 1926 ж. құрылды, ал атауын 1932 ж. алды. Мәдени-тарихи нысандары негізінен діни архитектуралық ескерткіштермен – мешіттер мен мешіт мұнараларымен көрініс тапқан. Эр-Рияд, Мекке, Джидда және басқа да қалалардың іскер орталықтарының қазіргі заманға сай архитектурасы қызықтырады. Негізінен мәдени-тарихи әлеуеті ел аумағына бөлініп-бөлініп орналасқан және танымдық туризмнің дәстүрлі формаларын ұйымдастыруда қолданылады.

Арабия елі саяхатшыларды үнемі тартып отырған. Бұл ел – ислам дүниесінің орталығы. Ұзақ уақыттар бойы Сауд Арабиясының көрікті орындары туристер үшін жабық болды. Қазір елге барлық дін өкілдері келе алады, бірақ өздерінің діни салт жораларын жасауға заң бойынша тыйым салынады. Онда бірде-бір христиандық шіркеуі мен индус ғибадатханалары жоқ. Арабияда қатаң шариғат дәстүрлері сақталған, пуритандық әдет-ғұрып үстемдік етеді. Дегенмен туристерді жайдары қарсы алады, соған қарамастан әр адам өзін мәдениетті ұстағаны абзал.

Сауд Арабиясының көрікті орындарына Таяу Шығыстың мешіттері мен сарайларының археологиялық қазбалары, ежелгі тарихи ескерткіштер мен бай мұражайлар, сонымен қатар көрікті отельдер мен мейрамханаларды жатқызуға болады. Мұнда таң қаларлық таулар мен шөлдердің әдемі пейзаждары да кездеседі.

Елде мұнай мен газдың және басқа да пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Сондықтан оның тұрғындарының көп бөлігінде кіріс жоғары болып келеді. Ислам діні қалыптасқан ел ретінде Сауд Арабиясы барлық әлем мұсылмандарының қажылық орталығы болып табылады. Қажылықтың басты нысандары – Мекке мен Медина қалалары.

Мекке Қызыл теңіз жағалауынан 77 шақырымда құмды төбелер мен вулкандық жартастардың қоршауында орналасқан. Мекке – Хиджаз провинциясының әкімшілік орталығы және әлемдік исламның діни орталығы. Бұл қалаға мұсылман емес адамдарға келуге рұқсат берілмейді. Исламның рухани орталығы, әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы Меккеде (Меккеде 570 ж. исламның негізін салушы Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген) 1570 жылдан белгілі Қасиетті Харам («әл-Масеж әл-Харам») мешіті орналасқан. Сол кезден бастап ол көптеген өзгерістерге ұшырап, қазір тек кейбір элементтерін сақтап қалған. Мешітке соңғы рет 1980 ж. жөндеу жасалып, 7 мұнарасына қосымша 2 жаңа мұнара қосылды. Оның ауданы 309 мың м2 алып жатыр. Мешіттің биіктігі 95 м., ақшыл көк түсті мәрмәрмен қапталған. Мешіттің ішіне 4 қақпа бастап кіреді, олардан басқа тағы 44 басқа кіретін есіктері бар.

Мешіттің орталық ішкі сарайында орналасқан мұсылмандардың ең басты құрмет тұтатын қасиетті Қағба («Куб») ғибадатханасы орналасқан. Қағба төрт бұрышты (куб) секілді болып келген және қара жібек матамен жабылған. Ғибадатхана қабырғаларының біріне алақан пішініндегі қара тас кіргізіліп орналастырылған. Аңыз бойынша оны періште Жебрейіл Адам Атаға берген. Арабтар бұл тасқа исламға дейінгі дәуірде табынған. Қағбаның қасында таңқаларлық дәмді суымен қасиетті «Зәм-Зәм» бұлақ орналасқан. Орталық мешіттің Қағба айналасындағы ашық аулаға дұға ету кезінде бір мезгілде 750 мың қажыны сыйғызады.

Меккеге қажылыққа (хадж) қасиетті рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң барады. Қажылық исламға қарағанда ертерек пайда болған және оның пайда болуын Авраам және Исаак Ұлы әкелердің атымен байланыстырады. Орталық мешітке барғандағы басты рәсім болып Қағбаны жеті рет айналу мен қасиетті тасты сүю табылады. Меккеге барғаннан басқа қажылық кезінде мұсылмандар Арафат пен Муздалифа алқаптарына да бағыт алады. Әрбір қажы он екінші айдың тоғызыншы күнінде күн батқанға дейін Арафат даласына бару керек, әйтпесе қажылығы текке болып саналады. Осы күні 2 млн-дай қажы Арафатта жиналады және уақыттарының көп бөлігін дұға етумен өткізеді. Сауд Арабияның микроклиматтын жақсарту мақсатында Арафат алқабының абаттандырылуын қамтамасыз етті. Алқапта он мыңға жуық тал отырғызылды және су себетін, яғни ауа температурасын 10oС төмендететін, арнайы суландыру құрылғылдарымен жабдықталды.

Күн батқаннан кейін қажылар «шайтандарды таспен атқылау» жорасын жүзеге асыру үшін Арафаттан 8 шақырым жердегі Муздалифа алқабына бағыт алады. Екі млн-дық шеруге түн бойы Арафат-Муздалиф бағдарымен жолға шығатын 12 мың автобус қызмет көрсетеді. «Шайтандарды таспен атқылау» жорасы үш күнге созылады. Шайтанның нақышы үш баған болып табылады, олар арқылы мұсылмандар «жеті жердегі жеті» (49) тас лақтыру керек. Ертеректе бұл жора кейбір қажылар үшін қатты сығылысудан кейін қайғылы аяқталып жүрді. Қазір қауіпсіздік шарасы ретінде баған-нағыштар шұңқыр тәрізді құдықтарға орналастырылған, шеттерінде ернеулері бар, ал бағаналар арқылы «бұршақтан көп, бірақ ірі бұршақтан аз» тастар лақтыруға рұқсат берілген.

Осы салтанатты шара біткеннен кейін бірден әрбір мұсылман құрбандық шалу керек. Ертеректе әрбір қажы осы жаралғыны өз бетінше жасады. Қазіргі уақытта құрбандық шалу жаңа формаларға ие болды. Көптеген қажылар Ислам даму банкіне 365 риал (шамамен АҚШ-тың 100 доллары) төлейді және қажы атынан мал сойылып, бөлініп, мұздатылып, мұқтаж ислам елдерінің біріне жіберілгендігін растайтын түбіртек алады. Көптеген мұсылмандар құрбандық шалу үшін Түркия мен Сириядан келетін қасапшылардың қызметін пайдаланады. Тек кейбір қажылар салт-дәстүрді қатаң сақтайды және малды құрбандыққа өздері шалады.

Қажылық кезінде мұсылмандар Джидда мен Меккеде қонақүйлерде және жеке пәтерлерде тұрақтайды, бірақ қажылардың көп бөлігі Мина алқабындағы жүз мыңдаған палаткадан құралған шатыр қалашыққа тоқтайды. Қажылар оларда 3 күн тұрады. 1997 ж. лагерде қауіпсіздіктің ережесінің бұзылуынан 70 мың шатыр жанып кетті, 300 астам адам қаза тапты және мыңдағандары жараланды. Қажыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету орталықтан жүзеге асырылады.

Қазір қажылық уақытында Меккеге екі млн-ға жуық адам келеді. Сондықтан да Мекке өмірі мұнда келетін табынушыларға қызмет етумен тығыз байланысты. Харам мешітіне жақын жерде қазіргі үлгімен көптеген отелдер салынған. Дегенмен қажылық кезінде табынушылардың көп бөлігі арнайы шатырларда тұрады.

Қажылық аяқталысымен көптеген қажылар Мединаға бағыт алады. Мединаға мұсылман емес адамдарға кіруге рұқсат етілмейді. Қаланың толық атауы Медина-Рас-әл-Алла немесе Медина-эн-Наби, яғни «Пайғамбар қаласы». Қажылық нысаны аңыз бойынша пайғамбар қаза тапқан жерде тұрғызылған Мұхаммед мешіті болып табылады. Мешітте Мұхаммедтің мазары, сонымен қатар алғашқы араб халифтарының мазарлары орналасқан.

Қажылықты ұйымдастырумен және қажылар ағымын реттеумен Сауд Арабия билік басшылары айналысады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1988 ж. бастап Сауд Арабиясы әлем елдерінің барлық қажыларына квота енгізді (әр мемлекеттің халқы санының 1%-ы). Қасиетті орындарға барудың арнайы ережелері бекітілді, ол бойынша қажылықтың жол бағдары нақты уақыты мен қажылар мен агенттіктердің (бюро), қажыларға қызмет көрсетушілердің міндеттері көрсетілді. Қажылардың келетін және кететін орындары болып Джиддадағы әуежай мен теңіз порты, сонымен қатар Янбодағы (Янбу) теңіз айлағы саналды. Әрбір топпен тәртіпті қамтамасыз ету үшін метуаф (жолсерік) жүреді, ол жетекшілік етеді, дұғалар оқиды және топтардың орналасуын ұйымдастырады. Метуафтың кәсібі мұра арқылы таралады және Сауд Арабиясында аса абыройлы жұмыс болып есептеледі. Қажылықтың шығынын әрбір қажы өзбетінше өтейді, және ол бірнеше мың долларды құрауы мүмкін, оның негізгі бөлігі Сауд Арабияға дейінгі жолға кетеді.

Қажылар, қажылық уақытында келген, 1990 ж. ортасында Сауд Арабияның барлық халықаралық келушілерінің 60 %-ын құрады, ал 2000 ж. бұл көрсеткіш 75 %-ды құраған. Қалған бөлігі қажылар, басқа жыл мезгілінде сапар сегетіндер, туристер, Эр-Рияд, Джидду, Эль-Хуфф және басқа да қалаларға іскерлік мақсатпен келетіндер (туристік ағымның 11%), транзиттік келушілер, БАӘ мен Йеменнен автокөлікпен Сауд Арабиясы арқылы бағыт алғандар. Сауд Арабияның ерекшелігі сол, рекреациялық туризм шетелдік келушілер құрылымының тек қана 4% құрайтындығы. Әрбір халықаралық келушілерден түскен табыс Таяу Шығыстағы орташа мөлшерден төмен (1995 ж. олар 530 долларға қарағанда шамамен 365 АҚШ долларын құрады).

Джидда қаласы – Сауд Арабиясының дипломатиялық астанасы. Бұл ірі қала Қызыл теңіз жағалауындағы теңіз порты және өнеркәсіп орталығы. Сонымен қатар қала елдегі экономикалық астана және көлемі бойынша екінші қала болып табылады. Халқының саны 3,6 млн-дай тұрғынды құрайды. Қаланың теңіздік бөлігінде елшілік ғимараттары орын алған, университет ашылған.

Асир ұлттық саябағы (Asir National Park) туристердің қызығушылығын тудырады. Бұл саябақ ландшафтысының көркемдігі бойынша, экологиялық жағдайы, басқа да факторлар бойынша әлемнің басқа саябақтарымен бәсекелесе алады. Мұнда өте ыстық жаз мезгілінің өзінде микроклиматтық ерекшеліктеріне байланысты температура өте қолайлы. Мұнда құстардың 300-ден аса және сүтқоректілердің 10-даған түрлері кездеседі.

Джидданың тағы бір көрікті орындар қатарына король Фахда субұрқағын жатқызуға болады. Субұрқақтың атауы Фахда ибн Абдель Азиз Аль Сауда корольдің есіміне қарай берілген. Субұрқақ аталған корольдің билігі тұсында 1985 ж. салынған, содан бері туристердің қызығушылығын тудырып келеді. Субұрқақ теңізде орналасқан, одан шығатын су ағының күші мен қуаттылығы гейзерге ұқсайды. Алғашында 1980-1983 жж. атқылаған судың биіктігі 120 м-ге жететін тұщы су субұрқағы салынды. Ол Женевадағы субұрқақты еске түсіретін еді, кейін оның конструкциясын жетілдіру жөнінде шешім қабылданды. Жаңа нұсқасын жасаумен SETE Technical Services компаниясы айналысып, олар субұрқақтың күрделі конструкциясын жасап шығарды. Субұрқақ коммуникациясын компьютер жүйесі арқылы басқару жүзеге асырылды. Қазір үлкен күшпен атқылайтын судың ағыны 312 м-ге дейін жетеді, ал ауадағы судың массасы 19 тоннаны құрайды. Субұрқақ үнемі жұмыс жасап тұрады. Тек қатты жел соққан күндері ғана тоқтатылады.

Эр-Рияд – Таяу Шығыстың қазіргі заманға лайық астаналардың бірі, дегенмен қала тарихи қалыптасқан кескінін шығыстық қала-қамал типін сақтаған. Қала Арабия түбегінің ортасында орналасқан, халқының саны 5,3 млн-ды құрайды. Ескі қала ауданы бар болғаны 1 шаршы шақырым сәл астам жерді ғана қамтиды, мұнда қайталанбас тарихи ескерткіштер аз қалған. Солардың ішінде бұзылмай сақталған Аль-Масмак қорғаны және оның қақпалары мен қабырғаларының кейбір бөліктері. Дегенмен олардың барлығы сақталмаған. Эр-Риядтың көрікті орындарына жер бетінен 300 м-ге дейін биіктікте көтерілген корольдық орталық, Эр-Рияд мұражайы, Эр-Рияд телемұнарасы (биіктігі 170 м) және жоғарыда аталған әл-Масмак қорғаны жатады.

Эр-Рияд мұражай Аль-Батаа ауданында орналасқан. Мұражай коллекциялары өте бай, онда Сауд Арабиясының тарихына, археологиясына, өнеріне қатысты көптеген заттар бар. Мұражайда елдің тарихының қола дәуірі қарастырылады. Мысалы, Масмак фортының кішірейтілген көшірмесін, сонымен қатар басқа да ғимараттардың макеттерін табуға болады. Мұражайға кіру тегін және ол туристер үшін барлық экскурсиялық бағдарламаларға қосылған.

Kingdom Centre (Бурдж Аль-Мамлака) биік ғимараты. Kingdom Centre Эр-Риядта орналасқан және биіктігі бойынша екінші ғимарат. Дүние жүзі бойынша бұл ғимарат 49 орынды иеленеді. Ғимараттың құрылысы 1999 ж. басталып, 2002 ж. аяқталды. Ғимарат елдің символы ретінде жоспарланған, биіктігі 311 м., барлығы 47 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы ішкі ауданы 94 000 м2 тең. 2002 ж. дизайнның үйлесімділігі бойынша бұл ғимаратқа "Emporis Skyscraper Award" марапаты берілді. Ғимаратта обсерватория, дүкендер, 5-жұлдызды отельдер және елдің негізгі банктерінің бас офистері, спорттық клубтар, конференц-залдар мен банкет залдары және т.б. орналасқан. Ғимаратқа түрлі мақсатпен (қонақ үй, дүкендер, банкет залы, офистер, тұрғын үй) 4 жағынан да кіруге болады. Бұл ғимарат туристер үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр және экскурсиялық бағдарламаларға қосылған.

Масмак қамалы 1865 ж. Эр-Риядта салынған және қазіргі уақытта туристерге арналған экскурсия ұйымдастырылатын орынға айналған. Бұл қамал алғашқыда Мухаммеду бен Абдалле бен Рашид патшаға тиесілі болды, кейін Абдула Азиз жаулап алып, оның алғашқы архитектурасына өзгерістер енгізді. Оны мұражай етпестен бұрын қойма ретінде пайдаланды. Қазір мұнда мұралар орталығы, сонымен қатар мұражай орналасқан. Соңғы рет қамалға 1980 ж. реставрация жасалған. Бұл қамалды елдегі алғашқы қалпын толықтай сақтаған ескерткіштердің бірі деп есептеуге болады. Қамалда қонақ үй орналасқан, ондағы барлық құрылыстар ағаштан жасалған. Қазір осы қонақ үй мұражайға айналдырылған. Қамалдың өзі тастан салынған, қабырғасының қалыңдығы 14 футты құрайды. Қамал жексенбі-бейсенбі аралығында 800-1200 аралығында, сонымен қатар 1600-2100 аралығында жұмыс жасайды. Сенбі, дүйсенбі және сәрсенбі – қамалды ер адамдар аралайтын күн. Қалған күндері әйел адамдар отбасындағы ер адамдардың қатысуымен қамалды аралай алады.

Дирайя. Сауд Арабиясының қазіргі астанасынан 20 шақырым жерде елдің ең алғашқы астанасы – Дирайя орналасқан. Оның негізі 1446 ж. қаланған. Қаланың гүлденуі XVIII ғ. анықталған. Бірақ қаланы түріктер 1818 ж. қиратады. Осыдан кейін елдің астанасы Джидда қаласының негізі салынады. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Негізгі құрылыстардың қатарына мешіттерді, сарайларды, қала қабарғаларын жатқызуға болады. Мұндағы барлық құрылыстар XVI-XVII ғ. салынған. Сонымен қатар мұнда жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Әл-Хубар – қаласының халық саны шамамен 166 тұрғынды құрайды. Әл-Хубар мұнай өнеркәсібінің маңызды орталығы және ірі мұнай құюшы порт болып табылады, онда мұнай өңдеуші кәсіпорындардың көп бөлігі орналасқан. Мұнда ұзындығы 26 шақырымға жететін көршілес Бахрейн мемлекетімен негізгі көліктік жалғастырушы болып табылатын көпір салынған. Әл-Хубардың негізгі көрікті орындарына – ботаникалық бақ, хайуанаттар саябағы, көптеген субұрқақтар мен саябақтар және 26 шақырымдық көпір жатады. Балалар сарайы да Әл-Хубарда орналасқан. Бұл сарай тек балаларға арналған, онда ата-аналар балаларын таңнан кешке дейін тастап кете алады. Мұнда патшалар және басқа да кейіпкерлер балалармен ойнап қана қоймайды, сонымен қатар оларды ойын формасында елдің тарихымен, географиясымен таныстырады. Мұнда сонымен қатар тамақтануға арналған мейрамханалар мен кафелер де бар.

Даммам қаласы – Парсы шығанағының батыс жағалауында орналасқан Сауд Арабиясының портты қаласы, Эш-Шаркия провинциясының астанасы. Халық саны 905 084 адам (2010 ж.). Халық саны бойынша Даммам елде бесінші орында. Қала теңіз арқылы жүк тасымалдайтын маңызды порттардың бірі.

Таиф қаласы – Сауд Арабиясының батысындағы қала. Халық саны 521 мың адам (2004 ж.). Исламға дейін бұл қалада Аллат ғибадатханасы орналасқан болатын. Кейін қала тұрғындары исламды қабылдаған соң Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл ғибадатханаларды қиратып тастады. Қалада Меккені билеген Хашимит әулетінің үйлері бар. 1934 ж. Таифте Йеменмен бейбітшілік туралы келісім жүргізілді. 1989 ж. осында Ливандағы Азамат соғысының тоқтатылуы жөнінде келісімдер өтті.

Бурайда қаласы – Сауд Арабиясының орталық бөлігіндегі қала. Ол Эль-Касим провинциясының әкімшілік орталығы. Қалада 378 422 адам тұрып жатыр (2004 ж.). Бұрын қала сауда керуендерінің және араб жүйрік аттарын сататын негізгі сауда орталықтарының бірі болған. Қазір қала тұрғындары егін шаруашылығымен айналысады.

Хамис-Мушаит қаласыСауд Арабиясының Асир провинциясындағы қала. Халық саны 472 484 адам (2010 ж.). Хамис-Мушаитте 1960-70 жылдар аралығында американдық мамандармен бірлесе салынған үлкен авиабаза бар. Бұл база Сауд Арабиясындағы әуе-қарулы күштерінің негізгі 6 базасының бірі. 1990 ж. Парсы шығанағындағы соғыста Американың әуе-қарулы күштері осында орналасты.

Әл-Хуфуф қаласыСауд Арабиясының Шығыс провинциясындағы қала. Халық саны 321 471 адам (2010 ж.). Аңыз бойынша Араб әлеміне әйгілі махаббат трагедиясының кейіпкерлері Ләйлі мен Мәжнүн осы қалада қаза болған. Қала негізінен елдің маңызды мәдени орталықтарына жатады. Қалада елге танымал көптеген адамдар тұрып жатыр. 1871-1913 жылдар аралығында қала Осман империясының ықпалында болған. Эль-Хуфуфта Фейсал корольдің атындағы университет пен қала тарихымен таныстыратын мұражай бар.

Әл-Джубайль қаласыСауд Арабиясының Шығыс провинциясындағы қала. Халық саны – 200 000 адам (2003 ж.). Қала Парсы шығанағының жағалауында орналасқандықтан, елдегі мұнайға ең бай аудан. Әл-Джубайльде мұнай өнімдерін шығарып сататын көптеген өнеркәсіп орындары бар. Унайза қаласыСауд Арабиясындағы Әл-Касим провинциясындағы қала. Халық саны 135 мың адам (2009 ж.). VII ғ. Иран мен Ирактан Меккеге қажылық жасағандардың жолындағы шағын тұрақты мекен ретінде қалыптасқан. 1818 ж. бастап қаланы Әл-Сулаим әулеті басқарды. Қала елдің орталық бөлігіндегі Неджд ауданында орналасқан. Жауын өте аз жауғандықтан, ауасы құрғақ келеді, жері шөлді.

Сакака қаласыСауд Арабиясындағы Әл-Джауф провинциясындағы қала. Халық саны 135 мың адам (2009 ж.). Мұнда адамдардың алғашқы тұрақтары 4000 жыл бұрын пайда болған. Сонымен қатар қалада ХІХ ғ. салынған Каср За'абель қамалы сақталған. Қала экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына негізделген. Сакака елдің солтүстігіндегі оазисте орналасқан. Қаланы Эн-Нуфад шөлі қоршап тұр.

Әл-Катиф қаласы – Парсы шығанағының жағалауында орналасқан қала. Халық саны 97 765 адам (2010 ж.). Бұл аймақты адамдар алғаш рет біздің заманымызға дейінгі 3500 жыл бұрын мекендеген. Көптеген ғасырлар бойы қала Әл-Хатт деп аталды. Ал көне гректер қаланы – Катеус деп атаған. Қала жағалауда орналасқандықтан, көптеген әулеттер мен мемлекеттер қалаға билігін жүргізу үшін таласты. Қаланы карматтар, Джабрид әулеті мен Осман империясы билеген. 1913 ж. Эль-Катиф Сауд Арабиясының құрамына кірді.

 

Date: 2015-06-07; view: 2737; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию