Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сауд Арабиясы





Бүкіләлемдік сауда ұйымының аудандастыруы бойынша Ливия, Мысыр, Иордания, Палестина, Ливан, Сирия, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, БАӘ, Оман, Йемен 14 мемлекет кіретін Таяу Шығыс елі туристік микроаймақ болып табылады. Микроаймақ кішігірім аумақты қамтиды және елдердің біразынан тұрады, сондықтан да Таяу Шығыстағы мезоаймақтары көзге түсе қоймайды. Таяу Шығыс транзиттік аймақ ретінде әлемдік маңызы бар. Ол арқылы сауда және миграциялық жолдар Еуропадан Азия мен Африкаға, Азиядан Африкаға өтеді. Мұнайды алу, өндіру мен мұнай шикізатын саудаға шығару және мұнай өніміне мамандануы әлем шаруашылығында аймақтың орнын анықтайды. Аймаққа африкалық және азиялық мемлекеттердің кіруіне қарамастан, Таяу Шығыстағы елдердің табиғат жағдайларының ұқсастығы, тарихи дамуының ортақтығы мен мәдени жақындығы олардың біртұтастылығын қамтамасыз етеді.

Ыстық тропикалық және құрғақ субтропикалық климат үстімдігі жазық жер бедеріне сәйкес келген, аймақтың табиғи жер бедері негізінен шөлді және жартылай шөлді. Аймақтың африкалық секторында Ливия және Арабия шөлдері, азиялық бөлігінде Үлкен және Кіші Нефуд, Руб-әл-Хали, Сирия шөлдері ең ірісі болып табылады. Шөлдің көтеріңкі бөліктері бірнеше жылдардың ішінде сирек, бірақ нөсерлі жаңбырдың нәтижесінде сумен толысатын вадидың (уэдды) құрғаған арнасын кесіп өтеді. Таяу Шығыстың табиғи алуан түрлілігі көгалдар, таулы жер бедерлер мен теңіз жағалауларына байланысты.

Көгалдар – ағашты, бұтақты және шөпті өсімдіктер өсе алатын шөлдегі едәуір ылғалды жерлер. «Көгал» («оазис») сөзі Ливия шөліндегі ежелгі гректік Оазис қонысының атауынан шыққан. Көгалдар транзиттік өзендер (Ніл, Тигр, Евфрат) алқабында немесе жер астындағы және артезиандық сулардың жер бетіне шығатын орнында қалыптасады (Ливиядағы Серир-Каланшо, Мысырдағы Бахария, Сауд Арабиядағы әл-Касим көгалдары). Олар Таяу Шығыстағы халық пен шаруашылық шоғырланған орталық болып табылады. Таулардың арасынан Сауд Арабиясындағы Хиджаз массиві мен оның жалғасы болып табылатын Йемендегі Джебель массиві. Бұл таулар Арабия түбегінің оңтүстік-шығысындағы Қызыл теңізін бойлай орналасқан.

Аймақтың барлық елдері теңізге шыға алады. Ең созылыңқы жағалау сызығы Мысырда, ал ең шектеулі – Иорданияда (Акаба шығанағы жағалауынан 30 шақырым). Аймақты Жерорта, Қызыл және Арабия теңіздері мен Парсы, Оман және Аден шығанақтары шайып жатыр. Кең және таза жағажайлар теңіз жағалауында орналасқан. Тұщы судың жеткіліксіздігінен оларды суға шомылатын жағажай демалысында қолдануға шектеу қойылған, бұл аймақтағы ұйымдардың туристік қызмет көрсетуде ең маңызды фактор болып табылады.

 

 

Аймақтың климаттық ерекшеліктері жағалаудағы туристік ресурстарды қолдану маусымды мезгілге байланысты. Жазда Ливия, Мысыр, Ливан және Сирия жерортатеңіздік аудандары өте қолайлы (ауаның маусым айындағы температурасы +26-28ºС). Осы кезде жаздыгүні басқа жағалауларда ауаның күндізгі температурасы +30ºС-тан жоғары және +40ºС пен одан да жоғарғы мерзімге дейін жетеді. Сахара жақтан соққан жел Қызыл теңіз жағалауында, ал Арабия түбегіндегі шөл жақтан соғатын желдер Парсы және Оман шығанағының жағалауында қапырық ауа-райын орнатады. Кейде бұл желдер құмды борандармен бірге жүреді.

Қыста Жерорта теңізі жағалауында ауаның орташа тәуліктік температурасы +12ºС-қа дейін төмендейді, теңіз +14-15ºС-та салқындайды. Жазда Қызыл теңіз бен Парсы шығанағының жағажайлы аудандарындағы ауа-райы жерортатеңіздік жағалаудың ауа-райына ұқсас. Қарашадан наурыз айына дейінгі аралық суға шомылатын жағажайлық демалысқа өте қолайлы мерзім.

Таяу Шығыс – тарихқа бай аймақ. Оның аумағында ежелгі өркениеттер пайда болып, дамып және құлдырап отырды. Ніл алқабында б.з.д. IV мыңжылдығында бірнеше ежелгі мысырлық мемлекеттер болған, ал б.з.д. ІІІ мыңжылдығында олар Мемфис қаласында астанасы бар біртұтас монархиялық мемлекетке топтасты.

Адамзат өркениетінің екінші ошағы – Месопотамия, мұнда б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Тигр және Евфрат қосөзендерінің арасындағы Шумер (Аккад) өркениетінің орнын Вавилон патшалығы, Ассирия, Персия ауыстырды. Таяу Шығыс Осман империясы мен еуропалық отарлауға қарсы ұлт-азаттық күрес кезеңдерін, рим императорларының соғысы мен крест жорықтары дәуірін, Александр Македонский патшалығының (б.з.д. ІV ғ.) және араб халифатының (б.з. VІІ ғ.) мемлекеттік бөлшектенуін, құлдырауын, гүлденуін бастан кешірді. Мәдениеттер мен өркениеттердің ауысымы өткен тарихи және археологиялық ескерткіштерінде көрсетілген. Танымдық туризмнің ең бағалы нысаны – ежелгі қалалардың орындары, оны қоршаған жер бедері шетел туристеріне ұмытылмас әсер қалдырады.

Таяу Шығыс – бұл иудаизм, христиан және ислам діндерінің бесігі, христиандық орындар мен мұсылмандардың қасиетті жерлері орналасқан. Христиандардың әлемдік қажылық орталықтары – Иерусалим қаласы, мұсылмандарда – Мекке және Медина қалалары.

Таяу Шығыс халықаралық даулар аренасы болған және болып қала береді, табиғи және мәдени-тарихи туристтік ресурстар байлығына қарамастан, бұл аймақта халықаралық туризм дамуын тежейді. Тұрақсыздығы ең біріншіден араб-израиль дауына байланысты. Дегенмен Таяу Шығыста халықаралық туризм маңызы 1990 жылдарында біршама артқан.

Ирак пен Ливия сияқты елдердегі теріс сыртқы саяси имидж туристтерді кері итереді. Йеменмен бірге олар өз аймағындағы ең кіші туристтік ағындардың қарқындылығымен сипатталады (2000 ж. Шнайдер индексі бойынша 100 тұрғынға 3 адамнан келген). Бірақ бұл елдерді бір шетелдік келушіден келген табыстың өсуіне байланысты салыстырсақ, онда Йемен тиімді жағдайда (2000 ж. елдегі бір турист орташа 1000 АҚШ долларын қалдырған), ал Ливия мен Ирак (161 және 70 АҚШ доллары) шеткі позицияны құрайды. Елдегі шетел келушілерінен келетін табыс көрсеткіші бойынша Ливия мен Ирактан басқа, оларды туристтік ағын қарқындылығы жөнінен екі қатарға озып, (2000 ж. Шнайдер индексімен 100 тұрғындарға 350 адамды құрады) артта қалған үштік қатарына Бахрейн жатады (2000 ж. 193 АҚШ доллары). Бұл Бахрейнге демалыс күндері Сауд Арабиясынан келетін көп келушілер саны мен транзиттік және круиздік туризмге мамандануына байланысты.

Таяу Шығыста басты әлемдік туристтік нарығында және халықаралық туризімін дамытып жатқан елдерге бөлек тоқталамыз. Мысыр – табиғи экзотикасымен сабақтасқан мәдени мұраларына бай және көп шетел келушілерінін санын дәстүрмен қызықтырады, Сауд Арабиясына шетел келуші туристерінің жартысынан көбін қажылыққа келгендер құрайды, БАӘ – қазіргі туризм индустриясын қарқынды дамытушы ел.

Египет Африка континентінің солтүстік-шығысында және аз бөлігі Азияда (Синай түбегі) орналасқан. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналы бойымен өтеді. Бұл елдің ауданды 1001 мың шаршы шақырымды алып жатыр және батысында Ливиямен, оңтүстігінде Суданмен, солтүстік-шығысында Израильмен және оның Палестина автономиясының құрамына кіретін Газа секторымен шектеседі.

Египеттің ресми діні ислам болып табылады. Ресми деректер бойынша египеттіктердің 90% – мұсылмандар, 10% – христиандықты дәріптейтін топтар. Мұсылмандық сенім египеттіктердің өмір ырғағын анықтайды. Мұны мынадай сыртқы белгілерінен айқын көрінеді: мысалы, күніне бес рет дінге сенушілерді намаз оқуға шақырады.

Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тоқтайды, мемлекеттік мекемелер тек сағат 1000-ден 1400- ге дейін ғана жұмыс жасайды.

 

Кесте 7.1

Мысыр Республикасы 29 аймаққа бөлінеді (арабша: muhafazat)

Аймақ Елордасы   Аймақ Елордасы  
Александрия Александрия الإسكندرية Матрух Мерса Матрух مطروح
Асуан Асуан أسوان Минья Минья المنيا
Асьют Асьют أسيوط Минуфия Шибин-эль-Ком المنوفية
Бухейра Дамхур البحيرة Эль-Вади-эль-Джадид Эль-Харга الوادي الجديد
Бени-Суэйф Бени-Суэйф بني سويف Шималь Сина Эль-Ариш شمال سيناء
Каир Каир القاهرة Порт-Саид Порт-Саид بورسعيد
Дакахлия Эль-Мансур الدقهلية Кальюбия Бенха القليوبية
Думьят Думьят دمياط Кена Кена قنا
Эль-Файюм Эль-Файюм الفيوم Эль-Бахр-эль-Ахмар Хургада البحر الأحمر
Гарбия Танта الغربية Шаркия Заказик الشرقية
Гиза Гиза الجيزة Сохаг Сохаг سوهاج
Хелуан Хелуан حلوان Гануб Сина Эт-Тур جنوب سيناء
Исмаилия Исмаилиа الإسماعيلية Суэц Суэц السويس
Кафр-эш-Шейх Кафр-эл-Шейх كفر الشيخ 6 Қазан 6 Қазан 6 أكتوبر
Лүксор Лүксор الأقصر      

 

Египет бүгінде 98%-ын араб халқы, ал 2%-ын нубий, берберлер, армяндар, гректер және басқа халықтар құрайтын ел.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай барлық ел аумағы арқылы ұлы Африка өзені – Ніл ағып жатыр, бұл – Египет еліндегі тұрақты ағысты жалғыз ғана өзен. Ніл өзенінің аңғары ел аумағының 5%-ын алып жатыр, мұның жағалауында шамамен Египет халқының 95%-ы шоғырланған. Өзен аңғары елді шамамен 3:1 қатынасындай етіп батыс пен шығыс бөлікке бөледі. Нілдің батыс бөлігінде Ливия шөлі орналасқан. Оның көп бөлігін хамадалар (тастақты шөл даласы) алып жатыр және 20% құм шөл даласы алып жатыр. Нілдің шығыс бөлігінде Аравия шөлі орналасқан, бұл алқапты да хамадалар алып жатыр. Египеттің көтеріңкі бөлігі Синай түбегі болып табылады, мұнда Гебель-Катрин тауының ең биік нүктесі (Әулие Екатерина, 2637 м.) орналасқан.

Египет климаты Жерорта теңіз жағалауын қоспағанда, тропикалық, континенттік, жылдың барлық мезгілінде құрғақшылығымен және ауа температурасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Ені 30 шақырым Жерорта теңіздік жағалауында жерортатеңіздік субтропикалық климат қалыптасқан, мұнда жаз құрғақ ыстық және қыс жұмсақ жаңбырлы ауасымен ерекшеленеді. Ең ыстық маусым шілде-қыркүйек аралығы, яғни мұнда ауа температурасы Александрия мен Каирде +28°С қызады, ал Асуанда +34°С шамасында болады. Ең салқын ай – қаңтар айы болып саналады. Бұл кезде Александрияда ауаның орташа тәуліктік температурасы +12° С, ал Асуанда +18°С төмен түспейді.

Египет еліне баруға қолайлы кезең болып қазанның екінші жартысы мен қараша және наурыз айлары есептеледі. Ең қолайсыз мезгіл сәуір – мамыр айлары, бұл ай мезгілінде 50 күн бойы оңтүстіктік-батыстан ыстық, құрғақ хамсин желі соғып тұрады, ол өзімен бірге ауыр шаңды бұлтты алып келеді («хамсин» сөзінің араб тілінен аудармасы «елу» деген мағынаны білдіреді). Климатының ерекшелігі жыл бойы тәуліктік амплитуданың жоғары болуы, яғни 30-40°С құрайды.

Египеттегі үлкен мәселелерінің бірі тұщы сумен қамтамасыз ету болып табылады. Судың негізгі қайнары Ніл өзені болып табылады, ол қазіргі таңда ластану қаупінде тұр, әсіресе Каирлік агломерация ауданында көп ластанған. Александрияда Ніл өзенінің суы тұзды болуымен бұл проблема одан әрі шиеленісуде, мұның себебі Асуан (Насер көлі) су қоймасын салу кезінде теңіз суының араласып кетуіне байланысты туындады. Сондықтан ауыз су пайдаланымы үшін жер асты суларын қолдануда. Ніл өзенін 100 жылдан астам уақыт бойы туризмде кемемен круизді ұйымдастыру үшін пайдаланылып келеді. Насер көлі яхтамен саяхат жасауда пайдаланылады.

Египетте емдік минералды сулардың кен орындары бар. Ең белгілі танымалы ыстық күкіртті Хелуана бұлақтары. Египеттің табиғи флорасы мен фаунасын салыстырмалы алғанда кедей болып келеді. Экологиялық туризм нысаны ретінде Еуропадан қыстауға ұшып келетін құстар шоғыры (құтандар, ақ, қара қошқыл және сұр құтандар, жабайы қаздар және т.б.) және Қызыл теңіз су асты әлеміндегі маржан рифтері қызығушылық танытады.

 

Египеттің 6 мыңнан астам тарихы бар деп саналады. Египет аумағындағы бірегей ежелгі мәдениет ескерткіштері жыл сайын әлемнің барлық жерінен көптеген туристерді қызықтырады. Алып пирамидалар мен Үлкен Сфинкс, Жоғарғы Египеттегі ұлы ғибадатханалар, басқа да архитектуралық және тарихи туындылардың барлығы бұрынғысынша осы аймақпен танысқысы келетін кез келген адамды таң қалдырады.

Ежелгі Египетте математика, сәулет, кескіндеме, музыка, әдебиет жоғары дамудеңгейіне жеткен, ол эллинизм дәуірінің дамуына жаңа түрткі жасаған болатын (б.э.д. IV ғ. басы). Птолемей Филадельфа басқаруы кезінде Александрияда өзіндік ғылым, өнер мен мәдениет орталығы – Мусейон әлі күнге дейін дүние жүзіне танымал. Египетті арабтар жаулап алғаннан кейін (б.э. VІІ ғ.) елдегі мәдениет ежелгі Египет және араб элементтерінің өзара әсерлесу негізінде дамыды. ХІ ғ. Каир барлық араб дүниесінің ірі ғылым және мәдениет орталығына айналды. Египет мәдениетіндегі ең айқын өзгеріс сәулет өнеріндегі арабтық формаларының орналастыруынан көрініс тапты.

Каир – Египет Араб Республикасының қазіргі астанасы, Африканың ірі қалаларының бірі, көптеген мәдениеттің конгломераты, сонымен қатар шығыс базары болып табылады. Қала өзінің тарихында екі атауға: Әл-Кахир («Жеңімпаз») және Умм эд-Дунджа («Әлем анасы») ие болған. Қаланың тарихы VII ғ. жазба деректерде Амр ибн эль-Аса қолбасшының есімі алғаш аталған кезден басталады. Ол қолбасшы рим лагерінің орнына өзінің әскери лагерін құрады. Кейін ол ескі Каирды тұрғызудың алғашқы бастамасы болатын. Бірақ кейін 969 жылы Фатимида Үлкен Фустатадан солтүстікке қарай жаңа Эль-Кахир қаласының (қазіргі Каир) негізін салды. 1250-1517 жж. аралығында мұнда мәмлүктер билік етті. Олар қаланы сансыз мешіттермен, кесенелермен, Құран мектептерімен және қазірге дейін сақталмаған сарайлармен безендендірген.

1805 ж. реформатор Мұхаммед Али қалаға көп өзгерістер енгізеді. Каирдың негізгі көрікті орындарына: Египет мұражайы, Аль-Азхар және Мұхаммед Али мешіттері, Хан әл-Халили базары, Опера театры, Каир мұнарасы, Андалуз бауы, Ислам мұражайы, Ибн Тулун мешіті, Гиза пирамидалары, Хеопс пирамидасы, Хефрен пирамидасы, Микерин пирамидасы, Сфинкс, Саккара, Ежелгі перғауындар және т.б. жатқызуға болады. Мұнда Мұхаммед Али және Калаун сұлтан мешітінің аса шеберлікпен жасалғандығы ерекше назар аудартады. Сонымен қатар XIV ғ. бастап өзгеріске ұшыраған Таяу Шығыстағы ең үлкен базар – "Хан-эль-Халили" қолөнершілер базарын тамашалауға болады.

Каир – мұсылман дінтанушыларының маңызды орталығы. Каирде экскурсияны әдетте ежелгі египеттік өнер мен жазудың ескерткіштері жинақталған Египет мұражайынан бастайды. Тутанхамон мазарының қазынасына көптеген залдар бөлінген. Каир мұражайы – әлемдегі ең бай мұражайлардың бірі. Экскурсия пирамидалар мен Гиза сфинксінің жанында жалғасады. Экскурсия барысында Мухаммед Әлидің мешітімен танысуға болады.

Үлкен Каирге туристер қаланың көрікті орындарын көру үшін ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік жағдайымен танысу үшін де баруға болады. Өте маңызды туризм нысаны болып Ұлттық Египет мұражайы саналады, мұнда Египет өнер экспонаттарының, перғауын Тутанхамонның асыл қазынасының ең үлкен коллекциялары жинақталған. Мұражайлар арасынан Копт мұражайын және парфюм мұражайын ерекше атауға болады. Каирдегі көрнекті сәулет ескерткіштерінің арасында Баб-эль-Флеух қақпасын, Эль-Муиз көшесін (астанадағы ең басты көше), сонымен қатар Әл-Рифай, Ибн-Тулуна мешіттері мен Хасана, Әл-Азхар медреселерін айтуға болады. Осы соңғы айтылған медресе әлемдегі ескі университеттердің бірі және мұсылман оқу орындарының ішіндегі беделді оқу орны.

Египеттің курортты қалалары теңіз жағалауында жіңішке сызық тәрізді созылып орналасқан. Отелдердің көпшілігі теңіз жағасында орналасқан және олардың өздерінің жағажайлары бар. Отелдерде 3-5 қабатты негізгі ғимараттарымен қатар бунгало типті бір қабатты немесе екі қабатты коттедждер бар. Көптеген отелдердің бетперде, акваланг, су шаңғыларын, серфинг, велосипедтерді жалға алатын дайвинг-клубтары мен акваорталықтары бар.

Туристердің көп баратын өте маңызды орталықтары Каир, Александрия, Луксор, Хургада, Шарм-эль-Шейх (Шарм-эш-Шейх) болып табылады.

Шетел туристері үшін папирус институтын аралау үлкен қызығушылық тудырады, онда қағаз жасаудың ежелгі египеттік технологиясымен танысып және ескерткіш ретінде шиыршық қағаз алуға болады. Сонымен қатар шығыс иіс суының көрмесін ұйымдастыратын парфюмерлік фабрикасымен және иіс су мен эфир майын сатушы дүкендер туристер үшін қызықты орындар.

Египеттің туристерді тартушы басты нысандары – пирамидалар болып табылады. Мұнда үлкенді-кішілі, сатылы, тегіс бүйірлі, формасыз тастардың үйінділеріне ұқсас осы уақытқа дейін сақталған жүздеген пирамидалар бар. Олар Нілдің батыс жағалауында шағын топтар болып Ежелгі патшалықтың астанасы болған Мемфис қаласына жақын орналасқан.

Ең әйгілі пирамидалар Каирдың оңтүстік-батысындағы Гизақыратында орналасқан, мұнда қазіргі уақытқа дейін сақталып келген әлемнің Жеті кереметтердің бірі ежелгі египеттік пирамидалар орын тепкен. Гизада үш алып пирамида – Хеопс, Хефрен және Микерин бар. Олардың ең ірісі – перғауын Хеопстың пирамидасы, б.э.д. 2650 ж. құрылған, оның биіктігі 148 м-ге жетеді, ал ауданы 52,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Пирамида әр қайсысының салмағы 2,5 т-ны құрайтын 2 млн. 300 мың тас плиталардан құралған. Плиталардың бір-бірімен жабыстырылып орналастырғаны сондай, тіпті олардың арасынан алмас пышақтың жүзі өтпейді. Қысқы уақытта жыл сайын мұнда 800 адам, ал жазғы уақытта 600 адам көруге келеді. Көлемі жөнінен 2 орын алатын Хеопстың ұлы Хефрен (Хейрена) пирамидасы (136,5 м), ал үшіншісі Микерин пирамидасы. Бұларды Үлкен Сфинкс толықтырып тұрады. Сфинкстың табанынан құйрығына дейінгі ұзындығы – 57,3 м, биіктігі – 20 м. Оның алып табанының астында кішкентай ғибадатхана орналасқан, бірақ ол қазіргі уақытта толығымен қираған. Египетте орта ғасыр мен жаңа патшалықтар кезінде сфинкстер көбіне қой және сұңқардың бас пішінінде жасалған. Мысалы, Карнак ғибадатханасында қойбасты сфинкстердің тұтас аллеясы сақталған. Дегенмен Гизадағы Үлкен Сфинкс – ең ежелгі Египет сфинксі болып табылады. Көлемі жөнінен кіші пирамида – Микерин пирамидасы Хеопстың немересіне арналып салынған. Оның биіктігі – 66 м, ұзындығы – 108 м-дей және басқаларына қарағанда нашар сақталған.

Гизадағы пирамидалардан оңтүстікке қарай көлемі бойынша шағындау, өзінің көнелігімен ерекшелінетін ежелгі ескерткіштер қатарына жататын – Абу-Сира пирамидасы, Мемфистің қираған үйінділері және Дахмур пирамидалары 30 шақырым қашықтықта созыла орналасқан.

Бейбарыс түркі тектес мәмлүктер арасынан шыққан, Мысырды билеген (1260-77) сұлтан, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Сұлтан Бейбарыс мешіті қазіргі кезде Қазақстан мемлекеті тарапынан бөлінген қаржы есебінен реставрациялануда, қайта жөнделуде.

Гиза қаласы халықтың саны бойынша (900 мың адам) Каир мен Александриядан кейінгі үшінші орынды алады.

Александрия – б.э.д. 331 ж. Александр Македонский негізін қалаған, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан қала. Қаланың атауы да соның есіміне байланысты қойылған. Осы кезден бастап Ежелгі Египет тарихында эллинизм дәуірі басталған. Қаланың құрылысын грек архитекторы Дейнократ басқарған. Александрияның орталық бөлігі қазіргі уақытқа дейін сақталған. Бұл қала Египеттің VII ғ. бойы астанасы болды. Сонымен қатар антик дүниесінің ірі сауда және мәдени орталығы (б.э. I ғ. қала халқы 1 млн-ға жетті). Б.э.д. 30 жылы Александрия Рим империясының құрамына кіреді. Ол христиан дінін таратушы орталықтардың біріне айналды. IV ғ. аяғына қарай Византияға қосылады, VII ғ. арабтар жаулап алады. Кейін Каирдың негізі қаланған соң Александрия құлдырай бастайды, тек XIX ғ. аяғында оның өркендеуінің жаңа кезеңі басталады.

Қазір бұл қала елдің экономикалық маңызы жағынан да, көлемі жағынан да Каирдан кейінгі 2-орынды алады. Александрия халқын 4 млн-нан астам адам құрайды. Рухани ерекшелігі бойынша ол мұсылмандық Шығысқа қарағанда Еуропалық Жерортатеңіздікке жақын. Мұнда исламдық өмір қағидалары аз. Сондықтан жергілікті кафелерде алкогольді сусындар еркін сатылады.

Теңіз жағалауында 40 шақырымға созылып жатқан таңғажайып құмды жағажайлар, жұмсақ Жерорта теңіздік климат, дамыған туристік инфрақұрылым және көптеген ескерткіштер бұл орынды Египеттің ең қызықты, тартымды курортты орталықтарының біріне айналдырып отыр.

Александрияның негізгі көрікті орындарына:

Әбу әл-Аббас мешіті –қаладағы ең үлкен және қызықты мешіт, мұсылман сәулет өнерінің көрнекті туындысы. XVIII ғ. мұсылман әулиесі Әбу әл-Аббас әл-Мурсиге (1219-1287) арнап салынған.

Кайт-Бей қамалы – Фарос аралының Александрия айлағында орналасқан. XV ғ. Ашраф сұлтан құрған қамал бар.

Ком аш-Шавкар жерасты үңгірі – көмескі шам жарығымен жарықтандырылып тұратын қара түнекті жер асты. Мұнда көп адамдар жерленген. Зират қабырғалары жазулармен және барельефтермен жабылған.

Грек-рим мұражайы – мұнда ежелгі Египет тарихының түрлі мәдени дәуірлеріне жататын көптеген экспонаттар көрсетілген. Мұнда қойылған ескі манаттардың коллекцияларынан барлық жерортатеңіз аймағының тарихын бақылауға болады.

Луксор Ніл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Бұл шағын қалашық (30 мыңға жуық тұрғыны бар) ежелгі египеттік шіркеулер мен мазарлардың қираған қалдықтарымен танымал болған. Сақталған архитектуралық ескерткіштер б.з.д. 2 мыңжылдықта Египеттің астанасы болған ежелгі Фивы қаласын еске түсіреді. Нілдің шығыс жағалауында «Тірілер қаласы» болған. Луксорда ол туралы б.з.д. ХV ғ. сфинкстер аллея және күн құдайы Амон Ра шіркеуін еске түсіреді. Луксордың солтүстігінде Карнак ауданында өзінің фрескаларымен, бағаналы залымен белгілі өте ежелгі Амон-Ра шіркеуі сақталған (б.з.д. ХХ ғ.).

Нілдің батыс жағалауында Фивалық мазарлар – «Өлілер қаласы» орналасқан. Мұнда жерлеу шіркеулері мен мазарлар сақталған. Солардың ішіндегі әйгілісі танымал әйел перғауын Хатшепсут шіркеуі және Тутанхамон мазары. «Өлілер қаласында» перғауындар жерленген патшалар аңғары, перғауындар әйелдерін және ерте қайтыс болған египет ханзадаларын жерлеген патшайымдар аңғары бар.

Луксор және Карнак бойынша Нілдің шығыс жағалауымен жаяу серуендеуге болады. Фивы некопольдерін көрушілерге батыс жағалауда такси қызметін пайдалануға болады немесе велосипедтер жалға алуға болады.

Луксордың негізгі көрнекті орындарына ғибадатханалар, мұражайлар, Қасиетті көл, Перғауындар Аңғары, Тутанхамон, VI Рамсеса, I Сет, Нахта, Менен мазарлары, ханзадалар Аңғары және т.б. жатады.

Ніл өзені бойымен Луксордан жоғарыға қарай Асуан қаласына дейінгі аралықта Эдфу, Эсна және Ком-Омбо қалаларындағы ежелгі шіркеулерді тамашалау үшін круиздар ұйымдастырылады. Круиздар үшін 250 кеме қызмет етеді, оның 100-і жүзуші отельдер болып табылады. Асуан қаласы өзінің Хнума, Исида шіркеулерімен, тропиктік және субтропиктік флораның 400-ден аса түрлері кездесетін бөгеттер мен ботаникалық бағымен танымал.

Египеттің ең оңтүстіктегі Ніл бойында орналасқан қаласы – Абу Симбел. Бұл қалада тауда ойылып салынған Нефертити патшайымы мазары және Рамзес II мазары орналасқан, ондағы бір ерекшелік перғауынның ескерткішіне тек қана 12 ақпан мен 12 қазанда ғана, яғни перғауынның туған күні мен айтыс болған күнінде күн сәулесімен жарықтанады.

Қызыл теңіз жағалауында Каирдан оңтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым жерде жағажайлық демалыс орталығы болып табылатын халықаралық Хургада курорты орналасқан. Бір қала жан басына шаққанда қонақ үй саны бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірін иеленеді. Мұндағы қонақ үйлер жанұялық демалыс үшін өте ыңғайлы орайластырылған.

Қызыл теңіздің басқа да курорттары сияқты ол да маусымаралық мезгілде қызмет атқарады. Қыста теңіз суының температурасы +20°С төмен болмауы еуропалық туристердің көп келуіне мүмкіндік тудырады. Қызыл теңіздің басқа курорттары секілді мұнда дайвинг үшін өте жақсы жағдай жасалған.

Хургада «Хилтон», «Мариотт», «Шератон», «Интерконтиненталь» секілді қонақ үйлер тізбегі созыла орналасқан. 100-ге жақын қонақ үй біріккен кәсіпорын болып табылады (Египеттің заңы бойынша, қонақүй бизнесінде шетел капиталы 40%-дан аспау керек). Соңғы жылдары қонақүйлер арасында төрт жұлдызды «Синдбад» бунгалосы кеңінен пайдаланылып жүр, оның жылдық толтырылымы 90%-ды құрап отыр. Ерекше орын алатын отельдердің бірі «Голден Файв Сити» ғимараттан жағажайға дейін баратын арқанды жолы бар бес этажды қонақүй. Оның жабдықталуы ерекше эстетикалық талғаммен әрленген: бірінші қабат – ежелгі египеттік үлгіде, екінші – араб, үшінші қабаты – ислам, төртіншісі – еуропа және бесіншісі – модерн негізінде әрленген.

Хургаданың негізгі көрікті орыны – музыкалық шамды субұрқақтар және шығыс Диснейленд үлгісіне негіздеп салынған «Мың бір түн» заманауи ойын-сауық кешені болып табылады. Мұнда әр кеште ежелгі Египет өмірінен театрландырылған көріністер қойылады.

Хургада сонымен қатар зергер бұйымдар дүкендерімен де белгілі, мұнда бағалы тастар мен металдардан жасалған әшекейлер сатып алуға болады. Хургаданың оңтүстігіне қарай Сафага теңіздік курорты орналасқан. Ол халықаралық туристік рынокта емдік қасиеті бар экологиялық таза құмымен орнын алған. Хургаданың солтүстігіне қарай 30 шақырым жерде Майкл Гривстің (Диснейлендтің негізін салушы) көмегімен Эль-Гуна курорты жобаланып салынған. Оны «египеттік Венеция» деп атайды, ондағы туристік отельдер көпірлермен жалғастырылған аралдарда орналасқан.

Египеттің ең қымбат курорты Синай түбегінің оңтүстігінде, Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Шарм-әл-Шейх курорты. Бұл орын әлемдегі ең ірі курорттардың бірі болып саналады. Қалада зауыттар мен фабрикалар жоқ, сондықтан таза экологиясымен де танымал бола алады.

Бұл демалыс орны халықаралық дайвинг орталығы. Дайвинг (аквалангпен су астына сүңгу) әр маусым сайын әйгілі бола бастады. Шарм-әл-Шейхта 20-дан астам дайвинг-клубтар бар деп саналады. Дайвинг нысаны – маржан рифтерінің тірі табиғат әлемі болып табылады. Қызыл теңізде 150-шақты маржандардың және 1000-ға жуық балық түрлері анықталған. Оларды қорғау үшін және су асты экотуризмін ұйымдастыру үшін Рас-Мұхаммед теңіздік ұлттық саябағы құрылған. Шарм-әл-Шейхқа жақын Моисей тауы және 527 жылы гректер негізін қалаған Әулие Екатерина православ монастыры орналасқан.

Қызыл теңіздің басқа курортты қалалары секілді мұнда да туристік маусым жыл бойына созылады. Ең суық қыс айының өзінде су температурасы 20-22ºС төмен түспейді, ал ауа температурасы 23-25ºС дейін қызады. Ыстық жаз айларында ауа температурасы 35ºС және одан да жоғары көтерілгенімен, тұрақты теңіз бриздерінің және төменгі ылғалдылық ықпалымен өте қатты ыстық сезілмейді.

Шарм-әл-Шейх курорты үш теңіздік айлақтан тұрады, олардың әрқайсысы қайталанбас атмосферасымен және өзіндік ерекшеліктерімен айрықшаланады. "Naama Bay" айлағы бірінші класты қонақ үйлерімен, ойынхана, мейрамханаларымен белгілі. Мұндағы көптеген спорттық алаңдар мен орталықтар белсенді демалыс үшін қолайлы жағдай жасайды. Дайвинг әуесқойлары үшін су асты жүзу орталығы ұйымдастырылған. Одан басқа яхтинг, виндсерфинг, атпен серуендеу, теннис, түрлі қойылымдар мен шоулар және басқалары ұсынылады. "Sharm Ei Maiya" айлағы ғажайып жағажайларымен, яхталық спорт түрлері үшін керемет жағдайларымен белгілі. Бұл айлақта яхталар мен серуендеу катерлерімен туристерге қызмет түрлері ұсынылады. "Ras Nasrani" айлағы – әуежайға жақын орналасқан, бұл айлақ бірнеше бірінші кластық отелдер құрылыстарынан кейін танымал бола бастады.

Шарм-әл-Шейхте тұратын барлық египеттіктер дерлік туристік қызмет көрсету саласында қызмет етеді.

Египеттің халықаралық туризмдегі болашағы бар нысадардың қатарына Ливия шөлінің оазистерін жатқызуға болады, онда қыстауға жыл құстары жиналады. Жергілікті фаунасы мұнда экологиялық туризмді ұйымдастыруға қызығушылық тудырады.

Египетте халықаралық туризм 1990 ж. екінші жартысында жоғары қарқынмен дамыды. Жыл сайын шетелдік туристер саны орта есеппен 12%-ға өсті, егер де 1995 ж. туристік ағын 2,9 млн-дай адамды құраса, 1998 ж. 3,8 млн-дай адамды құрады, ал 2000 ж. 5,2 млн. адамға жетті. Халықаралық туризмнің дамуында Египеттің туристік өнімдерін жарнамалаудағы және туристік саланы қаржылық-несиелік қолдау саясаты маңызды рөл атқарды.

Шетелдік келуші туристердің саны мен египет азаматтарының шетелге шығу саны арасындағы айырмашылықты салыстырып көрейік. Туристік миграция айырымы 1990 ж. қалыпты болды және тек 60 мың адамды құрады. Бірақ халықаралық туризмдегі кіріс және шығыс айырым балансы тұрақты болып қала береді, 1990 ж. екінші жартысында жылына орта есеппен 2 млрд. АҚШ долларын құрады (2000 ж. 3 млрд. АҚШ доллар).

Египет – өркениеттің ең ежелгі ошақтарының бірі. Египеттің географиялық орналасуының ерекшелігі – оның Еуропа, Азия мен Африканың транзитті тұсында жатқандығы болып табылады. Египеттің бақылауында кемелер Үнді мұхитынан Жерорта теңізіне шығатын қысқа жолды Суэц каналы бар. Египеттің маңызды табиғат байлықтарына, оның тропикалық ауа райынан басқа, Ніл өзені, сонымен бірге бірқатар пайдалы қазбалар (мұнай, газ, темір) жатады. Экономикалық қатынастарда Египет дамушы елдердің қатарына кіреді. Бұл аймақта орташа жалақы айына АҚШ-тың 40 долларын құрайды. Осы жағдайда елдің халқының саны орасан, 60 млн-дай адам және жыл сайын барынша көбейіп отырады. Елдің экономикасының негізін мұнай экспорты, кемелерден түскен салық, ауыл шаруашылық өнімінің экспорты, шет елдерде тұратын ауқатты египеттіктердің түсімі және туризм құрайды. Елдің халқының санының тез өсуі және экономикасының даму сипаты Египетте жұмыссыздықтың өткір мәселесін алға тартып отыр. Егер бұрын көптеген египеттіктер жұмысты шет елден іздеген болса, қазірде Египет үкіметі экономикада жаңа салалардың дамуы есебінен қосымша жұмыс орындарын құруда. Осы салада халықаралық туризмнің дамуына үлкен ден қойылған. Туризмнің қатынасында Египет екі бірдей тартымды сипатқа ие. Тропикалық кеңістік пен Қызыл теңіздің жылылығы елде еуропалықтардың қысқы кезеңде демалуына мүмкіндік береді. Екінші маңызды құрам – елдің бай тарихи-мәдени мұрасы. Жер бетіндегі ең жылы теңіз болып есептелетін (жоғарғы қабатының жылылығы 35°С) Қызыл теңіздің жағалауында жоғарғы деңгейлі Хургада және Шарм-әл-Шейх курорттары бар. Хургада курорты Суэц бұғазының жағасында орналасқан. Курорт британдық мұнай іздеушілердің селосының орнында пайда болған. Бұл жерде жыл бойына демалуға болады. Демалыстың кең тараған түрлері су асты жүзуі, серфинг, су шаңғысы және т.б. Шарм-әл-Шейх – әлемнің атақты курорты. Бұл курорт Синай түбегінің оңтүстік шегінде орналасқандықтан көбіне оны «Римини Синая» деп те атайды. Туристердің қызықты жұмысы болып судағы спорт түрлері табылады, соның ішінде маржан түбектерін су асты жүзіп өту.

Египет – бұл жұмсақ жылы климатты, кең жағажайлы, жыл бойы демалуға болатын курорттар елі. Қызыл теңіз курорттарының тартымдылығы: жылы мөлдір суы мен шексіз құмды жағажайлары болып табылады. Қызыл теңіз дайвинг әуесқойшылары үшін кеңінен пайдаланылады. Мұнымен дайвингке арналған орындар бойынша атақты "Рас-Мұхаммед" ұлттық саябағы бар Шарм-Эль-Шейх курорты бәсекелес бола алады.

Ең танымал тағамдарына – "фуля", "филяфили", "кошар", "тагин" (теңіз өнімдерінен жасалатын), "бастурма", "гебна","кофта-кебаб" және "каркаде" (перғауын) шайы.

 

Date: 2015-06-07; view: 2423; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию