Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аргентина





Аргентина Оңтүстік Американың оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Солтүстігінде Боливия және Парагваймен, шығысында Бразилия және Уругваймен, оңтүстігімен батысында Чилимен шекараласады. Аргентинаның шығысы Атлант мұхитымен шайылады. Жалпы ауданы – 2,8 млн. шаршы шақырым. Астанасы – Буэнос-Айрес. Мемлекеттік тілі – испан тілі, сонымен қатар ел арасында неміс, француз және итальян тілдері қолданылады. Халқы – 35 млн-ға жуық, жартысынан көбі Буэнос-Айрес пен оның провинцияларында тұрады. Аргентиналықтардың 95%-ы итальяндықтар және испандықтардың ұрпақтары. Халқының көбі католиктер. Ақша бірлігі – песо (ARS). Шет ел және мемлекеттік валютаны шығарып кіргізуге шектеу қойылмаған. АҚШ доллары барлық жерде жүреді және оны песаға айналдырудың қажеті жоқ. Тек Буэнос-Айреста еуропа валютасын еш қиындықсыз айырбастауға болады. Ең көп тараған несие картасы Visa және Master Card.

Бұл таңғажайып елде табиғат кереметінің барлық түрі бар – бірнеше шақырымға созылған жағажайлар, биік таулар, шексіз жазықтар, сарқырамалар, таушаңғылық курорттар, сан-қилы бағанды сәулет үлгілерінің түрлері, ірі мегаполистер, Оңтүстік Патагонияның жабайы жан баспаған аумақтары мен малшы ауылдары, т.б. Басқа шекаралас елдерге қарағанда Аргентинада ежелгі үндістердің іздері сақталмаған, еуропаланған, алайда табиғат байлығы мен мәдениеттердің араласқандығы туристерді қызықтырмай қоймайды.

Буэнос-Айрес. Ел астанасының негізі қаланған 1580 ж. деп санайды. Ол кезде қала Нуэва-Сеньора-де-Санта-Мария-дель-Буэнос-Айрес деп аталған. ХІХ ғ. болған жоғарғы баллды жер сілкінісінен кейін қала толығымен жойылып бұзылған. Буэно-Айрес 1880 ж. Аргентина астанасы болып, осы кезеңде қаланың қарқынды дамуы жүрді. Қалада "Париж үлгісіндегі" құрылыстар жүргізілді, алаңдар салынып, ескерткіштер мен субұрқақтар орнатылды. Қазір халқының 40%-ы Буэнос-Айреста тұрады.

Буэнос-Айрестың көрікті орындарына ескі аудан Ла-Бока, Сан-Тельмоның тарихи ауданы, Пласа-Доррегодағы антиквар базарлары мен сусын барлары, "қаланың жүрегі" – Пласа-де-Ля-де-Майо алаңы (әлемдегі ең үлкен сауда орталығы), қаланың ескі ғимараты – Ратуша "Кабильдо", Метрополитан соборы (мұнда халық батыры Хосе де Сан-Мартин жерленген), Коса-Росада ("алқызыл үй") Президент сарайы, Пласа-дель-Конгрессо алаңы және Лос-дос-Конгресс субұрқағы, Эль-Пилар шіркеуі, Де-Санто-Доминго базиликасы, Сан-Игнасио шіркеуі (қаладағы ең ескі), жер асты жолдары, атақты Колон театры (1890-1908 жж.), Оңтүстік Американың опера және балет өнерінің орталығы, Сезар бағы жатады. Көптеген ірі көшелерде палисандр ағаштары отырғызылған. Жағалық Ла-Костаньера Ла-Плата бойымен Ла-Костаньераға дейін созылған, ескі молалар Реколета және Ла-Чакарита, бұрынғы порттық қоймалар, қазір мейрамхана және офис ауданы Пуэрто Мадеро, Сервантес театры, Палермо жасыл кварталындағы Жапон бағы мен Зообақ, Авеню-Кордовадағы экологиялық қорық, Пласа-Сан-Мартин алаңы, Пуэрто-де-Фрутос базары, Нуэве-де-Хулио авенидасы (қаладағы ең керемет көше "9-шілде даңғылы"), Санта-Фе даңғылындағы сәнді дүкендер мен Матадорес ауданында коррида өткізіледі.

Аргентинада 120-ға жуық мұражайлар бар. Аргентиналықтар өздерінің тарихын мақтан тұтады және мұнда көп мұражайлардың болуы оларды таң қалдырмайды. Орталық мұражай, жаратылыстану ғылымдар мұражайы, Өнер мұражайы, Ұлттық қолөнер мұражайы, көркемөнер галереясы, "Фернандес Бланко" мұражайы, Латын Америка өнерінің мұражайы, Каса-Росада сарайының мұражайы, Ауыл шаруашылық қоғамының көрме орталығы, Сан-Мартин және Риеолето мәдени орталықтары, Кино мұражайы, Ұлттық тарихи мұражай, макет Мұражайы, Таразы мұражайы және т.б.

Парана өзенінің сағасында орналасқан Тигре курорты, Пинамар және Мирамар курорты, Оңтүстік Америкадағы ірі теңіз курорты – Мар-дель-Плата (Буэнос-Айрестан 400 шақырым оңтүстікке қарай) казино, Ботаникалық бақ, спорттық балық аулау орталығы, 47 шақырымға созылған жағажай. Латын Америкадағы ең танымал мұражай – Музео-де-Сьянса-Натуралес. Уругвай қалашығы Колониа-дель-Сакраменто Тигреге қарама-қарсы Парана өзенінің жағалауында орналасқан. Сан-Антонио-де-Ареко каласында ХІХ ғ. архитектурасы сақталған, Усина-Вьеха мәдени орталығы орналасқан. Жақын жерде "эстансис"("ранчо", "ферма") ауыл шаруашылық курорттары дамыған, жыл сайын қараша айында гаучо Диа-де-ла-Традисьон фестивалы өткізіледі.

Пампа. Пампаның билігінде орналасқан ірі федеральді астаналық округ, бұрыннан "Аргентина" сөзінің синониміне айналған. Аргентинаның орталығы мен солтүстігінде мыңдаған шаршы шақырым аумақты биік шөп басқан аудандар, жүздеген фермалар мен курортты қалашықтар, өзендердің көптеген салалары, батпақты және шөлді жер бөліктері алып жатыр. Лухан қаласындағы Ла-Вирген-де-Лухан базиликасы жылына 4 млн-дай сенушілерді қабылдайды. Росарио және Санта-Фе өзінің көптеген мұрайжарларымен, шіркеулерімен, ғимараттарымен, провинциялық қалашықтарымен әйгілі. Парагвайға жақын қиыр солтүстікте үнді халқының тұрағы әлі күнге шейін сақталған. Корриентес аспалы көпірі мен форты, Ванда шахтасы және Оберадағы "Эмигранттар бағы" туристерді өзіне шақырады.

Игуасу сарқырамасы. Ауданы 55 мың га алатын Игуасу Ұлттық бағы Аргентинаның Бразилия және Парагваймен шекаралас жерде орналасқан. Бұл қорықты әлем ғажайыптарына да қосады, мұнда 275 сарқырама (Арайагарай, Бельграно, Бенджамен-Констан, Ривадавия, Адам және Ева, Рамирес, Сальто-Эскондидо, Сальто-Флориано, Унион, Митре және т.б.), 70 м биіктіктен 5000 м3 су тоқтамастан құлайды. Континенттің ең биік сарқырамасы Игуасу (Катаратас-дель-Игуасу) орналасқан, ені 3-4 шақырымды құрайды, атақты 14 сарқырамадан тұратын құлама Гарганте-дель-Дьябло (Шайтан кеңірдегі) орналасқан. Парана өзенінің бойымен көптеген темір көпірлерімен сарқырамаларға, кішкене қайықтар арқылы алыста жатқан сарқырамаларға баруға болады. Сарқырама айналасындағы Ұлттық бақ экзотикалық құстарды, көбелектерді және тропикалық өсімдіктерді қорғауға алған (бақ Бразилия аумағымен әрі қарай жалғасады).

Пампа батыста Анд тауымен көтеріле бастап көркем ландшафтқа ауысады, каньондар, кактус пен қыраттар, биік тау шыңдары тән. Мұнда ұсақ қалашықтар, "республика бағы" Сан-Мигель-де-Тукуман, Тафи-дель-Валле, Менгир бағы Лос-Менхирас, әйгілі жүзім бағы Кафайт, Ұлттық бақ Лос-Кадонес, Умауака кіші қалашығында Аргентинаның тәуелсіздігі үшін күрескен жауынгерлердің ескерткіштері (ХІХ ғ.) және Эль-Кокуна провинциялық бағы, шарап жасау орталықтары – Ла-Риоха және Чилесито, Де-Талампайя каньоны, Корриентес қаласындағы Ла-Сантисимма-Крус шіркеуі (XVI ғ.), Сан-Франсиско монастыры мен жер бедерінің түрлі-түсі және формасы бар Валле-де-ла-Луна, ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған жыныстар орналасқан.

Сальта. Елдің солтүстік-батысындағы ең қызықты қалаларының бірі – Сальта (1582 ж. негізі қаланған) Сан-Мигель-де-Тукуманнан солтүстікке қарай теңіз деңгейінен 1190 м биіктікте, Боливиямен шекаралас орналасқан. Егер қаланың ең негізігі құндылығы Сан-Франсиско соборында орналасқан Қыз Мария және Ғажайып іс жасаушы христ (XVI ғ.) ескерткіштері болмағанда маңызға ие емес қалашық болып қалар еді. Мыңдаған сенушілер бұл ескерткіштің ауруды жазатынына және жер сілкінісін тоқтататын күшіне сеніп көруге келеді. Сонымен қатар Сальта қаласынан Ратушты (қазір мұнда тарихи мұражай орналасқан), көркемделген орталық алаңды, Кафедральды соборды, көптеген изеуиттік шіркеулерді, Сан-Бернардо монастырын, Урибуру үйін, Ла-Флорида аллеясын, шулы базардан жергілікті құндылықтардың макеттерін алуға болады. Әр сенбі сайын "Эль-Трен-а-лас-Нубес" теміржолы тауларда орналасқан Сан-Антонио-а-лас-Кобрес калашығымен байланыстырады. Теміржол каньондар бойымен, ілмелі тұрған темір көпірлермен жүріп, Кебрада-дель-Тороға көтеріліп, теңіз деңгейінен 4000 м биіктікте жолының соңғы нүктесіне жетеді. Сондай-ақ Сальтадан Кальчакиға, Пукара-де-Тилькара руиндарына, Лос-Кардонес Ұлттық паркіне, кактусты "кардон" орманына, Рио-Гранде қыратына, Коктака археологиялық алаңына және Умауака каньонына экскурсиялар жүргізіледі.

Кордоб – Аргентинадағы үлкендігі жөнінен екінші қала, сұлулығы жөнінен астананадан асып түседі. 1573 ж. Буэнос-Айресқа баратын Чили мен перуандық Альпының қиылысуында Жеронимо Луис-де-Кабрера негізін қалап, Кордоба-Ла-Лиана-де-Ла-Нуэва-Андалусия деп атайды. Содан бері монах-иезуиттердің күшімен қала қарқынды дамып, континенттің екінші Универсететі – Универседад Сан-Карлостың негізі қаланды (1621 ж.). Кардобадан батысқа қарай Аргентинаның ең биік таулары Орталық Сьерра, Каламучита даласы Вилла-Хенераль-Бельграно курортымен, әлемдегі ең әдемі изеуит «эстансиялардың» бірі – Камино-де-ла-Хистория ("тарих маршруты") Музео-Джезуитико-Насиональ-Сан-Исидро-Лабрадор мұражайы және Вилла-Толумба шіркеуі орналасқан. Одан батысқа қарай ұлы Анд таулары созылады. Аконкагуа, Мерседарио және Тупунгато аудандарына қысқы спорт түрлері, альпинизм және треккинг үшін мүмкіншілік мол.

Аргентинаның оңтүстігі Жер шарындағы көркем орындардың бірі. Ла-Плата сағасынан Магелланов жазығына дейін жазықтар, суға толыққан өзендер, жазықтың батыс бөлігі бірітіндеп Анд тауына көтеріледі, таудағы сұлу көлдер алып жатыр. Ауданның ең көрікті орны – Сан-Карлос-де-Барилоче курорты (Аргентина Швейцариясы). Барилоче қыс мезгілде тау курорты үшін жұмыс жасаса, жаз мезгілінде Науэль-Уапи (557 шаршы шақырым) көлінің бойында орналасқан су курорты өте дамыған. Сонымен қатар қалада Темпло-Майор, Эль-Сентро-Сивико кешендері (1940 ж.), Сан-Эдуардо сағатты мұнарасы, Ла-Катедраль-де-Барилоче кафедральды соборы (Ұлттық тарихи ескерткіш), Хулио Рока ескерткіші, Муниципалитет үлкен сағатымен, Қалалық туристік орталық, Патагония мұражайы, Сармиенто кітапханасы, Бутч Кэссиди және Науэль-Уапи эстансиясы, қаланы қоршаған Науэль-Уапи ұлттық бағы, Аррайанес Ұлттық бағы бар Кветрихе түбегі, Арайяна орманы және Эль-Вьехо-Боличе паррильясы орналасқан.

Барилоче айналасында туризмнің барлық түрлері дамыған – Тронадор (3554 м) жанартауына көтерілуге, Вилья-Ла-Ангостура курортты қалашығына баруға, Льяо-Льяо түбегіндегі 34 шақырым биіктіктегі Интенденсия аспалы көпір, Серро-Лопес жотасын, Андино панасына, Катедраль және Отто тауларын, Лос-Сесарес сарқырамасын, Морено және Эль-Трэболь көлдерін, көркем Эль-Больсон даласын, Чолила даласындағы Эскель қалашыға, Лос-Алерсес тропикалық орманындағы Ұлттық бақ, Верде көлі (жасы 2-3 мың жыл), Тревелин сарқырама ауданы, Футалаукен көлдеріне баруға болады.

Патагония – елдің ең оңтүстігі, жабайы және шөлді жазық материктің барлық оңтүстігін алып жатыр. Климаты қатал, жауын-шашын аз түседі. территорияның көп бөлігін өзінара шаруалық иелері бөліп алған.

Эль-Калафате қалашығы және Лаго-Архентино көлдерін, Перито-Морено мұздақтарына және Вьедма көлдеріне, уельцер негізін қалаған Трелью және Гайман қалашықтарына, континенттің ең төмен нүктесі Гран-Бахо-де-Сан-Хулиан (– 105 м), бай қалашық Кармен-де-Патагонес, Де-Лас-Манос-Пинтадас үңгіріндегі үнді тайпаларының қол таңбаларын (б.э.д. 7300 ж.), Каньон-де-Рио-Пинтурас, балықшылардың арман қаласы Рио-Гальегос, Гольфо-Нуэво шығанағы мен Пуэрто-Мадрин қаласын, Лос-Гласьярес бағының құрамына кіретін (ЮНЕСКО тізіміне енген) Фицрой Ұлттық бағын, Пасито-Франциско-Морено Ұлттық бағын, Вальдес түбегі -теңіз арыстандарын, пингвиндермен, Пуэрто-Десеадоның теңіз жануарларын, Рио-Десеадо өзенінің сұлу сағасын және Монументо-Натураль-Боскес-Петрификадостағы тас мүсіндерді, Эстансияс-де-Санта-Круз ферма кешендерін бақылауға болады.

Отты жер (Тьерра-дель-Фуэго) Аргентина құрамына аумағының жартысы ғана кіреді. Мұнай, қой, мұздақ, жел және балықшылық дамыған ауданға күн шуағы аз түседі, күн төбеде тұрғаныменен жерді мүлдем қыздырмайды. Аудан астанасы – Ушуая қаласы, Жер планетасының ең оңтүстіктегі астанасы болып есептеледі. Жан-жағын жансыз жазық, шыңдар, мұхит басқан аудан адамдарға ұмытылмас сезім қалдырады. Қаланың ең негізгі кереметі – Сан-Мартен орталық көшесі, ескі абақты оңтүстіктегі, қазір Музео-дель-Фин-дель-Мундо өлкетану мұражайына айналған (Әлемнің шеткі мұражайы). Ушуаядан Мартиал мұздығына, Отты жер Ұлттық бағына, Ла-Лагуна-Верде және Ла-Лагуна-Негра шығанақтарына, Байя-Энсенада және Байя-Лапатия жабайы жағажайларына, Рио-Лапатайя өзендеріне, Де-Лос-Касторес жолымен Фагнано және Эскондидо көлдеріне, Фаро-лес-Эклайрерс маягына, әлемдегі ең тыныш аймақ Харбертон стансиясына, Лос-Лобьос және Лос-Пахарос аралдарына, Антарктида жағалауына экскурсия жүргізіледі.

Аргентина асханасы. Аргентина асханасында ет, әсіресе сиыр еті басым. Араласқан Гриль parillada – ең көп тараған тағамдардың бірі. Аргентиналық балмұздақ (helado) зор ықыласқа ие. Матэ сусынының (парагвай шайы) ұлттық мәні бар.

 

Date: 2015-06-07; view: 1485; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию