Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Батыс, Шығыс, Орталық, Оңтүстік Африка елдері





Африка – Жерорта теңізінің оңтүстігінде, Атлант мұхитының шығысында және Үнді мұхитының батысында орналасқан континент. Аумағы бойынша Еуразиядан кейін екінші орындағы материк. Африка дүние бөлігіне Африка материгі және оның маңындағы аралдар жатады. Африка аумағында 55 мемлекет бар, олардың тәуелсіздігін алмағандары 4 мемлекет, 5 отарлық аралдық аумақтар орналасқан.

Батыс Африка: Бенин, Буркина-Фасо, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Кабо-Верде, Кот-д’Ивуар, Либерия, Мали, Мавритания, Нигер, Нигерия, Ұлыбританияға тиесілі аумақ Әулие Елена аралы, Сенегал, Сьерра-Леоне, Того.

Орталық Африка: Ангола, Габон, Камерун, Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Сан-Томе және Принсипи, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваторлық Гвинея.

Шығыс Африка: Бурунди, Галмудуг, Джибути, Замбия, Зимбабве, Кения, Комор аралдары, Маврики, Мадагаскар, Францияға тиесілі аумақ Майотта, Малави, Мозамбик, Францияға тиесілі аумақ Реюньон, Руанда, Сейшель аралдары, Сомали, Танзания, Уганда, Эритрея, Эфиопия.

Оңтүстік Африка: Ботсвана, Лесото, Намибия, Францияға тиесілі аумақ Эпарсе аралдары, Свазиленд, Оңтүстік Африкалық Республикасы.

Африканың тұрғындары көптеген этникалық топтарға жатады. Олардың мәдениеті түрлі этникалық, туыстық топтарға негізделеді. Өнер, саз, ауыз әдебиеті қазіргі діни және әлеуметтік жағдайларды нығайту мақсатында пайдаланылады. Батыс Африканың дәстүрлі мәдениеті Еуропа мәдениетінің және Христиан дінінің ықпалымен бастапқыда біршама ауытқығанмен, Африкалық ұлтшылдықтың өсуі материк мәдениетінің қайта жандануына мүмкіндік берді. Африкадағы көптеген елдердің үкіметтері ұлттық саз топтарының, билердің, мұражайлардың және суретшілер мен жазушылардың жұмыс жасауына қолдау көрсетіп келеді.

Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Африка – халықаралық туризмнің ырғақпен дамып келе жатқан, салыстырмалы түрде өте жас аймағы. Көбіне қызықты болып көрінетін бағыттарға мына елдерді жатқызуға болады: Кения, ОАР, Зимбабве, Намибия, Танзания, Уганда, Сейшель аралдары, Маврикий.

Африкадағы 46 мәдени мұра ескерткіштер 26 елде орналасқан. Олардың барлығы Африканың ежелгі, ескі және ортағасырлық тарихына жатады.

Туризм индустриясының дамуы ретінде Африка елдерін екі топқа бөлуге болады: Солтүстік Африканың елдері және Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан елдер.

Солтүстік Африка елдері (Египет, Марокка,Тунис, Канар аралдары) – арзан және көпшіліктік туризмді дамытуға қолайлы. ТМД елдерінің туристерінің көп бөлігіне Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан елдері беймәлім. Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің туристік индустриясы – дүниежүзілік экономиканың ең дамып келе жатқан секторы. Егер 2005 ж. дүние жүзінде халықаралық туризмнің көлемі 5,5%-ға өссе, ол көрсеткіш Африка бойынша 10 %-ға өскен.

Африканың туристік ерекшелігі – континенттің мүмкіншіліктері туристерге ғана емес, сонымен қатар туристік компанияларға да мүлдем белгісіздігі. Африканың елдерінде денсаулық пен инфрақұрылым салаларының дамымағаны туралы мәліметтер негізге сәйкес келмейді. Демалудың белсенді және экстремальді түрлері үшін қажетті жағдайлар мен мүмкіншіліктер, соның ішінде VIP категориялар бар 1-класты қонақүйлер Африка елдерінде көп. Демалу үшін Африка континентінде теңіздегі демалыс, сафари және тарихи орындарға экскурсиялар жасауға мүмкіншіліктер бар.

 

Date: 2015-06-07; view: 3476; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию