Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОРЫТЫНДЫ. Қазақ хандығының құрылу тарихын қарастыра келе, оның ежелгі замандардан Қазақстан аумағында





Қазақ хандығының құрылу тарихын қарастыра келе, оның ежелгі замандардан Қазақстан аумағында үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық, саяси, мәдени, рухани және мемлекеттілік дамулардың заңды қорытындысы екендігіне көзімізді жеткіздік. Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Қазақстан аумағындағы тарихи дамулар барысы бірнеше кезеңдерге бөлінеді де, әрбір кезең өзіне тән ерекшеліктермен айқындалады. Сол кезеңдердің біріне XIII-XV ғасырлар аралығы жатады. Бұл кезеңді Қазақстан тарихында монғолдар үстемдігі және монғолдар үстемдігінен кейінгі кезеңдер деп жалпылама түрде атаса, этникалық тұрғыдан алғанда, бұл ғасырлар- қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіне жатады. Осы кезеңдегі этникалық дамулар Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғышарттарын қалыптастырғандықтан, біз XIII-XV ғ.ғ. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы этнопроцестерді жеке қарастырып, мынадай қорытындылар жасадық:

1) Кең мағынада қолданылып жүрген Дешті Қыпшақ ұғымының шығыс бөлігінде, яғни Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген қыпшақ тайпалары монғол жаулаушылығы қарсаңында ішкі және сыртқы факторларға байланысты бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік жүйе қалыптастыра алмай, үш саяси құрылымға бөлініп кетеді де, XIII ғасырдың басындағы монғолдардың жаулап алушылығына тойтарыс бере алмайды.

2) Монғол жаулап алушылығы Шығыс Дешті Қыпшақтың этникалық өмірін толық жойып жібере алмайды, бірақ оған сандық, сапалық жағынан өзгерістер енгізеді. Жаулап алу барысындағы ұрыстар мен шайқастарда адам шығындарының өте көп болуы, жергілікті кейбір ру-тайпалардың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағынан басқа аумақтарға көшіп кетуі, бағындырылған аймақтардан қолөнершілер мен шеберлердің тұтқынға әкетілуі, жас жігіттерді әскердің қара жұмыстарына күштеп тартылуы, жергілікті халық есебінен монғолдардың әскер санын толтырып отыруы, әртүрлі жағдайларға байланысты өлім-жітімдердің, ауру-індеттердің көп болуы – жергілікті халық санының күрт азаюына алып келеді. Бұл жағдай Қазақстан аумағындағы этнопроцестің дамуына кері әсер етеді, бірақ этнопроцесті біржолата тоқтата алмайды.

3) Монғол жаулапалушылығына байланысты Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына Монғолия жерінен түрік тілдес, монғол тілдес тайпалар қоныс аударып, жергілікті этнопроцестерге араласады да, XV ғасырдың ортасында жеке халық боп қалыптасқан қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалардың біріне айналады.

4) XIII-XIV ғасырлар саяси өмірдегі секілді этноөмірде де үлкен маңызға ие болады. Түріктік және монғолдық этнокомпоненттер жергілікті дештілік қыпшақ тайпалармен араласа келе, XIV ғасырдың бірінші жартысында қыпшақталып кетеді. Жаңа этноқауымдастық пайда болып, ол «өзбек» атты жалпылама жиынтық атаумен аталады.

5) Түріктік және монғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы процесінде ислам діні атқарып, ол барлық этноэлементтер үшін ортақ кеңістік пен ортақ құндылықтар қалыптастырады.

6) Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы бір тарихи кезеңде жүзеге асқан және олар бір-біріне өзара әсер еткен процестер болып саналады. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Ордадағы саяси бытырақылықтар этносаяси тұрғыда Шығыс Дешті Қыпшақтың дербес дамуына алып келеді. Ақ Орда билеушілерін жазба деректер «өзбектер ханы» деп жазса, Мухаммед Хайдар Дулати Шығыс Дешті Қыпшақты «Өзбекстан» деп атайды. Шайбанилық Әбілқайыр ханның билігі осы аумақта толығымен орнауына байланысты Шығыс Дешті Қыпшақтың тайпалары «көшпелі өзбектер» атты жаңа, жалпылама түрдегі жиынтық атауымен аталады. 92 тайпадан тұратын бұл этноқауымдастық үш үлкен тайпалар тобына жіктеледі. Осы үш тайпалар тобындағы әр тайпаның шығу тегін анықтау барысында маңғыттар деп аталатын алғашқы топта жергілікті қыпшақтық пен түрік-монғолдық этнокомпоненттердің арасалмақтары шамамен бірдей, ал екінші топты құрайтын Шибандық тайпалар тобында жергілікті қыпшақтық этноэлементтерге қарағанда түрік-монғолдық элементтердің үлесі көптеу екендігі байқалады. Ал ордаежендік тайпалар тобы деп біз шартты түрде атаған үшінші топтың құрамында керісінше, жергілікті қыпшақтық этноэлементтер басымдылық байқатады. Ақ Орданың басты этникалық негізін құраған бұл тайпалар тобы ХҮ ғасырдың ортасында «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығымен бөлектеніп, Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен өз мемлекетін – Қазақ хандығын құрады. Осылайша, бір жағынан ордаежендік тайпалардың ын Ордадағы саяси бытырақылықтар этносаяси тұрғыда Шығыс Дешті налады. «көшпелі өзбектерден» бөлектенуі – қазақ халқының қалыптасуының аяқталуына алып келсе, екінші жағынан, қазақ халқының жеке этнос ретінде пайда болуы – Қазақ хандығын тарих төріне шығарады. Сол себепті де Қазақ хандығының құрылуында ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы этникалық процестер басты роль атқарып, олар негізгі алғышарттардың бірі болып саналады.

Қазақ хандығының құрылуы ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Мауреннахрдағы Темір әулеті мемлекеттері арасындағы саяси қарым-қатынастардың дамуының заңды қорытындысы болды. Ақ Орданың соңғы билеушісі Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шибан Ұлысында 17 жасар Әбілқайыр жергілікті дін басылары мен ру тайпа жетекшілерінің тікелей қолдауымен хан болып сайланады да, өз билігінің алғашқы кезеңінде бытырап кеткен Шибан Ұлысын біріктіреді. ХҮ ғасырдың 40-шы жылдарының екінші жартысында Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерді бағындыру арқылы Әбілқайыр хан алғаш рет бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа өзінің жеке-дара билігін орнатады. Әбілқайыр ханның билігінің күшеюі оны билікке алып келген жергілікті ру-тайпа жетекшілерінің мүддесіне қайшы келеді де, осы қайшылық ХҮ ғасырдың ортасында «көшпелі өзбектер» елінің ішкі саяси жағдайын айқындайды. Оны шайбанилық ханның жорықтарына қатынасқан тайпа басшылары туралы баяндайтын жазба дерек мәліметтері дәлелдейді. Әбілқайыр ханның билігі неғұрлым күшейген сайын соғұрлым оны қолдаушылардың саны азая бастағанын көреміз. «Көшпелі өзбектерден» бірінші болыпмаңғыт тайпалары бөлініп кетеді. 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі ойраттардан жеңіліс Әбілқайыр хандығының ішкі әлсіздігін көрсетіп берді. Сондай-ақ осы жылы Сырдың төменгі ағысы бойын мекендейтін шибанилық Иадгар сұлтанның хан болып сайланылуы да «көшпелі өзбектер» мемлекетінің ыдырай бастағандығын көрсетеді. Осындай, ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі Ақ Орда хандығының мұрагерлігін де қоластындағы ру-тайпалармен бірге оқшаулануға өте қолайлы саяси алғышарттар әзірлейді.

Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы да, әсіресе, Моғолстан және Мауереннахрдағы Темір әулеті мемлекетімен ХҮ ғасырдың ортасындағы саяси қарым-қатынастары да Шығыс Дешті Қыпшақтағы шибан әулеті үшін тиімді болмады. Жазба дерек мәліметтері көрсеткеніндей, кейбір моғол тайпаларының моғол ханының билігінен қашып, Шығыс Дешті Қыпшақты пана тұтуы екі билеуші арасында достық қатынастардың болмағандығын дәлелдейді. Сол сияқты Әбілқайыр ханның Мауреннахрдың ішкі саяси істеріне ХҮ ғасырдың ортасында белсене араласуы да Мауереннахр тарапынан оған деген қарсы күштерді көбейтеді. Міне, «көшпелі өзбектер» елінің ХҮ ғасырдың 50-ші жылдарының екінші жартысындағы ішкі және сыртқы саяси жағдайларының әлсіз, әрі тұрақсыз болуы – Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығының құрылуына өте қолайлы саяси алғышарттар тұрғызады.

Әбілқайыр хандығы секілді ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан мемлекетінің де ішкі және сыртқы саяси жағдайлары да Қазақ хандығының Моғолстанның бір бөлігі болыр саналған Жетісу аймағында құрылуына өте қолайлы жағдайлар жасайды. ХҮ ғасырдың екінші ширегінде моғол билеушісі Есенбұға ханның Шығыс Түркістандағы қалалық-отырықшылық аудандардың тұрғындарына арқа сүйеуі Ыстық көл аймағы мен Жетісу өңіріндегі моғол тайпалары басшыларының қарсылықтарын туғызады да, олар ханға қарсы ашық наразылықтар жасап, орталық билікке бағынудан бас тартады. Әрбір тайпа әмірі өз аймағында дербес өмір кешеді. Моғолстандағы хандық биліктің әлсірегені сондай, Есенбұға хан әмірлердің қарсылықтарына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды, онда қажетті күш те жоқ болатын.

Ал Моғолстанның сыртқы жағдайына келсек, ол да моғол билеушісі үшін өте тиімсіз болды. Бір жағынан, шығыстағы көршісі ойраттардың тонаушылық сипаттағы жорықтары әлсін-әлсін қайталанып тұрды да, ол бытыраңқылық жағдайдағы моғолдарға орасан зор қиыншылықтар туғызады. Кейбір тайпалардың Шығыс Дешті Қыпшаққа көшіп кетіп, Әбілқайыр ханды паналауы – екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан ары күрделендіріп жібереді. Сондай-ақ Моғолстанның Мауереннахрдағы Темір Әулеті мемлекетімен саяси қарым-қатынастары да шиеленісті жағдайда дамиды. Шахрухтың қайтыс болуынан кейін Темір ұрпақтары арасындағы билік үшін өзара талас-тартыстар мен күрестерді пайдаланып Есенбұға хан бірнеше рет Мауереннахрдың Шығыс аймақтарына тонаушылық жорықтар ұйымдастырып, ол аймақтардың тұрғындарын күйзелістерге ұшыратады. Тек 1451 жылы Әбу Сайд мырзаның Самарқанда билікке келуінен кейін бірнеше рет моғолдарға қарсы тойтарыстар беріледі. Осылайша, XV ғасырдың 50-ші жылдарында Моғолстанның Мауереннахрдағы Темір Әулеті мемлекетімен қарым-қатынастарының өте күрделеніп, нашар болуы Қазақ хандығының Моғолстан аумағында ту тігуіне қолайлы саяси алғышарттар әзірлейді.

Мауереннахрдағы Темір Әулеті мемлекетінің де ішкі және сыртқы саяси жағдайларының XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының Жетісу жерінде құрылуына алғышарттар даярлайды. Әмір Темір негізін қалаған империя оның немересі Шахрухтың билігі тұсында сырттай қарағанда қуатты болып көрінгенімен, империяның әртүрлі аймақтарында сепаратистік ағымдар жиі бас көтеріп тұрады. Шахрухтың билігінің соңғы жылдары ол ашық көріне бастайды. Тіпті тақтан үміткерлер арасында күреске ашық дайындықтар жүре бастайды. Шахрух қайтыс болып, Әбу Сайд билікке келгенге дейінгі 4-5 жыл ішінде империя Темір ұрпақтары арасында бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетеді. Орталығы Самарқан қаласы болған Мауереннахрда Әбу Сайд мырза Әбілқайыр ханның тікелей көмегімен 1451 жылы билікке келіп, Хорасанды иелену үшін әулеттің басқа өкілдерімен күрес жүргізеді. Оның Гератты иеленуге бағытталған күресіне моғол билеушісі Есенбұға ханның Мауереннахрдың шығыс аймақтарына жорықтар жасауы үнемі кедергі жасап отырды. Әбу Сайд мырза Есенбұғаның жорықтарын тоқтату үшін оған қарсы Жүністі пайдаланып, күрес барысын Моғолстан аумағына аударады. Есенбұға хан болса Жүністің алғашқы жорығына әрең тойтарыс береді, бірақ онымен ұзақ күресуге күші жетпейтін еді. Сондай-ақ оған мықты одақтас та қажет болатын. Осындай жағдайлар Жетісу аймағында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығының құрылуына өте қолайлы және тиімді саяси алғышарттар даярлайды.

Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың шығу тегін нақты анықтаудың өзіндік маңызы бар. Біз олардың шығу тегі Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алатындығын дәлелдеп көрсету арқылы ордаежендік әулет билігінің ХІІІ ғасырдан бері Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында үзілмегендігіне көз жеткіздік. Орда Ежен Ұлысында, кейіннен оның негізінде қалыптасқан Ақ Орда мемлекетінде 2 ғасыр бойы Жошының үлке= ұлының ұрпақтары үздіксіз билікте болады. Орыс хан тұсында Ақ Орда дербес мемлекетке айналып, Орыс ханның ұрпақтары Алтын Ордада билік ете бастайды. Барақ ханның қайтыс болуымен ордаежендік әулеттің билігі уақытша ғана Шығыс Дешті Қыпшақта тоқтатылады, бірақ әулет өмір сүруін тоқтатпайды. Шайбанилық әулеттің күшеюіне байланысты ордаежендік әулет өкілдері амалсыздан оларды мойындауға мәжбүр болады. Шайбанилық әулет билігінің әлсіреуіне байланысты ордаежендік әулеттің сол тұстағы белсенді өкілдері Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты ру-тайпалардың қолдауымен әулет билігін Шығыс Дешті Қыпшақта қайта орнату үшін Әбілқайыр ханға қарсы шығады. Алдыңғы беттерде айтып өткендей, XV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының құрылуына Шығыс Дешті Қыпшақ пен оған көршілес Моғолстан, Мауеренахрда қалыптасқан саяси жағдайлар өте қолайлы жағдайлар жасайды.

Керей мен Жәнібек сұлтандар қалыптасқан саяси жағдайды терең түсіне біліп, бірден іс-әрекетке кіріседі. 1457жылы Әбілқайыр ханның Сығанақ қаласы түбінде ойраттардан жеңіліс табуы және одан кейінгі уақытта шибанилық әулет жетекшісінің ордаежендік әулет өкілдеріне жасай бастаған қысымшылықтары оларды «көшпелі өзбектер» елінен ұйымдасқан түрде бөлініп кетуіне алып келеді.

Тарихи әдебиеттер мен зерттеулерде Қазақ хандығының құрылуында басты роль атқарған осы тарихи оқиғаның маңызына жете көңіл бөлінбей оны «Керей мен Жәнібек хандар өз жақтастарымен Әбілхайыр ханнан қашып кетті» деп түсіндіріліп жүр. Біз өз зерттеуімізде мұндай тұжырымдарды қате, сол тұстағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында болған этникалық және саяси процестерге терең талдаулар жүргізілмегендіктен туындаған үстіртін пікір деп есептейміз. Дұрысына келсек, Қазақ хандығының құрылуындағы басты оқиғалардың бірі боп саналатын бұл оқиға – «қашып кету» емес, бөліну болып саналады. Бұл бөліну – «көшпелі өзбектер» елінің тарихындағы бірінші бөлініс емес болатын. Маңғыт билерінің өз тайпаларымен «көшпелі өзбектерден» бөлінуі алғашқы бөлініс болса, шибанилық Иадгар ханның 1457 жылы хан боп сайлануын екінші бөлініске жатқызуға болады. Ордаежендік тайпалардың да өз жетекшілерімен қолайлы сәтті пайдаланып «көшпелі өзбектерден» бөлініп кетуін осы тұрғыдан қарастырғанда ғана біз Қазақ хандығының құрылуын тереңірек түсінеміз.

Ал енді хандықтың құрылған жылы жөніндегі пікірлерге талдау жасай келе, бұл мәселеге қатысты негізінен үш пікірдің үстем болғандығын аңғарамыз. XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан XX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін «Қазақ хандығы 1456 жылы құрылған» деген пікір тарихи әдебиеттердің бәрінде дерлік айтылып, үстем болып келеді. Бұл пікірдің пайда болуына мынадай жағдайдың себеп болғаны анықталып отыр. В.В.Вельяминов-Зерновтың Әбілхайыр билігінің күшейіп тұрған кезін көрсету үшін шамамен айтқан бұл жылын кейінгі зерттеушілер ешбір талдаусыз Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлінген және хандықтың құрылған жылы деп көрсетеді. Біз бұл жылды қате деп санаймыз. Екінші бір датаға Мұхаммед Хайдар Дулатидың болжамымен шамамен айтқан 1465-1466 жылдар алынып отыр. Бұл пікір XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қазіргі күндерге дейін үстем пікір болып отыр. «Тарих-и Рашиди» авторының шамамен айтқан бұл датасына деректанулық тұрғыда талдау жасау оның да қате екендігін көрсетеді. Үшінші пікірді білдіруші Т.И. Сұлтанов 1470-1471 жылды Қазақ хандығының құрылған жылы деп есептейді. Белгілі зерттеушінің бұл пікірін біз толық дұрыс деп айта алмаймыз.

Біздің көрсетуіміз бойынша, Қазақ хандығының құрылуы бір оқиға шеңберінде емес, бір тарихи желідегі және бір-біріне өте тығыз байланыстағы бірнеше оқиғалардың барысында жүзеге асқан. Біз оны он жылдан астам уақытқа созылған тарихи процесс деп қарастырып, ондағы оқиғалардың дамуына байланысты процесті өз ішінде бірнеше сатыға-1457 жылдың соңындағы бөлініп кету мен 1458 жылдың көктеміндегі Керейдің хан болып сайлануы аралығы жатқызылды. Ханның сайлануымен мемлекетті құрылды деуге болады. Бірақ ол өзге мемлекеттің аумағында, өзге мемлекет басшысына жартылай бағыныштылықта болғандықтан, біз жаңадан ту көтерген мемлекетті құрылды деп есептемей, құрылуының басы деп санаймыз. Хандықтың толығымен құрылуының келесі сатыларына – 1458-1461/62 және 1461/62-1469 жылдар аралықтары жатқызылды. Бұл жылдарда Моғолстан аумағында ту көтерген Қазақ хандығына бір жағынан, Моғол билеушілерінің ықпалы әлсірей бастаса, екінші жағынан Шығыс Дешті Қыпшақтағы шибан Әулетінің билігін жоюға күш жинай бастайды. Қазақ хандығының құрылуы барысындағы соңғы сатыға -1469-1470/1471 жылдар аралығы жатады. Әбілқайыр ханның қайтыс болуынан кейін Қазақ хандығы Шығыс Дешті Қыпшақтан шибанның Әулеттің билігін түбірімен жою үшін басқа да күштермен бірге ашық күреске шығады. 1470/71 жылы Әбілқайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар хан өлтіріліп, Әулеттің басқа өкілдері жан-жаққа қашып кетеді. Содан кейін ғана Шығыс Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде Қазақ хандығының билігі толығымен және түпкілікті түрде орнығады. Нақты бір территориядағы нақты бір халықты басқаруға нақты бір әулет билігінің жеңіске жетіп, нақты бір ханның хан болып отыруын – мемлекеттің толық түрдегі құрылуының аяқталуы деп санаймыз. Осылайша, Қазақ хандығының құрылған жылы жөнінде біз, 1457 жылы Керей мен Жәнібек хандар бастаған ордаежендік тайпалардың «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығынан бөлініп, Жетісуға кетуін- хандықтың құрылуының басталуы деп, ал 1470/71 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағынан шибанилық әулетті ығыстырып, өз билігін толығымен орнықтыруын – Қазақ хандығының құрылуының аяқталған жылы деп есептейміз.

Қазақ хандығының құрылуының қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше, маңызы зор болды. Ол – Қазақстан тарихындағы ірі де елеуліоқиғалардың бірі бола отыра, этникалық процестердің жаңа сатыға көтереді, халықтық деңгейге дейін өсіреді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізеді.рны ерекше, маңызы зор болды., өз билігін толығымен орнықтыруын - Қазақ даежендік тайпалардың " «Қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге әкеледі. Қазақстан тарихындағы Қазақ хандығы деп аталатын тарихи дәуірдің басталуына негіз салады. Сондай-ақ, Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің де этникалық дамулар секілді жаңа сатыға көтергендігін көрсетеді. Ұлттық сипатқа ие болған этникалық даму ұлттық сипаттағы мемлекеттілікті өмірге әкеледі. Қазақ хандығы – бір жағынан алғанда, Қазақстан аумағындағы жалпы мемлекеттілік дамудың уақыт шеңберіндегі бір көрінісі болса, екінші жағынан алғанды ол – жалпы мемлекеттіліктің жай ғана уақыт шеңберіндегі көрінісі емес, оның ұлттық сипатқа ие болған мемлекеттілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті де Қазақ хандығы басқа мемлекеттік құрылымдарға қарағанда (Астрахан хандығы, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан, Темір әулетінің мемлекеті, Шайбанилар Әулетінің мемлекеті, Аштарханилер әулетінің мемлекеті және т.б.) анағұрлым ұзақ өмір сүреді.

Ұлттық сипаттағы мемлекеттілікке, этносқа «қазақ» атауының берілуі, осы терминге деген ғалымдардың назарын XVIII ғасырдан бері аударып келеді. Оның шығуын түсіндіруде көптеген пікірлер мен тұжырымдар айтылды. Біз олардың бәріне талдаулар жасай келе, «қазақ» сөзінің мәні мен мағынасының әрбір тарихи кезеңде өзгеріп отырғандығына көзімізді жеткіздік. «Қазақ» сөзі алғашқы кезде әлеуметтік мәнде қолданылып, оның мағынасына өз руынан, тайпасынан, қауымынан, жұртынан бөлектеніп, өз бетінше ешкімге бағынбай, дербес, еркін өмір сүретін адам немесе адамдар тобы жатқызылған. XIII-XV ғасырлардағы Алтын Орда, Шағатай Ұлысы аумақтарында болған оқиғалар мен өзгерістер енгізеді. Билеуші әулет өкілдері арасындағы билік үшін болған талас-тартыстарда жеңіліске ұшыраған шыңғыстық ұрпақтар өз жақтастарымен уақытша болса да өз елінен кетуге мәжбүр болады. Осындай мағынадағы «қазақ» сөзі уақытша саяси-әлеуметтік мәнде қолданыла бастайды. «Қазақтас» сөзінің жазба деректерде осы кезеңде кездесуі – «қазақ» сөзінің алғашқы мәнінің өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. «Қазақ» сөзінің келесі мәні Керей мен Жәнібек хандар бастаған ордаежендік тайпалар тобының «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығынан бөлініп кетуіне байланысты өзгеріске ұшырайды. Қазақ хандығының негізін салушылар өздерін қолдаған белгілі бір әлеуметтік топпен бірге бөлініп кеткен жоқ, олар өздеріне бағынышты тайпалар тобымен бірге бөлініп кетеді. Осылайша, «қазақ» сөзі саяси-этникалық мәнге ие болады. Бұл мәндегі ұғым жазба деректерде «өзбек-қазақ» деген терминнен беріледі. «Қазақ» сөзінің соңғы мәні Қазақ хандығы билігінің Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында толығымен орнауына байланысты өзгеріске ұшырап, ол сөз енді таза этникалық мәнде қолданыла бастайды. «Қазақ» сөзінің осы мәні, яғни этникалық мәні қазіргі күнге дейін қолданылып келеді.

Сөйтіп, біз Қазақ хандығының құрылу тарихы жөніндегі жалпы ойларымызды аяқтай келе, ол – Қазақстан аумағындағы ежелгі замандардан бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, мемлекеттілік дамулардың заңды қорытындысы болып табылады деп санаймыз. Кез келген мемлекеттің құрылу тарихы, оның ішінде Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттердің құрылу тарихын, оның пайда болуының тарихы алғышарттарымен, сол тұстағы жалпы тарихи процестермен тығыз байланыстыра қарағанда ғана біз, жалпы өз еліміздің тарихындағы мемлекеттер мен мемлекеттіліктің құрылу, қалыптасу, нығаю тарихын терең біле аламыз.

 

Date: 2015-11-14; view: 989; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.017 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию