Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дарынды балаларды оҚыту жӘне тӘрбиелеудіҢ жолдары





«Қазақстан – 2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғьлым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі - мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда айтылғандай XXI ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.

Дарындылықты анықтаудың бір жолы - олимпиадалар, оқушылардың ғылыми жарыстары, конференциялар, байқаулар өткізу.

Оқушылардың ғылыми жарыстары төмендегідей талаптарға сай өткізіледі:

- шығармашылық қабілет;

- ғылыми ойлау;

- қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі;

- тақырыпты ашу дорежесі, жете ашуы;

- шеберлік шешендігі, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы.

Дарындылыққа "табиғаттан берілетін ерекше қабілет" деп түсінік беріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық — табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Ал қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне
бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, енді біріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалык нәрсе деп карастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Әлбетте дарындылықтың тұқым қуалайтыңдығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы түлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады?

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы негізі мақсат пен міндеттер мынаған саяды.

1. Ғылыми жұмыспен айналысуға әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынған оқушылар мүше бола алады.

2. Оқушылардың ғылыми жұмыстары тәртіп бойынша сессияда жылына бір рет шақырылып, тындалады.

3. Сессияда оқу жылының міндеттері айқындалып, нәтижелері шығарылады, жеке секциялар жұмысының есебі тындалып, жұмыс жоспары бекітіледі және басқа да шешімдер мен құжаттар қабылданады.

4. Оқушылардың ғылыми сессиясында мамандар, ғалымдар және мүғалімдер келісім шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді. Олар секцияларға, оқушылардың ғылыми бірлестігіне, сол сияқты оқушылар таңдап алған тақырыптағы жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.

5. Ғылыми жетекшінің, кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмысы бойын­ша оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасына кемінде бір рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.

6. Қорытындыланған жұмыс ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан келген ғалымдарды қатыстыра отырып конференция түрінде өткізіледі. Қазылар алқасы ең үздік жүмыстарды таңдап, оларды облыстық ғылыми жарыстарына ұсынады. Жеңімпаздарға дипломдар, демеушілік сыйлықтары тапсырылады.

7. Қысқы және жазғы демалыс кездерінде оку-жаттығу жиындары, бағдарлы лагерлер, экспедициялар, саяхаттар ұйымдастырылады.Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері төмендегідей реттеледі:

- секция жұмысына, барлық іс шараларға қатысуға;

- әртүрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;

- қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын еңгізуге;

- өз жұмысын ғылыми жарыстарға, ғылыми конференцияға қатысу үшін ұсынуға;

- оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы, филиалы жұмыс істейтін зертхана мен кафедралардың құрал жабдықтарын пайдалануға;

- Қазақстан Республикасы кітапханасының қорындағы ғылыми әдебиеттерді пайдалануға;

- оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің үйлестіру комтетінің кеңесіне сайлануға;

-ғылыми, мектеп, оқу, әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жарыстарына қатысуға және тағы басқалары.

Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі: 1) Ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге; 2) сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге; 3) оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға; 4) мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға; 5) оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауапты орындауға; 6) қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің зертхана, кабинет, құрал жабдықтарына ұқыпты қарауға; 7) бір немесе бірнеше шығармашылық топтарды белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сессия, коференция, экспедиция, жорықтарға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге; 8) өз жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті.

Оқушылардың ғылыми жарыстарына: 1) бір ғылымның кез келеген саласындағы бұрын танымаған құбылыстарды және жаңалықтарды, ғылымның қырларын, жекелеген факторларын ашатын; 2) тәжірибе жұмыстарын жасауда жаңалықтар әкелетін, мектеп эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін, өндірістік үрдістердің тиімділігін арттыратын аппараттар, моделдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын; 3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған компьютерлік модулдер және экономикалық-құқықтық негізі бар жобалардың жұмыстарын ұсынуға болады. Алайда, адам мен жануарлар денсаулығы үшін зиян келтіретін заттарды пайдалануға байланысты эксперименттер бар болған жұмыстар (ішімдік, никотин, улы химиялық, радиациялық сәлелендіру көздері) жіберілмейді және сондай-ақ, оқушылыардың ғылыми жарыстарында бұрын қорғалған және қаралған жобалар жарыстарға қатыстырылмайды. [18; 2]

1. Жоба мәтіні компьютерде орындалып, мынадай құрылымнан тұрады: титул парағы; мазмұны; абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде, сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады; кіріспе; зерттеу бөлімі; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2. Титул парағында мыналар көрсетіледі: жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы, мектебі; автордың тегі, аты-жөні, сыныбы; жұмыстың атауы; жұмыстың ұсынылған бағыты, секциясы; жетекшінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты; қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.

· Барлық құрылымдардың қызметінің басты нысаны — жеке тұлға,
яғни, оқушы.

· Олимпиада резервтерін дайындау штабы 2 рет барлық пәндер бойынша олимпиадалар және 8 пән бойынша ой-өріс марафондарын өткізуі шарт.

· Оқушылардың ғылыми қоғамы бес бағыт бойынша ғылыми жүмыстар үйымдастырады, арнаулы курстар жүргізеді, жоғары оку орындарымен тыгаз байланыста болады.

· Әдістемелік бірлестіктер және психологиялык кызмет тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер бойынша көмек, нұсқау және ұсыныстар жасайды, бақылауды жүзеге асырады.

· Мектепте ата-аналар корлары кұрылып, ол жұмысты ата-аналар комитетінің төрағасы жүргізеді, бақылауды жүзеге асырады. Бүл қор сыныптан озып шыққан жүйрікке жан-жақты көмек көрсетеді, олимпиадаға дайындау, арнайы курстарға апару, жоғары оқу орындарынан оқытушылар шақырып, ақыл-кеңестер бергізу, арнайы әдебиет және оқулықтармен қамтамасыз ету және т.б.

· Мектеп әкімшілігі: директор, оқу ісі жөніндегі, инновациялар жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар барлық түскен мәліметтерді сараптайды, кұрылымның қызметіне баға береді, бағыттайды, жұмыстың сапалы үйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

 


Date: 2015-11-14; view: 884; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию