Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КІРІСПЕ. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында ҒасырдағыСтр 1 из 8Следующая ⇒
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мүғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек. Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалуда. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы елеулі мәселе - дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мінездемесіне арналады. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Дарындылық теориясының негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қазіргі күні Қазақстандағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің дамуы кең орын алуда. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті еліміздегі дарынды жастар мен балаларды оқыту мен тәрбиелеуге мінездеме беру және онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді және қол жеткізген жетістіктерін айқындау болып табылады. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: Жалпы дарындылық түсінігі, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері. Дарынды балаларды айқындау үрдістері. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАҚСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН КЕЛЕСІ МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ: «Дарынды бала» ұғымына түсінік беру. Дарындылық теориясының негіздерін қарастыру; «Дарындылық» терминінің мағынасын ашу; дарынды балалармен жұмыс түрлерін зерттеу. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: Курстық жұмысты зерттеу барысында әлеуметтік, ғылыми, педагогикалық, психологиялық, дәстүрлі және де зерттеу әдістері қолданылады. Я.Коменский "Педагог үшін ең бастысы - баланың кішкентай зерттеушілер ретінде дамуына кедергі келтірмеу. Балалар әр нәрсені тасымалдайтын ара деп есептесек, оларға өз істері белгілі бір мөлшерде пайда әкелетіндей көмек беруіміз керек" дейді. Д.Дьюннің айтуынша, мүғалімнің мақсаты - "таңқаларлық жайдың қасиетті шырағын нық ұстап, алауын тарату". Шығармашылық оқыту ойларын дамыту және зерттеу тәсілдерімен шүғылданатын В.Вахтеров, В.Зеленский, т.б. ғалымдар осы пікірді ұстанады. Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына кемектесу әрбір ұстаздың абзал борышы. Сондықтан да еліміздің өркендеп дамуы, гүлденуі үшін, болашақта биік мансаптарға жету үшін ең алдымен дарынды, білімді жастарды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.
Date: 2015-11-14; view: 788; Нарушение авторских прав |