Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық өркениетті мемлекеттерде әлеуметтік-экономикалық, политехникалық, мәдени ағымдардан жеке түлға өзгеріп, дарынды балаларды оқыту, дамыту жүмыстары жаңа мазмұнға ие болды. Қазақстан Республикасының 2005—2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында "Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара кабілеттігін ашуға бағытталған" делінген. Талабы таудай, кабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой, әрине. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет-ақ. Елбасының Қазақстан халқының 2008 жылдың 1-наурызындағы Жолдауында нақты айтылғандай, "Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге кабілеттігін камтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі".[3; 3] Жолдауда межеленген таяу уақытта Қазақстанды бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қауымдастығында алғашқы елу елдің біріне айналдыру міндетін шешуге білім саласына, оның ішінде білімді, білікті мамандар даярлау негізгі рөл атқаратындығы дүниежүзілік дамыған елдер тәжірибесінен дәлелденіп отыр. Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл - ұлттық құндылық. Қазақстандағы талантты жастарды колдау мақсатында Мемлекеттік бағдарлама негізінде 1998 жылдың 24 наурызында жаңа ұйым - республикалық ғылыми-тәжірибелік "Дарын" орталығы ашылды. Қазақ халқында «Бұлақ көрсең — көзін аш» деген ұлағатты сөздің мән-мағынасы осында жатыр. Бұл мәселе жөнінен талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатында құрылған "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Оған елімізді қуанышқа бөлеп жүрген көптеген дүниежүзілік олимпиадалар жеңімпаздарын мақтанышпен айтуға болады. Мысалы, Сингапур, Қытай, Малайзия, т.б. елдер өз жастарын АҚШ пен Ұлыбританияның ең озық университеттерінде оқытып, білікті мамандар даярлау арқылы өз елдерін аса жоғары қарқынмен дамытуға кол жеткізеді. Міне, осы елдер тәжірибесінен үйреніп, Қазақстан жастарынан осы заманғы білімді меңгерген білікті мамандар даярлау — Елбасы Жолдауындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. [4; 8] Сондықтан ата-аналардың, мүғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялык, психологиялык, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтерінің еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көптеп кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі — Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген. Мысалы, Әль-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім берудегі түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В.Штерн адамның жеке бас ерекшеліктерін зерттеп, жеке бас психологиясының негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған "қабілеттілік коэффициентін" көрсетті. Дарындылық теориясьның негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. [5; 7] Мазмұндық бөлімі мемлекеттік стандарт пен жаңа бағдарламаларға негізделген оқу үрдісі жаңа оқу технологиялары мен қажетті оқулықтарды шығарудағы бірізділік, жүйелілік, тұрақтылық, ұзақ мерзімділік зандылықтарын сақтау, мұғалімнің педагогикалық жоғары деңгейі жөне кәсіби білімін ұдайы жетілдіруі барысында жүзеге асады. Құрылымдық бөліміне психологиялық қызмет, дарындылықты анықтау, олимпиада, ғылыми жоба жарысы, валеологиялық орталық жұмыстары кіреді. Оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық жұмыстар жүргізіп, олардың жоғары парасаттылығына, ой-өрісіне, қабілеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік бөлімде микроәлеуметтік бағытта сынып жетекшісінің жұмысы балаларды шығармашылыққа ынталандыру, дарындылықты дамыту жұмыстарымен бірге балаға жеке тұлғалық өсу картасын жүргізу болып табылады. Ата-аналармен өзара іс-әрекет жүйесін құру, негізгі бағыттарды дұрыс анықтау, әдіс-тәсілдердің тиімді формаларын құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Іс-әрекеттік бөлімде үйірмелердегі, спорттық секциялардағы, шығармашылық таным бірлестіктегі оқудан тыс шаралар жүргізіледі. Денсаулықты жақсарту, ағзаны шынықтыру кеңес беру, денсаулық сақтаушы жұмыс сауықтыру бөлімінде жүргізіледі. Басқару бөлімінде мүғалімдерден құрылған шығармашылық топ әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, оның дара қабілеттерін ашып дамытуға көп көңіл бөледі. Ең негізгі бөлімдердің бірі — нәтижені бағалау бөлімі білім сапасы мен нәтижесіне мониторинг құру арқылы әрдайым қорытынды шығарып отырады. Сонымен бұл модель дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі бөлігінен тұрады. Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту - қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі колға алынып отырған өзекті мәселе. Болашақ білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай касиеттерімен ерекшеленеді. 1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады. 2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді. 3. Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек. 4. Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады. 5. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі. Оқыту мен дамыту өз алдына жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюид "Бала даму барысында оқиды, яғни бұнда бала психикасының дамуына сүйенеміз"дегенді айтады. [8; 11] XX ғасырда А.Выготский, А.Леонтьев, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, В.Давыдовтар "Бала оқу арқылы дамиды" дегенді алға тартты. Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы, мүғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу. Жалпы барлық таным үрдістері бірігіп интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі арқылы оқушы озін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Оқушының жеке бас дамуын зерттеу үрдісі екі бағытта жүргізіледі. 1. Оқушымен кезендік жұмыс мүғалімдер, сынып жетекшісінің қатысуымен мектеп психологының көмегімен кем дегенде бір екі рет өткізіледі. 2. Оқушының іс-әрекетін, мінез-құлқын барлық мұғалімдер және оқушының өзі белгілі бір мақсатқа үнемі бағыттап, бақылап отыруы керек. Оқу тәрбие үрдісінде оқушы екі жақтылы сипатқа ие болуы қажет. Тәрбиенің әрі обьектісі, әрі субьектісі болуы тиіс. Шартты тарихы саналықта тұлғаны қалыптастыру үшін психологиялық таным үрдісіндегі төрт бөлікті үнемі бірдей іске асыру қажет. Олар: сана-сезім, сенім, мінез-құлық, дағды. Олардың негізін құрастыратын – сана. Ата-аналар жоғарыда айтылған дарынды балалар туралы ақпаратты және кеңестер мен оларға сипатталған міндеттерді орындаулары шарт. Бұдан тәрбие басы, оның тамаша мектебі отбасы екендігін көруге болады. Отбасының үлгісіне ұстаздар қауымының ата-аналармен тығыз бірлескен жұмысы талант көзін ашуға ең басты тетік болып табылады. Балалардың дарындылығын ашуға атсалысқан ата-аналар мен мүғалімдер, сынып жетекші, мектеп әкімшілігі жыл қорытындысы бойынша марапатталып, насихатталып отырады. Жалпы адамзаттық қоғамның дамуы үшін қазіргі кездегі ең үлкен фактор – ол білімді азаматтарды көбейту. Жақсы, нәтижелі білімге жету үшін балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек.
Date: 2015-11-14; view: 1654; Нарушение авторских прав |