Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ышқылдар
Қышқылдар – бір немесе бірнеше сетегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.Иондардың гидратациясын есепке ала отырып, қышықлдардың диссоциациялануын дәлірек былай жазуға болады: HC1 (г)↔Н+ (ерітін) + C1 (ерітін) СН3СООН ертінді↔Н+ (ерітінді)+СН3СОО− (ерітінді) Қышқылдар суда сутегі ионымен қышқыл қалдықтарына — аниондарға диссоциацияланатындығы көрініп тұр. Қышқылдар сутек ионынан бөтен, басқа катиондарды түзбейді. Қышқылдардың диссоциациялану механизмі: полюсті молекулалардың айналасында судың дипольдері бағытталып олардың әрекеттесу нәтижесінде полюсті молекулалар иондық молекулаларға, ал соңғылар гидраттанған иондарға ауысады. Қышқылдың әрбір молекуласы диссоциацияланғанда түзілетін сутегі иондарының саны бойынша қышқыл қалдығының (анионның) заряды анықталады. Тұз және азот қышқылдары тек қана бір зарядты қышқыл қалдықтарын (Cl−, NO3−), күкірт қышқылының (H2SO4) молекуласы — екі: бір зарядты (HSO4−) және екі зарядты (SO ), фосфор қышқылының молекуласы үш: бір зарядты, екі зарядты, үш зарядты (Н2РО4−, НРО42−, РО43−) кышқыл калдығын түзеді. Қышқылдар оттекті және оттексіз болып бөлінеді. Атауының өзінен көрініп тұрғандай біріншілерде оттегінің барын (мысалы, H2SO4, HNO3, Н3РО4), екіншілерде жоғын көрсетеді (мысалы, HC1, HBr, HI, H2S). Қышқылдардың атаулары. Қышқылдардың атауын оттекті кышқылдардың атауларындағы бейметалдың атауына (егер оның тотығу дәрежесі топтың нөміріне сәйкес болса)-ты, -ті жалғауын қосып айтады. Тотығу дәрежесі төмендеген сайын жұрнақтар мына ретпен өзгереді -лау, -лы, -лылау: +7 +5 НС1О4—хлор қышқылы H3AsO4— мышьяк қышқылы + 5 +5 НСlO3— хлорлау қышқыл HNO3— азот қышқылы +3 +3 НС1О2— хлорлы қышқыл HNO2— азотты қышқыл +1 +6 НСlO— хлорлылау қышқыл H2SO4— күкірт қышқылы +4 H2SO3— күкіртті қышқыл Дегенмен, егер тотығу дәрежесі бірдей элемент бірнеше оттекті кышқылдар түзетін болса, онда оттегі атомдары аз қышқыл атомына “мета”, ал оттегі атом саны көп болғанда “орто”— деген префикстерін қосады. НВО2—метабор қышқылы H2n(SiО3)n — полиметакремний қышқылы. Н3ВО3— ортобор қышқылы, H4SiО4— ортокремний қышқылы Оттексіз қышқылдардың атауын бейметалл атауына сутегі деген сөз қосып айтады. НҒ— фторсутек қышқылы немесе балқытқыш қышқыл, HC1 — хлорсутек немесе тұз қышқылы, НВг — бромсутек қышқылы, HJ — иодсутек қышқылы, H2S — күкіртсуітек қышқылы. Алынуы. Оттекті қышқылдардың көпшілігі сумен бейметалдардың (тотығу дәрежесі жоғары болатын) оксидтері әрекеттескенде алынады. Мысалы: SO3 + H2O↔H2SO4; N2Os + H2O = 2HNO3 Егер мұндай оксидтер суда ерімейтін болса, онда оларға сәйкес қышқылдар жанама жолмен алынады, анық айтсақ сәйкес тұзға басқа қышқылмен (көбінесе күкірт қышқылымен) әсер етіп алады. Мысалы: Na2SiO3+H2SO4 = Na2SO4+H2SiO3↓ Сутегін бейметаллмен қосу арқылы алынған сутекті қосылысты суда ерітіп оттексіз қышқылдар алады. Бұл НҒ, HC1, HBr, HI, H2S. Техникада және халық шаруашылығында көп маңызы бар қышқылдардың алу тәсілдері II бөлімде қарастырылады. Қасиеттері. Қышқылдар — сұйық (H2SO4, HNO3 және т. б.) немесе қатты заттар (Н3РО4 және т. б.). Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді. Олардың ерітінділерінің қышқылдық дәмі болады, өсімдік және жануарлар тканьдерін жеп жібереді, көк түсті лакмусты қызыл түске өзгертеді. Қышқылдардың маңызды химиялық қасиеттері болып мыналар есептелінеді: 1. Металдармен әрекеттесуі (тұз түзіп және сутегі бөліп). Мәселен: 2НС1 + Ғе=ҒеС12+Н2↑ Мұнда металдардың атомы тотығады, ал сутегі ионы тотықсызданады. Стандартты электродтық потенциалдар қатарында сутегінің оң жағында тұратын металдар сутегін қышқылдардан бөліп шығармайды. Концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен металдар әрекеттескенде де сутегі бөлініп шықпайды. Мұндай жағдайда азот N пен күкірт S тотықсызданады (тотығу дәрежелерін төмендетеді). 2. Негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттесуі: H2SO4+ CuO = CuSO4 + Н2О H2SO4+2KOH = K2SO4+2H2O h2so4+K2SО4=H2SiO4↓+K2SO4 Электролиттік диссоциация теориясының көзқарасы бойынша қышқылдардың жалпы қасиеттері (қышқылдық дәм, индикаторлардың түсін өзгерту, негіздер мен негіздік оксидтермен, тұздармен әрекеттесуі) сутегі Н+ иондары дәлдеп айтқанда гидроксоний Н3О+ иондары арқылы іске асады. Date: 2015-11-13; view: 2241; Нарушение авторских прав |