Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бейорганикалық қосылыстардың кластары
Арасындағы байланыс Жай заттар, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар арасында генетикалық байланыс бар — олар өзара бір-біріне ауысуы мүмкін. Мәселен жай зат — кальций металы — оттегімен қосылу нәтижесінде кальций оксидіне айналады. Кальций оксиді сумен әрекеттескенде кальций гидроксидін түзеді, ал соңғы қышқылмен әрекеттескенде тұзға айналады. Бұл өзгерулерді схема бойынша көрсетуге болады: Са→СаО→Са(ОН)2→ CaSO4 Мұндай өнімге бейметалдан, мәселен күкірт арқылы жетуге болады: S→SO3→H2SO4 → CaSO4 Сонымен, әртүрлі жолдармен бір ғана тұз алынды. Тұздардан бейорганикалық қосылыстардың басқа кластарына және жай заттарға кері ауысуы мүмкін. Мәселен, мыс сульфатынан оның сілтімен әрекеттесуі арқылы мыс (II) гидроксидіне өтуге болады, ал одан қыздыру арқылы — мыс (II) оксидіне, ал соңғыны қыздырып сутегімен тотықсыздандыру арқылы жай зат мысты алуға болады: CuSO4→Сu (ОН) 2→CuO→Сu Бір кластың заттарынан екінші кластың заттарын алуға негізделген бейорганикалық қосылыстардың арасындағы мұндай байланысты генетикалық байланыс деп атайды. Бірақ көбінесе заттарды алу тіке жолмен емес, жанама жолмен жүргізіледі. Мәселен, мыс (II) гидроксидін мыс (II) оксиді мен судың әрекеттесу реакциясынан алуға болмайды. Бұл жағдайда әрекеттесу болмайды. Онда жанама жолды қолданады: мыс (II) оксидіне қышқылмен әсер етіп тұз алады, ал тұздан сілтімен әсер етіп мыс (II) гидроксидін алады. Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланысты схемамен өрнектеуге болады: Металл→Негіздік оксид→Негіз ↓ Тұз ↑ Бейметалл→Қышқылдық оксид→Қышқыл
Тақырыбы: Атом құрылысы. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі мен заңы. 1. Атом құрылысы туралы көзқарастардың даму тарихы. Резерфордтың атомдық моделі. Жарықтың кванттық теориясы Бор бойынша атомның электрон қабаттарының құрылысы. Де Бройль тұжырымы Атомның квантомеханикалық моделі. Бас квант саны. Орбитальдық квант саны. Магниттік квант саны. Спиндік квант саны. Date: 2015-11-13; view: 1819; Нарушение авторских прав |