Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер қыртысын түзетін минералдардың жіктелуі





Элементтер жер қабығында көбінесе минералдар құрайды, өте таза (саф) күйінде де кездеседі. М и н е р а л деп физикалық қасиеттері мен химиялық кұрамы көбінесе тұрақты, табиғи химиялық қосындыларды айтады, оларды қолдан да жасайды. Қазірде минералдар саны үш мыңға жуық. Олардың басым көпшілігі кристалды денелер, тек бірен-сараны ғана аморфты (грекше «амор-фос»— пішінсіз) түрінде кездеседі. Минералдардың кристалдық құрамы оның геометриялық дұрыс кепжақты қасиетіне байланысты анықталады. Табиғи кристалдардың пішіндері әр түрлі. Мысалы, ас тұзы (галит) нағыз текше сияқты; тау хрусталы (кварц) екі ұшы пирамидамен үшкірленген алты қырлы призмалар түзеді; магнитті теміртас (магнетит) сегіз қырлы октаэдр пішіндес, ал гранаттер үнемі он екі жақты фигура құрайды (2.1-сурет).

2.1-сурет. Минералдар кристалының жабайы пішіндері а — текше (ас тұзы), б — қос пирамидамен ұшталған алты жақты призма (кварц), в — октаэдр (алмас, магнетит), г — ромбододекаэдр (гранаттар), д — тетраэдр (сфалерит), е — саф алтынның октаэдры

Кристалдардың тұрақты пішін түзуі оның ішкі құрылысына (кристалдық торына) бейімделген. Тор ішіндегі кристалдардың әрқайсысының құрамындағы атомдар, иондар, молекулалар сол минералға тән заңдылықпен орналасады. Бұған минералдың пішіні ғана емес, кейбір басқа қасиеттері де тәуелді болады. Минералдың кристалдық құрылымы физика-химиялық және термодинамикалық жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы, таза көміртектен тұратын екі минералды — графит пен алмасты алайық. Ең жұмсақ минерал графит алты қырлы табақша кристалдардан тұрады; ал ең қатты минерал — алмас болса текше тәрізді кристалдар түзеді.

Химиялық құрамы бірдей заттардың кристалдық торын (яғни пішіні), өзгеше кристалдар түзу қабілетін п о л и м о р ф и з м (грекше «полиморфоз» — көп пішінді, көп түрлі) дейді. Ішкі бөлшектері бірыңғай заңдылықпен орналасқандықтан, кристалдар анизотропты (грекше «анизос» — тең емес, «тропос» — бағыт) болады. Олардың физикалық қасиеттері (жылу, электр, сәуле өткізгіштігі, қаттылығы, тұтқырлығы т.б.) әр бағытта әр түрлі. Аморфты қатты заттарда, керісінше, құрамындағы бөлшектер ретсіз орналасқандықтан, физикалық қасиеттері барлық бағытта біркелкі болады. Ондай минералдарды изотопты (тең қасиетті) дейміз.

Минералдың жіктелуі. Тау жыныстарын құрауда жер қабығындағы минералдардың: тек 50 шақтысының ғана маңызы бар. Оларды ж ы н ы с түзуші деп атайды. Қалғандарының көбі шамалы ғана қоспа ретінде жынысқа кіреді, оларды акцессорлық (латынша «акцессориус» — қосымша) дейді.

Минералдар қазірде химиялық құрамы мен кристалдық құрылымына қарай жіктеледі. Жалпылық пән бағдарламасына кіретін тау жыныстарын құрайтын минералдар төмендегіше бөлінеді.

1) Таза (саф) элементтер ксыныбы. Олар алтын, күміс, мыс, платина, күкірт, графит, алмас т. б.

2) Сульфидтер — металдардың күкіртпен қосындысы. Олар көптеген металдардың

басты кендері: пирит (күкірт колчеданы)—FеS2, халькопирит (мыс колчеданы)- СuҒеS2 галенит (қорғасын жылтыры) — РbS, сфалерит (мырыш алдамышы) — ZnS т. с., т. б.

3) Галоидтер — галоген-сутек қышқылдар тұзы: галит (ас тұзы)—NаСl, флюорит (плавик шпаты) — СаF2, сильвин — КСl т. б.

4) Тотықтар мен сулы тотықтар: кварц— SіО, ақық— SiО2 2О, темір кендері — магнетит (магнитті темір-тас)—FеО 2О3, гематит (қызыл теміртас)-Fе2О3, корунд- А12О3, лимонит—(қоңыр теміртас)—Ре2О3 2O және басқалар.


5) Карбонаттар: кальцит (ізбесті шпат) — СаСО3) доломит — СаСО3 MgСО3,

малахит — СuСО3 Сu (ОН)2, азурит — 2СuСО3 Сu (ОН)2.

6) Фосфаттар: апатит Са5(FО4)з- (Р, С1, ОН); оның топырақ сияқты жабық кристалды түрін фосфорит деп атайды.

7) Сульфаттар: гипс — СаSО4-2Н2О, ангидрит (сусыз деген мағыналы сөз) — СаSО4, барит (ауыр шпат) — ВаSО4.

8) Силикаттар сыныбына жер қабығында ең көп орын алған жыныс құраушы, өте күрделі құрамды, әсіресе магмалық және метаморфтық жыныстар түзетін минералдар жатады. Олар кварцпен бірге жер қабығының 90 проценттен артық салмағын береді. Силикаттардың барлығының кристалдық торының негізіне төрт валентті SіО4 тобы кіреді. Силикаттардан оливин (Мg, Fе)SіО4, пироксендер тобы—(Nа2Са, МgFе)22О6; амфиболдар (оларды сулы пироксендер ретінде қарауға болады), слюдалар (калийлі ақшыл мусковит пен серицит, темір-магнийлі қарасы—биотит), серпентин (змеевик)— Мg[Sі4О16] (ОН)8, тәлк —Мg3[Sі4O16] (ОН)2, хлориттер (магний мен темірдің сулы күрделі алюмосиликаты), топырақ іспетті балшық — каолинит А14[Sі4O10] (ОН)8, дала шпаттары—калий—натрийлы ортоклаз—К(А1Si3O8), ізбесті — натрийлы плагиоклаздар тобын оқып, айыра білу керек.

Плагиоклаздар деп су мен сүттің әр шамадағы қосындысы секілді изоморфты минералдардың жалғасуын айтады. Олар — альбит, олигоклаз, андезин, Лабрадор, битовнит, анортит. Осы қатардың шеткі сапында натрлы плагиоклаз — альбит— Nа(А12Si3О8) пен кальцийлі плагиоклаз — анортит — Са(А12S2О8) тұр. Реттегі қалған аралық минералдар осы екеуінің үздіксіз қоспасы. Екеуінің химиялық формуласынан көретініміз — кремний тотығының мөлшері альбиттен (68,8%) анортитке (43,28%) кеми береді. Соны ескеріп сол жақ шеттегі альбит пен олигоклазды қышқыл, андезин мен лабрадорды орташа қышқыл, битовнит пен анортитті негізді плагиоклаздар деп жіктейді.

Изоморфизм — (грекше «изос» — тең, «морфэ» — форма, пішін) —деп жаңағы плагиоклаздардағы сияқты тектес құрамды химиялық қосындылардағы элементтердің бірін-бірі ауыстырып, кристалл пішіндері бірдей қосынды минералдар сапын құру қабілетін айтады. Біздің үлгімізде натрий мен кальций бірін-бірі кез келген қатынаста алмастырады.

Минералдардың жаралу тегін гректің г е н е з и с (тууы, жаралуы, тегі) деген қысқа бір сөзбен айтады. Пайда болу жағдайына қарай минералдар екі үлкен топқа бөлінеді: эндогендік (грекше «эндос» — ішкі) минералдар жер қабығының ішкі жағы мен жоғарғы мантиядағы магмалық және метаморфтық процестермен байланысты. Экзогендік (грекше -«экзо» — сыртқы) немесе гипергендік (грекше «гипер» — үстіңгі, беткі) минералдар жер қабығының үстіңгі бет жағында үгілу-тозу, тұну, шөгу кезінде пайда болады. Эндогендік және экзогендік минералдардың келесі жіктелуі осы пәннің кейінгі тарауларында сөз болады.


Минералдардың парагенезисі. Ежелгі кен қазушылар кейбір минералдар тобының әрдайым бірге кездесетінін байқаған. Осындай минералдардың бірге табылуын, яғни бірге жаралуын олардың парагенезисі (грекше «пара» — жаны, қасы, жапсары) деп атайды. Әр түрлі жаралу процестерінде тек өзіне ғана тән минералдар тіркесі (парагенезисі) сай. Мысалы, түсті металдар кенінде галенит, сфалерит, халькопирит, күміс бірге кездеседі. Кварц желілерінде алтын болуы мүмкін. Минералдардың парагенезисі кен іздеуде жол көрсетіп отырады. Мысалы, Саха-Якутиядағы көптеген алмас кеніштеріне «жол көрсеткен» оның серігі (парагенезисі) қызыл гранат—пироп болды.







Date: 2015-11-13; view: 3206; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию