Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жер қойнауының заттық құрамы
Жердің орташа химиялық құрамы метеориттердің орташа құрамының шамасындай деп саналады. Ғарыштық-химиялық және эксперименттік деректер бойынша, Жердің орташа химиялық құрамы төмендегідей (2.2-кесте). Осы элементтер жоғарыда айтылған жер қабаттарында түрліше тараған. Мантия қабаты кремний тотығына кедей, магний мен темірге бай тотықтардан тұрады. Тығыздығына қарағанда, жер ядросының тегі таза темір мен никель қоспасынан түзілгенге ұқсайды. Мантия – шартты түрде жоғарғы мантия, ортаңғы мантия, төменгі мантия болып үшке бөлінеді. Ал оның қалыңдығы жер қыртысының табаны (бұл деңгей Мохоровичич деңгейі деп аталады) мен 2900 км тереңдікте орналасқан Жер ядросы аралығын қамтиды. Мантия қабаттарын құрайтын заттар балқығын күйде болатыны белгілі. Бұл аймақтарды болмаса зоналарды “астеносфера” деп атайды. Осы зоналарда жанартау ошақтары орналасқан, сонымен бірге, Жер қыртысында байқалатын тектоникалық әрекеттердің көлдері шоғырланған, ал астеносферадан жоғары аймақ Жер қыртысын қоса есептегенде “литосфера” деп аталады. 1.1 – кесте.Жердің орташа химиялық құрамы
Жоғарғы мантия “ Мохо деңгейінен” 400 км – ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Бұл шекара неміс геофизигі Б. Гутенбергтің (1926) қҰрметіне “Гутенберг шекарасы” деп аталады. Ортаңғы мантия 400 км – ден 1000 км – ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл зонаны алғаш рет орыс академигі Б.Б. Голицын (1912) анықтады, сол себебті ол “Голицын шекарасы” деп аталады. Төменгі мантия “Голицын деңгейінен” 2900 км – ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл зона неміс ғалымдары Э. Вихерт пен Б. Гутенбергтің (1914) қҰрметіне “Вихерт пен Гутенберг шекарасы” деп аталды. Мантияны құрайтын заттардың құрамында темір мен магний элементтері басым болса, керісінше алюминий мен кремнийдің мөлшері аз. Жер қабығының құрамы. Жер қабығының құрлықтар құраған ең үстіңгі 10—15 км қабатының ғана нақты химиялық құрамын анықтай аламыз. 6000 химиялық анализді пайдаланып, осы қабаттың орташа құрамын есептеп шығарған американ ғалымы Ф. Кларк болды. Әрине, кейінірек ол сандар талай рет түзетілді. Дегенмен Ф. Кларктың 40 жыл сарп еткен еңбегін бағалап, атақты геохимик А.Е. Ферсман жер қабығындағы әр элементтің % мөлшерін оның кларкы деп атауды ұсынды. Қазіргі деректер бойынша, жер қабығының құрамына ең көп тараған — сегіз элемент. Олардың үлессалмағы 98 % асады. Date: 2015-11-13; view: 1782; Нарушение авторских прав |