Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер қойнауының заттық құрамы. Ежелгі гректер Жерді «Гея» деп атаған





Ежелгі гректер Жерді «Гея» деп атаған. Геология «Гея» деген сөзден туған. «Ге» — жер, «логос» — ілім, ендеше Жер туралы ілім. Толық айтсақ, геология — Жердің заттық құрамын, оның ішкі құрылысын, асты-үстінде болып жататын үрдістерді және олардын, тарихи дамуының заңдылығын зерттейтін табиғаттану ғылымының саласы. Дегенмен геологияның басты объектісі Жер қабығы, өйткені Жерді астрономия (космогондық тұрғыдан), геодезия, жағрафия да зерттейді.

Адамзаттың туған бесігі, аялаған анасы Жер туралы кімде-кім болса да хабардар болуы міндетті. Бұрынғы Қеңес Одағы геологиясының негізін қалаушылардың бірі, академик В. А. Обручев былай депті: «Геологияның негіздерін білмеген адам соқыр сияқты».

Геология көптеген ғылым тарауларының жиынтығы. Кейін ол кристаллография, минералогия, петрография, палеонтология, тарихи геология, аймақтық геология, геохимия, геофизика, гидрогеология, қазынды байлықтар ілімі, тағы да басқа пәндерге жіктеледі. Солардың ішінде барлығына жөн көрсететін, негіздерін қалап, сыр-сипатын беретін жалпы геология пәні — геология негіздері.

Геологияның маңызы өте зор. Ол әр түрлі қазба байлықтардың жер қойнауында орналасу заңдылығын ашып, соның арқасында оларды табысты түрде іздеудің жолын анықтайды. Сөйтіп, геология өндірістің алып ағашының түпкі тамыры болып саналады және оның алдыңғы барлаушы бөлшегіне де жатады. Былайша айтсақ, геология халық шаруашылығының бір саласы, оның өндіргіш күштері.

Жоғарыда айтылған таза практикалық мәнімен қатар, геологпя ілімінің дүние танудағы маңызын естен шығармау қажет. Барлық ғылымның ішінде оның философиялық негіздері — жаратылыстануда. Материяның алғашқы, сана-сезімнің соңғы екеніне, жаратылғанның бәрінің үнемі қозғалыс, даму жолында екендігіне осы геологияны зерттеу, меңгеру барысында тағы да көз жеткізе отырып, тарихи материализм негіздерін ұғынамыз.

Ақырында, қазіргі кезеңде геология адамзаттың тіршілігінің қорғанышы болып отыр. Айналамыздағы табиғаттың шым-шытырық бұзылысқа, өмірге қатерлі өзгерістерге ұшыраған шағында жер үстіндегі құбылыстардың жалпы заңдылығын анықтаушы геология ғана бізге көмекке келе алады.

Табиғат ғылымдарының барлығының да негізгі әдісі — эксперимент (тәжірибе). Ал Жер болса соншама, алып, оның қойнауындағы өтіп жатқан үрдістер ойға сыймастай күрделі. Ендеше геология үшін таза эксперимент қолдан келмейді. Қалғаны — бақылау, көру, іздес-тіру. Сол себептен геологияныц негізгі әдісі — жер бетін шарлап, фактілерді жинап, картаға-түсіріп, кейін оларды жіктеп, талдап, одан соң құрастырып (синтез), солардан ойша болжам (гипотеза) жасау болғаны. Ол үшін жинап-терілген фактілер геохимия, геофизика, бұрғылау т. б. арқылы дәлелденуі тиіс. Сонда болжам нақтылы теорияға көшеді. Сөйте тура геологияда анықтап дәйектеуге өте қиын болжамдар да бар.

Геологияның негізгі әдістемелік тәсілі — актуализм. Ғылымға бұл тәсілді белгілі ағылшын ғалымы Ч. Лайел 1830—1833 жылдары енгізген еді. Актуализмнің негізі — қазіргі көріп-білгеніміз өткен дүниені танып, білудің кілті. Былайша айтқанда, біз қазірде өтіп жатқан табиғат құбылыстарын (мысалы, ағын су әрекетін, теңіз-көлдің геологиялық жұмыстарын, жанартаулар қимылдарын т. б.) тәптіштеп зерттеп, олардың әрқайсысының өздеріне тән қалдырған белгілерін көріп-білеміз. Содан соң бұдан жүздеген миллион жылдар бұрын жаралған тас жыныстар ішінен сол әрекеттердің таңбаларын тауып, осы кездегімен салыстыра келе жыныстардың шыққан тегін анықтаймыз.







Date: 2015-11-13; view: 1436; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию