Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі тау жыныстарын құрайтын минералдар және оларды анықтау





Жер қыртысының негізгі тау жыныстарын құрайтын минералдар: бұл дала шпаты, ортаклаздар, плагиоклаздар, мүйіздік алдаушылар (роговая обманка), авгит, оливин, каолинит, доломит, қоңыр темір, пирит, сұр колчедан, гипс, слюда, хлорит, кварц т.б.

Дала шпаты. Дала шпатының тобына химиялық құрамы тектес және физикалық қасиеттері жақын кристалдық минералдардың көбі кіреді. Дала шпаты қаттылығы Моос шкаласы бойынша 6 және өте жақсы біріккен шыны тәрізді жалтырақ.

Ортаклаздар. Ортаклаздар калий тұзымен бірге алюминий-кремний қышқылынан тұрады (К2О Al2 O36SiO2). Олар қызғыш, от сияқты қызыл, сары немесе сұр-қызғыш түсті және ақ немесе сұр түсті болады.Оның меншікті салмағы 2,5-2,6. Бұл бір-бірінен тура бұрыш бойынша екі бағытта жатақтылықпен бөлінеді.Ортаклаз гранит, сионит және басқа тау жыныстарының құрамында үлкен мөлшерде жиі ұшырайды.

Плагиоклаз. Бұл натрий, калий тұзымен бірге алюмений, кремний қышқылынан тұрады. Мұнда натрий мен калийдің қатынастары әртүрлі СаО (Na2OAl2O3-2SiO2)Олар көлбеу бұрышпен бөлінеді, түсі көбінесе қара-сұр немес сұр: меншікті салмағы 2,2-2,6 г/см3.

Мүйіздік алдаушы және авгит. Бұл екі минерал күрделі силикатқа жатады (кремний қышқылының тұзы). Олардың құрамында темір, кальций және магний бар, Моос шкаласы бойынша 5-6 арасында. Меншікті салмағы 2,9-3,5 г/см3. Түсі қара жасылдан қараға дейін. Мүйізді алдаушы, граниттер, сиониттер, диориттер және басқа да тау жыныстарының бір бөлігі болып саналады.

Слюда. Бұның екі түрі бар: бірі биотит – қара слюда, екіншісі – ақ слюда. Биотит пен мусковит құрамында темір, магний және калий бар күрделі алюминий силикат қышқылына жатады. Слюданың бір айырмашылығы оның мүлтіксіз біріктілігі. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 -3, түсі шыны немесе інжу тәрізді, меншікті салмағы 2,7 -31 г/см3.

Оливин (перидот). Бұл темірлі магний мен орта кремний қышқылынан тұрады (MgFeSiO2). Бұл оливково-жасыл кристалдық минерал болып, қаттылығы 6-7 аралығында, меншікті салмағы 3,2 – 3,6 г/см3. Оливин диабаз және базальт сияқты тау жыныстарының құрамына кіреді. Кейбір тау жыныстары толық оливеннен тұрады. Мысалы: дунит, перидотит.

Хлорит. Күрделі су силикатынан құралған. Бұл екінші дәрежелі минерал болып жоғарғы температура жән үлкен қысымның әсерінен слюда, мүйізді алдаушы немесе авгиттың бөлінуінен пайда болады. Мұнда температура минералдың балқуынан жетпейді. Хлорит үшін жасыл түс, қаттылығы үлкен емес. Моос шкаласы бойынша 2-3 және шыны тәрізді жапырақ. Меншікті салмағы 2,6-3, г/см3.

Каолинит. (2H2OAl2SiO2). Бұл дала шпаты және басқа да алюминий силикаттарының мүжілуінен пайда болған. Топырақ түстес минерал. Түсі ақ немесе сарғыш түсті ақшыл жалтырақты. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 1,5 аралығында жататын минерал.

Химиялық құрамы бойынша – алюминий кремний қышқылынан тұрады. Таза күйінде каолинит басқа сазды грунттар сияқты аз жолығады.

Кальцит. Бұл екінші дәрежелі минерал болып карбонаттар тобына кіреді. Калцит көзге көрінетін кристалдан құралып соққының салдарынан ол біріккен жатықтықпен бөлінеді. Түсі ақ қаттылығы Моос шкаласы бойынша – 3. Кальцит табиғи жағдайда үлкен топталған күйде ұшырайды. Мысалы: мәрмәр және басқалар.


Кальцит көмірқышқылын шығарғандықтан 10 % НСL қайнағанда оны тез анықтауға болады.

СаСО3 + 2НСL= CОCL2+H2O+CO3

Кальцитке химиялық құрамы бойынша ең жақын минерал, бұл доломит, ол екі тұздан кальций мен магнийден құралған (CaCO3 Mg Ca3). Бұл кальцитке қарағанда біраз қаттылау. Моос шкаласы бойынша 3,5-4,0 және 10% HCl қайнайды.

Кварц. Екі тотықты кремнийге (SiO2)жатады. Кварц тотықтар тобына жатады. Табиғатта көп ұшырайтын минерал. Көбінше ол түссіз немесе ақшыл түске ие, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 7 жылтырлықғы шыны тәрізді, тәртіпсіз сынады, меншікті салмағы 2,6 г/ см3. таза күйінде кварц басқа тау жыныстарының ішінде кейбір кезде кездеседі.

Физикалық және химиялық жағынан кварц тұрақты өзгермейтін минералдарға жатады. Тынық күйіндегі кристалды кварцтарды хрусталь деп атайды. Таза кварцтан тыс тұнық көрінбейтін кварцтарда ұшырайды.

Құба темір немесе лимонит (2Fe2O33H2O). Топырақ түстес адыр –бұдырлы минерал. Бұл 4-ші топ су тотықтар (гидроокси) тобына жатады. Түсі құба – сарғыш, қызыл – құба, сарғыш, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 5,5 аралығында, меншікті салмағы 3,4 – 3,5 г/ см3. Бұл екінші дәрежелі минерал болып магнитті темірдің ажырауынан пайда болған. Құба түстес темір табиғатта көп таралған минералдардың қатарына жатады. Ол таза топталған күйінде немесе тау жыныстарына ораласқан қоса күйінде жолығады.

Пирит немесе сұр колчеган (FeS2). Сарғыш алтын тәрізді түске, ие, қаттылығы Моос шкаласы бойынша - 7 меншікті салмағы 5г/см3 , металл тәріздес. Ауа мен судың әсерінен пирит мүжіліп, күкірт қышқылы пайда болады. Пиритті ұзақ пайдаланатын құрылыс ғимараттарында пайдалануға болмайды, ол мүжіліп ғимараттың пайдалану мерзімін қысқартады.

Гипс (CaSO4 2H2O). Бұл кристалдық минерал болып табылады, көбінесе ақ түсті немесе сарғыш, қызғыш түсті. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша – 2 жалтырақтығы шыны тәрізді немесе інжу тәрізді. Меншікті салмағы – 2,3 г/см3.

Минералдарды анықтау. Минералдар оптикалық, химиялық және басқа да әдістермен анықталады. Минералды анықтау дала жағдайында көзбен көру макроскопиялық әдіс арқылы минералдардың физикалық қасиеттарін анықтау көп қолданылады. Минералдарды макроскопиялық әдіспен анықтауда қарапайым, құралдар мен реактивтер пайдаланылады. Бұлар балға, қалам шығаратын пышақ, лупа айна және 10% тұз қышқылы.Осы құралдар бойынша минералдардың түсі, қаттылығы, біріктілігі, жалтырақтығы және сынуы анықталады.







Date: 2015-11-13; view: 1807; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию