Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ағынды сулардың геологиялық әрекеті





Беткі суға атмосфералық жауын-шашыннан бастап ірі өзен ағыстарына шейін жатады.

Олардың құрлық бетіндегі денудациялық жұмысы алуан түрлі. Сол себептен ағын суды жер

бейнесінің мүсіншісі дейміз. Беткі су жер бедерін бұзады да оны үнемі аласартып отырады. Ағын

судың жұмысы оның келемі мен жылдамдығына тікелей байланысты. Ол жұмыс судың шаюынан,

кеміріп- жыруынан, шайындыны төмен тасымалдауынан, ақыр аяғында оны жинап-үюден

құралады. Осының барлығын біріктіріп ф л ю в и а л д ы қ (латынша «флювио» — ағын, тасқын)

процестер деп атайды.

- Беткейдің көлкіме ағыны.

Жауын-шашын, қар еруі кезінде көлкіген су күші мардымсыз, сонда да сорғалап аққан су үгілу-

тозу кезінде пайда болған майда үгіндіні беткейден төмен ығыстырып, шайып-жуады. Соны а л а

ң- д ы қ ш а ю дейді, шайылған жумасы тау-төбенің бектері мен етегінде жиналады да оны

д ел юв и й (латынша «делюо» — шаямын) деп атайды (сурет).

Делювийдің калыптасуы

I — беткейді шаюдан мыжылған беттің сызыгы, 2 — шайылған түс.

3 — делювий

Делювий шөгінділер етекті жамшыдай (шлейф) көмкереді. Оның ең қалың жері де осы етекте

болады. Тегістіктен шаю салдарынан баурайдың тіктігі біртіндеп еңкіштеніп, кейде ойысталып

кетеді. Делювий үйіндісінің жоғарғы басында құм, қала берсе түйіршік, малта жиыны болса,

төменгі етегінде майда сазды, құмайт жыныстардан түзіледі. Сол сияқты жазық далаларда да ұсақ

үгінділер орын алады. Оған далалы елкенің шөбі селдір болуының да әсері бар. Лайлы су

сорғалап, тік етектегі ірі қорымдар кесектерінің арасын бітейді. Бұдан көретініміз, делювий

шөгінділері қат-қабатка жіктелмейтін біртұтас, жұмырланбаған, түйіршіктерінің өлшеміне қарай

сұрыпталмаған, арасында жануар, өсімдік қалдықтары жоқ жыныс үйіндісінің құрамынан тұрады.

- Түрақсыз ағынның әрекеті.

Біркелкі тегістікті шаю жер беті жазық болғанда ғана орын алады. Әдетте жер үстінде табиғи

жолмен немесе адам әрекетінен жарал- ған әр түрлі шұңқыр, ор-жылғалар жиі кездеседі. Оларға

куйған су ағысы күшейіп, бетті ойып, жыртып әкетеді. Осы әрекетті э р о з и я (латынша «эродо»

— жырту, ке- міру, сою) дейді. Соның салдарынан жыралар туады. Басында пайда болған

кішігірім ойыстарға жауын-шашын жинала келе күшейіп, ойыстың беті мен шетін орып кетеді.

Жыра өз бойынан төменге қарай да, ең басынан да өсе бастайды. Ол шақта жыраның бойлық

қимасы өте тік, түбі де ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да түпкі эрозия күшті бойлайды.

Келесі күшті жауын немесе қар күрт еріген кезде ағын жыраның жар басын жоғары қарай әрі

жырып-сойып кете барады. Сөйтіп жыл сайын жыруы су айырыққа қарай өсе түседі. Жыраның

осылайша ұлғаю проңесін к е р і (р е г р е с с и в т і к) эрозия дейді. Жыралар жан-жағына да

тармақтана келе көп ау-мақты жыртып өтеді.

Жыралау эрозиясының қарқыны көп жағдайға — климатқа, жер бедеріне, жердің геологиялық

құрылысына, өсімдік жамылғының қою, селдірлігіне байланысты. Кейде адамның шаруашылық

әрекетіңен де, мысалы, егіндікті дұрыс жыртпау, туады.

Жер беті жұмсақ жыныстардан түзілген аймақтарда сай-салалар сілемдері тез өседі.

Жол-жөнекей алапат тасқын дөңбек, малта, қиыршық тастарды, құм-лайды қоса ағызып,


жолындағының барлығын күйретеді, жайпайды. Тасқьш тау етегіне жеткен кезде оның ағыс

жылдамдығы кенет басылады да ағын көптеген тарамдарға бөлінеді. Содан күші шұғыл кеміген

тасқын ағызып әкелген жыныс бөлшектерін бөктерге жайып салып шөктіреді. Осы жыныстар

жиынтығын ыс ы р ы н д ы к о н у с дейді. Оның тау жақ үшкір бұрыштарында ірі дөңбек, шала

жүмырланған малталар, кесектер жиналады. Етектен алыстаған сайын құм, құмайттар шөгеді.

Ысырынды конустың сыртқы шегін шаң-тозаңнан түзілген лёсс, лёсс тұқымдас тунбалар алады.

Шөгінділердің осы түрлерін ғалым А. П. Павлов пролювий (латыпща «пролюо» — жуин-шаю)

деп атады. Сол себептен алдыңғы майда түйірлі шөгінді келесі зор тасқынның ірі үгінділерімен

қөміледі. Керісінше, одан кейінгі мардымсыз тасқындылардың бетін ұсақ түйірлі келесі

шөгінділер жабады. Сейтіп, осылайша кездескен жағдайдан өте күрделі кабаттасу кұралады.

- Өзеннің геологиялық жұмысы.

Өзен суы жер бетіндегі және жер астындағы сулардан құралады. Өзеннің суы жыл маусымына

байланысты сабасы жоғары немесе төмен болады. Жазғытұрым қар ерігенде өзендер жағасынан

шығып, Қазақстан жерінде бір-екі айда өзен суының 70—80 проценті ағып өтеді. Жаз аяғында

сабасы ең төменге түсіп, қайырланып, жеке қарасуларға бөлшектеніп қалады. Биік таулы қар (мұз)

суымен қорланатын өзендердің биік сабасы керісінше шілде кезінде болады.

Сабасы толған кезде су көлемі 5—20 есе өседі, ағыс жылдамдығы су деңгейі төмен кезде

жазықтардың ірі өзендерінде секендіне 1 —1,5 м (сағатына 3—5 км), таулы өлкелерде — 3—5 м

(сағатына 15—45 км) шамасында. Өзен арнасының ең терең, жерінде ағыс катты болады да,

жағалау және түп беттерінде судың сүйкеліп қақтығысуынан ағыс баяулайды. Өзеннің бойында да

оның ылдиы езгеріп, қайраң, апан тұстарьнда ағыс жылдамдығы кемиді. Өзен сағасында су

ауытқып, теңселіп, құйы н ш а (т у р б у л е н т т і) ағады. Соның салдарынан су ирелеңдеп, оның

барлық массасын түбінен бетіне дейін алмастырады, үгінділерді көтеріп, сүйреп, сыпырып

отырады.

Өзен суының күшін оның энергиясы (т і р і к ү ш і) дейді. Ол судың массасы (т) мен ағысының

жылдамдығы (У) тікелей байланысты: К = ^ү-. Неғұрлым осы екі сан артық болса, соғұрлым


өзеннің жұмысы да күшті. Қейінгісі:

1) эрозиядан (жырып-кеміру),

2) эрозия мен үгілуден пайда болған және еріген заттарды тасымалдаудан,

3) аккумуляциядан (шөгуден) құралады.

Түпкі эрозия. Өзен аңғарының бас жағында тереңдік эрозия басым болады. Тасқын тау

жыныстарын бұзып-жарып, өзінің құятын көл немесе теңіз деңгейіне тепетеңдік б о й л а у

қ и м а с ы н жасайды.

Содан осы деңгейді өзеннің э р о з и я б а з и с і деп атайды. Өзеннің бастапқы (жас) кезінде

оның аңғары кері эрозия арқылы эрозия базисінен жоғары қарай қалыптасады.

Әдетте өзен аңғарының бойы үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде эрозия тереңдеп және

жоғарғы су айырық бетке қарай жылжиды. Өзеннің орта шетінде ағын энергиясы көтерген

үгіндіні тасымалдауға жұмсалады. Өзеннің төменгі тұсында аккумуляция басым болады.

Бүйірлік эрозия. Өзеннің бойлау қимасы жатықталған сайын түпкі эрозия біртіндеп

баяулайды да бүйір эрозия күшіне кіреді. Өзен арнасының бойында бойлау ағыстан көлденең

бағытты ағыстар туады. Олар әуелі су түбіне жетеді де жағаға қарай ұрынады. Содан су тубі

шайылып, үгінді жағаға соғылады. Оның бір шамасы жаға бойында шөгеді де арна жиегінде

қайраңдар түзеді. Өзен суы қайраң жиегіне соқтығып, ағыс жылдамдығы баяулайды да, алдынан

кездесетін кедергіні «сезгендей» олай-бұлай бұлаңдап ирелеңдей бастайды. Сөйтіп, арна өз

жағасын кеміре береді.

Тасымалдау (транснортировка). Өзен ағыны жол-жөнекей бузылған жыныстар түйіршіктерін

төмен тасымалдайды. Бұл құбылыс үш түрлі болады: 1) су түбінен сүйретіп, сыру; 2) суда

қалықтаған лай; 3) судағы ерітінді түрінде. Жыл сайын барлық өзендер арқылы 1 млн. тонна

үгінді сырылып, қалықтау жолымен 12,7 млн. тон- на, ерітінді ретінде 3,6 млн. тонна

тасымалдайды. Түбінен сырылған және оған ерген лайды өзеннің қ а т т ы а ғ ы н ы деп атайды.

Бүл сан ете аумақты. Мысалы, Амудария өзенінің қатты ағыны жылына 570 млн. тон- на, Еділдікі


— 43 млн. тонна лай ағызады. Өзен түбінен суйретілген кесек-түйіршіктер диірмен тасындағыдай

түбін тағы да жыртып, кеміріп, түпкі эрозияны күшейте түседі. Олардың өзі де сынып, қажалып,

жұмырланып, малта тасқа, жұмыр қиыршыққа, құмға айналады. Түптен ысырылып

тасылмалданатын кесектердің массасы ағын жылдамдығының алтыншы дәрежесіне тең.

Сондықтан да кесектердің көлемі тау өзендері мен жазык өзендерінде әртүрлі. Деңбек тасты

тасымалдау үшін ағыс жылдамдығы 4,87 м/с, малта үшін — 1,62 м/с, ірі құм үшін — 0,21 м/с-ге

жетуі қажет. Тау өзендерінің аңғарында шөгінділері көбінесе малта—кейде дөңбектастардан

тұрады. Жазықтағы өзен аңғарында құм жинағы басым келеді.

Аккумуляция (шөгінді). Өзен ағынының бастапқы эрозиясы басым сатысында-ақ оның

аңғарының кейбір тұстарында үгінділер шөге бастайды. Тасқын кезінде су молайып, ағын өскен

шақтарда үгінділер қайтадан ысырылып, төмен кешеді. Өзеннің бойлау қимасы жатықталып,

аңғары кеңи түскен кезде оның арна жиектерінде енді аумай-көшпей орнында қалатын шегінділер

жиналады. Кейінгілері әуелі аңғардың теменгі тұсында шоғырланады да өзеннің бойлау қимасы

тегістелген сайын орта шенінде де үйіледі.

Өзен аңғарында үйілген ағын шәгінділерінің жинағын а л л ю в и а л д ы қ ш ө г і н д і л е р

немесе қысқаша аллювий (латынша «аллювио» — үйінді, салынды) деп атайды. Олар ірілі-уақты,

әр түрлі іріктеліп, жұмырланған кесек жыныстардан тұрады.

Өзен аңғарлары. Өзен аңғарларының даму жолында оның морфологиясына сай бірнеше және

бірізді сатыларын байқауға болады. Бірінші сатысы түпкі эрозия басым кезінде болады да оны ж а

с ш а ғ ы деп атайды. Ол кезде ариа бойында қайраң, табалдырық, сатылар, сарқырамалары бар тік

таулы аймақтарда өтеді. Бұл тұста ағыс күшті болған соң терең аңғарлар түзіледі. Көлденең

қимасының пішініне қарай олар бірнеше түрге бөлінеді (сурет). Ш а т т а р (қ а п ш а ғ а йл а р) —

қысталаң терең, тік жақ бетті аңғарлар. Қ а н ь о н д а р деп терең, тік бетті, келденең қимасы

латыпның V әрпіне ұқсас шатқалдарды айтады. Қаттылығы, беріктігі әр түрлі, оның үстіне жазық

бағытта қабаттасқан жыныстарды су сойып өткен жағдайда ондай аңғарлардың бет жағы сатыша

кемерленіп жаралады: денудаңиядан беттері тегістелген қатты жыныстар қабаттарының

беттерінде террасаға ұқсас жазық алаңшықтар пайда болады да кемерінде тік жарлар қүрайды.

Өзен аңғарларынын көлденен кималары а,—шатқал, б — V пішінді, в-U пішіиді, г — жәшік

пішінді

Кейінгі сатыда аңғарда бүйірлік эрозия күшейе түседі ағыс бір беттен екінші бетке

аунақшып, өзен ирелеңдей түседі. Содан келіп өзен о й д ы м д а р ы (м е а н д р а л а р ы) пайда

болады.

Өзен кобыларынын. біртіндеп ығысуыныц ыкліам- сызбасы (а, б)

А — бастапқы сатысы кезекті сатыларда біртіндеп ығысуы, Б —

ойдымнық түзілуі







Date: 2015-11-13; view: 3729; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.02 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию