Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Франция





Францияда арнайы білім беру өз күшін даму кемістіктері бар балалардың көпшілігін жалпыға білім беру мектебіне интеграциялауға бағыттайды. Жалпыға білім беру процесіне даму бұзылыстары бар балаларды қосу төрт нұсқалар бойынша іске асырылады:

І нұсқа: бала жалпы бағдарламалары бойынша оқиды, бірақ мектеп қабырғасында және мектептен тыс уақытта оған қосымша қызметтер ұсынылады: емдеу шаралары, тәрбиелік мінезді шаралар және т.б.

ІІ нұсқа: бала жалпы мектеп бағдарламалары бойынша оқиды, қосымша қамқорлықпен пайдаланады және қосымша арнайы бағдарламалар бойынша оқиды.

ІІІ нұсқа: негізгі мектептік уақытта бала арнайы сыныпта арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуы тежелген балалар). Уақыттың екінші бөлігінде өзімен жасты балалармен жалпы бағдарлама бойынша оқиды.

IV-нұсқа: бала тек арнайы сыныпқа барады, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте бұл интеллект бұзылыстары бар балалар). Бірақ ол мектеп өміріне тікелей қатысады: бірге тамақтану, тәрбиелік іс-шаралар мен уақытты бірге өткізу, спорттық жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысу.

«Мектептік бейімделу мен интеграциялану» Француздық Ұлттық Орталықтың мәліметтері бойынша, мемлекетте соңғы бірқатар жылдарда арнайы сыныптардың жойылуы жүргізіледі, 1991 жылдан бастап арнайы педагогикалық комиссия арқылы жіберілетін ақыл-есі, сенсорлық немесе моторлық бұзылыстары бар балалар мен қалыпты балалар оқитын мектептік интеграциялау сыныптары құрыла бастады. Франция интеграцияға бағытталды, ал бұл жағдай дәстүрлі арнайы мектептердің бағытын өзгертуге соқтырды - балалардың бір бөлігі интеграциялау сыныптарына немесе жеке оқуға жіберілді. Арнайы мамандардың біреулері оқыту қызметіне және үйде арнайы көмек беруге қосылды, ал басқалары жалпыға білім беру мектептерінің оқушылары мен педагогтарына көмек көрсетуді іске асыруда.

АҚШ

АҚШ-та 1875 жылдан 1914 жылға дейін міндетті білім беру енгізілген,осыған байланысты ақыл-есі кем деп саналатын, «іс-әрекеті тәртіпке салынбайтындар» кереңдер немесе физикалық мүгедектер сыныптары құрылған. Осы кезеңде Ұлтық білім беру ассоциациясы арнайы білім беру Департаментін құрды. Интеллектті өлшеу тесттері дамыды, эмигранттардың саны артты, ұйымдастырылған жұмысшылар күші өсті, психологиялық теориялар дамыды. Осы факторлардың барлығы, жеке ерекшеліктер мен потенциалды анықтау мен өлшеу принциптері пайда болып жатқан, мектептік жүйеге әсер етті. 20 ғасырдың 60-70-ші жылдары, оқушылардың сәтсіздіктеріне кінәлі, мектепке қарсы дауыстар көтерілді. «Ерекше» балалардың ата-аналары ұтып алған бірнеше соттық исктерден соң АҚШ-та 1975 жылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдерді ұсынатын № 94-142 Мемлекеттік заң қабылданды:

- минималды шектеулері бар ортада білім алу;

- тегін және адекватты білім беру қызметтері;

- әділетті және дискриминацияланбаған бағалау және қажетті құқықтық қамтылу;

- жеке (индивидуалды) оқу жоспары.

1977 жылы қабылданған «Барлық мүгедек балаларға білім беру» Заңында арнайы білім алуда мүгедек балаларға қажетті көмек пен қосымша қызметтер тізімі қарастырылған: көлік, логопедиялық, аудиологиялық, психологиялық қызметтер, физиотерапия, рекреация, оккупациондық терапия, ерте идентификациялау, медициналық қызметтер, мектеп дәрігері немесе медбике, мектептік әлеуметтік қызметкер, психолог, балалар мен отбасына әлеуметтік жұмыстың қызметі, ата-аналарға кеңес беру және дайындау. 1990 жылдарда АҚШ-та мүгедектігі бар барлық балаларға білім беру, оның индивидуалды (жеке) оқыту принципімен заңы қабылданды.


АҚШ-тың арнайы білім беру аймағында жүргізілетін, қазіргі уақыттағы саясаты жалпыға білім беру мектептерінде арнайы білім беруді қосуды көздейді. Бұл бірігудің негізгі үш бағыты ұсынылады:

1) «негізгі бағыт»

2) «жалпыға білім берудің инициативасы»

3) «қосу» (енгізу)

Бұл бағыттар арнайы білім беру аймағында талқылау мен дау-дамайды туғызады.

«Негізгі бағыт» - жалпыға білім беру мектептер жанында арнайы сыныптардың ашылуын және қалыпты дамитын оқушылармен біріккен іс-шаралар өткізуді қарастырады. Қазіргі уақытта АҚШ-та негізгі бағытпен ерекше қажеттіліктері бар балалардың 25,2% қамтылған.

«Жалпы білім беру инициативасы» - бұл бағытты 1986 жылы АҚШ-тың білім беру департаменті жаныңдағы арнайы білім беру бөлімі ұсынған. ЖББИ «негізгі бағыт» концепциясынан асып, даму бұзылыстары бар оқушыларға білім беру жағдайын түбегейлі өзгертуді, яғни балалардың жалпыға білім беру мектебінің қалыпты сыныпта оқуын ұсынды. Бұл үшін келесі оқу жағдайларын құру қарастырылды:

- сыныптағы балалар санының аз болуы;

- жеке оқу бағдарламасы;

- дайындалған педагогтар мен басқа мамандардың болуы;

- оқу процесінің сәйкес жабдықталуы;

- реабилитациялау бөлмесі жағдайында қосымша сабақтардың жүргізілуі және т.б.

Бұл бағытпен қамтылған балалар саны, барлық мектеп жасындағы бұзылыстары бар балаларға шаққанда, шамамен 35,5% тең. Жалпыға білім берудің кейбір дефектологтары және басшылары ЖББИ бағытын қолдайды, ал жалпыға білім берудің кейбір дефектологтары мен мұғалімдерінің ойынша, ЖББИ ауытқушылықтары бар оқушыларға әсерін түсіну үшін қосымша тәжірибе мен зерттеулер қажет.

«Қосу (енгізу)» моделінің мақсаты - бұзылыс түрі мен оның көрініс табу деңгейіне қарамастан, мекен-жайы бойынша барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу, яғни осындай жұмыс арқылы арнайы білім беру жүйесінің жойылуын аяқтау. «Қосу (енгізу)» моделін іске асыру үшін бірқатар талаптарды орындау қажет:


- қалыпты дамитын және «қосылған» балалар арасында анықталған сәйкестікті сақтау;

- «қосылған» балалр санының аз болуы;

- мектепте әр оқушыға жеке жоспар құрастыратын қажетті мамандардың (болуы) болуы.

Жеке (индивидуалды) оқу бағдарламаларының мазмұнында келесі компоненттердің болуы ұсынылады:

- осы сәтте баланың оқу мүмкіндіктерінің деңгейі туралы толық мәлімет;

- бағдарламаның бір жылдық және қысқа мерзімді мақсаттарының анық белгіленуі;

- ерекше құрылымдарының тізімі (кемістіктері) және балаға ұсынылуы тиіс қызметтер, оның үнемі жүргізілетін жалпы мектептік бағдарламаларға қатыса алу мөлшері;

- қызметтерді көрсету күндері (уақыты) және қызметтердің созылмалығы (қызмет көрсету ұзақтылығы).

Баланы объективті бағалау критерийлері; қысқа мерзімді оқу мақсаттарының нәтижелілігін анықтауға арналған аттестациялық шаралар мен жоспарлар.

Қарапайым талдаудың өзі көрсетті, «қосылған» білім беру жағдайында мақсаттар мен міндеттерді жаңа қырларынан қарастырып, көлемді материалдық ресурстарды жұмсауды қажет етеді, яғни мамандарды дайындауда басқа бағыттарды пайдалану керек. Интеграция модельдерін іске асыруда мұғалімдердің құзырлығына қойылатын жоғары талаптармен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Мұғалім қалыпты деңгейлі балалармен қатар түрлі даму бұзылыстары бар балаларды да оқыту алуы тиіс.

Қазіргі уақытта АҚШ-та 1990 жылы қабылданған даму бұзылыстары бар тұлғаларға білім беру туралы Акт деп аталатын заң қолданылады. Ол заң жалпыға білім беру жүйесінде баланың қажеттіліктеріне сай тегін білім алуын қамтиды. Ата-аналар бала дамуындағы бұзылыстардың ерекшеліктерін сипаттайтын немесе жоқ болуын көрсететін, баланың оқу мүмкіндіктері туралы қорытындыны мектептерден талап етуге құқылы. Мектептерге мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау міндеті жүктеледі. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес, қосымша қызметтер алуға да құқық береді (көлік, логопедиялық сабақтар, психологтың көмегі, аудиологиялық тексеру және т.б.). Заң бойынша әр балаға жазбаша түрде қорытынды жасалып, жеке білім алу бағдарламасы құрастырылады. Жалпыға білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды міндетті түрде оқыту, минималды шектеулермен оларды ортаға қосу іске асырылады.


2001 жылдан бастап АҚШ-та федералды деңгейде білім беру саясаты «Бірде бір бала заңнан тыс қалмайды» (NCLB) құжатымен реттеледі. Бұл заң 2014 жылға дейін 100% оқушылардың үлгерімі білім беру стандартына сай болуын талап етеді. Бұл жолда «бір жыл ішінде өсуді» көрсетпеген мектептер мемлекеттік қаржылауды жоғалтады.

Сонымен, Ұлыбританияның, Португалияның және АҚШ-тың нәтижелі тәжірибесін қарастыра отырып, инклбзивті білім беруде жетістіктерге жетуге қажетті шарттарды анықтауға болады. Бұл:

- инклюзивті мектептік қоғамды құруда сыртқы күштермен қолдау көрсетліген алғашқы кезеңдегі мотивация;

- қызметкерлер мен оқушылар арасындағы түрлілікті кедергі емес, ресурстар деп қабылдау;

- оқушылар мен мектеп мамандарының өзара байланыста болуы және топтық бірлесу;

- жүйелі дамуды қолдауға бағытталған жұмысқа барлығының қатысуы;

- инклюзивті білім беруді әлеуметтік жіне саяси әрекеттер бағдарламасы деп түсіну.

Инклюзивті білім беру идеяларын іске асыру, барлық оқушылардың қажеттіліктеріне жауап бере алатын педагогиканы дамыту - қиын міндет. Инклюзивті білім беруді нәтижелі енгізуді қиындататын себептерге жатқызуға болады:

- жалпы және арнайы білім беру арасында байланыстың жоқ болуын;

- инклюзивті қауымдастықты құру процесіне қатысушылардың ортақ құндылықтары мен жалпы тілдесу тілінің жоқ болуын.

Еуропалық даму агенттігінің баяндамасында қазіргі уақытта пайдаланылатын қолдау көрсетудің негізгі 4 түрі қарастырылған:

- превентивті шаралар;

- мәліметтік-кеңестік қолдау (бала қиындықтарының мінездемесі, арнайы оқу материалдарымен, оқытудың техникалық құралдарымен, арнайы оқыту әдістерімен және т.б. танысу);

- оқу процесін және оқу бағдарламасын дифференциациялау (жекелендіру, бейімдеу);

- жалпыға білім беру мектептерінің ортасына интеграцияланған баланың оқуы мен оқу жағдайын жақсарту (мамандардың мұғалімдер мен әкімшілікке кеңес беруі, олардың біліктілігін жоғарылату, жауапкершілікті бөлу, мекемені материалды-техникалық жабдықтау және т.б.).

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік білім беру интеграциясын ұйымдастыруда әр мемлекеттің тұрғындарының әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық менталитеті, өз тәжірибесі мен өзіндік бағыттары бар. Бірақ басқалардың тәжірибесі, нормативті-құқықтық базасы халықаралық тәжірибеде дәлелдеді: инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы, оны іске асырудағы жүйелілігі, реттілігі, үздіксіздігі, кезеңділігі - қоғамның толеранттылығын талап ететін ұзақмерзімді стратегия. Бұл мағынада адамды оның қабілеттері мен жетістіктерінен тәуелсіз бағалануын, құқықтарын қамтитын, мектептік қауымдастықты құруға дайын әрбір мұғалімнің жетістігі болып инклюзивті білім берудің философиясы мен принциптері табылуы тиіс.

 

Пысықтау сұрақтары

1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын негіздейтін халықаралық нормативті-құқықтық құжаттарға мінездеме беріңіз.

2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын негіздейтін отандық нормативті-құқықтық құжаттарға мінездеме беріңіз.

3. Шетел мемлекеттерінде интеграциялық білім беруді нәтижелі іске асырудың алғышарттарын талдаңыз.

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Италияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Ұлыбританияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

6. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің АҚШ-да қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

7. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Данияда, Норвегияда, Финляндияда, Нидерландтарда және басқа мемлекеттерде қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

8. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Францияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

 







Date: 2015-10-19; view: 1876; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию