Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дания, Норвегия, Финляндия, Нидерландтар
Данияда арнайы мектеп-интернаттарда күрделі эмоционалды бұзылыстары бар балалар оқиды, арнайы мектептерде - терең ақыл-есі кем балалар, ал басқалар үшін жалпыға білім беру мектептерінде арнайы сыныптар ашылған. Данияда арнайы білім беру аймағындағы саясаттың стратегиялық бағыты болып интеграция қабылданған. Норвегияда интеграция процесі 20 ғасырдың 80 жылдарында басталды, бірақ 20 ғасырдың 90 жылдарының басында арнайы мектептердің көбі жабылып, қазіргі уақытта оларда мүмкіндігі шектеулі балалардың шамамен 1% ғана оқиды. Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер жүйесі мен жалпыға білім беру мектептер жанындағы арнайы сыныптар жүйесі қатар жұмыс атқарды. 20 ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан бастап арнайы білім беру аймағындағы мемлекет саясатының негізгі бағыты интеграция болып табылады. Нидерланды мемлекеті 20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап жалпы және арнайы білім беруді біріктіруге ұмтылып, «мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік жоба арқылы интеграциялық бағытты енгізуде. Аталған обаның мақсаты-жалпыға білім беру мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды қажетті психологиялық-педагогикалық көмекпен қамту; арнайы мектептердің оқушыларының санын тұрақтандыру; ақыл-есі кем және психологиялық дамуы тежелген балаларға арналған мектептердің саны артуына жол бермеу. Нидерландтарда, Бельгияның Фламанд аймағында сияқты, арнайы мектептер жүйесі бұрынғыдан бар және өте жақсы дамыған, ал кейбір ғалымдар бұл жағдайды инклюзивті білім берудің дамуына үлкен кедергі жасайды деп санайды. Греция Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты бала бақшалармен мектептерге интеграциялау идеясы Грецияда 1974 жылы ұсынылган, бірақ көптеген басқа мемлекеттерге қарағанда, интеграциялау процесіне көшу шешімі қызығушылығы бар топтардың (педагогтар мен ата-аналар) қысымымен емес, қабылданган заңнаманың (1981ж.) пайда болуымен байланысты. Мемлекетте интеграция процесі жай іске асырылуда, өйткені: 1) қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалардың қалыпты мектептерге физикалық тұрғыдан қолжеткізудің мүмкін еместігі; 2) кеңінен қолжетімді тесттермен анықтауда дәстүрлі әдістердің жоқ болуы; 3) ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жұмыс жүргізу әдістерінің педагогтарға үйретілмеуі; 4) жергілікті басшылардың ерте көмек беру мен интеграциялау жұмыстарын назарға алмауы (оларды қымбат деп санағандықтан); 5) қажетті қызметтерді ұсынатын орталықтардың жеткіліксіздігі (физикалық терапия, логопедия, психологиялық көмек беру, құқықтық қолдау және т.б. аймақтарында). Индия 1986 жылы ұсынылған және 1992 жылы толықтырылған ұлттық білім беру заңы көптеген мамандардың бірқатар аймақтар өкілдерімен басқа да қызығушылығы бар тұлғалардың көмегімен құрастырылған. Бұл бағдарламаның шеңберінде бүгінде мемлекетте қолданылатын, барлық тұрғындарға білім алу жағдайы жасалуы керек. Заңның негізгі баптары білім алудағы кедергілерді жоюға және ерекше қажеттіліктері бар және мұндай мүмкіндіктері болмағандарға, тең құқықтармен мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттің көптілділігін, діни және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, көп ғасырлар бойы колония статусында болуында ескеру қажет. Мүгедек балалар, қыздар, алыс аймақтарда тұратын балалар, аз ұлттарға жатқызылатын топтардың балалары қосымша назарды қажет ететіндер қатарына жатқызылған. Сонымен бірге ерекше шеттетілген топтарға «қол тигізуге болмайтындар» кастасы мен кейбір тайпалар жатқызылған. Date: 2015-10-19; view: 1369; Нарушение авторских прав |