Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды алғашқы анықтауда педагогикалық бақылауды қолдану





Қалыпты жастық даму сызықтығының жеке нұсқалары шегінен асқан, жасырын «донозологиялық», әлсіз көрініс табатын даму ерекшеліктерін анықтау және келешекте оларды жеңуге бағытталған жағдайларды қалыптастыру - психологтың міндеттері. Негізгі әдіс болып бақылау табылады. Оның бірнеше түрлері бар.

Стандартталған бақылау алдын ала құрастырылған жоспарды талап етеді. Мұндай бақылауды әдетте педагог-психолог жүргізеді, бірақ оның жетекшілігімен тәрбиеші де жүргізе алады.

Еркін бақылау арнайы дайындықты талап етпейді. Оны әдетте тәрбиеші күнделікті жағдайда жүргізеді. Тәрбиеші балаларды сабақта, серуендеу кезінде бақылайды, моторлық, өз-өздеріне қызмет ету дағдыларының, жекетұлғалық қасиеттерінің, оқу тәсілдерінің қалыптасуын, танымдық

процестерің деңгейін және түрлі әрекеттерді орындау іскерліктерінің қалыптасу ерекшеліктерін белгілейді. Мұндай мәлімет басқа мамандарға да қажет, өйткені олар баланы толық сипаттайды және ұзақ уақыт бойы жүргізілген бақылау негізінде жинақталған. Тәрбиеші балаларды бақылау нәтижелерін, тек басқа мамандарға ғана ұсынылатын арнайы күнделікке тіркейді. Мысалы, дәрігер тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар баланы емделуге жібереді. Бірақ медикаментоздық емдеу кезінде ол күнделікті бақылау жүргізе алмайды. Дәрігерге емдеуде қолданылып жатқан препараттардың нәтижелілігін, олардың баланың соматикалық, психикалық қалпына беретін әсерін білу өте қажет. Сондықтан, тек тәрбиеші, баланы күнделікті бақылауы арқылы, дәрігерге және педагог-психологқа қажетті мәлімет бере алады.

Қосылған бақылауды тәрбиеші жүргізе алады. Бақылау әдісінің бұл түрі өте құнды анықтау мүмкіндігіне ие. Бақылаудың бұл түрі тәрбиешінің балалармен бірге орындайтын іс-әрекетінде іске асырылады. Бақылау табиғи, күнделікті жағдайда жүргізіледі, бала ол туралы білмеуі қажет.

Басқа да бақылау түрлері бар: топтық, дара; ұзақ уақыттық, қысқа уақыттық; сырттай, іштей және т.б.

 







Date: 2015-10-19; view: 1762; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию