Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Есту бұзылыстары





Есту бұзылыстары балалардың түрлі аурулары негізінде пайда болуы мүмкін. Олар арасында: менингит және энцефалит, қызармақ, қызылша, отит, тұмау және олардың асқынулары. Егер ішкі құлақ және есту жүйкесі зақымдалған болса, онда көп жағдайда кереңдік пайда болады, ортаңғы құлақтың зақымдануы есту мүмкіндігінен жартылай айырылуға соқтырады.

Есту бұзылыстары есту сүйектерінің туа деформациялануы, есту жүйкесінің жетілмеуі немесе атрофия, туылу сәтінде зақымдану және т.б. нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Есту бұзылыстарының себебі болып механикалық зақымдар да табылады - соғылу, құлау және т.б. Тұқым қуалаушылық фактор үлкен маңызға ие. Кереңдер жанұясында есту бұзылыстары бар балалардың туылуы өте жиі кездеседі. Есту бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық классификациясы оларды оқыту және тәрбиелеуін ұйымдастыруда маңызды. Классификацияның негізі болып келесі критерийлер табылады: естуден айырылу деңгейі, айырылу уақыты, сөйлеу дамуының деңгейі.

1. Кереңдер /мүлдем естімейтіндер/. Бұл категорияға сөйлеуді табиғи қабылдау және оны өзіндік меңгере алу мүмкіндігінен айырылған балалар жатады:

а) ерте керең болғандар - есту бұзылыстарымен туылған немесе сөйлеу дамуына дейін немесе одан ерте есту мүмкіндігінен айырылған балалар. Әдетте күшті дыбыстарды қабылдау есту мүмкіндіктері сақталады.

ә) Кеш керең болғандар - есту мүмкіндігінен сөйлеу қалыптасып қалған соң айырылған балалар, оларда сөйлеу қабілеттілігі әртүрлі деңгейде сақталған. Бұл балалармен жүргізілетін жұмыстың басты міндеттері – қалыптасқан сөйлеу дағдыларын дамыту, тұрақтандыру, сөйлеудің жойылуынан сақтандыру және еріндерден оқуға үйрету.

2. Нашар еститіндер. Сөйлеу дамуына кедергі болатын жартылай есту кемістіктері бар балалар, оларда сақталған есту мүмкіндігі арқылы өзіндік сөйлеу қорын жинақтау қабілеттілігі бар.

Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуы қалыпты деңгейде еститін балалар дамуының заңдылықтарына бағынады. Есту бұзылыстары бар керең балада сырттай әсерлердің көлемі шектелген, қоршаған ортамен байланысы кедей, қоршаған адамдармен қарым-қатынасы қиын. Жағдайдың жағымды болуы және сурдопедагогикалық іс-шаралардың нәтижелі болуы есту бұзылыстары бар балалардың және қалыпты деңгейде еститіндердің дамуындағы айырмашылықтарды төмендетуі мүмкін.







Date: 2015-10-19; view: 4015; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию