Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Зерттеу материалы
Донордың эмоциялық жағдайын зерттеу үшін Спилбергер-Ханинның психологиялық тесті қолданылды. Бұл тест өзін бағалау деңгейінің қазіргі сәттегі күйін (реактивті мазасыздық), және адамның тұрақтылығын (жеке мазасыздық) анықтайтын ақпараттық әдіс. Берілген тест Ч.Д. Спилбергермен дайындалған және Ю.Л.Ханинмен реттелінген. Жеке мазасыздық субъекттің айналасындағы жағдайларды қабылдауындағы тұрақты үрдісін, яғни тұрақтылығын көрсетеді. Реактивті мазасыздық қысыммен, мазасыздықпен, ашуланшақтығымен көрінеді. Өте жоғарғы реактивті мазасыздық қабылдау қасиетінің бұзылуын шақырады, ал өте жоғарғы жеке мазасыздық невротикалық конфликтті, эмоциялық сәтсіздігін, психосоматикалық ауруларын көрсетеді. Бірақ мазасыздық адамдардың жағымсыз жақтарына жатпайды. Мазасыздықтың анықталған көрсеткіші – белсенді индивидтің табиғи және міндетті ерекшелігі болып табылады. Сол себептен адамның жеке оптималды «пайдалы мазасыздық» деңгейі болады. Зерттеуде мазасыздықтың екі формасы (реактивті және жеке мазасыздық шкаласы) бойынша Спилбергер донордың процедура алды және әдетте өзін қалай сезінуін анықтайтын арнайы 40 сұрақтан тұратын (әр мазасыздық формасына 20 сұрақтан) сауалнама жасаған. Әр сұраққа 4 жауап бар: жоқ олай емес, солай болар, дұрыс солай, дәл солай – реактивті мазасыздықта, және: ешқашан дерлік, кейде, жиі, әрқашан дерлік – жеке мазасыздық. Жауап саны әр мазасыздықтың деңгейін бағалау үшін мүмкіндік беретін балл санына сәйкес келеді. Жалпы нәтиже көрсеткіші 20-дан 80 арасындағы диапозонда болады, автордың белгілеген көрсеткіші нормативті көрсеткішпен салыстырғанда 30 баллдан төмен болса – төмен мазасыздықты көрсетеді, 31-45 балл – қалыпты мазасыздық немесе орташа (бұл топта зерттелгендердің көбі жатады), ал 46-дан жоғары балл – субъекттердің жоғары мазасыздығын көрсетеді. Бұл шкаланы қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінің психологтары қолданады. Донорлар мына жауаптарға сәйкес өздерінің жағдайын белгілейді: А- жоқ, олай емес В- солай болар С- дұрыс,солай D-дәл солай
ЖМ және РМ көрсеткіштері мына формуламен есептелінеді:
РМ = Σ1 - Σ2 + 35, Мұнда Σ1 – жауап бланкіндегі зерттелушінің мына пунктерде белгілеген сандарының қосындысы: 3, 4, 6, 7, 9, 12, 13, 14, 17, 18; Σ2 – зерттелушінің мына пунктерде белгілеген қалған сандарының қосындысы: 1, 2, 5, 8, 10, 11, 15, 16, 19, 20. ЖМ = Σ1 - Σ2 + 35 Мұнда Σ1 зерттелушінің мына пунктерде белгілеген сандарының қосындысы: 22, 23, 24, 25, 28, 29, 31, 32, 34, З5, 37, 38,. 40; Σ2 – зерттелушінің мына пунктерде белгілеген қалған сандарының қосындысы: 21, 26, 27, 30, 33, 39. Зерттеу нәтижесі. Зерттелушілердің жалпы саны, жынысына, жасына, донорлық белсенділігіне және ұлтына қарай ажырату 1 кестеде көрсетілген. (1 кесте)
Кесте 1. Зерттеудегі донорлардың жасына, жынысына, донорлық белсенділігіне және ұлтына қарай бөлу көрсеткіші 1 суретте донорлардың жынысына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп көрсетілген, анықталғандай, жалпы ерлер саны 61, пайыздық көрсеткіші 59,2 %, оның ішінде 18-25 жас аралығындағы донорлар 20, яғни жалпы ерлер санының 32,8% алып отыр. Ал 26-40 жас аралығындағылар саны 40-қа тең, 41,0% -ын алса, 41-60 жас аралығындағылар саны 16, ол 26,2% көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдердің жалпы саны 42, пайыздық көрсеткіші 40,8%, оның ішінде 18-25 жас аралығындағы әйелдер 13-ке тең болып, 31,1%-ын көрсетсе, 26-40 жас аралығындағылар саны 17-ге тең, яғни 40,5% көрсетеді. Ал 41-60 жас аралығындағы әйелдер 12-ге тең, ол 28,6 % көрсетіп отыр. (1сурет)
1 сурет. Зерттелушілердің жынысына сәйкес жас топтарына бөлу.
Зерттелушілердің донорлық белсенділігі бойынша жынысына сәйкес жіктеу сурет 2-де көрсетілген: Донорлар белсенділігі бойынша 2 топқа бөлінеді: (2сурет) · Біріншілікті донорлар · Белсенді донорлар.
Сурет 2. Донорларды донорлық белсенділігі бойынша жынысына сәйкес жіктеу Біріншілікті донорлардың жалпы саны 37, ол 35,9%-ын көрсетеді, оны жынысына қарай ажыратсақ, біріншілікті донорлардың ерлер саны 21-ге тең, ол 56,7%-ын көрсетеді. Ал біріншілікті донорлардың әйелдер саны 16-ға тең, ол 43,3%-ын көрсетеді. Белсенді донорлардың жалпы саны 66, ол 64,1%-ын көрсетеді, жынысына қарай бөлек қарасақ, белсенді донорлардың ерлер саны 42, ол 63,5%-ын көрсетеді. Ал белсенді донорлардың әйелдер саны 24, ол 36,5%-ын көрсетеді. Зерттелушілердің донорлық белсенділігі бойынша жасына сәйкес жіктеу сурет 3- көрсетілген. Сурет 3-тен донорлық белсенділігі бойынша жасына қарай бөлгенде, 18-25 жас аралығындағы біріншілікті донорлардың саны 21-ге тең, ол 56,8%-ын көрсететіп отыр, 26-40 жас аралығындағы біріншілікті донорлар саны 12, ол 32,4%-ын көрсетсе, ал 41-60 жас аралығындағы біріншілікті донорлар 4, ол 10,8%-ын алып отыр. Ал белсенді донорларды ажыратсақ, 18-25 жас аралығындағылар саны 18-ге тең, ол 27,3%-ын көрсетсе, 26-40 жас аралығындағы белсенді донорлар саны 29, оның пайыздық көрсеткіші 43,9%. 41-60 жас аралығындағы белсенді донорлар саны 19-ға тең болса, пайыздық көрсеткіші 28,8%. (3сурет) Сурет 3. Зерттелушілердің донорлық белсенділігі бойынша жасына сәйкес ажырату. Сонымен қатар донорларды ұлты бойынша жіктеуге болады. Ол үшін Астана қаласы бойынша жалпы қазақтар мен орыстар санымен қатынасы арқылы есептелінді. (2 кесте)
Кесте 2. Астана қаласы тұрғындарының ұлты бойынша жіктеу Астана қаласының 2014жылғы 14 желтоқсандағы халық санағы бойынша Астана қаласының жалпы саны 821952 адамды құрады. Оның ішінде қазақтар саны 500815, ол жалпы санның 60,9 % алса, ал орыстар саны 182928 тең болып 22,2 % екенін көрсетті. (сурет 6) Date: 2015-10-18; view: 700; Нарушение авторских прав |