Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Донорлық, маңыздылығы





Донорлық (donare латынша - сыйлау) - қанға мұқтаж ауруға адамның өз қанын, немесе компоненттерін ерікті түрде беруі. Тіпті медициналық препараттар жасау үшін де донорлардың қаны пайдаланылады.

Әлемде қан құюға жыл сайын миллиардтаған адам мұқтаж болады. Қан күйiкке шалдыққандарға және жарақаттанған адамдарға керек болады. Күрделi операциялардың өткiзу кезінде, ауыр босану кезінде де қан құйылады. Ал гемофилиямен және қан аздық ауруына шалдықандарға - өмiрін сақтап тұру үшiн керек. Сонымен бiрге химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет. Статистикалық мәліметтер бойына өмiрде әрбiр үшiншi тұрғын бiр рет донорлық қанды қажетсiнедi.

Қан жасау жүйеcінiң активизациялануы донорлықтың арқасында болады. Сонымен қатар - қызыл жiлiк майының торшалары және иммунитеттiң стимуляциясының жақсы болуына донорлықтың пайдасы, әсері көп. Өліп жатқан эритроциттердiң утилизациясына қатысатын кейбiр органдардың жұмысының жеңілдеуі байқалады. Мысалы: көк бауыр, бауыр.

· организмның профилактикасы: қан жоғалтуға әкелген апаттарда, күйiк;

· қан жасау процесінің жақсаруы;

· жүрек-қолқасының ауруларының профилактикасы;

· иммундық жүйенiң ауруларының профилактикасы, асқазан асты без,бауыр, атеросклероз, ас қорытуды бұзылысында пайдасы зор;

· организмнен артық баланстың бiржола жойылуы: қан және оның элементтері.

Әдетте, донорлықтың 2 түрі кездеседі: аутодонорлық және аутоплазма. Аутодонорлық - жоспарлы операцияның алдында емделушiнiң өз қанын алдын ала дайындау. Бөтен қанның құйылуы организм үшiн стресс болып табылады, аутодонорлық негативтi эффекттердi минимумға түйiстiруге мүмкiндiк бередi.

Аутоплазма - меншiктi қанның алдын ала даярланылған плазмасы. Босануға көмектесуде және тағы басқа операцияларда қолданылады.

Донор болу үшiн алдын ала қан талдауларды өткiзу, дәрiгерлiк тексеруден өту керек. Денеге күш түсірмеу,көбiрек тамақтану ұсынылады. Донорға қысымның қалпына келуі үшiн келесi өнiмдер ұсынылады: шоколад, кофе, гематоген.

Донорларға мына әрекеттерді жасау ұсынылмайды:

¾ Қан тапсыру алдындағы кеш қарсаңында сүт өнiмі, ысталған, ащы, қуырылған, майлы, тағам жемеу.

¾ Процедураға дейiн (48 сағат) алкоголь қабылдау

¾ Процедураға дейiн (72 сағат) құрамында анальгетиктері бар аспирин, анальгин секілді тағы басқа препараттарды қабылдау

¾ Процедураға бір сағаттан кем уақыт бұрын шылым тарту.

¾ Қан өткiзуi организмғе кейбiр ауыртпашылықтарды келтіреді. Сондықтан донорларды қолдау үшін ресми шаралар жүргiзiледi: ақы төленетiн демалыс және тағы басқа қажеттіліктер өтеледі [26].

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінде қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы заң жазылған. Бұл заңда Донорлық саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері 3 бапта, донорлардың құқықтарын қамтамасыз ету кепілдіктері 4 бапта көрсетілген. 10 бапқа сәйкес донор, оның құқықтары мен міндеттері:

1. Тиiстi медициналық тексеруден өткен және қан тапсыру үшiн денсаулығының жарамсыз көрсеткiштерi жоқ, медициналық мақсаттар үшiн қан мен оның компоненттерiн тапсыруға ерiктi түрде ниет білдiрген 18-60 жасқа дейінгі жеке тұлға донор болуға құқылы.


2. Донор:

· қан мен оның компоненттерін ақысыз немесе осы заңда белгіленген мөлшердегі ақшалай өтемақы үшін тапсыруға;

· медициналық тексеру нәтижелерімен танысуға құқылы.

3. Донор зардап шегетін және бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға міндетті. Донорлық функцияны орындау кезінде өз денсаулығының жай-күйі туралы өзіне белгілі мәліметтерді қасақана жасырып қалған немесе бұрмалаған адам, егер мұндай әрекеттер реципиенттердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

ҚР АжДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы.

Астана қаласында 2009 жылы Қан орталығына жаңа ғимарат пайдалануға берілді, ол барлық медициналық ұйымдарды қан компонеттерімен қамтамасыз етіп отырады. 2014 жылдан бері ҚР АжДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы деп өзгертілді. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан компоненттерін дайындаудың толықтай автоматтандырылған жүйесі қарастырылған және өнімді штрих-кодтау шаралары қамтамасыз етілген. Қан компоненттерін дайындау жұмысы қан компоненттерінің барлық түрлерін алу үшін, оның ішінде донорлық плазманы, жасушалы компоненттерді (лимфоциттер, гранулоциттер, тромбоциттер мен эритроциттер, сонымен қатар аралас компоненттерді(плазма+тромбоциттер,эритроциттер+тромбоциттер,эритроциттер+плазма) алу үшін плазмафереза – PCS-2 (20 дана), цитофереза MCS+(5 дана) аппараттарында жүргізіледі. Қолданылатын аппараттар барынша қауіпсіздік параметрлерін – инфекциялық, иммунологиялық, вирусологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қан компоненттерін дайындаудың төменде келтірілген автоматтандырылған жүйесі мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- қан компоненттерінің сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге;

- еңбек өнімділігін 6 есе мөлшерде жылдамдатуға;

- үрдістерді автоматтандыру арқылы өнім сапасын жақсартуға;

Қазақстанда алғаш рет Трансфузиология орталығы базасында келесідей шаралар жүзеге асырылатын болады: Кіндік қаны, діңгек жасушалары мен эритроциттер криоконсервациясының технологиялық желісі, бұл эритроциттердің сирек кездесетін топтарын сақтап қоюға мүмкіндік туғызады және оларды карантиндендіру және фенотиптендіру үрдісін қамтамасыз етеді. Қанды инактивациялаудың заманауи технологиясы пациенттерге арналған қанның қауіпсіздігін және қан құйғаннан кейін болатын асқынуларды төмендетуді қамтамасыз етеді.

 

 







Date: 2015-10-18; view: 1518; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию