Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эмоцияның көріну ерекшеліктері





Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне реакциясы, яғни қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күйі. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді, яғни, психикалық көріністің ерекше формасы.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. [1].

Адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.

Эмоция созылу уақытына қарай бөлінеді:

· Жеке эмоция немесе адамның эмоцианальды жауабы

· Көңіл күй – ұзақ уақытқа созылатын эмоцияның негізгі түрі.

Мұнда келесі мысалды алуға болады: климат және ауа райы екі түрлі түсінік. Климат – жердегі белгілі бір аудан, мұнда кейде күн шығады, кейде жаңбыр жауады – бұл климат жағдайы. Яғни климат – жеке эмоция болса, ауа райы – көңіл күй [4].

Адам эмоциясы негізінен тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайларларға байланысты және ол тарихи даму жағдайға тәуелді. Эмоцияның нейрофизиологиялық механизімі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен ретикулярлық фармацияға байланысты болып, қызметі жандандырады, ал екіншіден, ми төмпешігінде, әсіресе көру төмпешігінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы мембикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады, сондай-ақ сезім мен эмоцияның дамуына ереулі әсер ететін фактор [6].

Эмоциялар тек қозғалыс реакциялары: мимика, жестерде ғана көрініс бермейді, сондай-ақ бұлшықеттердің тоникалық жиырылуында байқауға болады. Клиника бұлшықет тонусы аффект мөлшері ретінде қолданылады. Көбінесе жоғарғы бұлшықет тонусы эмоционалды жағдайдың теріс көрсеткіші (дискомфорт) ретінде санайды. Тоникалық реакция диффузды, генерализденген, барлық бұлшықеттерді жаулап алу арқылы қозғалыс жасауды қиындатады. Соңында ол тремар, хаотикалық, басқарылмайтын қозғалыстарға әкеледі.

Адамның эмоционалдық жағдайының өзгеруінің сезімтал индикатордың біріне оның дауысы жатады. Соған байланысты дауыс көмегімен эмоционалды қайғыруды және оларды белгі бойынша дифференцилеуге (жағымды, жағымсыз) арнайы әдістер енгізілген. Ол үшін магнитті лентаға жазылған адамның дауысы анализдейді. ЭЕМ көмегімен сөз сигналдары жиіліктегі спектрге ажырайды.


Эмоционалды қозғыштықтың өсуіне байланысты айтылатын сөздер мен дыбыстардың жиіліктегі спектр мөлшері ұзарып, жоғары жиілікті құраушы жаққа жылжиды. Жағымсыз эмоциялар спектрлі энергиясы төмен жиілік бөлікте концентрленсе, ал жағымды эмоциялар – олардың жоғары жиілікті аймағында орналасады. Сөз сигналының спектріндегі бұл жылжулар үлкен физикалық жүктемеден кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс эмоционалды қозғыштықтың жоғарлауын 90% жағдайында анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан ол адам жағдайын анықтауда перспективті болып табылады [5].

Эмоциялардың маңызды компоненттеріне вегетативті нерв жүйесінің активті өзгеруі жатады. Эмоциялардың вегетативті көріністері әртүрлі: терінің барерьлік қызметінің өзгеруі,жүрек жиырылу жиіліктер, қан қысымы, тамырлардың кеңеюі мен тарылуында, дене температурасының, қанның гормональді және химиялық құрамының өзгерістері және т.б. Ашушаңдылық жағдайында қанда норадреналин мен адреналин мөлшері жоғарылайды, жүрек соғуы жиілейді, көз қарашығы кеңейеді.

Эмоцияның құрылу иерархиясы.

¾ Төменгі, инстинктпен байланысты (аш болса- жаман, тоқ болса – жақсы)

¾ Мұқтаждығы, әлеуметтік призмадан өткен инстинк (аш, бірақ шикі ет жемейді, яғни дайындап пісіріп жейді)

¾ Жоғарғы эмоция, (этникалық, эстетикалық, моральды) көпшілік адамдар тонамайды, ұрламайды, адам өлтірмейді, олар қорыққаннан емес жоғарғы эмоцияның яғни сезімнің барынан солай жасамайды.

Эмоциялар құбылыстардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан қандай субъективті тәжирибені эмоцияға жатқызуға байланысты бірнеше пікірлер бар. Соның ушеуін атап өтейік.

Сонымен П.Милнердің айтуынша, жалпы сезімдерден (аштық, шөл және т.б) басқа эмоциялардың (ашу, қорқыныш, қуаныш және т.б.) ажыратамыз, бірақ олардың ортақтығы көп және ажырату жеткілікті шартты. Оларды ажыратудың себебінің бірі қоздырушы рецепторлардың субъективті көрінісіне байланысты бірнеше деңгейі пайда болатыны. Мысалы қызба, ауру сезімінің болуы арнайы рецепторлардың (температуралық, аурулық) қозуымен субъективті байланысады. Осыған орай, бұл жағдайлар әдетте сезімталдық деп түсіндіріледі. Ал қорқыныш, ашу күйін қоздырушы рецепторлармен байланыстыру қиын, сондықтан оларды эмоция ретінде қарастырамыз. Эмоцияның жалпы сезімталдықпен ажырататын басқа себебі, олардың әр түрлі пайда болуы. Эмоциялар әдетте кенеттен пайда болады және әр түрлі ішкі факторлардың яғни шөл, аштық т.б белгіленген интервалмен пайда болуына байланысты. Алайда эмоция да сезімталдық та белгіленген рецепторлардың қозуымен ішкі ортаның арнайы мотивациясының нәтижесінде пайда болады. Сондықтан оларды ажырату шартты және ішкі ортаның ерекшеліктерінің өзгеруімен анықталады [8].


Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. П.Фресстің айтуынша, ішкі көрінудің – әлсіз сезімнен күшті сезімнің бір континиумы болса да, тек күшті сезімдер эмоция деп атала алады. Эмоциялар субъекттің шынайы мүмкіндіктерімен салыстырғанда мотивацияның өте күшті кезінде дамиды. Олардың пайда болуы адаптация деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Бұл түсінік Д.Линдслидің белсенділік теориясындағы көрініске жауап береді. Линдслидің теориясына сәйкес, эмоция өзінің жоғары деңгейімен белсенділік шкаласында жоғарғы локальді ауданына сай [9].

Барлық субъективті көріністер эмоцияға және А.Н. Леонтьевтің эмоциялық көріністер классификациясына жатпайды. Ол эмоциялық процестің 3 түрін ажыратады: аффекттер, өзінің эмоциясы және сезім. Аффекттер – күшті және қимылдық және висцеральдық көріністің кенеттен көрінуімен байланысты уақытша эмоциялық жағдайы. Адамда аффектті әлеуметтік бағасымен, санкциясымен сипатталатын әлеуметтік және физикалық өмір сүруін қоздырушы биологиялық маңызды факторлар шақырады. Аффекттің ерекшелігі пайда болған ситуацияға жауап ретінде пайда болуы болып табылады. Өзіндік эмоция аффекттіге қарағанда ұзақ жағдаймен ерекшеленеді және сыртқы әрекетінде сирек көрінеді. Олар болып жатқан оқиғаға немесе мүмкін болатын оқиғаға жеке қатынастың бағалауын ғана көрсетеді. Сондықтан аффектке қарағанда әлі болмаған оқиғаны болжайды. Яғни ол болжанған немесе болған оқиға көрінісі негізінде пайда болады. Эмоциялық процестің үшінші түрі – сезім. Сезім эмоцияның спецификалық қорытуы кезінде пайда болады, және нақты объект туралы ойы немесе көрінісімен (мысалы, бір адамға махаббаты, жек көруі т.б) байланысты болады [10].







Date: 2015-10-18; view: 2984; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию