Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі бөлім





Өзектілігі. Елдегі әлеуметтік-экономикалық түрленуге байланысты соңғы онжылдықта донорлық жақсы күндерін кешпеуде. Донорлық қозғалысқа әсер ететін сыртқы факторларға тоқталсақ, қатал демографиялық жағдайды, халықтың өмірлік деңгейін атап өтуге болады, сонымен қатар өтеусіз донорлықты да жатқызуға болады. Донорлықты қаламаудың себебінің бірі өз денсаулығына алаңдауы, яғни донация процедурасы кезінде басқа ауруларды жұқтырып алу қорқынышы. Бұл себеп факторының қан қызмет орталығының дұрыс ұйымдастырылуына және түсіндірушілік жұмыстарына байланысты екені түсінікті. Қан орталығын өзекті мәселесі - трансфузиология тізбегінде «донор-персонал-реципиент» қауіпсіздікті қамтамасыз ету [3].

Қазіргі таңда донорларды ынталандыру мақсатында қан орталықтарының дамуында тек донорлық саясат емес, сонымен қатар донордың эмоционалды күйіне көңіл бөлу қажет. Эмоция мен сезімдер шынайы ақиқатта уайымдау формасында көрінеді. Уайымдау сезімінің әр түрлі формалары (эмоция, аффект, көңіл күй, стресс, құштарлық т.б) адамның эмоционалды сферасын құрайды. Мазасыздықтың деңгейін анықтағанда табиғи және міндетті мазасыздық жеке адамның ерекшеліктеріне байланысты болады. Әр адамда мазасыздықтың өзіндік оптимальды немесе тілеулі деңгейі болады, оны біз пайдалы мазасыздық деп атаймыз. Адамның өзінің күйін бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі - өзін-өзі бақылау және өзіндің тәрбиесі болып табылады. Дегенмен, мазасыздықтың жоғарғы деңгейі тұлға сәтсіздігін субъективті көрсетеді. Мазасыздық әр түрлі жағдайларда бірдей көрінбейді. Кей жағдайда адамдар барлық жерде және барлық уақытта өзін мазасыз ұстайды, ал кей жағдайда уақыт өте келе пайда болған жағдайға байланысты өз мазасыздықтарын айқындайды [10].

Мазасыздықтың жағдайға төзімділігінің көрінуі жеке мазасыздық деп атайды және оны тұлғаның жеке ерекшеліктерімен байланыстырады. Мазасыздықтың әр түрлі жағдайларға байланысты өзгерулерінің көрінуі жағдайлық мазасыздық деп аталады. Адамның бұл күйі эмоцияның субьективті көрінуімен сипатталады, яғни, кернеумен, алаңдаушылықпен, уайымдағыштықпен, күйгелектікпен көрінеді. Мұндай күй стресстік жағдайларға эмоционалды жауабы ретінде туындайды және уақыт динамикасы мен интенсивтілігіне қарай түрлі болуы мүмкін [11].

Бұл менің зерттеу мақсатымды, яғни, донорлардың эмоциялық жағдайын бағалауға және оған әсер ететін себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Себебі трансфузиологиялық процесстің сапасын жоғарылатуда доноция процедурасы кезіндегі донордың эмоционалды жағдайы маңызды рөл атқарады.







Date: 2015-10-18; view: 893; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию