Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Негізгі, айналмалы капитал . Оларға не жатады?
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі.. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек. Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар: - капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы, - капитал деген ақша сомасы. Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады. Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады. Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады. Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады: - жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде; - табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады: - техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы; - құндық - құнның жаңа өнімге көшуі. Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады: 1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі; 2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады. Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді). Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады. Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану. Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.
3.Экономикалық қажеттілік, игілік Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері: Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Date: 2015-10-22; view: 3061; Нарушение авторских прав |