Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтиханбилеті. 2. Өндіріс, ұдайыөндіріс.Қоғамдықөнімсатылары: бөлу





1. Экономикалықтеория

2. Өндіріс, ұдайыөндіріс.Қоғамдықөнімсатылары: бөлу, тұтыну, өндіріс, айырбастау. Мәндері

3.Меншік. Меншіктіңқұқықтықмәні, түрлері, сипаты

1. Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.

Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.

Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адам-дардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

2. Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:

1) Өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі.

2) Бөлу - өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.

3) Айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.

4) Тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.

Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:

1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.

2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.

Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үдерісі.

Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып

отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің екі тұрпаты ажыратылады:

1. Жай ұдайы өндіріс.

2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының санын арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.

2. Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру, өндіріс факторларының сапасын көтеру есебінен өндірісті ұлғайту.

3. Аралас ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының саны мен сапасын бірдей дәрежеде арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.

3. меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

меншік құқығы деп белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығын айтады

Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы.. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді.

Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табыла-тын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.

 

 







Date: 2015-10-22; view: 663; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию