Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Емтихан билеті
1. Девальвация, ревальвация. 2. Кәсіпкерлік 3. Ұлттық және коммерциялық банктердің қызметтері Жауаптар 1. Девальвация – валюта бағамының басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі. Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа валютаға қарай көтеріліуі. Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі. Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.
2. Кәсіпкерлік – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүліктік жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағатталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әртүрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын да қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерліктің субьектілері жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, кооперативтер және мемлекет. Кәсіпкерлік обьектілеріне шаруашылық қызметтің кез-келген түрі, коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар жатады. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді: 1. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің негізін өндіріс процесі құрайды. 2. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сатып алу – сатумен айналысатын қызмет түрі. Өнім өндірісімен айналыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шеңберінде болса алыпсатарлыққа жатпайды. 3. Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу- сату обьектісі ақша, бағалы қағаздар, валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі. 4. Делдалдық кәсіпкерлік – бір келісімге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызмет. Осындай қызмет көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. 5. Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын ұаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.
3. Ұлттық банктер – теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және шетелдің басқа валюталарымен салыстырғанда теңге бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету,ұлттық банк жүйесін дамыту және нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Коммерциялық банктер – уақытша бос акша қаражаттарын жұмылдырып, оларды мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымдылығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға бағытталатын несиелік инститтура. Коммерциялық банктер несие беру, салымдарды қабылдау, төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сатып алу, сенім бойынша мүлікті басқару, мемлекеттік қарыздарды орналастыру, қаржылық-несиелік мәселелер бойынша кеңес беру, жал оперциялардың үлкен көлемін нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке банктер ретінде сипатталады. Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады: · І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі. · ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады: 1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету. 2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету. Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері: · мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға; · Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару; · Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау; · Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау; · Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету; · Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу; · ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу; · Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; · Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету. Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері: - Салымдар жинап, несие беру; - Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу; - Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу; - Несие беруде делдалдық қызмет атқару; - Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б
№ 9 Емтихан билеті 1. Өндіріс факторларының табыстары: Рента, рента түрлері. Пайыз, жалақы, пайда. 2. Венчурлық фирма. 3. Жалпы инвестициялар. Жауаптар 1. Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға болады: Абсолютті жер рентасы – бұл жердің құнарлылығы мен басқа да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық жерлерден алынатын рентаның бір түрі. Ерекшеленген жер рентасы – бұл құнарлылығы жоғары, нарыққа жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары төмен болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір түрі.
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады. 1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды. 2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді. 2. Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. 3. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы. № 10 Емтихан билеті 1. Трансферттік төлемдер түрлері (субсидия, дотация, субвенция, ассигнования), мәні Трансферт төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. Мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.) - ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары, - субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі, - сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты, - дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.
2. Акциядан – дивидент. Акция дегеніміз не, түрлері? Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді. Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы. • акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі - корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп; Акция — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция түрлерi: 1. Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.
3. Еңбек ұсынысына әсері Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде еңбек ұсынысы көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды. Еңбек ұсынысына әсер ететіндер: 1 Еңбекке қабілетті елдегі халықтың саны. 2 Жұмыс күшінің ұзақтығы. 3 Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.
№ 11 Емтихан билеті 1. Қаржы. Атқаратын қызметтері Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: - мемлекеттік бюджет, - банктік және мемлекеттік несие, - экономиканы тұрақтандыру қоры, - зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, - әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, - валюталық қор, - мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді. Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары. Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді. Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды. Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады. Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады: - мемлекет және оның институттары, - компаниялар, кәсіпорындар, - үй шаруашылығы. Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды. Каржы негізінде төрт қызмет атқарады: 1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды. 2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады. 3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады. 4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.
2. Валюталық курсты реттеу тәсілдері (валюталық интервенция, бақылау және т.б.) мәндері Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі. 1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады. 2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты) 3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады. Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады: 1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады. 2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі. 3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді. 4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.
3)Жалақы түрлері, мәні. Еңбек нарығы. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығына тән қасиеттер: - жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс); - әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы); - еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі; - жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы. Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы. Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақы екі факторға тәуелді: 1. Номиналды жалақыға. 2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне. Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады. Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі. Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша жұмысшыны жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімінен түскен шектік табыс деп аталады. Шектік өнім әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді. Шектік өнімнен түскен табыс төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана қосымша жұмысшыны жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарықта еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады; жалақы және шектік өнім құны. Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік еңбекке сұраныс қисығын береді (график 1.1). Егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса, онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше. Date: 2015-10-22; view: 785; Нарушение авторских прав |