Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фирма теориясы. 5 page
Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады. Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады. Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес мақсаттарда қолданылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді: 1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады. 2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады. 3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады. 4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез-келген түрінде қолданыла береді. 5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады. Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандықтан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс ойнайды. Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі ол ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес сұраныстар болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауыл шаруашылықтық емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен байланысты. Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі фактор анықтайды: 1. Жердің құнарлылығы 2. Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы. Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – жер рентасы анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның қисығы тік сызық түрінде болады. Жердің ұсынысына байланысты жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды. R рента SN RE Е DN NE Жердің ауданы Сурет 9.7 Жер нарығындағы тепе-теңдік
Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады. Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға болады: 1. Абсолютті жер рентасы – бұл жердің құнарлылығы мен басқа да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық жерлерден алынатын рентаның бір түрі. 2. Ерекшеленген жер рентасы – бұл құнарлылығы жоғары, нарыққа жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары төмен болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір түрі. Жалгерлер осындай жерлерден үстеме пайда алып отырады. Ерекшеленген жер рентасының өзі екіге бөлінеді: 1) Бірінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – жердің табиғи құнарлылығына байланысты және оны экстенсивті жолмен игеру әдістері арқылы алынатын төлем; 2) Екінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – бұл жердің құнарлылығын жасанды түрде игеру және оның сапасын арттыру арқылы интенсивті жолмен игеру әдістері бойынша алынатын төлем. Бұл жерде тыңайтқыштар, жаңа құрал-жабдықтар, жоғары сұрапты тұқымдар, биотехнологияның дамыған әдістері қолданылады. Кейбір жерлерге жеке меншік болғандықтан, олар тауар ретінде сатыла алады. Жер сатылатын жағдайда оның бағасын анықтауға тура келеді. Жердің бағасы жер рентасына және банктің пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады және ол рентаның пайызға қатынасы ретінде анықталады:
Жердің бағасы (РN) = жер рентасы (R) / пайыз мөлшерлемесі (i) × 100%.
Жердің бағасы жер рентасының капиталдандырылған құны болып табылады. Өйткені, жерді сатқаннан түскен табысты банкке салып үстінен пайыз алу сол жерден алынатын жыл сайынғы рентаның мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Олай болса, пайыз мөлшерлемесі жер рентасының альтернативті құны болып табылады. Мысалы, айталық, жерден алынатын жыл сайынғы рентаның шамасы 2000 теңгеге тең, ал пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Онда жердің бағасы мынаған тең: РN = 2000 теңге / 10 × 100% = 20 000 теңге. Егерде, жерді сатқаннан түскен 20 000 теңгені берілген пайыз деңгейінде банкке салсақ, онда жыл сайын рентаның көлеміне тең табысты алып отыруға болады. Сонымен, еңбек, капитал және жер сияқты өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын жалақы, пайыз және рента түріндегі факторлық табыстың түрлері қалыптасып отырады. Өндіріс факторлары нарықтарында фирмалар осы табыстарды олардың иелеріне төлейді немесе олар шығындалады, ал үй шаруашылықтары пайда көреді.
Әдебиеттер тізімі
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б. 2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет. 3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет. 4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б. 5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет. 6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с. 7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672. 8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б. 9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б. 10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б. 11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар. 12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар. 13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар. 14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз. 15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Өндіріс факторлары нарықтарының игіліктер нарығынан айырмашылығы қандай? 2. Өндіріс факторлары нарықтарында сұраныс пен ұсынысты кімдер қалыптастырады? 3. Туынды сұраныс дегеніміз не? 4. Еңбек нарығының ерекшеліктері қандай? 5. Жалақының түрлері мен нысандары қандай? 6. Капитал нарығының ерекшеліктері қандай? 7. Пайыздың түрлері қандай? 8. Жер ресурстары нарығының ерекшеліктері қандай? 9. Жер рентасының түрлері қандай? 10. Жердің бағасын қалай анықтауға болады?
Студенттің өзіндік жұмыстары 1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий). 2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект): 1) Жалақы мөлшерлемелерінің ерекшеленуі. 2) Дисконттау және дисконтталған құн. 3) Капитал бойынша уақытаралық таңдау мәселесі. 4) Жер рентасының түрлері: монополиялық рента, экологиялық рента, т.б.
4. Есептер: 1. Айталық, сіздің университетте оқудың келесідей төлемақысы бекітілді: сіз жылына 2 мың доллар төлейсіз, бірақ қалған үш жылда оқудың ақысы жыл сайын 200 долларға өсіп отырады. Университет әкімшілігі оқудың төлемақысын үнемдеу үшін студенттерге бірден төрт жылға 8 мың доллар төлеу жөнінде ұсыныс жасайды. Әкімшіліктің айтуынша студенттер бұл жерде 1200 доллар үнемдей алады: 2-ші жылы 200 доллар; 3-ші жылы 400 доллар; 4-ші жылы 600 доллар. Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының жылына 12% дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын сату туралы шешім қабылдаса, онда сіз осы ұсынысты қабылдайсыз ба? 2. Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңызша, бұл жерді жалға бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде ренталық табыс әкеледі. Осыған байланысты, 300 мың теңге табысыңызды максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Сіз жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба? 3. Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын машинаны сатып алу немесе кір жуу қызметін пайдалану. Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең. Кір жуатын машинаның бағасы 30 000 теңге. Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең. Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары (амортизация, электроэнергия) 100 теңгеге тең. Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?
5. Тест тапсырмалары: 1. Рентаның қандай түрі жердің сапасымен байланысты алынады? А) Абсолюттік рента. В) 1 Дифференциалдық рента. С) 2 Дифференциалдық рента. D) 1 және 2 дифференциалдық рента. Е) Рентаның барлық түрі. 2. Егер жылдық жер рентасы 600 долл., ал нарықтық пайыз мөлшерлемесі 20% болса, онда жердің бағасы қаншаға тең? А) 30 долл. В) 120 долл. С) 480 долл. D) 12000 долл. Е) 1200 долл. 3. Нақты еңбек ақы – бұл: А) әрбір жұмысшының алатын ақшасы. В) есептелген еңбек ақы сомасы. С) инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы. D) негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбек ақы. Е) еңбек ақыдан ұсталған ақша сомасы. 4. Ақшаларды, акциялар мен облигацияларды капитал факторына жатқызуға бола ма? А) Жоқ, жатқыза алмаймыз. В) Иә, болады. С) Тек акциялар мен облигацияларды жатқыза аламыз. D) Тек акцияларды ғана жатқыза аламыз. Е) Тек облигацияларды жатқыза аламыз. 5. Нақты пайыз мөлшерлемесі қалай анықталады? А) Номиналды пайыз мөлшерлемесінен жылдық инфляция қарқынын алып тастау арқылы. В) Номиналды пайыз мөлшерлемесін жылдық инфляция қарқынына қосу арқылы. С) Номиналды пайыз мөлшерлемесінен инфляцияның орташа қарқынын шегеру арқылы. D) Ағымдағы жылы қалыптасқан пайыз арқылы. Е) Өткен жылғы қалыптасқан орташа пайыз арқылы. 6. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс берілген: А) Жер ұсынысының ерекшелігі оның абсолютті икемділігінде. В) Дифференциалдық рента сапасы төмен жерлерден алынады. С) Нақты пайыз мөлшерлемесі үнемі оң мәнді болып келеді. D) Бағалар төмендеген кезде нақты жалақы өседі. Е) Бағалар өскенде нақты жалақы да өседі. 7. Жердің ұсынысы: А) Абсолютті икемсіз. В) Абсолютті икемді. С) Икемді. D). Икемсіз. Е). Бірлік икемділікпен анықталады. 8. Жалақының деңгейі мен қарқынын қандай факторлар анықтайды? А) Тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейі. В) Инфляция әсері. С) Салық ауыртпашылығының күшеюі. D) Елдегі жұмыссыздар саны. Е) Осы аталғандардың барлығы. 9. Жердің табиғи құнарлығына және сапасына байланысты алынатын рентаның түрі қандай? А) 1-ші дифференциалдық рента. В) 2-ші дифференциалдық рента. С) 1-ші және 2-ші дифференциалдық рента. D) Абсолюттік рента. Е) Экологиялық рента. 10. Өндіріс факторына деген туынды сұраныс: А) Сол фактордың көмегімен өндірілген өнімге деген сұраныс арқылы анықталады. В) Басқа факторларға деген сұаныспен анықталады. С) Сол фактордың өнімділігі арқылы анықталады. D) Сол фактордың шекті өнімділігі арқылы анықталады. Е) Сол фактордың абсолютті өнімділігі арқылы анықталады. 11. Өнім өндіруге қажетті ресурстар бағасының төмендеуінен ұсыныс қисығы қалай жылжиды: А) Координат басына жақындайды. В) Координат басынан алыстайды. С) Оңға жылжиды. D) Солға жылжиды. Е) Қисық абсцисса осімен қиылысады. 12. Егер сіз банктен екі жыл мерзімге 20%-бен 100 000 теңге несие алсаңыз, онда осы мерзім аяқталғаннан кейін банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз? А) 104 000 теңге. В) 120 000 теңге. С) 102 000 теңге. D) 200 000 теңге. Е) 140 000 теңге. 13. Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз – бұл: А) Өндірісте қолдану үшін экономикалық ресурстарды мемлекеттік бөлу саласы. В) Айналыстағы соңғы өнімдер – тұтынушылық тауарлар мен қызметтер саласы. С) Еңбек, жер, капитал сияқты ресурстардың тауарлық-ақшалай формадағы айналу сферасы. D) Машиналар мен құрал-жабдықтарды сату-сатып алу. Е) Ақшалай нысандағы барлық экономикалық ресурстарды сату және сатып алумен байланысты қатынастар. 14. Жердің бағасы қалай анықталады? А) Рентаның пайыз мөлшерлемесіне көбейтіндісі арқылы. В) Рента мөлшерін арендалық төлемге қосу арқылы. С) Рента мөлшерінің пайыз мөлшерлемесіне қатынасы арқылы. D) Рента мен арендалық төлемнің айырмасы арқылы. Е) Рентаны арендалық төлем мөлшеріне көбейту арқылы. 15. Нақты жалақының атаулы жалақыдан айырмашылығы неде? А) Ешқандай айырмашылығы жоқ. В) Ақшаның жалпы сомасында. С) Жұмсалған еңбектің саны мен сапасында. D) Олардың айырмашылығы төленетін жалақы формасына қарай. Е) Тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейінің әсерінде. 16. Қандай жағдайда жер рентасы өседі, егер: А) Жерге деген сұраныс артса. В) Жердің ұсынысы артса. С) Жердің бағасы төмендесе. D) Жердің ұсынысы төмендесе. Е) Жерге деген сұраныс төмендесе. 17. Егер атаулы пайыз мөлшерлемесі 10 %, ал инфляция қарқыны жылына 4 % болса, онда нақты пайыз мөлшерлемесі қаншаға тең? A) 14 % B) 6 % C) 2,5 % D) 4 % E) – 6 % 18. Фирма инвестициялық жоба туралы шешім қабылдау кезінде нені есепке алу қажет: А) Номиналды пайыз мөлшерлемесін. В) Нақты пайыз мөлшерлемесін. С) Күтілетін пайда нормасын. D) Тәуекелді. Е) Номиналды және нақты пайыз мөлшерлемесін. 19. Істелінген уақытына байланысты берілетін төлемақы: А) Нақты жалақы. В) Номиналды жалақы. С) Прогрессивті жалақы. D) Келісімді жалақы. Е) Мерзімді жалақы. 20. Атаулы пайыз мөлшерлемесі дегеніміз не? А) Инфляцияның жылдық қарқынын есепке алатын пайыздық мөлшерлеме. В) Инфляцияның өткен жылдық қарқынын есепке алатын пайыз. С) Ағымдағы нарықтық пайыз мөлшерлемесі. D) Өткен жылғы нарықтық пайыз мөлшерлемесі. Е) Тұрақты тағайындалған пайыздық мөлшерлеме. 21. Пайыз мөлшерлемесі өскен кезде индивид қандай жағдайға бейімделеді? А) Ағымдағы тұтынуды азайтады. В) Ағымдағы тұтынуды ұлғайтады. С) Бағалы қағаздарға көбірек инвестициялайды. D) Адам капиталына көбірек инвестициялайды. Е) Сақтық қорларын төмендетеді. 22. Адам капиталы дегеніміз – ол: А) Тауар мен қызмет өндірісіне салынған ақша. В) Жалақы, рента, пайыз, пайда. С) Бағалы қағаздан түсетін пайда. D) Адамның бойында қалыптасқан интеллектуалдық құндылықтар мен қасиеттер. Е) Жиналған байлық. 23. Мерзімді-сыйақылы жалақы 8 сағатқа 1800 теңгеге тең, соның ішінде сыйақы 200 теңгеге тең болса, онда 1 сағатқа жалақы мөлшері қаншаға тең: А) 200 теңгеге. В) 250 теңгеге. С) 2000 теңгеге. D) 150 теңгеге. Е) 1000 теңгеге. 24. Туынды сұраныс дегеніміз не? А) Соңғы өнімдерге деген сұранысқа тәуелді болып келетін ресурстарға деген сұраныс. В) Еңбек ресурстарының ерекше түріне деген сұраныс. С) Болашақта туындайтын игіліктерге сұраныс. D) Белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемді сұраныс. Е) Белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемсіз сұраныс. 25. Ақшалай нысандағы жалақының түрі – бұл: А) Нақты жалақы. В) Номиналды жалақы. С) Мерзімді жалақы. D) Сыйақылы жалақы. Е) Келісімді жалақы. 10-ТАҚЫРЫП Макроэкономика. Ұлттық экономика жүйе ретінде Мақсаты: экономикадағы зерттелетін негізгі мәселелерді макроэкономикалық талдау тұрғысынан зерттей келе, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы шолу жасау және ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісін қарастыру.
Талқылау сұрақтары: 10.1 Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері 10.2 Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы 10.3 Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері 10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
Негізгі ұғымдар: макроэкономика, макроэкономикалық талдау, агрегаттау, макроэкономикалық саясат, ұлттық шоттар жүйесі, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс, бағалар индексі, тұтыну қоржыны, атаулы жалпы ішкі өнім, нақты жалпы ішкі өнім, т.б.
10.1 Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсеткен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі. Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі. Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады. Date: 2015-10-22; view: 1642; Нарушение авторских прав |