Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фирма теориясы. 8 page
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, сұраныс ұсынысты тудырады. Жалпы алғанда, кейнстік үлгі қысқа мерзімге сәйкес келеді. Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне сәйкес келмейді және сұраныс өзгергенде бағалар деңгейі өзгермейді және жиынтық өнім көлемі өзгеріске ұшырайды. Экономикалық дағдарыс кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы жиынтық сұранысты арттыруды ынталандыру қажет, соған байланысты жиынтық сұраныс жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне жеткенше дейін арта береді (сурет 11.4). Р E AS AD Y Сурет 11.4 Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік Е нүктесінде кейнстік үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік жиын-тық сұранысты реттеуге негізделген және мемлекеттің экономикаға араласуын талап етеді.
11.3 Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
Ұлттық экономика шеңберінде тұтыну, жинақтау және инвестиция деңгейлерін қолда бар табыс пен пайыз мөлшерлемесі көрсеткіштері анықтайды. Классикалық макроэкономикалық үлгіде жинақтау мен инвести-ция деңгейлері пайыз мөлшерлемесі арқылы автоматты түрде ретке келіп отырады, олай болса, қолда бар табыс [3] факторы екінші орынға қойылып, пайыз мөлшерлемесіне шешуші мән беріледі. Кейнстік макроэкономикалық үлгіде көбінесе экономикалық агенттердің психологиялық факторлары мен мінез-құлықтары ескеріледі. Тұтыну мен жинақтау функцияларын қолда бар табыс деңгейі анықтайды, ал инвестиция көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш – қолда бар табыс (Yd) тұтынылады (С) және жинақталады (S): Yd = C + S. Мұндай тұтыну мен жинақтау Кейнстің психологиялық заңымен және бейімділіктің түрлерімен тығыз байланысты, яғни ол заң былай суреттеледі: «адамдардың табыстары артқан сайын тұтыну да артады, бірақ тұтынудың артуы табыстың артуындай болмайды». Олай болса, табыстың артуынан тұтыну деңгейі салыстырмалы түрде төмендей береді, ал жинақтау салыстырмалы түрде арта береді. Ал бейімділіктің төрт түрі бар: 1. Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты тұтынудың салыстырмалы түрде өзгеруі: МРС = ∆С / ∆Yd. 2. Жинақтауға шекті бейімділік (МРS) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты жинақтаудың салыстырмалы түрде өзгеруі: МРS = ∆S / ∆Yd. 3. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) – қолда бар табыстың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын бөлігі: АРС = С / Yd. 4. Жинақтауға орташа бейімділік (АРS) – қолда бар табыстың тұтынудан қалған бір бөлігі: АРS = S / Yd. Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға жұмсалатынын және қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. Сондықтанда, олардың қосындысы әрқашанда 1-ге тең болады: MPC + MPS = 1 Кейнс бойынша тұтыну функциясы былай қалыптасады: C = a + b (Y – T), мұнда, а – автономды тұтыну (табысқа байланысты емес тұтыну); в – тұтынуға деген шекті бейімділік. Жинақтау функциясы: S = - a + (1 - b) (Y – T), мұнда, S – жеке сектордың жинақтары; 1-b – жинақтауға шекті бейімділік. Сонымен, тұтыну мен жинақтауға мынадай анықтамалар беруге болады: Тұтыну – қолда бар табысқа байланысты ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайтын тауарлары мен қызметтерінің жиынтық құны. Жинақтау – ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қана-ғаттандырып болғаннан кейінгі қалған қолда бар табыстың тұтыныл-майтын бөлігі. Ұлттық экономика шеңберінде жасалатын жалпы ішкі өнімнің құрамындағы инвестицияларды талдаудың маңызы аса зор. Инвестициялар – жеке, мемлекеттік және шетелдік секторлардың пайда табу мақсатында өндіріске, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына ұзақ уақытқа салатын күрделі қаржылық жұмсалымдары. Инвестициялардың негізгі көзі болып жинақтаулар табылады және олардың көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып саналады. Классикалық және кейнстік үлгілерге сәйкес, инвестициялар мен жалпы ішкі өнім көлемі бірін-бірі әрдайым қолдап отырады. Алдымен, инвестициялар жалпы ішкі өнімнің артуына және экономикалық өсуге жағдай жасайды, содан кейін жалпы ішкі өнімнің артуы қайтадан инвестицияларды ынталандырады. Сондықтанда, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі ауытқымалы кезеңмен (циклдік) дамып отырады. Инвестициялардың екі түрі бар: 1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, мемлекет бюджет табылады. 2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тәуелді және ынталандырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық табысты арттырып, соның өсуімен байланысты тәуелді инвестицияларды ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, кәсіпкерлік пайда табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен қатар ұлғаяды. Олай болса, туынды инвестициялар да артады. Бұл жерде жиынтық табыстың өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен бірге, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Демек, экономиканың жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры жаңартылады және тұрғын үйге сұраныс ұлғаяды. Инвестициялауға шекті бейімділік (MPI) – жиынтық табыстың кез-келген өзгерісіндегі инвестициялауға кететін шығындар өсімінің пайыздық үлесі: МРІ = ΔI / ΔY, мұнда, ΔI – инвестициялар шамасының өзгеруі; ΔY – табыстың өзгеруі. Кейнстік үлгі әрқашанда жиынтық сұраныс тарапынан дағдарыстық экономиканы зерттеуге бағытталады. Экономикалық белсенділіктің төмен болуы жағдайында жиынтық сұранысты үнемі ынталандырып отыру қажет. Сол себепті өндірістің терең құлдырауын болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттеу бойынша мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты қажет.
Date: 2015-10-22; view: 418; Нарушение авторских прав |