Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ресурстар. 4 page





Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел, тігіншінікі – көйлек және т.б. болып табылады. Бірақ, ағаш ұстасы да, тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды. Демек, нақты және абстрактілі еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.

Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамға қажетті жұмыс күшімен анықталады.

Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты - өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт. Бұл уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің әсерінен тұрақты түрде өзгеріп отырады. Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды және ол мына формуламен анықталады:

Еө (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт).

Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет.

Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді. Еңбек қарқындылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындарымен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен және жеке жұмыс уақытымен анықталмайды, ол қоғамға қажетті орташа жұмыс уақытымен анықталады. Осыны құн заңы деп атайды.

Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу үдерісінде көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып алу заң ретінде күшіне енеді.

 

4.3 Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары

 

Тауарлы шаруашылықтың дамуы ақшаның пайда болуына мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы туралы ортақ шешім әлі жоқ.

Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады. Кез-келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады. Олай болса, ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен көруге болады.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін.


2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.

3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.

4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.

5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.

Әдебиеттер тізімі

 

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.


9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің нысандары қандай?

2. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілері қандай?

3. Игілік, өнім, тауар және қызмет ұғымдарының айырмашы-лықтарын көрсетіңіз?

4. Тауар туралы қандай теориялар бар?

5. Тауардың қасиеттері қандай?

6. Еңбек өнімділігі және еңбек қарқындылығы дегеніміз не?

7. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты қалай анықталады?

8. Ақшаның шығу тегі туралы көзқарастар қандай?

9. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні қандай?

10. Ақшаның атқаратын қызметтері қандай?

11. Ақшаның теориялары қандай?

12. Ақшаның сандық теориясы дегеніміз не?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Қызмет көрсету ерекше экономикалық игілік ретінде.

2) Еңбек құнының теориясы.

4. Тест тапсырмалары:


1. Экономикалык игiлiктер дегеніміз – бұл:

А) Айырбасқа арналған материалды - заттық өнiмдер.

В) Тұтынуы өндiрiспен сәйкес келетiн материалдық қызмет нәтижесi.

С) Қажеттiлiктi қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер.

D) Өндiрiс факторлары.

Е) Өндiргіш күштер.

2. Тауарлы өндірістің қалыптасуының негізгі себептері қандай?

А) Қоғамдық еңбек бөлінісінің және айырбастың дамуы.

В) Мемлекеттік басқарудың күшеюі.

С) Қалдықсыз өндірістердің пайда болуымен байланысты.

D) Несиелік ақшалардың дамуы.

Е) Ірі өндіруші – монополистердің пайда болуы.

3. Өтімділік дегеніміз - бұл:

А) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

В) Ақша айналымының жылдамдығы.

С) Қандай да бір активтің айырбас құралына тез айналуы.

D) Ақшаның тез құнсыздануы.

Е) Ақша жүйесінің элементі.

4. Тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы:

А) Ақша жүйесі. В) Ақша айналымы. С) Ақша массасы. D) Ұлттық валюта. E) Ұлттық және шетел валюталары.

5. Құн өлшемі -...:

А) Табыс. В) Шығын. С) Баға. D) Тепе-теңдік баға. Е) Икемділік.

6. Пәтер сатып алу үшін сіз коммерциялық банктен несие аласыз. Бұл жерде ақша қандай қызмет атқарады?

A) Құн өлшеуші. B) Айналым құралы. C) Төлем құралы. D) Жинақтау құралы. E) Есеп құралы.

7. Ақшаның толық анықтамасы:

А) Адамдар арасындағы келісім өнімі. В) Тауар айырбасына түсетінің барлығы. С) Ликвидтілікке ие тауарлардың барлығы. D) Жалпы эквиваленттік пен абсолютті ликвидтілікке ие ерекше тауар. Е) Сатып алу.

8. Тауарлы шаруашылықтың қалыптасуына не себеп болды?

А) Ресурстарды еркін айырбастау. В) Әртүрлі шаруашылық субъектілердің бар болуы. С) Машина өндірісінің қалыптасуы.

D) Қоғамдық еңбек бөлінісі. Е) Тұтынудың өсуі.

9. Төмендегі келтірілгендердің қайсысы тауар болып келеді:

A) Tабиғаттың сыйлары. B) Жер. С) Айырбастауға арналған еңбек өнімі. D) Зауыт ішіндегі айналымның шикізаттары. Е) Жұмыс күші.

10. Қызмет көрсету салаларында орын алатын бағаның түрі:

А) Бөлшек сауда бағасы. В) Көтерме сауда бағасы. С) Тарифтер.

D) Прейскуранттық бағалар. E) Тарифтік бағалар мен прейскуранттық бағалар.

11. Тарихта монометализмнің қандай түрлері болған?

А) Мыс, күміс, алтын. В) Күміс пен алтын. С) Алтын, күміс, қола.

D) Тек қана алтын болған. E) Тек қана күміс болған.

12. К. Маркс өзінің ғылыми зерттеуін неден бастады?

A) Қосылған құнды талдаудан. B) Тауарды талдаудан. C) Еңбектің құнын анықтаудан. D) Ақшаның табиғатын зерттеуден.

E) Экономикалық дағдарыстардың себептерін дәлелдеуден.

13. Экономикалық игіліктер ұғымын алғаш кім ғылымға енгізген?

A) Итальян экономисі А. Пезенти. B) Ағылшын экономисі А. Пезенти. C) Ағылшын экономисі У. Петти.

D) А. Маршалл. E) К. Маркс.

14. Тауар дегеніміз не?

А) Әртүрлі тұтынушылық құндар. В) Айырбас үшін өндірілген өнім. С) Белгілі игіліктердегі адамдардың қажеттілігі. D) Әртүрлі игіліктер мен қызметтердің құнын өлшеу құралы. Е) Өндіріс шығынының бағасы.

15. Қандай шарт нарықтық шаруашылықтың қалыптасып, қызмет етуіне кедергі болады?

А) Қоғамдық еңбек бөлінісі. В) Экономика субъектілерінің экономикалық бейімделуі.

С) Өндіру мен бөлуді қатаң басқару жүйесі. D) Кәсіпкерлік субъектілерінің тәуелсіздігі.

Е) Өндіріс.

16. Мыналардың қайсысы экономикалық игілікке жатпайды?

А) Сүңгуір қайық. В) Демалыс және көңіл көтеру орындары.

С) Жел энергиясы. D) Білім беру. Е) Су.

17. «Әлемдік ақшалар» - ақшаның қызметін:

А) Алтын мен күмістер атқарады. В) Бағалы қағаздар атқарады.

С) Қолма-қол ақшалар атқарады. D) Дамыған елдердің валюталары атқарады. Е) Әлемдегі барлық елдердің валюталары атқарады.

18. Натуралды шаруашылық кезінде өнім:

А) Айырбас жасау үшін өндіріледі.В) Тек мемлекеттің арнайы тапсырыс үшін ғана өндіріледі. С) Жеке тұтыну үшін өндіріледі.

D) Сауда-саттық үшін өндіріледі.

Е) Жеке тұтыну үшін де, сату үшін өндіріледі.

19. Ақша экономикалық категория ретінде – бұл:

A) Жалпылама эквивалент қызметін атқаратын тауар. B) Басқа тауарға қарай құнын анықтайтын тауар. C) Алтынмен құнын анықтайтын тауар. D) Алтын және күміс.

E) Тауар айырбасына қызмет атқаратын құрал.

20. Ақшаның қандай қызметі баға ұғымын білдіреді?

А) Құн өлшеу қызметі. В) Қор жинау қызметі. С) Әлемдік ақша қызметі. D) Төлем құралы қызметі. Е) Айналыс құралы қызметі.

21. Экономиканы ұйымдастырудың формасы – натуралды шаруашылық, ол қалай сипатталады:

А) Еңбек өнімдері нарықта айырбас үшін өндіріледі.

В) Өндірушілердің интеграциясы, яғни бірігіп жұмыс істеуі орын алады.

С) Өнімдер өзіндік тұтыну үшін, яғни ішкі шаруашылықтар үшін өндіріледі.

D) Өндірушілердің белгілі бір өнімнің түрін өндіруде мамандануы.

Е) Ешқандай дұрыс жауабы жоқ.

22. Айырбастың мақсаты не?

А) Эквивалентсіз айырбас жолымен пайда табу.

В) Өндірушінің өзі өндірмейтін қажетті игіліктерді тұтыну және қанағаттандыру.

С) Ішкі шаруашылық тұтыну мақсатында материалдық игіліктерді өндіру.

D) Өз еңбегімен өндірілетін игіліктерді тұтыну.

Е) Барлық жауаптары дұрыс берілген.

23. Тауардың құнына не жатады?

A) Тауар өндірісіне жұмсалған еңбек. B) Тауардың пайдалы қасиеті. C) Басқа тауарға айырбасталуы. D) Тауардың сиректілігі.

E) Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

24. Қандай да бір активтің айырбас құралына тез айнала алу қабілеті:

А) Өткізгіштік. В) Өтімділік. С) Қозғалғыштық. D) Ақшаның айналу жылдамдығы.

E) Айырбас жылдамдығы.

25. Доллар, еуро, йена, т.б. - бұлар:

А) Бұлардың құны бүгінгі күні төмендеп барады.

В) Бірін бірі толықтырып отыратын валюталар.

С) Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметін атқарады.

D) Бұлардың арасында қазір бәсеке күшті.

E) Әлемдегі ең тұрақты валюталар.

5-ТАҚЫРЫП

Нарықтық механизм.

Сұраныс пен ұсыныс теориялары

Мақсаты: нарық ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлеріне, қызметтеріне, принциптеріне тоқталу, оның негізгі элементтерін, соның ішінде сұраныс пен ұсыныс теориясын, икемділіктің мәнін жан-жақты талқылау.

 

Талқылау сұрақтары:

5.1 Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері

5.2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері.

5.3 Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым.

5.4 Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік

5.5 Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

 

Негізгі ұғымдар: нарық, «көрінбейтін қол», нарықтың түрлері, нарық элементтері, нарықтың принциптері, сұраныс, сұраныс детерминанттары, сұраныс заңы, ұсыныс, ұсыныс детерминанттары, ұсыныс заңы, нарықтық тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, тепе-теңдік көлем, артықшылық, тапшылық, икемділік, икемділік коэффициенті, сұраныс икемділігі, ұсыныс икемділігі, сұраныстың баға бойынша икемділігі, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысқан икемділігі, т.б.

 

5.1 Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері

Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан, классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.

Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;

2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары;

3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;

4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:

1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.

2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі.

3) Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.

Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:

1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:

- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;

- өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы, капитал нарығы және жер нарығы;

- қаржы нарығы;

- ақпарат нарығы.

2) Географиялық орналасуы бойынша:

- жергілікті нарық;

- аймақтық нарық;

- ұлттық нарық;

- дүниежүзілік нарық.

3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:

- жетілген бәсеке нарығы;

- монополиялық нарық;

- олигополиялық нарық;

- монополистік бәсеке нарығы.

4) Салалар бойынша:

- автомобиль нарығы;

- компьютер нарығы, т.б.

5) Сатылу сипаттамасы бойынша:

- көтерме сауда нарығы;

- бөлшек сауда нарығы;

- фьючерстік сауда нарығы.

6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:

- ресми нарық;

- ресми емес (көлеңкелі) нарық.

 

5.2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым

 

Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:

1) Нарықтың ақпараттық қызметі – нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады.

2) Нарықтың делдалдық қызметі – нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.

3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі – нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады.

4) Нарықтың реттеушілік қызметі – нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.

5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі – нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.

Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:

1) Маржиналды (шекті) талдау принципі – нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.

2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.







Date: 2015-10-22; view: 1432; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.053 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию