Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ресурстар. 3 page
7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672. 8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б. 9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б. 10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б. 11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар. 12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар. 13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар. 14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз. 15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Экономикалық жүйе дегеніміз не? 2. Экономикалық жүйелердің түрлері? 3. Экономикалық жүйеге тән сипатты белгілері қандай? 4. Меншіктің әртүрлі категориялары қандай? 5. Меншік нысандары мен субъектілері? 6. Меншіктің құқықтары қандай? 7. Өтпелі экономиканың заңдылықтарының қандай? 8. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу дегеніміз не? 9. Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі бағыттары қандай? 10. Жекешелендірудің Қазақстандағы нәтижелері қандай?
Студенттің өзіндік жұмыстары 1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий). 2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект): 1) Экономикалық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері. 2) Аралас экономиканың үлгілері. 3) Шведтік социализм. 4) Экономикалық жүйенің Қазақстандық үлгісі. 4. Тест тапсырмалары:
1. Нарықтық экономиканың белгісі: А) Мемлекеттік меншіктің басымдылығы. В) Орталықтан жоспарлау. С) Жеке экономикалық мүдде. D) Экономикалық қызметтің қатаң жоспарлануы. Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі. 2. Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылы өтті? А) 1990-1991 жж. В) 1991-1992 жж. С) 1993-1995 жж. D) 1996-1998 жж. Е) 2000-2001 жж. 3. Егер экономикадағы мәселелер экономикалық механизммен қатар мемлекеттің араласуы арқылы шешілсе, онда бұл экономика: А) Дәстүрлі. В) Әкімшілдік-әміршілдік. С) Нарықтық. D) Аралас. Е) Натуралды. 4. Меншіктің экономикалық мәнін беретін анықтаманы таңдаңыз: А) Қайтарымсыз табиғи ресурсты иемдену. В) Биліктік мүмкіншілікті жүзеге асыру. С) Адамның тауарды жеке мақсатқа пайдалануы. D) Жинақталған интеллектуалдық потенциалды пайдалану. Е) Қарама-қарсы экономикалық көзқарастағы субъектілердің өндіріс жағдайына байланысты қатынасы. 5. Орталықтан басқарылатын экономика мазмұнына не жатпайды? А) Мемлекеттік меншік. В) Орталықтан басқару. С) Орталықтандырылмаған жеке басқару. D) Сыйақылы ынталандыру. Е) Экономиканы жоспар негізінде бағыттау. 6. Барлық экономикалық жүйелердің шешетін проблемалары: А) Инвестиция жетіспеуі. В) Өндіріс пен тұтыну сәйкессіздігі. С) Баға тұрақсыздығы. D) Ресурстар шектеулігі. Е) Еңбек өнімділігінің өсуі. 7. Постиндустриалды қоғамның негізгі экономикалық саласы: А) Ауыл шаруашылығы. В) Машина жасау. С) Қызмет көрсету. D) Өндіріс саласы. Е) Машина жасау және құрылыс саласы. 8. Жеке меншік қалай сипатталады: A) Ресурстармен бұйрық берудің және жеке таңдаудың еркіндігі. B) Бөлек топтардың пайдасы үшін байлықтарды қайта бөлуі. C) Кәсіпорынның аздаған акция пакетімен иеленуі. D) Әр адамның өзінің жұмыс күшінің меншігі. E) Барлық жауаптар дұрыс. 9. Игілікті пайдалануды кім және қалай жүзеге асырады деген шешім қабылдау құқығы – бұл: А) Пайдалану құқығы.В) Басқару құқығы.С) Тәуелсіздік құқығы. D) Иелену құқығы. Е) Жүзеге асыру құқығы. 10. Тендер дегеніміз не? А) Мүлікті кепілге қою арқылы несие алу. В) Өнімнің сапасын анықтауға байланысты арнайы құжат. С) Белгілі бір жұмыстарды немесе тауарды жеткізу бойынша тапсы-рыстарды ұсынудың және жүзеге асырудың ерекше формасы. D) Банктегі салымдардың бір түрі. Е) Айырбас үшін өндірілген еңбек өнімі. 11. Егер экономикалық билік орталықтанған және негізгі экономикалық субъект мемлекет болса, онда бұл: А) Нарықтық экономика. В) Патриархалды жүйе. С) Әміршіл-әкімшілдік. D) Аралас экономика. Е) Нарықтық реттеуші экономика. 12. Жекешелендірудің негізгі түрлері қандай? А) Шағын, жаппай және жеке жобалар бойынша. В) Шағын, орта және ірі. С) Ашық түрде және жабық түрде. D) Конкурс, аукцион және жалға беру бойынша. Е) Қарапайым және күрделі. 13. Егер кез-келген мүлікті жалға алса, онда жалгер: А) Мүліктің тұтыну құнын пайдаланады. В) Мүліктің толық иегері болып табылады. С) Берілген мүліктің құндылығына билік етеді (оны сата алады). D) Мүліктің потенциалды иесі болып табылады. Е) Аренда келісім шартында белгіленген жағдайларға байланысты ол мүліктің иесі болып табылады. 14. Реформа дегеніміз - бұл: A) Бір нәрсені өзгертіп қайта құру. B) Мемлекеттік экономикалық жүйені жойып жіберу. C) Айналымдағы ақшаны қысқарту. D) Жұмысшыларға еркіндік әперетін экономикалық жүйе. E) Өндіріс орындарына жаңа қорлар енгізу. 15. Аралас экономиканың негізгі ерекшеліктері: A) Әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы. B) Көптүрлі меншіктің орын алуы. D) Мемлекеттік реттеу және түзету рөлінің белсенді болуы. E) Аталғандардың барлығы дұрыс. 16. Барлық экономикалық жүйелердің көкейкесті мәселесі: А) Инвестициялар. В) Өндіріс. С) Тұтыну. D) Сиректілік. Е) Жұмыссыздық. 17. «Не, қалай және кім үшін» деген мәселелер қандай экономикалық жүйеге тән: А) Әміршіл-әкімшіл. В) Нарықтық. С) Дәстүрлі. D) Аралас. E) Кез-келген. 18. Қандай салаларда көбінесе мемлекеттік сектор басым болады? А) Бөлшек саудада.В) Ауыл шаруашылығында.С) Жеңіл өнеркәсіпте.D) Қонақ үй бизнесінде. Е) Шикізат өндірумен байланысты салаларда. 19. К. Маркс бойынша меншік дегеніміз – бұл: А) Адамның затқа қатынасы.В) Заттардың арасындағы қатынастар. С) Заттың пайдалылығы.D) Ұрлық. Е) Тауар өндірушілердің арасындағы қатынастар. 20. Ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету салаларының дамуы - бұл: A) Индустриалдық қоғамның басты артықшылығы. B) Еркін бәсекелестік нарықтық жүйенің басты артықшылығы. C) Аралас экономикалық жүйенің басты мәселесі. D) Кез-келген экономикалық жүйенің басты кемшілігі. E) Постиндустриалдық қоғамның басты ерекшелігі. 21. Аралас экономикада: А) Тауар мен қызмет мемлекеттік кәсіпорындарда да, жеке меншік кәсіпорындарда да өндіріледі. В) Үкімет билік етеді немесе барлық компанияларды басқарады. С) Экономикалық шешім дәстүр бойынша қабылданады. D) Кедейлер мен байлар болады. Е) Экономикаға мемлекет араласпайды. 22. Өзіне қажетті қолдану құқығы – бұл: A) Иемдену құқығы. B) Пайдалану құқығы. C) Басқару құқығы. D) Кіріс құқығы. E) Тәуелсіздік құқығы. 23. Кез-келген экономикалық жүйе қандай мәселелерді шешеді? А) Не? қалай? кім үшін? В) Кім? қанша? қандай ресурстардың көмегімен? С) Табыстың көтерілуі. D) Қажеттіліктің қанағаттандырылуы. Е) Табыстың теңдігі. 24. Әміршіл-әкімшіл жүйеге байланысты артықшылықтарды көрсетіңіз: A) Адамдық және материалдық ресурстардың басымды бағыттарға икемделуі. B) Жеке кәсіпкерлікті шектеу, не тыйым салу. C) Ресурстардың тұрақты тапшылығы. D) Бәсекенің болмауы. E) Бітпеген құрылыс көлемінің өсуі. 25. Аталған белгілердің қайсысы нарықтық экономикаға тән емес? А) Бәсеке. В) Орталықтан жоспарлау. С) Жеке меншік. D) Кәсіпкерлік талдау еркіндігі. Е) Мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі. 26. Егер экономикалық билік орталықтандырылмағанған, негізгі экономикалық субъект – мемлекет нарықтық экономиканы реттеу қызметін атқармаса, ал экономикалық субъектілер әрекетінде жалпы мүддеден гөрі жеке мүдде басым болса, онда бұл: А) Нарықтық экономика. В) Аралас экономика. С) Дәстүрлі экономика. D) Әкімшілік-әміршілдік экономика. Е) Мемлекеттік монополия. 27. Индустриалды қоғамның басты белгісі: A) Өндіргіш күштердің дамуының жоғарғы деңгейі. B) Ірі машиналы өндіріс. C) Құқықтық мемлекет. D) Демократия. E) Тұтынудың жоғарғы деңгейі. 28. Жоспарлы экономикалық жүйе қазіргі уақытта қандай елдерге тән: А) Еуроодақ елдеріне.В) Сингапур мен Гонконгқа. С) Оңтүстік Кореяға.D) Солтүстік Корея мен Куба еліне. Е) Ресейге. 29. Меншіктің заңдық тұрғыдағы мазмұны қалай сипатталады? А) Мүліктік қатынастармен.В) Табиғи жағдайларға деген қатынастармен.С) Өндіріс нәтижелеріне байланысты қатынастармен.D) Пайда табу бойынша қатынастармен. Е) Өндіріс құрал-жабдықтары бойынша адамдар арасындағы қатынастармен. 30. Мүлікке нақты иелік ету құқығы – бұл: А) Иелену құқығы.В) Пайдалану құқығы.С) Басқару құқығы. D) Тәуелсіздік құқығы. Е) Мүліктің тағдырын анықтау құқығы. 31. Нарықтық экономикалық жүйенің басты ерекшеліктері: А) Жеке меншіктің басымдылығы. В) Таңдау еркіндігінің болуы. С) Бәсекелестіктің орын алуы. D) Жеке қызығушылық. Е) Аталғандардың барлығы дұрыс. 32. Егер экономикалық проблемалар әрі нарықпен, әрі Үкіметпен шешілсе, онда экономика: А) Жоспарлы. В) Нарықтық. С) Натуралды. D) Аралас. Е) Монополистік. 33. Экономикада өмір бойы жалдану жүйесі қандай елге тән: А) Швецияға. В) Жапонияға. С) Германияға. D) АҚШ-қа. Е) Қазақстанға. 34. Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншіктің келесі формалары бар: A) Жеке меншік және мемлекеттік меншік. B) Мемлекеттік, ұжымдық, өзіндік меншік. C) Мемлекеттік, жеке және аралас. D) Мемлекеттік, аралас және біріккен. E) Мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік. 35. Аукцион дегеніміз не? А) Мүлік сатушы сатып алушыны өзі таңдап алады. В) Бәсекелестік негізде өтетін ашық сауда. С) Акцияларды купон иелеріне таратып беру. D) Мүліктерді алдын-ала сатып алу. Е) Жәрменке. 36. Төмендегілердің қайсысын интеллектуалды меншікке жатқызуға болмайды? А) Ноу-хау. В) Жоба-дизайн. С) Ой. D) Құрал-жабдықтар. Е) Әдеби шығармашылықтар. 37. Дәстүрлі экономикалық жүйенің негізгі ерекшелігі қандай? А) Саясат экономикадан басым болады. В) Көптүрлі меншіктің орын алуы. С) Көлеңкелі экономиканың басымдылығы. D) Артта қалған технология. Е) Аталғандардың барлығы дұрыс. 38. Егер өндiрic жеке тұлға мүддесiнде iскe асса, онда бұл: А) Ұжымдық меншiк және ұжымдық иемдену. В) Жеке меншік және жеке иемдену. С) Қоғамдық меншiк жене қоғамдық иемдену. D) Жеке-ұжымдық меншiк және жеке-ұжымдық иемдену. Е) Жеке-мемлекeттiк меншiк және жеке-мемлекеттiк иемдену. 39. Меншікті қай тұрғыдан немесе қай жағынан сипаттауға болады? А) Заңдық және экономикалық. В) Психологиялық және экономикалық. С) Моральдік және физикалық тұрғыдан. D) Заңдық және психологиялық. Е) Экономикалық және пайдалы жағынан. 40. У. Ростоу бойынша экономикалық жүйенің бірінші стадиясы не? A) Дәстүрлі қоғам. B) Өтпелі қоғам. C) Индустриалды қоғам. D) Жаппай тұтыну стадиясы. E) Жабайы табиғат. 41. Экономикалық жүйе – бұл? A) Не, қалай, кім үшін деген мәселелерді шешу үшін қоғамды ұйымдастыру әдісі. B) Пайданы максималдандыру үшін қоғамды ұйымдастыру әдісі. C) Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу үшін құрылатын жүйе. D) Фирманың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру жүйесі. E) Мемлекеттің экономикалық мәселелерді дұрыс шеше білу жолдары. 42. Индустриалдықтан кейінгі қоғамның саласы қандай? A) Металлургия. B) Химия өнеркәсібі. C) Құрылыс материалдарын өндіру. D) Қызмет көрсету саласы. E) Көлеңкелі бизнес. 43. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз – бұл: А) Шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекет қарамағындағы меншік нысандарын беру.В) Меншік нысандарын мұрагерлікке беру.С) Акциялар мен облигацяларды сатып алу.D) Мүлікке толыққанды ие болу. Е) Заңды тұлғалардың мемлекеттен меншік нысандарын сатып алу қатынастары немесе келісімдері. 44. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде: A) Кәсіпкерлік дамымайды. B) Экономикалық таңдау еркіндігі орын алады. C) Дәстүрлер жақсы сақталады. D) Күшті кәсіподақ қозғалысы орын алады. E) Қоғамдық мәселелер көп жағдайда шешілмейді. 45. Жерді иемдену дегеніміз не? А) Қалыптасқан дәстүрге байланысты жерді пайдалану. В) Жерді жалдау. С) Жер кадастры бойынша жердің бағасын анықтау. D) Тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде жер телімін пайдалану құқығы. Е) Белгілі бір заңдық тәртіппен жерді пайдалану. 46. Қазақстанда алғашқы жекешелендіру қалай жүргізілді? A) Жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі объектілер жекешелендірілді. B) Жұмысшылар саны 200 адамнан асатын объектілер жекешелендірілді. C) Қызметкерлері 50 адамнан аспайтын объектілер жекешелендірілді. D) Жекешелендіру купондарын қолдану арқылы орта кәсіпорындар жекешелендірілді. E) Алдымен ірі стратегиялық өнеркәсіп салалары жекешелендірілді. 47. Меншік құқығы дегеніміз – бұл: A) Игіліктердің белгілі бір тұлғаға тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. B) Меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар. C) Меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін анықтау. D) Экономиканың іргелі сұрақтарын шешу үшін субъектілердің меншік туралы қатынастарын жеңілдету. E) Қоғамдағы барлық меншік объектілерін әділетті және шынайы бөлу мәселесін реттейтін заңдар мен құқықтар. 48. Жекешелендірудің қажеттілігі: А) Жеке меншік топтарын құру.В) Мемлекеттің экономикаға араласпауын қадағалау.С) Шетел инвесторларын шектеу. D) Кәсіпорындарды монополияландыру. Е) Мемлекеттің рөлін күшейту. 49. Экономикалық жүйедегі қоғам эволюциясының формациялық бағыты: A) Марксистер теориясымен жасалған. B) Неоклассиктермен жасалған. C) Кейнстік теорияда кездеседі. D) У. Ростоудың еңбектерінде орын алған. E) Американ социологы Д. Белл теориясында орын алады. 50. Мына елдердің қайсысы қазіргі уақытта өз экономикасын жоспарлы және әміршіл-әкімшіл тұрғыдан ұйымдастырады? A) Монғолия. B) Қырғыстан. C) Венесуэлла. D) Сауд Арабиясы мен Кувейт. E) АҚШ.
4-ТАҚЫРЫП Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғышарттары. Тауар-ақша қатынастары Мақсаты: қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілерінің пайда болуын зерттеу және тауар мен ақша ұғымдарына кеңірек тоқталу.
Талқылау сұрақтары: 4.1 Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық 4.2 Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары 4.3 Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары Негізгі ұғымдар: қоғамдық шаруашылықтың нысаны,натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, тауардың қасиеттері, тұтыну құны, айырбас құны, құн, құн заңы, еңбек сипатының екі жақтылығы, қоғамдық қажетті жұмыс уақыты, еңбек өнімділігі, ақша, ақшаның қызметтері, сандық ақша теориясы, т.б.
4.1 Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
Қоғамдық шаруашылықтың нысаны – адамдардың шаруа-шылық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар: 1) Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері: - экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы; - әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы; - қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы; - өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байла-ныстардың орын алуы; - еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі. Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндірушілік болып бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруа-шылық – терімшілік өнері басым болатын, еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын шаруашылық. 2) Тауарлы шаруашылық - өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері: - экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы; - қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы; - тауарлар айырбасының орын алуы; - еңбектің мамандандырылуы; - өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың орын алуы; - еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін тұтынылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жол ашты. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті: 1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы. 2. Жеке меншіктің пайда болуы. 3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы. Сондықтанда, қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.
4.2 Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез-келген экономикалық жүйенің жасушасы болып табылады. Адам еңбегінің нәтижесі болып табылатын өнім тауарға айнала алады. Себебі, ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа және сату-сатып алуға бағытталады. Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің өнімі. Тауардың 2 қасиеті бар: 1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады. 2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы. Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез-келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан – бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі. Date: 2015-10-22; view: 1276; Нарушение авторских прав |