Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Рибо- және дезоксирибонуклеозидтер. Құрылысы, номенклатурасы, гидролизі
Нуклеозидтер- көмірсу және азоттық негіздің қалдықтарынан құралады. Көмірсулы компоненттің табиғатына байланысты 2-ге бөлінеді. Рибонуклеозидтер- азоттық негізден, β-рибофуранозаның қалдығынан құралған гликозидтер. Рибонуклеозидтерді атау үшін азоттық негіздің атына пириминді болса-идин, пуринді болса-озин жалғауы жалғанады. Мұндай нуклеозидтерге уридин, цитидин, аденозин, гуанозин жатады. Дезоксирибонуклеозидтер- азоттық негізден және β-дезоксирибофуранозадан құралған гликозидтер. Оларды атау үшін азоттық негіздің атына пириминді болса-идин, пуринді болса-озин жалғауы жалғанып, алдына дезокси- жұрнағы қосылады. Мұндай нуклеозидтерге дезокситимидин, дезоксицитидин, дезокиаденозин жатады. N- гликозидтерге жататын нуклеозидтер қышқылдық ортада жақсы гидролизденеді де, әлсіз сілтілік ортада тұрақты болады. Пуринділер оңай, пириминділер қиындау гидролизденеді.кейбір жасушада кездесетін нуклеозидтердің антибиотикалық қассиеті болады, сол себепті антиметаболиттердің ролін атқарады. 55.Нуклеозидтердің моно-, ди-, трифосфаттары. АМФ, АДФ, АТФ. Аденозимонофосфат(АМФ) айналымдық нуклеотид. Организмдегі маңызды биологиялық реттегіш. Рибонуклеин қышқылын құрайды. Аденозидифосфат(АДФ) -аденозин және фосфор қышқылының 2 қалдығынан тұратын нуклеотид. Органикалық заттардың тотығуы нәтежиесінде бөлінген бос химиялық қуатты пайдаланып, бейорганикалық фосфаттпен фосфорлану реакциясына түсіп, АТФ-ті түзеді. Фосфорлану реакциясы- митохондрияда жүреді. Аденозитрифосфат (АТФ) - организм жасушаларындағы биологиялық түзілу процестеріне және жасушалардың белсенді қимылына қажет химиялық энергиямен қамтамасыз ететін, артық энергияны жинақтайтын күрделі қосылыс. АДФ молекуласы АТФ түзілуі үшін қажетті бастапқы субстанция болып табылады. Адениннің 3 фосфатты эфирі АТФ, басқа нуклеотидтерге қарағанда, энергияның жүздеген дербес жасушаішілік реакциялардың арасында тасымалдануына жиірек қатысады. АТФ-тің реакцияға қабілетті және оңай гидролизденетін 2 шеткі фосфаттық тобы қоректік заттардың тотығу барысында ковалентті байланыстар түзеді. 56.ДНҚ және РНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. Нуклеин қышқылдарының гидролизі. Нуклеин қышқылы барлық тірі ағзалардың жасушаларындағы генетикалық ақпаратты тасушы болып есептеледі. Олар күрделі биополимерлер, ал мономері- нуклеотидтер. әр нуклеотид 3 компоненттен тұрады: пентоза, фосфор қышқылының қалдығы, азоттық негіздер. ДНҚ-ның нуклеотид құрамы: азоттық негіздері -аденин, гуанин, тимин, цитозин, монаосахарид түрі- дезоксирибоза, фосфор қышқылы қалдығы. ДНҚ бір-біріне комплементарлы 2 тізбектен тұрады. ДНҚ 2 спиральді тізбектен тұрады, егер 1 тізбекте орналасқан азоттық негіздер белгілі болса, 2-тізбектегі азоттық негіздерді комплементарлық принциппен анықтауға болады. Негізгі тізбек фосфор қфшқылының қалдығы және дезоксирибозадан құралған. Азотты негіздер активтілігі өте жоғары атомдар тобын көрсетеді. РНҚ-ның нуклеотид құрамы: азоттық негіздердің түрлері- урацил, аденин, цитозин, гуанин; моносахарид түрі- рибоза, фосфор қышқылының қалдығы. Жекеленген рибонуклеотидтердің арасындағы байланыс күрделі эфирлік жалғасулар арқылы орындалады. Негізгі тізбекте фосфор қышқылы мен рибоза қалдығы орналасады. Ал азоттық негіздер жоғары жоғары химиялық белсенділік көрсететін «бүйірлік» атомдар тобын құрайды. Нуклеин қышқылының толық емес гидролизі нәтежиесінде нуклеотидтер түзіледі. Ал нуклеотидтер оданәрі гидролизденсе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді. ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы- нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталады. Date: 2015-09-22; view: 1050; Нарушение авторских прав |