Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Иммунды реакцияларды атқаратын жасушаларға сипаттама беріңіз
Қазіргі таңда адам және жануарлар оранизімінде иммундық бақылауды жүзеге асыратын,жеке-дара иммунокомпетентті жүйе барлығы анықталған. Ағылышын патологі Миллердің жүргізген тәжірбиелерінде айырша бездің осы иммундық реакцияларды басқаратын орта екендігі анықталды.Егер жаңа туған тышқандардың тимусын операция жолымен алып тастаса,олар иммундық реакцияларға жауап беру мүмкіндігінен бүтіндей айырылады.Организмдегі лимфоидтық жасушаның пайда болу үдерісі бұзылып,олар атрофияланады,қандағы лимфоциттер мен иммуноглобулиндер мөлшері азаяды.Иммундық реакциялардың өзгерісіне байланысты ішектегі аутофлораның белсенділігі артып,іш өте бастайды.Өсу үдерісі тоқтайды,жануарлар тез арықтап,2-4 айдан соң өледі. Адам және сүтқоректілердің иммунитетінің орталық ағзаларына тимустан басқа сүйек кемігі,ал құстарда-фабрициус қалтасы жатады. Көкбауырда,шеткі лимфа бездері,асқазан-ішек жолындағы,өкпедегі шоғырланған лимфоидтық жасуша және қандағы лимфоцит жасушалары иммундық жүйенің шеткі бөлімдері болып есептеледі.Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т-лимфоциттер,ал фабрициус қалтасына тәуелді лимфоциттер В-лимфоциттер деп аталады. Т-лимфоциттер организмдегі жасушалы иммунитетке жауап береді.Олар тимуста пайда болып,шеткі лимфоидтық ағзалардың тимуске тәуелді аймақтарында орналасады,бірақ сол жерде тоқтап қалмай қанда үздіксіз айнала жүріп,бірінші болып антигендермен кездеседі.Ең бастысы,олар иммуныдық бақылау қызметін атқарып,барлық иммундық хабардыжадында сақтайды және өмірі ұзақ жасушалар қатарына жатады,иммундық реакция кезінде жасушалық иммунитет медиаторларын,лимфокиндерді бөліп шығарды.Т-лимфоциттер үшін 0-антиген олуы тән.Электрондық микроскопта оларыдың сырты тегіс болып көрінеді.Т-лимфоциттердің өзі бірнеше түрге бөлінеді:хелперлер,киллерлер,супрессорлар. Т-хелперлер В-лимфоциттердің плазмалық жасушаларға айналуға жәрдемдеседі.Т-киллерлер жасушалық иммунитеттің негізгі құралы болып,антигендік құрамы өзгерген жаушаларды тікелей жойып береді. В-лимфоциттер өмірі қысқа,отырықшы жасушалар қатарына кіреді.В-лимфоциттердің сыртында әр түрлі,антиген қосып алушы,рецепторлар болғандықтан,электрондық микроскопта олардың үсті бүрлі болып көрінеді.В-лимфоциттердің негізгі қызметі антиген әсерінде плазмобласт,плазмалы жасушаларға айналып өзінен иммуноглобулиндер бөліп шығарады.Пайда болған антиденелер антигендермен қосылып кешен түзеді. Организімде иммундық реакциялар қалыпты жүруі үшін иммундық жүйенің осы негізігі екі жасушасы –Т-және В-лимфоциттер мен үшініші жасуша –макрофагтар бірлесіп қызмет етуі керек.Осы үш жасушалық серіктестік иммунологиялық реакциялар негізін құрайды. Date: 2015-09-27; view: 1142; Нарушение авторских прав |