Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экссудативтік қабынуға сипаттама беріңіз?





Экссудация құбылысы қабыну ошағынан қанның ағып кетуінің қиындауына байланысты қан тамырының ішіндегі гидростатикалық қысымның көтерілуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, қабыну медиаторларының, лейкоциттердің, протеолиздік ферменттердің әсерінде эндотелий клеткаларының зақымдануы байқалады. Нәтижеде эндотелий клеткалары жиырылып, клеткааралық саңылаулар кеңейеді немесе микропиницитоз құбылысы күшейеді. Осы кезден қанның сұйық бөлшектері: су, электролиттер, белоктар (алдымен альбумин, глобулин соңынан фибриноген) шыға бастайды. Белоктардың тамыр сыртына шығуы ол жердегі онкотикалық қысымды көтереді. Қабыну ошағында сұйықтық жиналып қалады. Оны экссудат деп атайды. Қан элементтерінің эмиграциясы лейкоциттердің қабыну ошағына жиналуынан басталады. Лейкоциттер эндотелий қабатында тізбектеле жайғасады (маргинация), кейінэндотелийге жабысып, эндотелий арасындағы саңылаудан жалған аяқшалар (псевдоподий) арқылы шыға бастайды, осы құбылысты эмиграция деп атаймыз.

Қан элементтерінің эмиграциясы лейкоциттердің қабыну ошағына жиналуынан басталады. Лейкоциттер эндотелий қабатында тізбектеле жайғасады (маргинация), кейін эндотелиге жабысып, эндотелий арасындағы саңылаудан жалған аяқтар арқылы шыға бастайды,осы құбылысты эмиграция деп атайды. Эндотелиден өткен лейкоциттер тіректік мембранаға өзінің ферменттері (эластаза, колсалагеназа, гиалуронидаза, катиондық белоктар) арқылы әсер етіп, тамыр сыртына шығады. Полиморфты ядролы лейкоциттер осылайша трансэндотелиалалды шығатын болса, қабыну аймағындағы лимфоциттер тікелей, эндотелий жасушаларының денесі арқылы (трансцеллюлярлы) шыға алады.

Қан тамырларынан шыққан лейкоциттер әрі қарай, қабыну ошағына жылжи бастайды, оны хемотаксис құбылысымен түсіндіреді. Хемотаксис лейкоциттер мембранасына қабыну ошағында пайда болған әртүрлі химиялық заттардың (медиаторлардың, комплемент жүйесінің, микроорганизмдер өнімдерінің және т.б.) әсерінде дамиды. Қабыну ошағында бірінші болып лейкоциттер, одан кейін моноциттер, лимфоциттер пайда болады. Олардың пайда болу реті кейбір инфекцияларда өзгеруі мүмкін. Мысалы вирустық инфекцияларда, балалар қабыну ошағында лимфациттер басым болады. Қабыну ошағына шыққан лейкоциттердің негізгі қызметі фагоцитоз болып саналады. Фагоцитоз үдерісі 3 кезеңнен тұрады: 1) қабыну ошағындағы бактерияларға комплемент компоненттерінің, негізінен С3в –ның жабысуы (олар опсонониндік қызмет атқарады); 2) осы бактерияларды нейтрофильдер макрофагтардың жұтуы; 3) жұтылған материалдың ыдырап, жойылуы. Фагоцитоз барысында жасуша ішінде мембранамен қоршалған фагосома пайда болады, ол лизосомалармен қосылса фаголизосома деп аталады. Осы құрылымдарды қорытып, жою үшін лейкоциттердің дегрануляциясы жүріп, олардан лизосомалық ферменттер (қышқыл гидролаза, протеаза, катеондық белоктар), лизоцим, эластаза, лактоферрин, комплементтер, еркін радикалдар бөлініп шығады. Сөйтіп, жасуша ішіндегі микроорганизмдер ыдырап жойылады. Егер осы құбылыс толық болса, оны аяқталған фагоцитоз деп, егер толық болмаса, аяқталмаған фагоцитоз (эндоцитоз) деп атайды. Мысалы, фагоцитоз кезінде туберкулез микобактерияларының тек 5% ғана жойылатыны белгілі. Ішінде жойылмаған микобактериялар бар жасушалар, туберкулез таралып кетуінің көзі бола алады, демек, эндоцитоз организм үшін зиянды құбылыс Қабыну ошағына қан тамырлары арқылы шыққан гематогендік элементтер (лейкоциттер, моноциттер, лимфоциттер) және жергілікті, гистиогендік жасушалар (жергілікті макрофагтар, гистиоциттер, фибробластар, эндотелиоциттер) қабыну сіңбелерін құрайды. Олардың құрамы этиологиялық факторлармен анықталады







Date: 2015-09-27; view: 1258; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию