Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Елдің географмялық орнының оның экономикалық дамуына әсері туралы қорытындысы





Билет №1

1. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына сипаттама. +++++

2. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер. ----
1.Елдің эканомикалық-географиялық жағдайы (ЭГЖ) мынадай жоспар бойынша қарастырылады. Олар:

1) елдің географиялық орны;

2) шекаралас елдері;

3) шикізат, отын – энергетикалық қорлары;

4) ірі көлік жолдарына қатынасы;

5) елдің экономикалық –географиялық жағдайының өзгеруі;

елдің географмялық орнының оның экономикалық дамуына әсері туралы қорытындысы.

Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724,9 мың км², жалпы аумағы бүкіл Жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1%-ын ТМД-ның 12%-ын құрайды. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан, Аустралиядан кейін 9-орында және Еуропалық Одақтың 12 елінің аумағынан асып түседі.

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Еуразиялық материктің орталық бөлігінде, мұхиттардан шалғай орналасқандықтан, аумағында шөлдер мен шөлейттер кездеседі. Осыған байланысты республиканың бірқатар елді мекендерінд су тапшыылығы яғни экономикалық географиялық жағдайы тұрғысынан Қазақстаннның орналасқан орны тиімді емес.Мұндай климат жағдайында жайылымдық мал шаруашылығы мен ылғалды онша қажкет етпейтін егікншілік салаларын дамытуға болады.Ал сутапшылығы өндірісте суды көп қажет ететін тусті және қара металлургия өнеркәсәіптерінің өркендеуәіне кері әсерін тинізеді.

Республиканың қазіргі экономикалық жағдайы Еураазия кеңістігінде біртұтас көлік және комуникациялық қатынастар жүйесін құру қажеттігін тудырды.Бұл жағдайда еліміз технологиясы дамыған Еуропа мен табиғат ресурстарына бай Азияны жалғастыратын көпір б.т.Еуразия материгінің орталық бөліігінде еліміздің аса зор аумақты алып жатуы және көпшілік бөлігінің жазық болуы жол тораптарының Қазақстанда тоғысуында алғы шартболуда.

2. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы.Сағаттық белдеулер

Бүкіл әлемде барлық адамдар белгілі уақыт бойынша өмір сүреді және жұмыс істейді.Уақытты өлшеу үшін сағат пайдаланылады.Бірақ уақытты есептеу тіпті де қарапайым мәселе емес.Бүкіл дүние жүзі мемлекеттерінде уақыт бірдей өлшеммен өлшенеді. Ол өлшемдер:секунд,минут,сағат,тәулік,жыл.Әр елдің географиялық орны мен аумағының мөлшеріне қарай белдеулік,декреттік,жергілікті,ал кей елдерде жазғы уақыт деген ұғымдар туады.Уақыттың жылжу қозғалысы Жердің өз кіндігімен (тәулік)және Күнді (жыл) айналуының нәтижесі екені белгілі.

Белдеулік уақыт. Адам өмірінде қолайсыздық тудырмау үшін Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген.Әр сағаттық белдеу 15º-тан тұрады.Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген.Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды.24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері бар:0-ден 23-ке дейін.Гринвич меридиананы ортасынан өтетін сағаттық белдеу нөлдік болып қабылданды.Сағаттық белдеулер картасында белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша дәл жүргізілмегендігін байқаймыз.Олар облыстардың,мемлекеттердің шекараларын бойлап немесе қалаларды айналып өтеді.Бұл бүкіл облыс(елді мекендермен бірге)1 сағаттық белдеуде жатып,уақыт өлшеміне қолайлы болу үшін жасалған.Біздің еліміз,төртінші,бесінші сағаттық белдеулерде жатыр.


Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы. Еуразияныңбатысында күн батқан кезде,оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды.Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалды.Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде,шамамен 180°меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген.

Декреттік уақыт. Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен енгізілген.Мұны декреттік уақыт деп атайды.Негізгі мақсаты-жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу.Декреттік уақыттың арнаулы шартты уақыты белгіленбеген.







Date: 2015-09-05; view: 26163; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию