Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi. Қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар





Қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - күнтiзбелiк жыл, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.

 

Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

 

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:
1) дара кәсіпкерлер үшiн:
- дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
- салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
- қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
- салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.

Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

 

1. Мемлекеттік бюджет: мәні және функциялары

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүйесінің құрылымы ме міндеті

3. Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары

 

1. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттің бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады.


Бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:

• ¥лттық табысты қайта бөлу;

• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;

• экономиканы реттеу мен ынталандыру;

• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау. бюджеттік салық саясаттың функциялары келесілерді құрайды:

а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),

ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансферттер, субсидиялар және т.б.),

б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б.),

в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау).

2. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

 

І кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.


Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті. Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.

Елімізде қабылданған “ҚР банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңына сәйкес қазіргі ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады:

- ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейдегі банк.

- коммерциялық банктер - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Ұлттық банк эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. ҚҰБ салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдардан босатылған. 1993 жылдың 15 қарашасында Ұлттық валюта теңге айналысқа енгізілді. Ақшаны эмиссиялаумен ҚР Ұлттық банкі айналысады.

 







Date: 2015-08-24; view: 803; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию