Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мотоциклдер және мотороллерлер. 1. Қаржының функциялары және оның ролі
1. Қаржының функциялары және оның ролі. 2. Банк активтерін басқару әдістері. 3. Мүлік салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
1. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау. Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады: Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады; Кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді. Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді: 1.ақшалай табыстар мен қорларды жасау; 2.ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану; 3.бақылау функцясы. Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне метериалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді 2. Активтер мен пассивтерді басқарудың басты мақсаты болып тәуекел мөлшер тиімді болатын пайда көлемін оптимизациялау немесе маржа мөлшерінің тұрақтылығы арасындағы үйлесімділік табылады. Коммерциялық банк тәжірибесінде көптеген әдістер түрі қолданылады, осыған орай олар банктің клиенттер базасына тәуелді болып келеді. Екінші деңгейлі банктер активтік операцияларын жетілдіру үшін өтімділік, табыстылық және де тәуекелдің қажетті деңгейінде бөлу тұрғысынан, активтік операциялардың өзге түрлерінің немесе қаражат салымын жүзеге асыруда банк қызметінің сәйкес жағын реттеуші заң актілерін қатаң түрде сақтай отырып жүзеге асыруы қажет. Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні өтімділікті басқару жоғарыда аталған бастапқы екі әдістің көмегімен іске асырылуда:
Жиынтық қор әдісі бұл банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеу көздерімен салыстыруды сипаттайды. Ол үшін банктің балансының өтімділігін бағалау көрсеткіштері қолданылады. Әр түрлі көздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп, өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құрылады. Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ-гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін. Банктің күнделікті операциясына қажетті немесе өтімділік мәселесі туындай қалған кезде шешуге қажетті ақшалай резервінің болуы қажет. Екінші әдіс, яғни конверсиялау әдіс банктің қаражаттарын көздеріне және бағыттарына қарай байланыстыруда қажет етеді. Бұл әдісті қолдану барысында, біріншіден, банктер қаражаттарды қалыптасу көздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай орналастыруға тиіс, екіншіден, әрбір қаражат көзін тиісті қаржыландыру бағытына бөлуі қажет. Аталған әдістің жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалармен (ЕҚДБ-нің несиелік желісі, АДБ-нің ауылшаруашылық бағдарламалары) тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады.
3. ҚР салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап мүлік салығын салу объектісі болып табылады. Date: 2015-08-24; view: 640; Нарушение авторских прав |