Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Осылған құн салығының ставкалары. Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшерiне





Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар

Экспортқа тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.

 

 

1. Қаржы механизімінің түрі, құамы, элементтері.

2. Банк ресурстарының ұғымы мен құрылымы.

3. Салық салудың негізгі принциптері мен олардың сипаттамасы.

 

1. Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады. Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары менынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру. Қаржы механизмінің блогі (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккенбіркелкі өзара байланысты әлементтердің жиынтығы. Қаржы механизмінің әлементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

2. Банк ресурстары -бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

“Банк ресурстары” термині “несиелік ресурсы” қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз “банктердің банкі” болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

3. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

Салық салудың міндеттілігі принципі

Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындылығы принципі

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

Салық салудың әділдігі принципі

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

 

1. Қазақстан Республикасының мемлекет бюджеттерінің кіріс бөлігінің құрамы мен құрылымы

2. Банктің депозиттік саясаты.

3. Көлік салығы: Салық салу обьектісі, Салық ставкалары, салықты төлеу және есептеу тәртібі.

 

1. Мемлекет бюджеттерінің кіріс бөлігінің құрамы мен құрылымы.

Мемлекет бюджеттерінің кірістеріне: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері жатады.

Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды.

Салықтық түсімдер - Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер. Салықтық түсімдер мемлекеттік бюджетте басым болады: олар кірістердің барлық түсімдерінің 68%-ын құрайды.

Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз толемдер, байланыстырылган гранттар, сондай-ақ трансферттерден баска, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер: 1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті; 2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды; 3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уакытша жер пайдалануга беруден не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халыкаралық келісімшарттарда көзделген тәртіппен озге тәсілмен өткізуден; 4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалай қаражаттарды кіріктіреді.

Трансферттердіц түсімдері - бүл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттык қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.

 

2. Тартылған қаражатарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке тарту жэне тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.

Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.

Депозиттік саясат - банктік саясаттың кұрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.

Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.

Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен такти- касын сипаттайды.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты - ҚР заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің кажетті дейгейіне колдау корсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:

1. банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарыктағы үлесін кеңейту;

2. меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;

3. банктің активі мен пассивін баскаруға байланысты шешімдерге сәйкес жэне өтімділік саясатына карай банктің ұзак мерзімді жэне қыска мерзімді депозиттерінің өзара шекті катынасын колдау;

4. барлық салым иелеріне қатысты өлшемді жэне икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің жэне өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тартумен, сондай-ак каражат көздерін аныктаумен байланысты банктің кызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сэйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барасында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

3. Көлік салыгын төлеушілер - меншік құқығында салық салу объектілері жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жұргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар. Олардың құрылымдык бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.

Date: 2015-08-24; view: 709; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию