Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сақтандыру түрі





1. Жеке басын сақтандыру

Сақтандыру шарты мерзімі ішінде ҚР аумағында немесе одан тысқары жерлерде сақтандырылушының әр түрлі себептерге байланысты өлімін сақтандыру. Сақтандыру шарты мерзімі ішінде әр түрлі жағдайларға байланысты жартылай не толық еңбекке қабілеттігінен (кемтарлық) айырылуын сақтандыру

2. Мүліктік сақтандыру

3. Ұзақ мерзімді ипотекалық несиеге кепіл ретіндегі тұрғын үй. Қарыз алушының ипотека затына қатысты меншік құқығынан айрырылу қаупінен сақтандыру

Сақтандыру шартына сәйкес қарыз алушының барлық сақтандыру төлемдерін төлеуіне несие беруші тікелей бақылау жасайды. Сақтандыру шарты жасалғаннан кейін несие беруші несиеге қызмет көрсете бастайды.

Сатып алу – сату келісімшартын тіркеу, 5 жұмыс күні ішінде Жылжымайтын мүлік орталығында сатып алу-сату туралы келісімшартты тіркейді және содан соң ғана қарыз алушы тұрғын үйдің иесі болып саналады. Ипотекалық қызмет көрсету мерзімі ішінде қарыз алушының тұрғын үйі банкте кепілде тұрады. Негізгі қарыздың сомасы толық өтелгенде ғана тұрғын үйге қойылған уақытша шектеу алынып тасталып, содан соң қарыз алушы толық тұрғын үйдің иесі болып табылады.

Ипотекалық несиеге алатын жылжымайтын мүлікке банктердің қоятын талабы мынадай:

- Тұрғын үйге азаматтық айналымнан алынбаған, кепілге қойылмаған, арест жасалмауы;

- Тұрғындардың денсаулығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты санитарлы-гигиеналық қызмет орындарының бекіткен талаптарына сай келуі;

- Тұрғын үйдің алаңы жылу, газ және электр жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс;

- Коммуналдық пәтерлер кепілге алынбайды;

- Тиісті органдардың рұқсатынсыз үйге не пәтерге құрылыс, қайта жоспарлау жұмыстары болмауға тиіс.

Ипотекалық несиені беру механизмі қарапайым және қарыз алушы үшін қолайлы, өтініш берген күнен бастап банктер екі апта ішінде ипотекалық несиені беруге тырысады. Ипотекалық несиелеу ұлттық және шетел валютасында жүзеге асады. Теңгемен несие алсаңыз теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының төмендеуі немесе жоғарылауына байланысты қарыз алушының қарызында ешқандай өзгеріс болмайды. Ал егер шетел валютасында алсаңыз, онда айталық теңге бағамы АҚШ долларына қатысты төмендесе онда, сол төмендеген мөлшерлеме қарыз алушының алған пайызына қосылып отырады.

Қазақстан ипотекалық компаниясы бойынша несие беретін банктер аннуитеттік төлемдер қолданады. Аннуитеттік есептеулер бойынша қарыз алушы ай сайын бірдей сомада төлемдер жасайды. Кейбір банктер ай сайын қысқарып отыратын есептеу әдістемесін қолданады.

3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану 1996 жылғы 27 қаң- тардағы №2828 «Жер қойнауы жэне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен іөзгертулер мен толықтырулармен) жүзеге асады.

Өндіру - жер қойнауынан шикізатты жер бетіне шығаруға, сонымсн қатар техногенді минералды құрылымдарға, минералды шикізатты уақытша сақтауға байланысты барлық жұмыстар (операциялар).

Коммерциялық табу - экономикалык тұрғыдан оидіруге лайыкты келісімшарттық аумақта бір немесе бірнеше кен орнының табылуы.

Келісімшарт - өкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның арасындағы ендіру жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құжат.


Қазақстан Республикасы Үкіметі жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары мен төлемдерінің ерекшеліктерін бекітеді.

Келісімшарттардың түрлері:

1. өнімді бөлу туралы;

2. концессия туралы;

3. өтеусіз көрсетілген қызмет (қызметтік келісімшарт) туралы.

Келісімшарттардың тұрлері нақты операциялардың шарттарына байланысты колданылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау, жер қойнауын пайдаланушының салык міндеттемелері туындаған күні, Қазакстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, аталмыш келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындау-дан босатпайды.

Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлыгы жоғары, суланған, шағын дебетті жэне игерілген Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары:

1. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін;

а) қол қойылатын бонусы;

б) коммерңиялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2. пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3. үстеме пайда салығын қамтиды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орған мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ак Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі аталмыш келісімнің (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес, оларға қатысты салык режимінің тұрақтылығы тікелей көзделғен салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталады. Олар белгіленғен қолданылу мерзімі ішінде тек қана оның тараптарына не операторларға қатысты қолданылып, тараптары емес түлғалар мен операторлар үшін пайдаланылмайды және олардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы ара-сында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жэне міндетті салық сараптамасынан өткен, өнімді бөлу туралы келісімде айқындалған салық режимі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты қолданылады.


Төлем көзінен салық төлейтін әрі жер қойнауын пайдаланатын салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімде де осы талап сақталады.

Келісімге қол қойылған сәттегі салық заңнамасы күшін жойған жағдайда, салық міндеттемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тэртіппен тиісті өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін бекітілген тәртіпке сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде жэне осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

Ол бөлек салық есебін жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында (есепкс алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.

Резидент емес жер қойнауын пайдаланушы таза табыстан 15% ставкамен қосымша салық салуға жатады.

  1. Қаржыны басқару және оның қағидалары, нысандары, түрлері, элементтері.

2. Банк өтімділігі, факторлары, әдістері.

3. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.

 

1. Қаржыны басқару – бұл қаржы қатынастарының бүкiл жиынтығының тиiмдi жұмыс iстеуiне жетудi және мұның негiзiнде тиiстi қаржы саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекет (қаржы органдары) шараларының жиынтығы.

Қаржыны басқару бұл тиiстi қаржы саясатына жетудiң мақсаты; қаржы механизмi – бұл мақсатқа жетудiң құралы; қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиiстi процесiнiң ақырғы қорытынды нәтижесi.

Қаржыны басқарудың негiзiне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелерiне саяси көзқарас; басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі, басқарудың ғылымилығы; орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келiсушiлiк; басқарудағы жауапкершiлiк; шаруашылық шешiмдердiң сабақтастығы және басқалары.

Басқарудың екi қырын ажырата бiлген жөн: бiрiншiден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтiк-мәдени құрылымды басқарудың құралы, тұтқасы ретiнде пайдаланады; екiншiден, қаржының өзi басқарудың объектiсi болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерiнiң жүйесi басқарылады.


Қаржы қатынастарының әрбiр сферасы мен буынында басқару субъектiлерi қаржыға мақсатты ықпал етудiң өзiндiк әдiстерi мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынандай бiрнеше өзара байланысты функционалдық элементтердi бөледi: ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негiзделген жоспарлау мақсаты үшiн де, бүкiл процестi оперативтi басқару үшiн де зор маңызы бар. Жоспарлау процесiндегi басқару шешiмдерi қаржы ақпаратына талдау негiзiнде қабылданады. Қаржы ақпараты бухгалтерлiк, статистикалық және оперативтiк есеп беруге негiзделеледi.

Жоспарлау қаржыны басқарудың жүйесiнде маңызды орын алады. Қаржылық жоспарлардың нақты мiндеттерi қаржы саясатымен анықталады.

Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелiгiн, басқару қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi мен тәртiптiлiгiн бiлдiредi.

Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшiн қаржы ресурстарын икемдi, шебер жұмсау, белгiленген нәтижеден терiс ауытқулардың барлық түрiнiң алдын алуға және жоюға бағытталған.

Бақылау басқарудың элементi ретiнде жоспарлау процесiне де, оперативтiк басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерiн жүргiзудiң дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөнiндегi қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппаратының қызметiн қамтиды.

Қазiргi уақытта қаржыны басқаруды жетiлдiру – бұл процесте автоматтандырылған жүйелердi жасап, оларды қаржы басқаруға ендiру мен үйлестiру негiзiнде жүргiзiлiп отыр.

Экономикалық-математикалық әдiстер мен электронды есептеу техникасына негiзделiнген басқарудың автоматтандырылған жүйелерi (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бiр бөлiгi болып табылады.

2. Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелерін нақты жэне әлеуетті деп екіге бөледі. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаральщ ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, әлеуетті немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу жэне т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерңиялық банктің борыштық әне қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай каражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жүмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында жэне шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

1. банк капиталының базасы;

2. банк активтерінің сапасы;

3. депозиттердің сапасы;

4. сыртқы каражат көздеріне орташа тәуелдігі;

5. мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің озара сәйкестігі;

6. сауатты менеджмент;

7. банктің жогары дәрежелі беделі.

 

Банк өтімділіғінің жағдайы бірқатар сьіртқы факторларга, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

1. елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;

2. бағалы қағаздар нарығының дамуы;

3. банкаралық несие нарығының дамуы;

4. қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;

5. Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Әлемдік банктік тэжірибеде өтімділікті баскару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

“Қаражаттардың ортақ қоры ” әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың қүралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр.

Осы әдісте қаражат өтімділігінің адекватты деңгейінің, яғни “табыстылық-өтімділік” арасындагы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алгашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Активтердін үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі келеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дэрежелі бағалы қағаздар жатады.

Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне - “банктегі банктер” әдісі жатады. Бұл әдіс активтердің калыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың кұрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір калыптасу көзінің каражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді жэне сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді. Осы әдіске сэйкес эр түрлі көздерден тартылған каражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын “табыстылық-өтімділік” орталары аныкта- лады. Мұндай орталар “банктегі банктер” деп аталады, яғни банкте “талап ету салымдар банкі”, “мерзімді салымдар банкі” жэне “негізгі капитал банкі” болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан “талап ету салымдар банкісі” қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал, талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі. “Мерзімді салымдар банкі” мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта жэне ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

3. Активтерді басқарудың “ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалык аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің кандай нұсқалары бар? Нұсқалардың жаксысы қандай?

 

3. Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Мемлекет салық салу кезеңіне байланысты төлеу мерзімін айқындайды: күн сайынғы, он күндік, тоқсандық, жылдық. Мемлекеттік қаржы ресурстарының қалыпты құрылуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы (аванстық) төлемдер салық салу кезеңі ішінде бекітіледі. Салық салу кезеңінің соңында есептелген және ағымдағы төлемдер сомасын салыстыру арқылы салықтарды қайта есептеу жүргізіледі. Нәтижесінде екі жағдай туындауы мүмкін: бюджет алдындағы салық төлеушінің қарызын білдіретін берешек жэне артық төлеу аталатын мемлекеттің салық төлеушіге карызы. Салық заңнамасында салықтарды есептеу тәртібі, сондай-ақ салық төлеу барысындағы сабақтастығы бекітіледі.

Салықты есептеу тәртібі -салықты есептеудің 5 кезеңі бар: 1) салық салынатын объектіні есепке алу; 2) салық объектісінен салық базасын есептеу; 3) салық ставкасын қолдану; 4) салық жеңілдіктерін қолдану; 5) салық сомасын есептеу.

Салықты төлеу тәртібі- салық төлеушінің мем/ке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарына бекітілген ереже.

Салық төлеу көздері: табыс; қор ж/е жинақ; өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда; қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі; қарыз қаражаттары.

  1. Қаржы саясатының қағидалары, типтері және формалары.

2. Өтімідлікті бағалау көрсеткіштері.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

 

1.Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады. Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу ж/е пайдалану жөніндегі мем-ң ж/е басқа экон-қ агенттердің іс-шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мем-ң экон-қ саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мем-ң қаржылық саясатына негізделеді. Қаржылық саясат қаржылық механизм арқылы іске асырылады.

Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден саясатын қамтиды.

өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.

Қаржылық саясат қаржылық стратегия жэне қаржылық тактика болып ажыратылады және олар қаржылық саясаттың кұрамдас бөліктері болып табылады.

Қаржылық стратегия - экономикалық жэне элеуметтік стратегиямен анықталып, ұзак мерзімді перспективаға есептелген жэне ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын курс. Ол макроэкономикалық үдерістер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржылық саясаттың мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылық үнемі анықталып отырады.

Қаржылық стратегия қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасалады Оны жасау үдерісінде қаржыны дамытудың негізгі үрдістері болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді.

Қаржылық тактика назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, өңірдің, саланың экономикасындағы ауыткушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұскаманы нақтылайды.

 

2. Шетел тэжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі:

- баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффициенттер негізінде

- сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айналымдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға әлеуетті кажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффициенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық катынастарды бекітуді білдіреді. Бүл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

- Алғашқы резервтер (касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер;

- (Алғашқы резервтер + Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер)/ Депозиттер

Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5- 10%-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15-25%-дан, Жапонияда 30%-дан төмен емес болуы міндетті.

АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі - берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындагы үлесі есептелінеді, ол активтердің диверснфикациясын көрсетеді. Бүл көрсеткіш 65-70% аралығында болуы керек. Және активтін колма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.

Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді жэне жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.

Көптеген елдерде, мысалы Франңияда, ¥лыбританияда, Германияда, коммерциялык банктің өтімділік көрсеткіштері мерзім бойынша топтастырылған баланстың активті жэне пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге жэне басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффиңиенті шығарылады.

Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коэффиңиенттерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді. Осы әдістің қиыншылығы - кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімдері талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал екінші қиыншылығы - бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр.

3. Шаруа және фермер қожалықтарының арнайы салық режимі бюджетке ерекше бірыңғай жер салығы есебінде аударылады жэне оны мынадай кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар: ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін, өнімдерді нарыққа өздері шығаратын кәсіпкерлер төлейді. Шаруа жэне фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын қолдану үшін олардың жекеменшігінде жер учаскесі және жерді қолдануға рұқсатнамасы (жерді екінші рет қолдануға рұқсатпаманы қоса алғанда) болуы керек.

Салық кезеңі бірыңғай жер салығы бойынша күнтізбелік жыл болып танылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары арнайы салық рсжимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық орғанына салықтық өтініш береді. Аталған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі).

Салықтық өтінішпен бір мезгілде мынадай қүжаттарды:

1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне қүқық белгілеу, сәйкестендіру қүжаттарын;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерінің бағаланатын қүнын айқындайтын актілердің көшірмелерін тапсыру керек.

20 ақпаннан кейін кұрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органына арнаулы салық режимін қолдану кұқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немеее фермер қожалықтары ондағы деректер өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, салық заңнамасында аталған қүжаттарды жаңадан өткізеді.

Салық органына салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның арнайы салық режимін колдану туралы немесе арнайы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешім шығарады.

 

 

  1. Мемлекеттік қаржылар және қаржылық қатынастар.

2. ҚР-ның төлем жүйесін ұйымдастыру.

3. Жеке табыс салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі

 

1. Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, элеуметгік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады жэне олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік жэне элеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарыньш функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.

Мемлекеттің каржысы республикалық жэне жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді жэне мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Экономикалык жэне элеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне карай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік (республикалық, федералдъщ, үкіметтік) және жергілікті мунииципалдық каржылар болып бөлінеді.

Мемлекет қаржысының кұрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамагына қаржылық әдіспен кайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкіметпен басқарудың республикалык және жергілікті органдары үшін қаржы базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары жалпымемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен баскару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын камтамасыз етуге арналған.

Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалык үдерістерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ыкпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығараратын өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақүрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.

Бюджеттен тыс қорлардың арналымы - арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі каражаттарды катаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақшалай қатынастар мемлекет қаржысының өзгеше бөлігі болып табылады Мемлекеттік кредиттік қатынастар кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос акшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.

 

2. Қазіргі ҚР-ғы төлем жүйесі үш ішкі жүйеден тұрады:

1) Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі (БХӨЖ).

2) Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ).

3) Ұсақ төлемдер жүйесі (ҰТЖ).

Ішкі жүйелер бір-бірімен тәуелсіз қызмет етеді және хабарлама механизмдері арқылы байланысты қолдайды. Жүйенің барлық субъектілері ортақ хабарлама нысаны бойынша өзара ортақ мәліметтермен алмасады.

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі мынадай қызметтерді атқарады:

1) төлем жүйесінің субъектілерінен хабарламаны қабылдау.

2) хабарламаның толық түсуіне бақылау жасау.

3) келіп түскен хабарламаны өңдеу.

4) хабарламалар ағымын тарату.

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі хабарламлармен алмасу жүйесінің ортасында бола отырып, хабарламаны жіберушілерден барлық хабарламаларды қабылдап, оларды қателері болмаған жағдайда жүйеге қатысушыларға өзгеріссіз күйінде жібереді.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айырысуларды қамтамасыз етуден тұрады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі – нақты уақыт режиміндегі жұмыс жасайтын қолма-қолсыз ақшалардың электрондық аударым жүйесі болып табылады.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесін пайдаланушыларға мыналар жатады:

- ҚР Ұлттық банкі.

- ҚР Ұлттық банкісінің монетарлық операциялар департаменті.

- ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.

- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

- Екінші деңгейдегі банктер.

- Облыстық клирингтік палаталар.

- Қор биржасы.

- Орталық депозитарий.

- Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің пайдаланушысына ҚБЕО-мен осы жүйеде қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасқан банк немесе банктік емес қаржы ұйымы жатады. Жүйенің әрбір қатысушысының Ұлттық Банкте корреспонденттік шоты болуы тиіс.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігі онда мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде тәуекелдерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.

Ұсақ төлем жүйесі бұл төлем жүйесіне қатысушылардың арасындағы белгілі мөлшерден аспайтын ақшалай аударымдар мен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Ұсақ төлемдер жүйесі Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды. Оны пайдаланушыларға мыналар жатады:

- ҚР Ұлттық банкі.

- ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.

- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.

- Екінші деңгейдегі банктер.

- Облыстық клирингтік палаталар.

- «Қазпошта» РМК

Ұсақ төлемдер жүйесінің басты ерекшеліктері мынадай:

- пайдаланушылар қатарында Қазақстаннның барлық банктерімен қатар, жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік емес қаржы мекемелері (Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, Қазынашылық, банктердің филиалдары) бар;

- тек қана электрондық төлем құжаттарын қабылдайды.

- бір төлемнің сомасы 3 000 000 теңгеден аспауына шек қойылады;

- пайдаланушыларға алдағы күндермен (Т+3) валюталау күнін қоя отырып, төлемдерді жіберуге мүмкіндік беріледі, яғни сол күнге дейін олар сақталады да күні жеткенде өңдеуге қабылданады;

- пайдаланушылардың төлем жүйесіне кіруде бірнеше терминалдарды пайдалану мүмкіндіктерінің болуы, бірақ та оларды біреуі ғана негізгі болып саналады;

- БААЖ-не қарағанда көрсетілетін қызметтердің бағасының төмен болуы.

СВИФТ халықаралық ақша айналымында электрондық ақшалай аударымдар мен төлемдер бойынша өзінің мүшелеріне қызмет көрсететін қоғам. СВИФТ мынадай қызметтер атқарады:

- Халықаралық банктік операцияларға арналған стандартты ақпараттарды өңдеудің электронық жүйесін дайындау;

- Есеп айырысу операцияларына арналған телеккоммуникация құралдарын жасау;

- Жүйеге қатысушыларды оқыту және оларға семинарлар жүргізу;

- Арнайы және терминалды қызметтер көрсету.

СВИФТ өзінің қатысушы банктеріне ақшалай аударымдар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды қамтамасыз етуге байланысты спутник байланысы арқылы нұсқаулықтар береді. Банктер қаражат аудару туралы бұйрықтарды қабылдап, электрондық терминалдар арқылы аударымдар жасайды.

Өз елінің заңына сәйкес халықаралық банктік операцияларды жүргізуге құқығы бар кез келген банк СВИФТ-ке мүше бола алады.

СВИФТ жүйесін отандық банктер тәжірибесінде пайдалану хабарламаларды беру уақытын қысқартып, оны пайдаланушылардың санын арттыра түсуге, қағазсыз халықаралық банктік операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ операциондық шығыстарды азайтуға толық мүмкіндік жасауда. Сонымен қатар СВИФТ-ті пайдалану төлем құжаттардың жоғалуына жол бермейді және банктің тәуекелін азайтады.

 

3.. Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалар бүл:

4. ҚР азаматтары;

5. шет мемлекеттердің азаматтары;

6. азаматтығы жок түлғалар.

Жеке табыс салыгын төлеушілер болып табылмайды:

3. ойын бизнесіне салықты төлеушілер, казино, ойын автоматтары залы, то- ілнзаторлар, букмекерлік конторалар, ойын жолдары, бильярд, картинг секілді измет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша тіркелген салык төлеушілері;

4. шаруа немссе фермер кожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатындара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша.







Date: 2015-08-24; view: 1024; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.07 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию