Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау





Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:

• шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

• несиені қайтару;

• жұмыскерлер мен кызметкерлерге жалақы төлеу;

• бюджетке төлемдерді жэне салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі жэне кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік тәуекелін бағалау мынадай тәсілдермен жүзеге асады:

1) қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау

2) қарыз алушының несиелік қабілеттін бағалау:

- қаржылық коэффициенттер негізінде қаржылық жағдайын талдау;

- ақшалай ағымын талдау;

- менеджмент сапасын бағалау.

3) несиені қаматамасыз ету көздерін бағалау.

3. Корпоративтік табыс салығын есептеу барысында салық төлеуші инвестициялық жобалар жасау туралы келісім жасамастан, инвестициялық салық преференцияларын дербес қолдануға құқылы.

Преференция объектілері - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін және табыс табу мақсатында кемінде үш жылдан аз емес мерзім аралығында қолданылатын өндірістік мақсаттағы ғимараттар жэне құрылыстар, машиналар мен жабдыктар.

Прсференцияларды колданудың мынадай:

1. объект пайдалануға берілгеннен кейінгі;

2. объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырыылады.

Төмендегі салық толсушілср инвестициялық салық преференцияларын қолдана алмайды:

• арнайы экономикалық аймақта тіркелгендер;

• акцизделетін өнім өндірісін жүзеге асыратындар, әсіресе спирт, алкогольдік жімдер, қүрамында 0,5% этил спирті бар сыра, темекі өнімдері;

• арнайы салық режимін қолданушы, ауыл шаруашылығындағы заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері.

Жер қойнауын пайдалану келісімшарты негізінде тікелей немесе жанама түрде қолданылатын ғимараттар мен өндірістік мақсаттағы құрылғыларға қатысты инвестициялық салық жеңілдіктерінің ерекше ережелері қолданылады.

Жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге катқызылуы тиіс.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту - келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:

- негізгі қүралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;

- негізгі қүралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

- реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылады.


1. Коммерциялық емес қызметтік ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздері.

2. Несиені қайтарымдылығын қамтамасыз етудің негізгі формалары

3. Салық бақылауы, функциясы, міндеті.

 

1. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бүған мемлекеттік басқару, қүқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыландыру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орталықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары болып табылады. Бұл, мысалы, әлеуметтік қамсыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры аркылы), медициналық сақтандыруды Медициналық сақтандыру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жүмылдыру бойынша мәжбүрлі іс-шараларды қолданады.

Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген деңгейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.

Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің каражаттары есебінен каржыландырылады.

Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды жэне т.б. колдап отыруға пайдаланылады.

Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың манызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындардың өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың үшінші көзі - банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыздық қаражаттарды қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жаксы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Каржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардын қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, карамағында веломствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.


Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіби шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, коғамдык ұйымдар, ассоциациялар және баскалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады.

 

2. Несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда - қарыз алушының активтерімен камтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

Кепілхат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бүл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрактылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.

Кепілхат - күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді.

Біріншіден, камтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.

Екіншіден, шектеулі немесе шектеусіз. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жок.

Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында колданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір корпораңиялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тэжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.


Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы - несиелерді сақтандыру.

 

 

3. Салықтық бақылау - ҚР салык заңнамасының орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау. Салық бақылауы тек салық заңнамасының орындалуын, МЗЖ-на уақытылы және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады. Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.

Салықтық бақылау келесідей нысандарда жүргізіледі:

1. салықтық тексеру нысанында;

2. мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында;

3. салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

4. бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

5. акцизделетін тауарларга бақылау;

6. трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

7. мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану жэне өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

8. салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

9. салықтық нысандарды қабылдау;

10. камералдық бақылау;

11. ірі салық төлеушілердің мониторингі;

12. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік жэне жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:

Жүзеге асырылу нысаны (формасы) б/ша:

- непосредственный (тікелей)

- опосредованный (жанама)

Тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді. Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен жұмыс істейді.

Жүзеге асырылу уақыты бойынша:

1) болжамды (предварительный)

2) ағымдағы (текущий)

3) жалғасы (последующий).

Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар:

Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі бір түйін болып табылса. Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы қатынас.

 

 

  1. Қаржылық жоспарлау және болжау мақсаттары, міндеттері, қағидаттары.

2. Валюталық операциялар ұғымы, жіктелуі.

3. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизімі.

 

1. Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылык механизмнің қосалқы жүйесі ретінде, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі жэне элеуметтік-экономикалық жоспарлаудың кұрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді жэне тепе-теңдік дамуына жетуге, біртүтас үлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Қаржылық жоспарлаудың мазмүны экономикалық субъектілердің акшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу жэне қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бүрын аныкталған мүмкіндік ретінде көрінеді жэне осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандь іылмаған қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты жүмылдырылатын жэне пайдаланатын каржылық ресурстардың үдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық субьектілері дамуының, жүйелердің үйлесімдігі мен теңгерімділігіне қол жеткізу бллып табылады

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері каржылық саясатпен айқындалады. Бүл:

3. каржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін жэне олардың мөлшерін анықтау;

4. орталықтандырылған жэне орталықтандырылмаған кұрылымдар, үлттық шаруашылықтын саладары жэне әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;

3) ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау жэне қажетті резервтер жасау.

Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіш- терін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) жэне үзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын бола- ды, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржылық саясаттың түжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржылық ресурстардың шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін жэне пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына каржы жүйесін (күрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржылық саясатты іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

2. Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңында “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;

2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1) шетел валютасы;

2) номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

3) тазартылған құйма алтын;

4) ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Валюталық операциялардың жіктелуі:

1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу

2. Сауда емес операциялар. Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.

Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

- қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

- шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;

- шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

- ақшалай аккредитивтерді төлеу.

3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

1. НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

2. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

4. Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

- СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

- ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт ) мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

- СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

- Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;

- Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар

 

3. Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалар бүл:

1. ҚР азаматтары;

2. шет мемлекеттердің азаматтары;

3. азаматтығы жок түлғалар.

Жеке табыс салыгын төлеушілер болып табылмайды:

1. ойын бизнесіне салықты төлеушілер, казино, ойын автоматтары залы, то- ілнзаторлар, букмекерлік конторалар, ойын жолдары, бильярд, картинг секілді измет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша тіркелген салык төлеушілері;

2. шаруа немссе фермер кожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатындара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша.







Date: 2015-08-24; view: 854; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.038 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию