Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер салығын төлеушілер. Жер салыгын есептеуге мыналар негіз болып танылады:





Жер салыгын есептеуге мыналар негіз болып танылады:

• жер меншігіне кұқық, жерді пайдалану меншігіне құқық, жерді гұракты пайдалану меншігіне құқық жэне т.б. кұжаттар;

• әр жылдың 1 қаңтарында Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсынылатын мемлекеттік сандық жер есебінің мэліметтері;

• ҚР Салық кодексі.

Сөйтіп жер салығын төлеушілерге келесідей салық салу объектісі бар заңды жэне жеке тұлғалар кіреді:

• жеке меншік құқығындағы;

• тұрақты жер пайдалану құкығындағы;

• бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану кұқығындағы.

Жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады. Салық базасы жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы.

Есепті кезең - ағымдағы жыл.

Жеке түлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салык органдары тиісіі салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктір.мв жүргізеді. Ал салық төлеушілер 1 қазанға дейін төлеуге міндетті.

 

1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидалары.

2. Есеп айыоысу операциялары және олардың жіктелуі.

3. Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС соммасын есептеу механизімі.

 

1. Мемлекет пен муницишщдық кұрылымдардың каржылық қызметінің ажырағысыз кұрамды бөлігі каржылык бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының каржылық ресуртарын жасаудың, бөлудің жэне оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге багытталған айрықшалық қызмет жэне қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен каржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі.

Қаржылык бақылаудың өзіндік өзгешелігі - оның ациіалай нысанда жүзеге асырылатындығында.

Мемлекеттік каржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қагидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсіздік қағидаты - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жэне олардың жүмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру ксезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік қағидаты - бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.

Анықтық қағидаты - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік кұжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық қағидаты - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.

Құзырлылық қағидаты - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық қағидаты - құпиялылық режімді, қызметтік, коммерциялык жэне заңмен корғалатын өзге қүпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік каржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.

 

2. Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

1. банктік емес секторлар (шарушылык субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

2. жеке сектор - үй шарушылыктарының банктер аркылы есеп айрысулары;

3. банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

1. тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар;

2. бюджет жэне баска бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

3. банк ссудалары, вексельдері жэне басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумагына қарай:

1. мемлекет ішіндегі есеп айрысулар, соның ішінде:

2. бір қаланың ішінде;

3. қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.

4. мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.

Есеп айырысу уақытына қарай:

1. сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

2. мәміле жасалган соң, мерзімді төлемдер;

3. коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;

1. мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

2. ашык шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

3. мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен;

4. мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уакыты кешіктірілген.

 

Есеп айырысу жүйелеріне царай:

1. пошта байланыеы арқылы;

2. телеграф-телетайп байланысы арқылы;

3. телефон байланысы арқылы;

4. электрондык байланыстар аркылы;

5. SWIFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы

Есеп айырысу формаларына қарай:

1. қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде:

2. кредиттік;

3. дебеттік;

4. ашық шот арқылы;

5. аккредитив;

6. инкассо;

7. Қолма-қол ақшалар (банкнота жэне монеталар) арқылы.

Есеп айырысу тәсіліне қарай:

1. толық есеп айырысулар;

2. жартылай есеп айырысу;

3. өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар.

3. ҚҚС сомасын есептеу формуласы:

Тізбелеу = СА х 12 %: 100 %

мүндағы: СА - салық салынатын айналым.

Алу = СА*12 %: 112%

 

Салық салынатын айналым мөлшері = құн х 100%: 112%

Мысалы. Шаштараз 120000 теңгеге кызмет көрсетті (ҚҚС-сыз баға), 76000 теңгеге бояу, химия заттарын, құрал-жабдықтар сатып алды (ҚҚС-сыз баға).

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтау қажет.

Шешуі:

Акшалай кіріс ҚҚС сомасы = 120000 х 12 % = 14400 теңге

Шикізат және материалдағы ҚҚС сомасы = 76000 * 12 %: 112 % = 8142 тенге

 

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасы = 14400 - 8142 = 4487 теңге.

 

ҚҚС бойынша салық кезеңі болып күнтізбелік тоқсан саналады.

ҚҚС декларациясы есеп мерзімінен кейінгі екінші айдың 15-не дейін өткізіледі

1. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары

2. Банктің несиелік саясаты мен механизімі.

3. Жылдық жиынтық табыстың құрлымы және құрамы.

 

1. Қаржы жүйесін қүрудың неғізіне мына қағидаттар қойылған:

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты - фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесін үйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына жэне шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке жэне жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды. Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі жэне айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақшалай қорларын жасауға жэне оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.

Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық мемлекеттік және әкімшілік өңірлік құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда жэне қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі қүрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.

Қаржы жүйесі бірлігінің қагидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық жэне нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстардың басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін каражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр.

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

 

 

2. Несиелік саясат банктің несиелік кызметінің міндеттерін, оларды іске асыру кұралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік ироцесті ұйымдастыру кағидаттары жэне тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат — банктің несиелік жүмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен карыз алушылар тұрғысынан карастыруға болады.

Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін жэне несиелеу процесін қалыптастыруға кажетті кұжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.

Несиелік саясат несиелік кызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде түжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:

1. несиелік қызметті ұйымдастыру;

2. несиелік портфелъді басқару;

3. несиелеуге бақылау жасау;

4. құзіретті бөлу қағидаттары;

5. несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

6. несиелеудің жекелеген багыттары бойынша шектеулер;

7. несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;

8. несиелер бойынша зиян шегу жагдайларына резерв жасау.

Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу қағидаттарынан, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:

· несиенің түрлері;

· несиелеу объектілері;

· несиелеу субъектілері;

· несиелеу әдістері;

· несиелеу процессі (несиелеу механизмі);

· несиелеу қағидаттары;

· несиелік тәуекелді басқару;

 

3. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасында салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:
1) өткізуден түсетін табыс;
2) құн өсімінен түсетін табыс;
3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;
4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;
6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;
8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;
10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;
11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;
12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;
13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;
17) дивидендтер;
18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;
19) оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
20) ұтыстар;
21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;
22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;
22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
24) басқа да табыстар енгізіледі.

1. Қаржылық бақылаудың жіктемесі.

2. Төлем жүйесінің ұғымы мен құрылымы.

3. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер.

 

1. Қаржылы қ бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, субъектілері, оны жүзеге асырудыц әдістері бойынша жіктеледі.

Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай жалпы мемлекеттік, қоғамдық жэне аудиторлық бақылау болып ажыратылады

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік жэне ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау - бұзушылықтарды анықтау, жою жэне оған жол бермеу мақсатында бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет жэне өзге заңнамасын сақтауын бақылау жэне талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау сыртқы жэне ішкі мемлекеттік қаржылык бақылау, бюджеттің тиісті деңгейіне қарай республикалық жэне жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін бақылау болып бөлінеді.

Ведомстволық қаржылық бақылауды министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi органдардың басқармалары мен бөлiмдерi ведомстволық бақылаудың шеңберiндегi iшкi шаруашылық қаржылық бақылауды шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң экономикалық қызметтерi жүргiзедi.

Қогамдық қаржылық бақылау - бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бакылауы. Бакылаудың объекті тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады. Қогамдық қаржылык бақылауды ерікті жэне ақысыз негізде топтар, жекелеген түлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады. Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды.

Жүргізу уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы жэне кейінгі бақылау болуы мүмкін.

Алдын ала қаржылық бақылау қаржылық ресурстарды жасау, бөлу жэне пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар.

Агымдагы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу үдерісінде, шаруашылық-каржылық операцияларды жүзеге асыру барысында тауар-материалдық қүндылықтар мен ақшаны жүмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуын, бүрын берілген ресурстардың пайдаланылуына сай келуін тексереді.

Кейiнгi (келесi) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейiн жүргiзiлетiн бақылау және алдын-ала бақылау мен ағымдық бақылау кезiнде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейдi.

2. Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.

Төлем жүйесі бұл:

- ақшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, мекемелер және техникалық тетіктер жиынтығы;

- шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ресурстарды сатып алу барысындағы қабылдайтын міндеттемелерді орындауға арналған тетіктер жиынтығы;

- ақшалай қорлардың орын ауысуына не қозғалысына себеп болатын тетіктер жиынтығы;

- орындалуға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралдарының жиынтығы;

- ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқықтық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы.

Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Төлем жүйесінің құрылымдық элементтеріне:

- құқықтық база;

- төлем жүйесінің қатысушылары;

- төлем құралдары;

- ақшалай аударымдар мн төлемдерді ұйымдастыру механизмі;

- инфрақұрылым және технология.

3. С алық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есептіліктерінде көрсетілген түзетулерді ескере отырып, жылдың қорытынды есеп айырысу жүргізіледі.

Алдыңгы салық кезеңіне декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңініа 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.

1 тоқсан бойынша аванстықтөлемдер = ¼ аванстық төлемдер х 20% (17,5; 15%)

өткен жыл бойынша

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең ішінде төлеуге жататын аванстық төлемнің сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінш тоқсандары үшін салық төлеуші өткізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етеді.

2, 3, 4 тоқсандар бойынша аванстық = 1/4 аванстық төлемдер х 20% (17,5; 15%)

төлемдер өткен жыл бойынша

 

Деклараңияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоратнвтіи табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-кисааи салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.

 

1. Мемлекет шығыстарын қаржыландырудың нысандары мен әдістері.

2. Банктің тартылған қаражаттары.

 

1. Мемлекеттің шығыстарын қаржы ландырудыц екі әдісі бар:

1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен жэне жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.

2. Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың - қаржылаңдырудың дара жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары каржылаңдырылады. Бюджеттік тәртіппен каржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару жэне кредиттік эмиссия есебінен (колма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге жэне басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенөциялар, субсидиялар.

Демеуқаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджетпен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа максаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс жэне арнаулы корлардын қаражаттары есебінен ақшалай жэне натуралдық нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жэне қайтарусыз беруді айтады.

 

2. Банктік тәжірибеде барлык тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

1. депозиттік қаражаттар;

2. депозиттік емес тартылган қаражаттар.

Тартылған каражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер күрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке жэне заңды тұлгалардың) банктегі белгілі бір шотқа салган және өздері паидалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған каражаттар - бұл банктің алган қарыздоары түрінде немесе өздерінің меншікті багалы қагаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай каражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерңиялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

 

1. Бюджет жүйесі және құрылымы.

2. Коммерциялық банктердің қор нарығындаығ операциялары.

3. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы.

 

1. Бюджет жүйесі д/з- экон-қ қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттің барлық түрлерінің жиынтығы. ҚР бюджет кодексіне бюджет жүйесі ҚР ұлттық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

Бюджет құрылысы- бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.

Бюджет жүйесінің қүрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік жэне унитарлык құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федераңия субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет жэне толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақгалады.

 

2. Банктердің инвестициялық операциясы бүл олардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын сииаттайды.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:

1. банктің эмитент ретіндегі операциялары;

2. иивестор ретіндегі операциялары;

3. делдал ретіндеге операциялары.

Коммерциялық банктер эмитент ретінде темендегідей бағалы қағаздарды шығарады:

4. акция,

5. облигация;

6. банктік сертификат;

7. туынды бағалы қагаздар.

Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік коғам ретінде күрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастырады.

Облигация мен сертификатты шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады.

Банктің инвестор ретіндегі қызметінің нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.

Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражаттарын салады.

 

3. Акциздің төлеушілері болып жеке жэне заңды түлғалар, сонымен бірге мынадай бейрезидент занды тулғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері танылады:

1. Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауар өндіретін;

2. Қазақстан Республикасының кеден аумағына акңизделетін тауарларды импорттайтын;

3. Қазақстан Республикасы аумағында бензиннің көтерме жэне бөлшек саудасымен айналысатындар (авиациялықтан басқа);

4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кеден бажына, акциздік онімге салынатын салықты алдын ала төлемеген жағдайда жэне иесіз тауарды тәркілеген жағдайда. Ондай тауарлар, мысалы, бензин, дизель отыны, жеңіл автокөліктер, шикі мұнай жэне газды конденсат болуы мүмкін;

5. Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес осыған дейін салык төленбесе, онда конкурстық негізде акңизделетін тауарлардың өткізілуін жүзеге асыру.

Акцизделетін тауарларға жататындар:

• спирттің барлық түрлері;

• алкогольді өнім;

• сыра, этил спиртінің көлеміне қарай;

• темекі өнімдері;

• бензин (авиаңиялықтан басқа), дизель отыны;

• жеңіл автокөліктер (басқа автокөліктердің қолмен басқару немесе қолмен басқарудың адаптерімен, мүгедектерге эдейі арналған);

• дымқыл мүнай, газды конденсат.

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.

Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде белгiленедi.

Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық салынатын база импортталатын акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендiк құны ретiнде анықталады.

 

1. Қаржылық бақылаудың әдістері.

2. Коммерциялық банктердің қызметінің қағидалары мен функциялары

3. Ойын бизнес салығы: есептеу және төлеу ерекшеліктері.

 

1. Қазіргі кезде ңаржылыц бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржылық қаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылықтық қызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бүл әдістердің әркайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, кұжаттық тексерісте күжаттарды үстеме тексеру, акшалай каражаттар мен материалдык кұндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

Алдын ала жэне ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып абылады. Мүндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу жэне тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрык беруге саяды.

Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

2. “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.

БАНКТІК ҚЫЗМЕТ - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

- төлем карточкаларын шығару;

- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;

- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

- чек кітапшаларын шығару;

- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

- брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

- кастодиандық;

- клирингтік.

3. Ойын бизнес салығының төлеушісі қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлік жэне заңды түлғалар болып есептеледі:

1. казино;

2. ойын автоматтары залы;

3. тотализатор;

4. букмекерлік кеңсе.

Ойын бизнесі саласында қызмет корсететін ойын бизнес салығының объектісі болып танылады:

• ойын үстелі;

• ойын автоматы;

• тотализатор кассасы;

• тотализатор электрондық кассасы;

• букмекерлік кеңсенің кассасы;

• букмекерлік электрондық касса.

Date: 2015-08-24; view: 1090; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию