Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ДрезиналардыҢ ҚозҒалу тӘртібітуралы негізгі ережелер
A. Алынбалы типіндегі дрезиналар (1997 ж. ЦП-4402 Нұсқаулы-ғынан) 1. Алынбалы дрезиналардың қозғалысы поезд диспетчерінің бұйрығымен аралықты жабумен орындалады. Бұл ретте автоматтық (жар-тылай автоматтық) блоктаудың әрекеті тоқтатылады және телефондық бай-ланыс әдісі белгіленеді. Тоннельдері немесе үлкен көпірлері бар, сондай-ақ жолының жоспа-ры мен пішіні күрделі жағдайларға ие аралықтарда дрезиналардың қозғалу тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Дрезиналардың қозғалысы поездардың кесте бойынша қозғалысын бұзбауы тиіс. Дрезиналарды жөнелткен жағдайда өтпе кезекшілерін олардың қозғалысы туралы хабардар етудің тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бел-гілейді. 2. Дрезиналардың аралықта түрумен қозғалуына «ҚТЖ»¥К»АҚ Жол департаментінің жауапты қызметкерінің (лауазымы жол бригадирінен кем болмайтын) немесе дрезина өздерінің иелігінде болатын өзге салалық басқармалар қызметкерлерінің (түйіспелі торап ауданы электрмеханигінің немесе шеберінің) өтінімі бойынша поезд диспетчері рүқсат береді. 3. Тәуліктің қараңғы мезгілінде, сондай-ақ түман, қар жауу, қарлы бо-ран болғанда және ауаның температурасы - 5°С-тан төмен болғанда, нөсер кезінде дрезиналардың аралыққа шығуына тыйым салынады. 4. Қозғалыс кезінде дрезиналар Сигаал беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сигналдармен жабдықталған болуы тиіс. Жолға сигналдары жоқ дрезинаны қоюға тыйым салынады. 5. Дрезиналардың диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған те-лімдер арқылы қозғалу тәртібі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығымен белгіленеді. 6. Дрезинаға ілесіп жүрген адамдардың саны келесі шамалардан кем болмауы тиіс: ТД-5 дрезиналары үшін - 4 адм, ИД және СМ-4 дрезиналары үшін - 2 адам. Дрезинаға ілесіп жүрген аға қызметкер ретінде лауазымы жол бригади-рінен, түйіспелі торап электрмеханигінен немесе шеберінен төмен болмай-тын қызметкер болуы мүмкін, ал олар болмаған жағдайда аға қызметкер болып дрезинаның жүргізушісі табылады. Жолдан шешіліп алған дрезина құрылыстың жақындау габариты бұзылмайтындай етіп қойылуы тиіс. 7. Егер де станциядан жөнелтілетін дрезина қайсыбір жұмыстарды жүргізу үшін аралықта тоқтауы тиіс болса, станция кезекшісі аралықта түру қүқығына қатысты рүқсатпен қатар осы Нұсқаулықтың 8.19-т. сәйкес ескер-ту береді. Аралықты ескертуде белгіленген уақыттан артық түруға тыйым салынады. 8. Дрезина жүргізушісінің ТПЕ, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, Поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық, Жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ере-желер бойынша білімі сынақтан өткізілуі және өзімен бірге дрезинаны басқару құқығын растайтын құжатты алып жүруі тиіс. Жүргізушілерге дрезинаны басқаруға құқы жоқ тұлғаларға тапсыруға тыйым салынады. 9. Дрезинаға ілесіп жүрген аға қызметкер дрезинаның қозғалу және ондағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты болып табылады. Ол өзімен бірге поездар қозғалысының кестесін алып жүруі тиіс және станциядан аралыққа жөнелмес бұрын өзінің сағатын станция кезекшісінің сағатымен салыстырып алуы тиіс, сондай-ақ шығудың алдында дрезинаның толықтай жарамды болуына көз жеткізіп, сигналдардың болуын және жанармаймен қамтылғанын тексеруі тиіс. Дрезинаға ілесіп жүрген аға қызметкер дрезинамен станция шек-терінде станция кезекшісін хабарда етпей қозғала алмайды, сондай-ақ аралыққа поезд диспетчерінің бұйрығы немесе тиісті рұқсаты болмаса шыға алмайды. Станцияға кірген кезде аға қызметкер ерекше абайлық танытуы тиіс. 10. Дрезинаның жүргізушісі әсіресе кезекші қызметкерлер күтімге ал-майтын өтпелер арқылы, және жол жұмыстары орындалып жатқан телім-дер арқылы қозғалған кезде ерекше абайлық танытуы тиіс. 11. Аралықтан станцияға келе салысымен дрезинаға ілесіп жүрген аға қызметкер бұл туралы дереу түрде өзі немесе телефон арқылы станция ке-зекшісіне хабарлауға, ал артынша оның нұсқауларын басшылық ретінде пайдалануға міндетті. Станция кезекшісі поездар қозғалысы журналында дрезинаның келген уақытын жазып, бұл туралы поезд диспетчеріне оның артынша аралықты ашып, поездардың негізгі байланыс құралдыр бойынша қозғалысын қалпына келтіруіне арнап хабарлауы тиіс. Егер дрезинаның қозғалысының аяққы пункті аралықта орналасқан болса, оны жолдан алып, габарит қашықтығына қойғаннан кейін жау-апты басқарушы поезд диспетчеріне немесе аралықты шектеп жатқан станциялардың бірінің кезекшісіне жұмыстардың аяқталғаны туралы хабар-ландыру береді, аталмыш хабарландырудың негізінде поездар қозғалысы қалпына келтіріледі. 12. Дрезинаның негізгі жүрісі болып алдыңғы жүрісі (шамын алдына қаратумен) табылады. Артқы жүріс станцияларда маневрлер жасаған кезде айрықшалық ретінде рұқсат етіледі. 13. ТД-5 дрезиналардың аралықтарда қозғалу жылдамдығы 50 км/сағ-тан, станциялық жолдарда - 25 км/сағ-тан, ал стрелкалар бойынша -15 км/сағ-тан аспауы тиіс. Көрінім нашар болған жағдайда дрезиналардың қозғалу жылдамдығы 25 км/сағ-тан аспауы тиіс, жарықтандыру (фарасы мен артқы қызыл сигналдық шамы) жағылған күйінде болуы тиіс. 14. Дрезинаның тіркемемен және тіркемелерді өзара бір бірімен тір-кестіруге тек типтік аспаптармен ғана жол беріледі және ол Дрезиналарды қүру, күтімге алу және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орын-далуы тиіс. дрезиналардың қозғалыс кезінде өздігінен тіркестен ажырап ке-туіне жол берілмеуі тиіс. Дрезинаны платформалармен және вагондармен тіркестіруге тыйым салынады. 15. Қозғалыс кезінде дрезинада немесе тіркесте тұруға, ернеулерде отыруға, тіркестен тіркеске өтуге, дрезинадан немесе тіркестен түсуге және оларға толық тоқтамайынша отыруға, қозғалыс кезінде, сондай-ақ дрезинаға жанармай құйған кезде тұрақтарда темекі тартуға тыйым салынады. 16. Бір жолғы тасымалдауға арналған адамдардың саны дрезинада - 6 адамнан, жүк тиелмеген тіркемеде - 10 адамнан, жүк тиелген тіркемеде - тіркемені тоқтатуға арналған 1 адамнан аспауы тиіс. жүктерді тікелей дре-зинада тасымалдауға тыйым салынады. 17. Жұмысшыларды немесе жүктерді тасымалдауға арналған тіркеме-лері бар дрезина жолға шыққан кезде оның жұмысына жалпы басшылық ету ісін лауазымы жол бригадирінен, түйіспелі торап ауданы электрмехани-гінен немесе шеберінен төмен болмайтын қызметкер орындауы тиіс. Тіркемелерде жүмысшылар тобын тасымалдау кезінде әрбір тірке-меге арнап жауапты тұлға - тәжірибелі жұмысшы (топтың басқарушысы) бөлінеді, ол сол тіркемеде болып сондағы тәртіп пен тасымалданатын адамдардың қауіпсіздігін бақылап отыруы тиіс. Дрезинаның тіркемелермен қозғалуына оларда тежеу үшін бөлінген қызметкер болмаған жағдайда тыйым салынады. Жүк тиелгеннен кейін те-жегіш иінтіректің еркін жүрісте болғанына көз жеткізіп алу қажет. Тежегіш иінтіректің тасымалданатын жүкпен басылып қалуына тыйым салынады. Б. Алынбалы емес типіндегі дрезиналар (1998ж. ЦРБ-ЦП/4785 Нұсқаулығынан) 1. Қазақстан Республикасының темір жол желілерінде құрылысы «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен немесе келіскен жоба мен техникалық шарттарға сәйкес келетін дрезиналарды, мотовоздар мен автомотрисалар-ды (бұдан әрі машиналар термині қолданылады) пайдалануға жол бері-леді. Олардың құрылысына «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының рұқсатынсыз өзгертулер енгізуге тыйым салынады. 2. Басқа министрілктер мен ведомстволарға жататын машиналардың Қазақстан Республикасының темір жол желілері арқылы қозғалысына «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен аталмыш рұқсаттың күшін сақтау мерзімі мен айналым ауданын көрсетумен жол беріледі. 3. Аралыққа жөнелтілетін дрезиналар, мотовоздар, автомотриса-лар поезд ретінде қарастарылады және станция кезекшісі оларды поезд диспетчерінің рұқсатымен жөнелтеді. Оларды бастапқы станциялардан жөнелткен кезде станция кезекшісі жүргізушіде (машинисте) көлікті басқару құқығын растайтын құжаттың, жылдық бақылау-техникалық тексеру актісінің, соның ішінде тіркемелік жүктемемен шыққан кезде әмбебап тіркеменің (немесе арнайы тіркеменің) болуын, машина тіркелген кәсіпорын берген толтырылған маршруттық парағының, өзге министрліктер мен ведомстволарға жататын мотор-рель-стік көлігіне ҚР темір жол желіліері бойынша қозғалу құқығын беретін рұқсат-қағаздың болуын тексереді. Кәсіпорынның иелігіне жататын машина мен тіркемелік бірліктердің жарамды техникалық жағдайы тіркеу станциясынан шыққан кезде маршруттық парақта оларды пайдалану мен кутімге алу үшін жуапкерші-лікте болатын тұлғаның немесе соны алмастырушы тұлғаның қолымен рас-талады. Басқа басқы станциялардан шыққан кезде машиналар мен тіркеме- лі бірліктердің жарамды техникалық жағдайы маршруттық парақтағы жүргізушінің (машинистың) қолымен расталады. 4. Аралыққа жолаушы поезын моторлық-рельстік көліктің арты-нан соңғысы іргелес айыру пунктіне келіп жетпейінше жөнелтуге тый-ым салынады. Жүк поезының алдында мотор-рельстік көлік келе жатқан болса, локомотивтың машинисіне бұл туралы станция кезекшісі немесе поезд дис-петчері хабарлауы тиіс. 5. Моторлық-рельстік көлік қабылдау-жөнелту жолдарында тұрған кез-де станция кезекшісі стрелкаларды сол жолдарға басқа көліктердің шығып кетуіне жол бермейтіндей жағдайға қойып, стрелкалық қолтұтқаларға (батырмаларға) қызыл қалпақшалар кигізіп, сол жолдардың бос болмауын мұқият бақылап отруы тиіс. 6. Моторлық-рельстік көлікке тіркелетін ылжымалы құрам бірліктерінің немесе тіркемелердің санын «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы паспорттық деректерге, тартымдық және тіркемелік бірліктердегі тежегіш құралдардың болуына және басқарушы еңістегі рұқсат етілетін қозғалыс жылдамдығына байланысты белгілейді. Автотежегіштермен жабдықталмаған машиналардың тіркемеде қозғалуына айрықша жағдайларда, алайда ары кеткенде екі бірлігіне рүқсат етіледі. Бұл ретте олардың әрқайсысында жүргізуші (машинист) болуы тиіс. Автотежегіштері жоқ машиналар тіремелік жүктемемен қозғалған кез-де өздігінен ажырау құрылғысымен жабдықталған болуы тиіс. 7. Машиналардың вагондарын алдына қоюмен қозғалуы Техникалық пайдалану ережелеріне, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық пен осы Нұсқаулыққа сәйкес орындалады. Машиналардың платформаларын немесе тірестерін алдына қоюмен қозғалысы «ҚТЖ»¥К»АҚ Президенті бекіткен машиналардың аралықтар бойынша рүқсат етілген қозғалу жылдамдықтарына сәйкес белгіленеді. Машиналардың вагондарын алдына қоюмен қозғалу жылдамдығы 25 км/сағ аспауы, ал машинада радиобайланыс болған жағдайда - 40 км/сағ аспауы тиіс. 8. ДГК, ДГКу, ДГКу5, АГВ, АДМ, АГВм, МПТ-4, МПТ-5 мотовозда-ры мен МЭС мотовоз-электрстанциялар өз жүрісі бойынша қозғалумен қатар жүк поездарының құрамында өз осьтеріндегі жүк ретінде осы Нұқсаулықтың, Жол машиналарын көліктік жағдайға келтіру және оларға ілесіп жүру тәртібі жөніндегі техникалық нұсқаулардың, Жүк поездарының құрамында АГВ монтаждық автомотрисаларын тасымалдау тәртібі туралы нұсқаулардың және Темір жолдарда дрезиналарды, мотовоздар мен авто-мотрисаларды (алынбалы емес типіндегі моторлық-рельстік көлігін) пай-далану және күтіп ұстау жөніндегі нүсқаулықтың талаптарын орындаумен жөнелтілуі мүмкін. АГД-ІА (АГД-1) автомотрисалары, ДГК, ДГКу, ДГКу-5, АГМС, АГМу, АЛГ, AC-I, AC-IA, AC-IM, ДМ, ДМм, ДМС, ДМСУ дрезиналары мен МПТ-4, МПТ-5, МК-2/15 мотовоздары өз жүрісімен қозғалумен қатар төрт ось-тік платформаларда Жол машиналарын көліктік жағдайға келтіру және оларға ілесіп жүру тәртібі жөніндегі техникалық нүсқаулар мен Жүктерді тиеу және бекіту жөніндегі техникалық шарттарды орындаумен тасымал-дануы мүмкін. - АГД-ІА (АГД-1), АС-ЗМ, АС-4 автомотрисаларын, АГМС, АГМу, АЛГ, AC-I, AC-I, AC-IA, AC-IM дрезиналары мен МК-2/15 мотовоздарын Жол машиналарын көліктік жағдайға келтіру және оларға ілесіп жүру тәртібі жөніндегі техникалық нұсқаулардың талаптарын орындаумен жекелеген локомотивпен тасымалдауға жол беріледі. 9. ДГК, ДГКу, ДГКу-5 дрезиналары, АГВ, АДМ автомотрисалары мен соның түрлерін, МПТ-4, МПТ-5 мотовоздары мен МЭС мотовоз-электр-станциялары итермеленбейтін жүк поезының құрамына соңғы төрт осьтік вагонның алдына тіркеледі. Бүл жағдайларда жүк тиелген алты- немесе сегіз осьтік вагонды поезға соңғы вагон ретінде қоюға тыйым салынады. Егер мо-тор-рельстік көлікті жөнелту маршрутында итермелеуі бар телімдер болса, поезға аталмыш машиналарды қоюға тыйым салынады. Бұл машиналар платформаларға тиелген күйінде жөнелтілуі тиіс. 10. Құрамында МЭС мотовоз-электрстанциясы бар жүк поезының 70 км/сағ жылдамдықпен, ал жанама жолға жүрген кезде - ары кеткенде 20 км/сағ жылдамдықпен жүруіне pұқcaт етіледі. 11. Поезға тіркелген автодрезиналарды, мотовоздар мен автомотриса-ларды сұрыптау дөңестерінен түсіруге рұқсат етілме 5-қосымша 1-КЛАСТЫҚ ҚАУІПТІЖҮКТЕР (ЖАРЫЛҒЫШ МАТЕРИАЛДАР) ТИЕЛГЕН ВАГОНДАРҒА АРНАЛҒАН
6-қосымша МАРШРУТТАРДЫ ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСУЛЕР РЕГЛАМЕНТІНІҢ ҮЛГІЛІК ТІЗБЕСІ Поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын әзірлеу туралы өкім, сондай-ақ аталмыш өкімдердің орындалуы туралы баяндамалар нақты және анық болуы тиіс. станция кезекшілері мен стрелкалық қосындардың кезекшілері үлплік тізбеге сәйкес сөйлесулердің регламентін сақтауы тиіс. Аталмыш тізбеде ескерілмеген жагдайларда да станция кезекшілері мен стрелкалық қосын кезекшілері по-ездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын даярлау туралы сөйлесулерді нақты және анық түрде жүргізуі Поезды қабылдау және жөнелту маршрутын әзірлеу ісімен қатысы бар кез келген өкімді тапсырудан бұрын сондаи-ақ сол өкімді орындауы туралы баяндаманы алғанша станция кезекшісі оны соған қүқылы түлғалар тыңдап отырғандығына немесе солар баяндама жасап отырғандығына көз жеткізуі тиіс. Көрсетілген өкімдерді құқы бол-маитын түлғаларга беруге немесе олардың орындалуы туралы баяндамаларды солардан алуға тыйым салынады.
Date: 2015-09-02; view: 648; Нарушение авторских прав |