Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
ТПЕ-нің 15.17-тармағына сәйкес басты жолдардағы және оларды қиып өтумен, сондай-ақ шығу стрелкаларынан асып шығумен орындалатын маневрлерге әрбір жағдайда станция кезекшісінің рұқсаты бойынша өздерінде маневрлер орындалып жатқан жол-дар мен стрелкаларға қатысты кірмелерді қоршап тұрған тиісті кіру бағдаршамдары жабық тұрған кезде жол беріледі. Станцияның қабылдау-жөнелту парктерінде маневрлер станция кезек-шісі құрастырушыға (бас кондукторға) тапсырма берген кезде көрсететін жолдарда (стрелкаларда) ғана орындалуы мүмкін. ТПЕ-нің 15.17-тармағына сәйкес поезд диспетчері мен ір-гелес станция кезекшісінің келісімінсіз және машиниске берілетін белгіленген түрдегі рұқсатынсыз құрамды бір жолды телімдердегі аралыққа шығарумен және қос жолды телімдердегі теріс жол арқылы станцияның шекарасынан шығарумен жүргізілетін маневрлерге тый-ым салынады. Құрамды қос жолды телімдерде дұрыс жол бойынша станцияның шекарасынан шығарумен орындалатын маневрлерге станция кезекшісінің ауызша рұқсаты бойынша поезд диспетчерінің келісімі бойынша рұқсат етіледі. Бір жолды аралықта маневрлерді орындап жүрген құрамның станция шекарасына шығуына рұқсат болып төмендегілер табылады: а) автоматтық блоктау кезінде - маневрлік локомотивтің машинисіне тиісті шығу бағдаршамы ашылғаннан кейін тапсырылатын бұздыған-кілт. Маневрлік құрам станция шекарасынан ашық тұрған шығу бағдаршамы мен бұздыған-кілті бойынша алғашқы шығуынан кейін аралыққа қайталама ' шығулар машинисте бұздыған-кілт болған жағдайда шығу бағдаршамын ашусыз орындалады. Автоматтық блоктаумен жабдықталған, жол бағдаршамдарымен қатысы бар арнайы маневрлік бағдаршамдары бар станцияларда маневрлік құрамның станцияның шекарасынан тыс шығуы осы маневрлік бағдаршам рұқсат етуді көрсетіп тұрған кезде орындалады. Бұздыған-кілт немесе арнайы маневрлік бағдаршам болмаған жағдайда станцияның шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындау үшін манев-рлік локомотивтың машинисіне жол жазбасы беріледі: б) жартылай автоматты блоктау кезінде - аталмыш аралықтың бұздыған-кілті, ал ол болмаған жағдайда - жол жазбасы; в) электрбұздығандық жүйе кезінде - сол аралықтың бұздығаны немесе бұздыған-кілті; г) телефондық байланыс кезінде - жол жазбасы. 11.58. Барлық жағдайларда манервлік құрамның оның машинисіне жол жазбасын берумен станция шекарасынан бір жолды аралыққа шығуы поезд диспетчерінің рұқсаты бойынша ғана орындалуы мүмкін, аталмыш рұқсат аралықты шектеп жатқан станцияның екеуіне де поездардың қозғалуы ке- зінде негізгі сигнал беру және байланыс қүралдарын жабусыз беріледі. Аталмыш рұқсатты алғаннан кейін станция кезекшілері мәтіні төмендегідей телефонограммалармен алмасады: «Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындауыма бола ма»; Date: 2015-09-02; view: 700; Нарушение авторских прав |