Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Поездарды құрастыру
16.8. 1-кластық (ЖМ) қауіпті жүктер барлық жағдайда тиісті қалқаны қоюмен поездардың қозғалыс кестесінде ескерілген нормалар мен ұзындық шектерінде құрастырылған жүк поездарындағы жекелеген вагондармен, вагондардың тобымен, сондай-ақ өздері жүріп өтетін телімдердегі қабылдау-жөнелту жолдарының сыйымдылығынан аспайтын маршруттармен тасы-малданады. ҚМ тиелген вагондарды келесі поездарға тіркеуге тыйым салынады: - жолаушы және пошта-қол жүктік поездарға (табельдік қару мен соған арналған әскери жарақтарды, Қазақстан Республикасы Қорғаныс ми-нистрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери қарауылдары мен командаларын, темір жолдың өзге де мемлекеттік әскерилендірілген ұйымдары мен әскерилендірілген күзет нарядтарын та-сымалдаудан басқа); - адам тасымалдауға арналған, сондай-ақ құрамында (әскери эше-лондарды есепке алмағанда) адамдар отырған жекелеген вагондары бар (эшелонның жеке құрамы отырған вагондарды есепке алмағанда) по-ездарды; - біріктірілген поездарды; - жоғарғы үшінші, төменгі үшінші және одан да артық, жаны бойынша тертінші және одан үлкен дәрежедегі габаритсіздікке ие жүктері бар поез-дарды; - поездар қозғалысының кестесінде белгіленген ұзындықтан асатын по-ездарды. Сонымен қатар осы Нұсқаулықтың 16.2-тармағында көрсетілген шарт-ты нөмірлері бар ЖМ тиелген вагондарды құрамында төмендегі вагондар бар жүк поездарына тіркеуге тыйым салынады: - қысылған және сұйытылган газдары (2-класс) бар; - жылдам тұтанғыш сұйықтар (3-класс) бар; - тез тұтанғыш құрғақ заттары, өздігінен тұтанатын заттар мен сумен, сондай-ақ ауаның ылғалымен әрекетке түскен кезде тұтанғыш газдарды бөлетін заттары бар (4-класс); - тотығыш заттар мен органикалық пероксидтері бар (5-класс); - улы заттары бар (6.1-ішкі тобы). 16.9. Сұрыптау және телімдік станциялардың арасында ЖМ тиелген ва-гондар барлық жүк поездарымен бірге құрастыру жоспарына сәйкес жүре алады. Мұндай вагондар аралық станциялардан жақын жердегі телімдік немесе сұрыптау станцияларына және кері бағытта құрама, шығару поез-дарымен немесе диспетчерлік локомотивтермен, ал тораптың станциялары мен торап алдындағы станциялардың арасында берілме және шығару по-ездарымен жүруі мүмкін. Құрамына ЖМ тиелген вагондар кіретін құрама поездарды құрасты-рушы және кондукторлық бригаданың қызметкерлері, бас кондуктордың міндеттерін орындайтын машинистің көмекшісі күтімге алуы тиіс. ЖМ тиелген вагондарды, егер құрастыру жоспары бойынша аталмыш вагондарды жөнелту үшін ұзақ бағыттағы поездар ескерілген болса, оларды жақын бағыттағы поездарға тіркеуге жол берілмейді. Тасымалдау дирекциясының аға диспетчері, станциялық және манев-рлік диспетчерлер поездық жұмысты жоспарлау кезінде станцияға келіп жатқан ЖМ тиелген вагондарды поездардың барынша азырақ санымен алғашқы кезекпен жөнелтудің мүмкіндігін арнайы қарастыруға міндетті. 16.10. ЖМ тиелген вагондарға темір жолдың әскерилендірілген күзеті ілесіп жүру үшін, осы вагондардан ары кеткенде 5 вагоннан бұрын теже-гіш алаңшасы бар вагон немесе арнайы бөлінген бос жабық вагон қойылуы тиіс. Егер темір жолдың әскерилендірілген күзетімен күзетілетін вагондар тобы поездың бас жағында орналасса, электровоздан немесе тепловоздан ары кеткенде 5 вагоннан кейін, тежегіш алаңшалары бар вагондар болмаған жағдайда әскерилендірілген күзет атқыштарының оларға машинистің ло-комотивпен жүру тәртібі туралы алдын-ала нұсқаулама жүргізуімен поез локомотивінің кабинасында болуына рұқсат етіледі. Құрамында ЖМ тиелген әскери көліктер бар поездардың құрамына атамлыш көлік түрлеріне қатысы бар ЖМ тиелген вагондар қойылуы мүмкін. ЖМ тилген вагондарға жүк жөнелтушінің (жүк қабылдаушының) мамандары немесе әскери қарауылдары, сондай-ақ темір жолдың әскерилендірілген күзетінің нарядтары ілескен жағдайда олар күзеткен ва-гондар поезға бір топпен қойылады. Аталмыш вагондар осы Нұсқаулыққа сәйкес бір бірінен қауіпсіз жүктері бар вагондармен немесе вагондардың аталмыш тобына жатпайтын бос вагондармен қалқалана отырып қойылған кезде мұндай қалқа ең төмен нормаларынан аспауы тиіс. Вагондарды ЖМ тиелген вагондар мен арнайы секцияның (сұлбаның) құрамына кіретін ілесе жүру вагондарының арасына қою қажет етілмей- Ді. 16.11. Әскери эшелондарда ЖМ мен сол эшелонға тиісті өзге де қауіпті жүктерді өздерінің арасына бір вагоннан кем болайтын қалқа қою арқылы бірге тасымалдауға жол беріледі. Танкілер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар, артиллериялық тартқыштар мен әскери жинақтармен жабдықталған жабылған бронетранспортерлер тиелген платформалар мен жартылай ва-гондар әскери эшелонның құрамында қалқалаусыз жүруі мүмкін. ЖМ тиелген поездардың қозғалысы * 16.12. Құрамында ЖМ тиелген вагондары бар поездар телімдер арқылы қозғалған кезде поезд диспетчерінің, станция кезекшілерінің үнемі түрдегі бақылауында болуы тиіс, соңғылары аталмыш поездардың кедергісіз және қауіпсіз түрде жүріп өтуін қамтамасыз ететіндей шараларды жүзеге асыруға міндетті. Министрлік құрамында. ЖМ тиелген вагондары бар транзиттік поез-дарды өздерінде айналма жолдар бар ірі темір жол тораптарын айналумен өткізудің тәртібін белгілейді. Құрамында ЖМ тиелген вагондар бар поезды алдағы жөнелту туралы поезды құрастыратын станцияның кезекшісі поезд диспетчеріне алдын ала хабарлайды. ДСП-дан құрамда 1-кластық ЖМ (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар екендігі туралы мәліметтерді алған кезде, ДНЦ диспетчерлік байланыс арқылы тіркелетін бұйрықты сол поездың жүру мршруты бой-ынша өз телімінің барлық ДСП-ларына береді және іргелес телімнің поезд диспетчерін хабардар етеді. ^ 16.13. «ЖМ» әріптері бар поездың нөмірі поездар қозғалысының журналына, орындалған қозғалыс кестесінде, жазбаша рұқсаттарда және локомтивтың мащинисіне берілетін ескертулерде, анықтама қағаздар мен поездарды қабылдау мен жөнелтумен қатысы бар өзге құжаттарда қойылады. 16.14. ЖМ тиелген поездың алдағы уақытта келуі күтіліп жатқаны тура-лы станция кезекшісі техникалық қызмет көрсету, коммерциялық тексеру, темір жолдың әскерилендірілген күзеті мен ЖМ тиелген поезы мен вагон-дарды ЖМ тиелген вагондармен жұмыс жүргізу тәртібі туралы жергілікті нұсқаулыққа сәйкес қабылдау және өңдеуден өткізу ісін жүзеге асыратын өзге қызметкерлерді хабардар етуге міндетті. 16.15. ЖМ тиелген поездарды аралық станцияларда локомотивсыз қалдыруға жол берілмейді. Айрықша жағдайларда (апаттық жағдай туындағанда) ЖМ тиелген поездың құрамы «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясы Басқарушысының жазбаша бұйрығы бойынша аралық станцияларда локомотивсыз қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте «ҚТЖ»¥К»АҚ тасымалдау бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері ЖМ тиелген уақытша қалдырылған құрамды көзделген бағыты бойынша жөнелтуді жылдамдату жөніндегі барлық қажетті шараларын қабылдауға міндетті. Поезда ЖМ тиелген вагон-дар болған жағдайда оны аралық станцияда уақытша түрде локомотивсыз қалдыру мүмкіндігі жүктің кімнің иелігіне жатуына байланысты келісілуі тиіс: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің иелігіне жатса темір жол телімі мен станцияның әскери комендантымен; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Респу-бликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ өзге министрліктерге, ведомстволарға, ұйымдардың иелігіндегі, Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің қарауылдары күзететін жүктер болса Қазақстан Республикасы ІІМ ерекше тасымалдаулар басқрамасымен келісіледі. Поезда темір жолдың әскерилендірілген күзетімен күзетілетін ЖМ ти-елген вагондары болған жағдайда поезд диспетчері бұл туралы телімінде станция орналасқан әскерилендірілген күзеттің (қарауылдың) жақын жер-дегі бөлімшесінің бастығына хабарлайды. 16.16. Темір жолдың әскерилендірілген күзеті ілесе жүретін ЖМ тиелген жекелеген вагондардың жүру жолында анықталған, сондай-ақ арнайы жыл-жымалы құрам секциясының құрамына, әскери көлік пен эшелондардың құрамына кіретін вагондардың техникалық және коммерциялық ақаулылықтарын жою аталмыш ақаулылықтардың сипатына, жұмыстардың жағдайлары мен көлеміне байланысты оларды ағытумен және артынша осы мақсаттарға арнап жеке бөлінген жолдарға бере отырып, сондай-ақ оларды құрамнан ағытусыз да орындалуы мүмкін. Станцияларда ЖМ тиелген жекелеген вагондарды техникалық және коммерциялық ақаулылықтар бойынша темір жолдың әскерилендірілген күзетімен күзетілетін вагондардың тобынан ағытуға сол ағытылатын вагондардың күзетілуі қамтамасыз етілген жағдайда ғана жол беріледі. Олай бомаған жағдайда әскерилендірілген күзет нарядымен күзетілетін вагондардың бүкіл тобы ағытылады. Станцияның бастығы әскерилендірілген күзеттің қосымша нарядын шақыртып, ол келгеннен кейін ағытылғантоптың жарамды вагондарын көздеоген бағыт бойынша жөнелтуге міндетті. Әскери көліктердің вагондарын, сондай-ақ өзімен әскери қарауыл не-месе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мамандары ілесіп келе жатқан вагондар тобын ағытуға тыйым салынады. Ақаулылықты және жарамды вагондарға жүктердің шектен тыс тиелуін жою үшін бүкіл көлік кідіртіледі, бұл туралы станция кезекшісі (станция бастығы) «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының аға диспетчеріне хабарлауы тиіс, соңғысы сонымен қатар көліктің белгіленген тәртіппен кідіртілгені туралы темір жол телімі мен станцияның әскери комендантын және Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы тасымалдар басқармасын хабардар етуі тиіс. Вагондар жөнделіп біткеннен кейін немесе жүкті қайталап тиегеннен кейін олар кідіртілген көліктің (ва-гондар тобының) құрамына енгізіліп, көзделген бағыты бойынша жөнелтілуі тиіс. ЖМ-ын тасымалдауға арналған арнайы жылжымалы құрамның, сон-дай-ақ арнайы құрастырылған сұлбалардың секция құрамына енетін вагон- дарды ағытумен жөндеу қажет болған жағдайда мұндай вагондар жүкке ілесіп жүрген маманның, қарауыл бастығының бақылауымен ғана секция-дан (сұлбадан) ағытылып жөндеу жолдарына берілуі мүмкін. Бұл жағдайда өзінде ағытумен жөндеуді қажет ететін вагон табыл ған секцияның (сұлбаның) бүкіл құрамы кідіртіледі. Жөнделген вагондар секцияның (сұлбаның) тиісті орнына енгізілуі мүмкін. Егер секцияның (сұлбаның) бос вагоны техникалық ақаулылықтың себебінен белгіленген станцияға дейін жүре алмайтын бол-са, жүкке ілесіп жүрген мамандардың немесе қарауыл бастығының өтінімі бойынша секциядан (сұлбадан) ағытылып, тасымалдау құжаттарын тиісті түрде ресімдеумен жаңа бағыт бойынша жөнелтілуі мүмкін. Барлық көрсетілген жағдайларда темір жолдың әскерилендірілген күзеті, әскери қарауылдың немесе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мамандары ілесіп жүрген әскери көліктің кідіртілген вагондары, арнайы жылжымалы құрамның секциялары (сұлбалары), сондай-ақ ЖМ тиел-ген вагондар тобы станцияның техникалық-жарлық актісінде ЖМ ти-елген вагондардың тұрақтап тұруына арнап ескерілген жолдарға осы Нұсқаулықтың 16.19-тармағының талаптарына сәйкес қойылады. ЖМ тиелген поездар мен вагондарды техникалық күтімге алу мен коммерциялық тексеруден өткізудің тәртібі ЖМ тиелген вагондармен жұмыс жүргізу тәртібі туралы жергілікті нұсқаулықта белгіленеді. Апаттық жағдайлардағы әрекеттер 16.17. Поездардың қозғалысымен қатысы бар қызметкерлер Қауіпсіздік ережелері мен қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасымалдау кезіндегі олармен орын алған апаттық жағдайларды жоюдың тәртібін біліп, нақты түрде орындауы тиіс. ЖМ тиелген поезға қауіп төнген жағдайда (буксалардың жануы, осьтің сынуы, жылжымалы құрамның ығысуы, вагонның немесе жүктің жануы және т.б.) локомотивтік және құрастырушы бригадалар, жүктерді күзету мен оларға ілесіп жүрумен айналысатын тұлғалар, станция кезекшілері, сондай-ақ поездарды қабылдау, жөнелту, өткізу және күтімге алумен қатысы бар қызметкерлер өзге қызметкерлер өздеріне байланысты оны тоқтату мен қауіпті жоюға арналған шараларды қабылдауға міндетті. Жылжымалы құрам мен оның жүрістік бөліктерінің жағдайын бақылау аспаптарымен анықталған ақаулылықтары бар вагондары бар поездардың қозғалысына тыйым салынады. 16.18. Аралықта осы Нұсқаулықтың 16.17-тармағында көрсетілген жағдайлар аралықта орын алған кезде локомотив машинисі немесе поезға ілесіп жүрген болса бас кондуктор бұл туралы дереу түрде по-езд диспетчеріне немесе жақын жердегі станцияның кезешісіне олардың шаралар қабылдауы үшін хабарлауға міндетті. Бұл ретте апаттар (жыл-жымалы құрамның ығысуы және т.б.), өрт шыққан жағдайда олардың мән-жайы туралы, поездың құрамында ЖМ және өзге де қауіпті жүктер тиелген вагондардың болуы мен орналасуы туралы хабарлауға, апаттық карточкалардың нөмірлерін (жол ведомосінің арғы бетінде көрсетілген) не-месе апаттық карточкалардың мазмұнын (олар тасымалдау құжаттарына қосымшаланған жағдайда) беруге міндетті. Электрлендірілген телімдерде поезд диспетчері аталмыш хабарды алғаннан кейін қажет болса энергодиспетчерге түйіспелі тораптағы кернеу-ді ажырату туралы нұсқау беруі тиіс. Локомотивтың машинисі немесе бас кондуктор поезд диспетчерінің командаларын, лауазымдық нұсқаулықтың, апаттық карточкалардың, ЖМ-ға және басқа да қауіпті жүтерге ілесіп жүрген мамандардың нұсқауларын басшылыққа ала отырып қалыптасқан жағдайға қарай апаттық жағдай мен оның салдарын жоюға арналған мүмкін болатын шараларды орындауы тиіс. Станция кезекшісі поездың машинисінен апат туралы хабарды алып оның мазмұнын поезд диспетчеріне беруі және соның нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті. 16.19. ЖМ тиелген қозғалып келе жатқан поезда қайсыбір жүктің неме-се жылжымалы құрамның жанғаны анықталған жағдайда поезд тоқтатыуы тиіс. поездың тоқтайтын жері адамдарды зақымдау мен қоршаған ортаны ластау қаупін тудыратын барынша аз салдарының есебімен, тоннельдердің, көпірлердің, тұрғындық және станциялық ғимараттарды, қоймаларды, жол-дарда тұрған жылжымалы құрамды және т.б. барынша аз зақымдалуының есебімен таңдалып алынады. Поезд тоқтағаннан кейін локомотивтік бригада ЖМ-ға ілесіп жүрген немесе күзететін тұлғалармен бірлесе отырып алдымен құрамның қалған бөлігін белгіленген тәртіппен бекітіп қойып, жанып жатқан вагондарды дереу түрде ағытып, оларды басқа жылжымалы құрамнан алыстатуы тиіс, және сол жүктің ерекшеліктерін ескерумен өрт сөндіру бригада-сы келгенше Локомотивтер мен моторвагондық жылжымалы құрамда орт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта ескерілген талаптарға сәйкес өртті сөндіруге арналған мүмкін болар шараларды қабылдауы тиіс. 16.20. ЖМ-мен станция шектерінде апаттық жағдай туындаған кез-де станция кезекшісі орын алған жағдай туралы поезд диспетчеріне жіне станциялардың бастығына хабарлап, поездарды бұдан арғы уақытта өткізудің, маневрлік жұмысты жүргізудің мүмкіндігі мен шартын анықтауы, және қажет болса поездардың қозғалысы мен маневрлерді тоқтатуға арналған шараларды қабылдауы тиіс. ЖМ тиелген вагонда немесе қасында орналасқан ғимаратта, құрылыстарда, құрылғыларда орт туған жағдайда ЖМ тиелген вагондар өрт аймағынан қауіпсіз қашықтыққа, алайда кем дегенде 100 метрге алыстаты-луы тиіс. 16.21. Осындай поездар мен вагондармен орын алған барлық оқиғалар туралы поезд диспетчері «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының аға диспетчеріне хабарлап, сонымен бірлесе отырып дереу түрде апаттық жағдайлардың салдарын тездетіп жоюға арналған шараларды қабылдауға міндетті. 16.22. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру немесе ЖМ-мен орын алған апаттық жағдайлардың салдарын жою жөніндегі өзге шаралар қалыптасқан жағдайға қарай Темір жол арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен олармен орын алған апаттық жағдайларды жою тәртібіне және Темір жолдар арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау ережеле-ріне сәйкес орындалуы 1-қосымша ПОЕЗДАРДЫ СТАНЦИЯДАН ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ КЕЗШДЕП ТҮРЛІ СИГНАЛ БЕРУ ЖӘНЕ БАЙЛА-НЫС ҚҮРАЛДАРЫНЫҢ КӨМЕПМЕН ЖӨНЕЛТУГЕ Р¥ҚСАТ ЕТУЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
2-қосымша ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМДЫ БЕКІТУДІҢ НОРМАЛАРЫ MEH НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Вагондарды станциялықжолдарда осы Нұсқаулықтың 11-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес бекіту кезінде келесі минималдық нормалар-ды басшылық ретінде алу керек. 1.1.Көлденең жолдарда және еңістігі 0,0005 дейін жететін жолдарда вагондардың (қүрамның, вагондар тобының немесе жалғыз вагонды) кез келген санын екі жағынан бекіту үшін бір тежегіш табандықтан; 1.2.Еңістігі 0,0005-тен асатын жолдарда бекіту нормалары келесі есеп-теу формулалары бойынша анықталады: 1.2.1. жеке вагондарды, сондай-ақ салмағы бойынша (брутто) бір текті бо- 1.2.2. аралас (салмағы бойынша әртекті болып келетін) қүрамдарды 1.2.1. және 1.2.2-тт. көрсетілген шарттар орындалған жағдайда (1) фор-мула қолданылады. К = п (1,5і + 1) (1) мұндағы, K - тежегіш табандықтардың қажетті саны; п - құрамдағы (топтағы) осьтердің саны; і - жол еңістігінің немесе жол бөлігінің мыңдаған орташа шамасы; (1,5 і + 1) - әрбір 200 оське қатысты тежегіш табандықтардың саны. 1.2.3. аралас құрамдарды немесе салмағы бойынша әр текті болып келе- К = п(4і + 1) (2) 200 ' мұндағы, (4і + 1) - әрбір 200 оське қатысты тежегіш табандықтардың 1.2.4. жоғарыда берілген формулалар бойынша есептелген бекіту нор-малары станцияның техникалық-жарлық актісінде (ТЖА) көрсетіледі. Тежегіш табандықтардың қажетті саны Министрлік бекіткен бекітудің нормаларын есептеудің автоматгандырылған жүйесін қолданумен белгіле-нуі мүмкін. 2. Осьтерінің саны екі жүзден кем немесе одан артық болып келетін ва-гондар тобын бекіткен кезде табандықтардың саны бекітілетін топ осьтерінің нақты санының 200 оське қатысына пропорционалды түрде есептеледі. Бөлшектік мағынаға ие болған жағдайда табандықтардың саны жоғары түтас санға дейін дөңгелектенеді. Мысалдар: а) 0,00025 еңістікте вагондар тобының 80 осін бекіту және бос 80(2,5x4 + 1). 200 = 4,4 ~ 5 тежегіш табандық қажет етіледі; вагондардың сол тобын және тежегіш табандықтарды оське түсіретін жүктемесі кем дегенде 15 т болып келетін вагондардың астына (немесе топта ондай вагондар болмаса - сол топтың ішіндегі оське түсіретін жүктемесі ең жоғары болып келетін вагондардың астына): 80(2,5x1,5 + 1) 200 = 1,9 ~ 2 тежепш табандық; б) 0,0015 еңістігінде көмір маршрутының немесе бос вагондардан • 240(1,5x1,5 + 1). 200 = 3,9 ~ 4 тежепш табандық қажет етіледі; тежегіш табандықтардың соңғы саны бос маршурттарға арнап соған үқсас түрде есептеледі; в) 0,003 еңістігінде жолаушы поезының 72 осін (18 вагонын) бекіту үшін 72(3x1,5 + 1) 200 = 1,98 ~ 2 тежегіш табандық қажет етіледі. 3.Рельстерінің беті тым көп мөлшерде майланған станциялық жол-дарда (сұйық жүктерді тиеуге, цистерналарды тазарту мен шаюға арналған және т.б. жолдар) осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген бекіту нор-малары 1,5 есе артады. 4.Пішіні сынған түрде болып келетін жолдарда жолдардың толық ұзындығы шектерінде орналасқан поезд қүрамдарын немесе вагон топтарын бекітудің нормалары бүкіл жолға арнап еңістіктің орташа шамасы бойын-ша есептеледі. Егер вагондар жолдың жекелеген бөліктерінде қалдырылса, оларды тежегіш табандықтармен бекіту ісі аталмыш бөлік еңістігінің нақты шамасына сәйкес келетін нормалар бойынша орындалуы тиіс. 5. Жүгін түсіруге арнап берілген вагондар тобын бекіткен кезде тежегіш табандықтар жүгі ең соңғы кезекте түсірілетін вагондардың астына төселуі тиіс, немесе оларға арналған бекітудің нормативы осы Қосымшаның 1.2.3-ішкі тармағына сәйкес есептелуі тиіс. 6. Тежегіш табандықтар жарамды күйде болып, құрамның әртүрлі осьтерінің астына табандықтың сырғымасының мүрны доңғалақтың қүрсауына тиіп тұратындай етіп төселуі тиіс. Тежегіш табандықтар үнемі салынып жүрген жерлерде қүм салынған жәшіктер болуы тиіс, құм мұз, қырау қатқан кезде және т.б. қолданылады. Егер бекіту екі және одан да көп табандықтармен орындалса, олардың барлығын бір вагондық осьтің астына төсеуге болмайды. Вагондарды бекітуге арнап мұз басқан немесе майланған сырғағы бар тежегіш табандықтарды пайдалануға тыйым салынады. 7. Еңістері бар жолдарда табандықтар еңістік жағынан төселеді. 0,00-05 пен 0,001 аралығындағы шамаларды құрайтын еңістіктерде вагондар қосымша түрде тағы бір тежегіш табандықпен еңіске қарсы жағынан да бе-кітіледі. 8. Егер де тежегіш табандық бекітілетін топтың ығысуы мүмкін болатын жағындағы шеткі вагонның астына орнатылмаса, қосымша түрде атамлыш вагонмен сол топтың өзге вагондарының тіркесуінің сенімділігі тексерілуі тиіс. 9. Бағыты вагондардың ығысуы мүмкін бағытпен сәйкес келетін күшті жел (15 м/с) түрған кезде осы Нүсқаулықтың 1-т. сәйкес есептелген бекіту нормасы (бекітілетін вагондардың әрбір 200 осіне арналған) доңғалақтардың астына қосымша үш тежегіш табындықты, ал өте күшті жел соққан кезде - жеті тежегіш табандық төсеумен арта түседі. 10. Моторвагондық поездарды, әрекетсіз жағдайда түрған локомотив-терді, ал айрықша жағдайларда - өзге жылжымалы құрамды бекіткен кезде тежегіш табаңдықтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда жылжымалы қүрамның қол тежегіштері келесідегідей есеппен қолданылуы мүмкін: те-жегіш осьтердің 5-уі 1 тежегіш табандықтың орнын басады. Көлденең жолдарда немесе еңістігі 0,0005 және одан төмен жолдарда жылжымалы қүрамның екі жағындағы тежегіш табандықтардың орнына оның тіркескен тобының кез келген бөлігіндегі бір вагонның (локомотивтың) қол тежегішін әрекетке келтіруге тыйым салынады. 3-қосымша Date: 2015-09-02; view: 659; Нарушение авторских прав |