Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жөнелту және маневрлерді орындау тәртібі
13.1. СОБ бақылау құрылғыларының қалыпты көрсетуден қайсыбір ауытқулары пайда болған жағдайда станция кезекшісі ең алдымен мұның төмендегілердің себебінен туындалған-туындалмағанын тексеріп шығуы тиіс: а) вагондардың ығысуы, жылжымалы бірліктердің өз бетінше шығып кетуі, ауыспаның қиылуы, жылжымалы құрамның жолдан шығуы; б) оның немесе өзге қызметкерлердің қате орындаған әрекеттері; Бұл ретте төмендегілерді тексеріп шығу қажет: поездың алдағы уақытта қозғалуы жоспарланып отырған маршрут бойынша қабылдау жолы және оқшауланған телімдер шынында да бос па; барлық стрелкалардың, соның ішінде маршрутқа кіретін күзеттік стрелкалардың қалпына қатысты бақылау бар ма, және олар дұрыс орнатылған ба; қажет етілетін маршрутқа кіретін жолдар мен стрелкалар өзге марш-руттарда тұйықталып қалған жоқ па; аппараттан бұздыған-кілт шешіліп алынбады ма және ол аппаратта дұрыс орнатылған ба; құрылғылардың жұмысындағы пайда болған ақаулықтың сипатына қарай, станцияның шектерінде орналасқан аралықтағы бөгеуіл бағдаршам немесе поездардың құрамын орталықтандырылған түрде қоршау сигналы қосылған күйінде қалмады ма; әзірленген маршрут поездың жүріс бағытына және блоктаудың белгі-ленген бағытына сәйкес келе ме; СОБ құрылғыларын пайдалану кезіндегі қайсыбір өзге қателіктер жі-берілмеді ме. 13.2. Станция кезекшісі СОБ құрылғыларының ақаулылығын анықтап дереу турде қарау журналында жазба енгізіп, бұл туралы электрмеха-никке (сигнал беру және байланыс дистанциясының кезекші инженері-не) және қажет болса өзге де қатысы бар қызметтердің қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Егер бағдаршамдар автоәрекетке бапталған болса - автоәрекеттенуді өшіруі тиіс. Бұдан арғы уақытта құрылғылардың ақаулылығын жойғанша, белгілен-ген тәртіппен олардың жұмысын тексергенше және СОБ электрмеханигі мен қатысы бар қызметтердің қызметкерлерінің қарау журналында тиісті жаз-балар жасағанша станция кезешісіне поездық жағдайдың қандай болуына байланыссыз ақаулы құрылғыларды пайдалануға (кіру, шығу, маршруттық және маневрлік бағдаршамдарды ашуға, стрелкаларды бұруға, ақауланған құрылғылардың бақылау аспаптарының көрсетулерін басшылыққа алу-мен жылжымалы құрамды жіберуге), соның ішінде сол жазбаларды ен-гізбес бұрын оқшауланған секциялардың бостығы немесе бос еместігіне, орталықтандырылған стрелкалардьщ қалпына қатысты бақылау қалпына келтірілсе немесе басқару пультіндегі көрсетулер өзгерген жағдайда да тый-ым салынады. Егер СОБ-тың ақаулылығы шақырту сигналының батырмасынан плом-быны шешіп алу қажеттілігімен байланысты болған болса, қарау журналы-на жазылатын жазбада шақырту сигналының батырмасындағы пломбының жұлынып алынаны туралы да көрсетіледі, мысалы: «5-9 СП жалған түрдегі бос еместігін көрсетіп тұр. Шақырту сигналының батырмасындағы пломбы жұлынып алынған» Н. «ДСП.............». Қарау журналындағы тиісті жазбаны станция кезекшісі СОБ құрылғыларының ақауланғаны себебінен поездарды қабылдау немесе жөнелту ісі пломбыланбайтын батырмалары бар (есептегіштер болғанда) шақырту сигналдары бойынша орындалатын жағдайларда да жүргізеді, бұл ретте журналдағы құрылғылардың ақауланғаны мен олардың қалпына келтірілгені туралы жазбаларда есептегіштің көрсетулері тіркеледі. 13.3. Ақаулылықтың сипатына қарай станция кезекшісі электрмеханигінің келуін күтпей-ақ СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысының бұзылу себептерін анықтау үшін өзінің иелігіндегі құралдарды жолдар мен стрелкаларды сырттай қарау арқылы қолдануы тиіс. Мысалы, төмендегілерді тексеруі тиіс: жол немесе стрелкалық оқшауланған телімнің жалған түрде бос бол-мауы пайда болған жағдайда - рельстік тізбектің бөгде затпен тұйықталып қалмағанын; егер стрелка басқару пультінен бұрылмаса - үшкір мен рамлақы рельстің арасына небір зат тұрып қалмағанын. Егер сырттай қараудан кейін құрылғылардың қалыпты түрдегі әрекетінің бұзылу себебі анықталып, жойылса, станция кезекшісіне құрылғыларды пайдалануды қайта жандандыруға рұқсат етіледі. Құрылғылардың қалыпты жұмысының бұзылу себептері мен олардың жойылғаны туралы станция кезекшісі қарау журналының соңғы бағанында жазба жасайды. 13.4. Егер де сырттай қарау арқылы СОБ құрылғыларының қалыпты әрекетінің бұзылу себебі анықталып, жойылмаса, электрмеханигі келгенше және зақымданулар жойылғанша станция кезекшісі поездарды қабылдау және жөнелту ісі мен маневрлік жылжуларды орындау ісін, жолдың, стрелкалардың бостығын тексеруді қамтамасыз етумен орындауы тиіс және маршрутты аталмыш жағдайларға арнап станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен әзірлеуі тиіс. 13.5. Стрелкалық оқшауланған телімдер жалған түрде бос болмаған кезде стрелкалар қосалқы батырманың көмегімен бұрылады, оның пломбы-сы жұлынып алынғаны туралы станция кезекшісі қарау журналында жазба жасауы тиіс. Мұндай стрелканы әрбір бұрудың алдында станция кезекші- сі оның жылжымалы құрамнан бос екендігіне, сондай-ақ іргелес жолдар бойынша өтпенің бар екеніне көз жеткізіп отыруға міндетті. Жалған турде бос емес телімдер кіретін маршруттар бойынша поездарды қабылдау мен жөнелту, және маневрлік жылжулар осы Нұсқаулықтың 3.5-тармағында көрсетілген жағдайды есепке алмағанда бағдаршамдардың тыйым салуды көрсетуі кезінде орындалады. 13.6. Жол жалған түрде бос болмаған кзде станция кезекшісі көзбе-көз түрде немесе тиісті қызметкерлер арқылы оның жылжымалы құрамнан бос екендігіне көзін жеткізіп отыруға міндетті. Поездарды мұндай жолдарға қабылдау ісі кіру (маршруттық) бағдаршамның тыйым салуды көрсеуі ке-зінде орындалуы тиіс. 13.7. Егер станция кезекшісі станциялық жол, стрелкалық немесе стрелксы жоқ телім немесе қашықтаудың алғашқы блок-телімі іс-жүзінде бос болмаған кезде басқару аппаратындағы бақылау аспаптары олардың (жалған түрдегі) бостығын көрсетіп тұрса, ол төмендегі әрекеттерді орын-дауы тиіс: бұл туралы қарау журналында дереу түрде жазба жасап, СОБ элек-трмеханигін шақыртуы тиіс; егер бағдаршамдар автоәрекетте тұрған болса - оларды автоәрекеттен шығарып, оларды жеке түрде басқаруға ауысуы тиіс; Бұдан әрі ақаулылық жойылғанша станция кезекшісіне төмендегілерді орындауға рұқсат етіледі: Поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлік жылжуларға арналған маршруттарды оқшауланған телімнің жылжымалы құрамнан бос екендігіне көзбе-көз немесе станцияның өзге қызметкерлері арқылы көз жеткізгеннен кейін барып белгілеуге, ал қашықтаудың алғашқы блок-телімінің жалған түрдегі бостығы анықталған жағдайда станция кезекшісі жалған түрдегі бос еместігі кезіндегідей түрде осы Нұсқаулықтың 1.16-тармағында белгіленген тәртіппен әрекет етуі тиіс; поездарды қабылдау мен жөнелтуді, және манврлік жылжуларды бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асыруы тиіс. Келе салысымен СОБ электрмеханигі ақаулылықты жоюға міндетті, ал ол м үмкін болмаған жағдайда - телімді сигналдарды пайдалануды сақтаусыз ажыратып тастауға міндетті. 13.8. Орталықтандырылған стрелканың қалпын бақылау құрылғысы болмаған жағдайда оның жарамдылығы мен маршрутта дұрыс орнатылуы тұрған жерінде тексерілуі тиіс (станция кезекшісімен немесе станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген өзге қызметкермен). Сонымен қатар, мұндай стрелка салмаға және аспалы құлыппен жабылуы тиіс, ал оның электржетегіндегі блок-түйіспе ажыратылуы тиіс. Құлып салынған стрелканың кілті станция кезекшісінде немесе станцияның техникалық-жарлық актісіне сәйкес өзге қызметкерде болуы тиіс. Поездардың мұндай стрелка арқылы қозғалысы бағдаршамның тый-ым салуды көрсетуі кезінде ақаулылық жойылғанша немесе стрелканы сиг- налдарды пайдаланудың сақталуымен ажыратқанша орындалады. Стрелка басқару пультінде бақыланатындай жағдайға кіретін маршруттар бойынша поездар тиісті бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсетулері кезінде өткізілуі мүмкін. Басқару пультінде өтіп бара жатқан поездың (маневрлік құрамның) астындағы орталықтандырылған стрелканың қалпын бақылау жоғалған жағдайда станция кезекшісі (орталықтандыру қосынының операторы) осы стрелка бойынша қозғалып келе жатқан поезды тоқтату шараларын әзірлейді. 13.9. Егер де стрелка басқару пультінен бұрылмаса, сырттай қараудан кейін электрмеханигі келгенше станция кезекшісі поезд диспетчеріне хабар-лаумен стрелканы қолмен (курбельмен) басқаруға ауыстыруы м үмкін. Стрел-каны курбельмен бұру ісін станция кезекшісі, орталықтандыру қосынының операторы, сигнал беруші немесе станцияның техникалық-жарлық актісін-де белгіленген тасымалдау қызметінің өзге қызметкері орындайды. Атал-мыш қызметкерлердің бачндамалары бойынша станция кезекшісі тиісті маршрууттағы стрлеканың дұрыс орнатылғанына көзін жеткізеді. Стрелка-ны курбельмен ауыстырғаннан кейін оның жағдайын бақылау мүмкіндігіне ие болу үшін пультта стрелканы бұруға сәйкес келетін әрекеттерді орындау қажет: стрелкалық қолтұтқаны бұру (тиісті жағдайдағы батырманы басу); егер стрелка кіріп жатқан оқшауланған телім бос еместікті көрсетіп тұрса, стрелканың бос-бос болмауын және іргелес жолдар бойынша өтпелердің бар-жоғын тексеруден кейін стрелканы қосымша бұру батырмасының (қажет болса маршрутты жасанды түрде барлау батырмасының) пломбы-сын шешіп алып, басу қажет. Егер бұл жағдайда басқару пультінде стрел-каны курбельмен бұрғаннан кейін оның жағдайын бақылау мүмкіндігі сақталатын болса, поездардың жөнелтілуі мен маневрлік жылжулар тиісті бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсетулері кезінде орындалады. Басқару пультінде стрелканың жағдайын басқару мүмкіндігі болмаса, поездарды қабылдау, жөнелту мен маневрлік жылжулардың маршрутта-рын әзірлеу ісі осы Нұсқаулықтың 13.8-тармағында көрсетілген тәртіп бой-ынша орындалады. 13.10. Егер де ашық тұрған кіру (маршруттық) бағдаршамның рұқсат етуші көрсетуі өздігінен тыййым салуға ауысса, станция кезекшісі басқару аспапатары бойынша стрелкалардың дұрыс орнатылғанына, оқшауланған телімдер мен қабылдау жолдарының бостығына қосымша көз жеткізіп, артынша кіру (маршруттық) бағдаршамды қайтадан ашуға міндетті. Егер бағдаршам ашылса, оны бұдан арғы уақытта да пайдалана беруге болады. Сигналдың өздігінен жабылғаны туралы станция кезекшісі қараау жур-налында жазба жасап, электрмеханигіне хабарлауы тиіс. Станция кезек-шісі шығу бағдаршамы поезды автоблоктаумен жабдықталған аралыққа жөнелткен кезде өздігінен жабылған кезде де осылайша әрекет етеді. Бұл ретте бағдаршамды қайталап ашпастан бұрын алғашқы блок-телімнің жолшыбай поездардан бос болуын, ал дара жолды аралықтарда және екі жақты автоблоктаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда сонымен қатар аралықтың (жолдың) қарсы бағыттағы поездардан бос болуын тексе-ріп шығу қажет. Егер кіру (маршруттық) бағдаршамы өздігінен жабылғаннан кейін стрелкалар дұрыс жағдайда болып, роқшауланған телімдер мен қабылдау жолы бос болған кезде (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша тексеріледі) бағдаршам қайтадан ашылмаса, онда бұдан кейінгі уақытта ақаулылық анықталып, жойылғанша поездар аталмыш бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде маршрутты осы Нұқсаулықта және станцмяның техникалық-жарлық актісінде ескерілген тәртіппен тексере от-ырып қабылдануы тиіс. Станция кезекшісі шығу (маршруттық) бағдаршам қайталап жабылған кезде де осыған ұқсас түрде әрекет етуі тиіс (бақылау аспаптарының көрсетулеріне байланыссыз). Шығу (маршруттық) бағдаршам өздігінен жабылып оны қайтадан ашу мүмкін болмаған жағдайда автоблок-тауы бар станциялардың кезекшісі 1.14, 1.15 және 1.17-тармақтарының та-лаптарын, ал жартылай автоматты блоктау кезінде осы Нұқсаулықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады. 13.11. Кілттік тәуелділікпен жабдықталған стрелкадағы бақылау құлпы ақауланған жағдайда СОБ электрмеханигі (монтер) оны жөндеу үшін ше-шіп алады. Стрелка кіретін маршрут бойынша поездарды қабылдау және жөнелту, сонымен қатар маневрлік жылжулар бағдаршамдардың тыйым салушы не-месе рұқсат етуші көрсетулері кезінде орындалуы мүмкін. Поездар мен маневрлік құрамдар сигналдарды пайдалануды сақтаусыз қозғалған кезде салмаға және аспалы құлыппен жабылады. Бұл жағдайда бақылаушы стрелкалық құлпының кілтін СОБ электрмеханигі (монтер) өзінде қалдырады, ал сигналдарды пайдалануды сақтаумен қозғалу кезінде - оны стрелкалық қосын кезекшісіне (станция кезекшісіне) береді. Поездарды қабылдау, жөнелту маршруттары мен маневрлік маршрут-тарда сигналдарды пайдалану сақталған кезде стрелканы тиісті жағдайға қойғаннан кейін ол типтік қапсырмамен бекітіледі, салма мен аспалы құлыппен жабылады, оның кілті стрелкалық қосын кезекшісінде (стан-ция кезекшісінде) болады. Стрелкалық қосын кезекшісінің станция кезек-шісіне маршруттың дайын болғандығы туралы баяндауынан кейін станция кезекшісінің нұсқауы бойынша (немесе оның өзі) бақылау құлыбының кілті маршрутты тұйықтауға арналған атқаоушы аппаратқа салынады. 13.12. Поезды шақырту сигналы бойынша немесе электрмен жабдықталған станцияларда бағдаршамдардың тыйым салуды көрсетуі ке-зінде тиісті рұқсат етулер бойынша қабылдау немесе жөнелтудің алдында станция кезекшісі шақырту сигналының батырмасын басып немесе поезды қабылдау немесе жөнелтуге рұқсат бермес бұрын төмендегі әрекеттерді орындауға міндетті: а) стрелкалық қолтұтқаларды (батырмаларды) маршруттағы стрелкалардың тиісті жағдайына сәйкес келетін жағдайға қоюға және бақылау аспаптары бойынша маршруттың дұрыс белгіленгеніне көз жет-кізуге. Маршрутқа кіретін стрелкалардың барлық стрелкалық қолтұтқалары мен күзеттік стрелкалардың қолтұтқаларына қызыл қалпақшалар кигізуге міндетті. Жағдайы таблода бақыланбайтын стрел каларды орнату мен бекітілуінің дұрыстығын тексеру ісі осы Нұсқаулықтың 13.8-тармағына сәйкес орындала-ды. Электрлік орталықтандыру кезінде маршруттағы стрелканың тәуелділігі жәшігімен қоса сонымен қатар маршруттық-сигналдық қолтұтқаны бұрумен бекітіледі. Маршрутты орнатып, стрелкалардың жағдайын тексергеннен кейін поездың жүру маршруты бойынша жолдың бос болуы (станция кезекші-сі көзбе-көз түрде тексереді немесе оның нұсқауы бойынша станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген өзге қызметкер тексереді), сон-дай-ақ маршрутқа кіретін оқшауланған стрелкалық телімдер мен іргелес габаритсіз телімдердің бос болуы тексерілуі тиіс. б) маневрлік маршруттар болған жағдайда поезды қабылдау мен жөнелтудің тиісті маршрутын маневрлік бағдаршамдары ашылатын манев-рлік маршруттардың арасынан алуға. Бұл ретте дербес түрдегі басқарудың стрелкалық тұтқалары (батырмалары) (маршруттық орталықтандыру ке-зінде) маршруттағы стрелклардың қалпына сәйкес келетін жағдайға қоюға, және оларға қызыл қалпақшалар кидіруге міндетті. Қозғалыс маршруты бойынша жолдың бостығы басқару пультіндегі ақ түсті жарқырап тұрған жолақ бойынша, ал ол болмған жағдайда - осы Нұсқаулықтың 13.12 «а»-тармағында белгіленген тәртіп бойынша тексеріледі. Бұл жағдайда маневрлік бағдаршамдардың жанынан келе жатқан поездардың машинистері тек шақырту сигналының көрсетулерін немесе тыйым салуды көрсетіп тұрған кіру, маршруттық немесе шығу бағдаршамынан өту құқығын беретін тиісті рұқсат етуін басшылыққа алады. Поездың жүру бағыты бойынша орналасқан маневрлік бағдаршамды ашу мүмкін болмаған жағдайда маршрутты даярлау ісі осы Нұсқаулықтың 13.12 «а»-тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады.бұл ретте стрелкалар «стрелкаларды тұйықтау» деген арнайы батырмалармен (олар басқару пультінде болған жағдайда) тұйықталады. Маршрутты әзірлеудің дәл осындай тәртібі маневрлік маршруттар жоқ телімдерге де тарайды: в) электрлік орталықтандырумен жабдықталған кодтық басқаруы бар станцияларда, аталмыш басқару құрылғысы ақауланған кезде стрелкалар-ды маршрутқа сәйкес келетін жағдайға бұру ісі тек резервтік (жергілікті) басқару пультінен тұтқаларға қызыл қалпақшаларды кидіре отырып орын-далады. Маршруттағы стрелкалардың дұрыс жағдайда тұрғаны резервтік (жергілікті) басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша тексеріле-ді, ал жолдың бостығы - станция кезекшісі көзбе-көз түрде немесе соның пүсқауымен өзге қызметкер тексереді. Орталық қосын таблосының кодтық басқару ауданына жататын бөлігін пайдалануға тыйым салынады; г) маневрлік маршруттарды маневрлік бағдаршамдарды ашу мүмкін болмаған (олардың ақаулы болуы немесе ажыраған себебінен) жағдайда да-ярлау ісі «а» ішкі тармағында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі. 13.13. Құрылғылардың қалыпты жұмысының бұзылғаны тура-лы хабарды алғаннан кейін электрмеханигі ақауланған құрылғыны орталықтандырудан (тәуелділіктен) ажыратылуы қажет етіле ме соны анықтап, бұл туралы қарау журналында жазба жасауға міндетті. Электрмеханиктеріне келесі әрекеттерді орындауға тыйым салынады: станциялардағы СОБ құрылғыларының ақаулылықтарын жою ісіне ТПЕ-нің 6.54-тармағының талаптарына сәйкес арнайы нұсқаулықтарда еске-рілетін жағдайларды есепке алмағанда, станция кезекшісінің рұқсатынсыз және қарау журналында жазба жасаусыз кірісуге; жөндеу немесе ақаулылықты жою жұмысы аяқталғаннан кейін жұмысы уақытша түрде тоқтатылған болатын құрылғыларды станция кезекшісімен немесе орталықтандыру қосыны оперторымен оларды бірлескен түрде іс-жүзінде тексеруден өткізбей және құрылғылардың жарамдылығына және басқару пультіндегі бақылау аспаптары көрсетулерінің дұрыстығына көз жеткізіп алмай қолданысқа енгізуге. 13.14. Орталықтандырылған стрелкаларды, оқшауланған телімдерді, бақылаулық стрелкалық құлыптар мен өзге құрылғыларды сигналдарды пайдалануды сақтаумен ажырату ісін СОБ электрмеханигі (кілттіктәуелділік кезінде монтер де) төмендегі мерзімдерге арнап орындайды: 8 сағ дейін - станция кезекшісінің рұқсатымен, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчерінің рұқсатымен және аға электрмеханигін немесе сигнал беру және байланыс дистанциясының кезекші инженерін хабардар етумен; 8 сағ артық (5 тәулікке дейін) - «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекция-сының рұқсатымен; 5 тәуліктен артық - «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен; Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде ақаулы-лықтарды жоюға арнап стрелкаларды немесе оқшауланған телімдер-ді ажырату^ ісі барлық жағдайларда станцияларды резервтік басқаруға ауыстырғаннан кейін ғана орындалады. СОБ құрылғыларын сөндіруге байланысты жоспарлық жұмыстар по-ездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты қызметкерді тағайындап «ҚТЖ» ¥К» АҚ Тасымалдау дирекциясы бекіткен айлық кесте-лерге сәйкес жүргізіледі. Станци кезекшісіне көмек көрсету үшін және оның сигналдарды пай-далануды сақтаумен стрелкаларды (оқшауланған телімдерді) ажырату ке-зіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерін бақылау үшін станцияның бастығы немесе оның орнын басатын тұлға қатысуы тиіс. Аталмыш құрылғыларды сигналдарды пайдалануды сақтаумен ажыратқан кезде маршруттағы ажыратылған құрылғының жағдайы мен тұйықталуын тексеру ісі ерекше түрде, станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен орындалуы тиіс. мұндай тек-серуден кейін алғашқы поезды қабылдау немесе жөнелту ісі кіру, шығу немесе маршртуттық бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде орындалады. Бұл ретте поезды қабылдау немесе жөнелту маршруты осы Нұқсаулықтың 13.12 «б»-тармағына сәйкес жолшыбай маневрлік марш-руттармен тұйықтауға рұқсат етіледі. Кейінгі поездарды қабылдау және жөнелту ісі аталмыш бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсетулері бойын-ша орындалады. Егер қабылдау немесе жөнелту маршрутына сигналдарды пайдалануды сақтаумен ажыратылған кіру (маршруттық) және шығу бағдаршамдарын поездарды станция бойынша өткізу үшін бір уақытта ашуға тыйым салына-ды. Бұл жағдайда шығу бағдаршамын поездарды тоқтатусыз өткізуге арнап ашу ісі поездың басы кіру (маршруттық) бағдаршамынан өткеннен кейін ғана орындалуы тиіс. Ажыратылған стрелканы маршрутты өзгерту немесе бекітпесін шеше отырып реттеу жұмыстарын жүргізу үшін бұру қажет болса, үшкірлердің (үшкірдің) және айқастырманың бұрылмалы (жылжымалы) өзекшесінің бекітпесін шешу туралы өкім бермес бұрын басқару аппаратында атал-мыш стрелка кіретін маршруттағы сигналдардың ашылуына жол бермей-тін әрекеттерді орындауға міндетті. Бекітпесін шеше отырып бұру немесе реттеу жұмыстарын орындау кезінде стрелка бойынша қозғалуға тыйым салынады. Стрелканы бұру немесе ондағы реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін үшкірлер (үшкір) мен айқастырманың бұрылмалы (жылжымалы) өзекшесі белгіленген тәртіппен қажет етілген қалпында бекітіліп, жабылады, бұл ту-ралы жауапты қызметкер станция кезекшісіне баяндайды. Ерекше нзар күзеттік, соның ішінде біріктірілген стрелкаларға (съезд) бөлінуі тиіс. Бұл стрелкалар маршруттардың қарама-қайшылығын бол-дырмайтындай жағдайға қойылуы тиіс. Станция қызметкерінің көрсетілген әрекеттердің түгелдей дұрыс орындалғаны туралы баяндамасынан (немесе көзбе-көз түрде көз жеткі-зуден) кейін станция кезекшісі басқару пультіндегі тұтқаларды (батырма-ларды) стрелканың нақты жағдайына сәйкес жағдайға келтіреді және по-ездарды бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсетулері бойынша өткізуді жалғастырады. 13.15. Орталықтандырылған стрелкаларды, оқшауланған телімдер-ді, бақылау құлыптары мен өзге құрылғыларды сигналдарды қолдануду сақтаусыз ажыратқан кезде поездарды қабылдау және жөнелту ісі кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының тыйым салуды көрсетуі ке-зінде орындалады, бұл ретте маршрутттағы жолдың, әрбір стрелканың жағдайы мен тұйықталуын тексеру ісі осы Нұсқаулықта және станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен орындалады. 13.16. Стрелканы немесе оқшауланған телімді әрбір ажыратқан сайын электрмеханигі станция кезекшісімен бірлесе отырып бақылау аспаптары бойынша қарау журналында өзі туралы жазба жасалған құралдың дәл өзі ажыратылды ма, соны тексеруі тиіс. Стрелканы немесе оқшауланған телімді ажыратпас бұрын станция ке-зекшісі немесе соның нұсқауымен орталықтандыру қосынының операторы ажыратылатын оқшалнған телімге жататын ажыратылатын стрелканың немесе стрелкалардың стрелкалық тұтқаларына (батырмаларға) қызыл қалпақшалар кигізуі тиіс. Өзін ажыратпас бұрын орталықтандырылған стрелка төмендегідей тәртіппен бекітіліп, құлыпқа салынуы тиіс: сигналдарды пайдалануды сақтаумен (үшкірлерін өзара ажыратусыз) - типтік қапсырмаға, салмаға және аспалы құлыпқа; сигналдарды пайдалануды сақтаусыз, егер үшкірлер электржетегінен ажыратылатын болса - типтік қапсырмаға, салмаға және аспалы құлыпқа; сигналдарды пайдалануды сақтаусыз, егер үшкірлер электржетегінен ажыратылмайтын болса - салмаға және аспалы құлыпқа. Айқастырманың жылжымалы өзекшесі арнайы құрылғымен бекітіліп, аспалы құлыппен жабылса. Стрелканы жөндеу кезінде немесе үшкірдердің арасындағы механикалық байланыс бұзылса (үшкірлердің бір бірінен ажырауы), оның үшкірлері Жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгілі бір жағдайда бекітіледі. Сонымен қатар, қысылған үшкір салмалар мен аспалы құлыппен жабылады. Біріккен стрелкаларды сигналдарды пайдалануды сақтаусыз ажыратқан кезде өзінде жөндеу жұмыстары жүргізілмейтін жөндеу жұмыстары салма мен аспалы құлыппен жабылады. Жабылған стрелканың (біріккен стрелкалардың) кілті (кілттері) бүкіл ажыратылған уақыт бойы станция кезекшісінде, стрелканы күтімге алуға арнап бөлінген қызметкерде, немесе қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты бас-шыда сақталуы тиіс. Стрелканы бекіту ісін жол қызметінің қызметкері тексеру журналын-да жазба жасаумен немесе тиісті телефонограмманы жіберумен орындала-ды. Стрелканың (айқастырманың жылжымалы өзекшесінің) үшкірлерінің сенімді түрде бекітілуі үшін жол қызметінің қызметкері жауапкершілік-те болады. Стрелканы салма мен аспалы құлыпқа жабу ісін тасымалдау қызметінің қызметкері орындайды, ол станция кезекшісінің нұсқауына сәйкес оның маршрутта дұрыс жағдайда жатуына және аспалы құлыппен се-німді түрде жабылуына жауапкершілікте болады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін, стрелканың бекітпесі шешілгенше, станция кезекшісі СОБ электрме-ханигімен бірлесе отырып стрелканың (жылжымалы өзекшенің) жағдайы стрелкалық қолтұтқаның жағдайына (тиісті батырманың басылуына) және басқару пультіндегі бақылауға сәйкес келетінін тексеріп, көз жеткізуі тиіс. 13.17. Осы тарауда станцияларда поездарды қабылдау мен жөнелтуге және СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған кездегі маневрлер-ді орындауға қатысты тек негізгі ережелер ғана баяндалған. Ақауланған СОБ құрылғыларын, оларды тексеру және жөндеу кезіндегі ажырату мен қосудың толық тәртібі СОБ құрылғыларын күтімге алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта келтірілген. 14-тарау Поездардың уақытты бөлумен қозғалысы 14.1. Поездардың уақытты бөлумен (ізінше) қозғалысын айрықша жағдайларда Министрліктің рұқсат етуімен қозғалыс көлемдері күрт артқан жағдайда «ҚТЖ»¥К»АҚ белгілейді. 14.2. Поездарды уақытты бөлумен жөнелту әдісі жолының жоспары мен пішінітежелу жолынан кем болмайтын қашықтықтағы көрінімді қамтамасыз ететін, автоблоктаумен жабдықталмаған жекелеген, өткізу қабілеттілігін шектейтін аралықтарда ғана, сондай-ақ автоблоктаумен жабдықталған аралықтарда блоктау құрылғылары ұзақ уақытқа зақымдалған жағдайда, поездардың телефондық байланыс құралдары бойынша қозғалысын белгі-легеннен кейін қолданылады. 14.3. «ҚТЖ»¥К»АҚ бұйрығымен өздеріне поездарды уақыттарын бөлумен жөнелтуге рұқсат етілетін аралықтар, соңынан жөнелтілетін поездардың ең жоғары қозғалыс жылдамдықтары, және жөнелтілетін поездардың арасындағы ең аз уақыт аралықтары белгіленуі тиіс. 14.4. Вагондарды аралықта жанасып жатқан кірме жолдарға берген жағдайда, сонддай-ақ жөнелтілген поездың артынан шаруашылық поез-дар артынша жөнелту станциясына қайтуымен қозғалуы кезіндегі уақытты бөлумен қозғалу тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы Министрліктің рұқсатынсыз белгілейді. 14.5. Поездардың уақытты бөлумен қозғалысы поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығымен белгіленеді, аталмыш бұйрық артынша тиісті аралықты шектеп жатқан станцияларға беріледі. 14.6. Уақытты бөлумен жөнелу кезінде алғашқы поездың машини-сі аралықта белгіленген қалыпты жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Келесі поездың машинисі поезды «ҚТЖ»¥К»АҚ бұйрығымен осы жағдайларға арнап белгіленген жылдамдықтан аспайтын жылдамдықпен, асқан абайлықпен және бұдан арғы қозғалысына кедергі кездесе қалса шұғыл тоқтауға даяр болатындай жүргізуі тиіс. 14.7. Келесі поездарды уақытты айырумен (ізінше) жөнелтуге тыйым салынады: а) жолаушы, пошта-қол жүктік, жүк-жолаушы және адам тасымал-дайтын, сондай-ақ құрамында 1-кластық (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктер тиелген вагондар мен сұйытылған газдар тиелген цистерналары бар поездарды. Аталмыш поездардың артынан сонымен қатар өзге поездарды ізінше жөнелтуге тыйым салынады; б) вагондарын алдыға салып қозғалған кезде; в) егер алдында келе жатқан поездың аралықта аялдауы ескерілген бол-са. г) тұман, қарлы боран және сигналдардың көрінімін нашарлататын өзге де қолайсыз жағдайларда. 14.8. Поездарды уақытты айырумен жөнелту ісі дара жолды, сондай-ақ қос жолды аралықтарда телефондық байланыс құралдар арқылы дара жолды қозғалыс ережелері бойынша немесе электр бұздығандық жүйе бойынша орындалады. Поездардың уақытты айырумен қозғалысы рұқсат етілетін аралықтардың бұздығандық аппараттарының бұрап алынатын бұздығандары болуы тиіс. 14.9. Поезд диспетчерінің телефондық байланыс құралдары бойынша «№... поезын және соның ізінше... минуттан кейін №....поезын жөнелтуіме бола ма». «№.. поезын және оның ізінше....минуттан кейін №....поезын Date: 2015-09-02; view: 728; Нарушение авторских прав |